Грамматикасы



бет105/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Сөз басында келетін «there» сөзі
Сөйлемде бастауыш баяндауыштың алдында тұрады.
They walked towards the town (Олар қалаға қарай жүрді).
Көп жағдайда, әсіресе «be» етістігінің алдында бастауыштың орнына «there» сөзі қолданылады. «There» конструкциясынан басталатын сөйлемнің негізгі мағынасы зат, нәрсе болып, ол бастауышта аталған ұғымды білдіреді. Сондықтан айтушы сөй­ лемнің негізгі мағынасы, өзекті сөзі болғандықтан, бастауышқа баса назар аударту үшін, сөйлемді осы конструкциямен береді. Мұндай жағдайда «there» сөзі формальді (құрылымдық) баста­ уыш ретінде қолданылады.
There distinguished a new species of plants (Өсімдіктердің жаңа түрі анықталды).
There is a book on the table (Үстелдің үстінде кітап бар). There were many old buildings in the city (Бұл қалада көптеген ескі ғимараттар болды).
There has been an interesting meeting with actors at the the­ atre (Театрда әртістермен қызықты кездесу болып өтті).
«Be» етістігінен басқа «lіve, come» т.б. етістіктері де «there»
сөзінен кейін келетін жағдайлары да кездеседі.
There once happened unexpected event (Бірде күтпеген оқиға болды).
After several failures there occured a good chance for busi­ ness (Бірнеше жолы болмаушылықтан кейін іскерлікке қолайлы жағдай туды).
«There are» конструкциясы бұрын (анық) болған нәрсені біл­ діреді.
There is a habit to give a sacrifice (Құрбандық беретін әдет­ғұрып бар).
Many years ago there were forests where newly built towns exist (Мына жаңадан салынған қалалардың орнында көп жылдар бұрын орман болған).
Сондай­ақ «there is» конструкциясы көп жағдайда бұрын бол­ ған, орын алған құбылысты да білдіреді.
There was a great struggle for human right (Бір кездері адам құқығы үшін үлкен күрес болған).
There is to be held an operation to prevent threat to his life (Оның өмірін қауіптен сақтау үшін операция жасау керек болды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет