Грамматикасы


Есімдіктің белгісіз не жалпы мағынадағы бастауыш қызметін атқаруы



бет106/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Есімдіктің белгісіз не жалпы мағынадағы бастауыш қызметін атқаруы


«One, we, they» есімдіктері жалпы және белгісіздік мағына­ ны білдіргенде, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: «they» есімдігі белгісіз бір адамдар тобын («жұрт» деген мағынаны біл­ діргенде бастауыштың орнына жұмсалады).
They say there will be a new reform in economics (Экономикада жаңа реформа болады дейді).
«One, we, you» есімдіктері жалпылама мағынаны білдіру үшін қолданылады.
«One» есімдігі «we, you» есімдіктеріне қарағанда ресми форма болып есептеледі.
One must keep his words (Әркім сөзінде тұру керек).
We should take care of our health (Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек).
One must follow the Law (Әркім заңды сақтауы керек). You ought to be tolerant if you want not to hurt others (Егер біреудің көңілін қалдырғыңыз келмесе, басқаларға кешіріммен қарауыңыз керек).
«We» есімдігін автор немесе айтушы (ресми тілде) «І»
есімдігінің орнына қолданады.
We sometimes don’t notice our drawbacks (Кейде біз өз кемшілігімізді байқамаймыз).
We came to such a conclusion after several experiments (Бірнеше тәжірибеден кейін біз осындай шешімге келдік).
Кейде «we» есімдігі «you» есімдігінің орнына да қолданылады.
Are we indifferent to our surroundings? (Біз өзімізді қоршаған ортаға бей­жай қараймыз ба?)
Сондай­ақ «we» есімдігі кекету мағынасын білдіргенде де қолданылады.
Why we are so sensitive! (Біз қандай сезімтал едік!)


БАЯНДАУЫШ


Баяндауыш – сөйлемнің екінші басты мүшесі. Ол бастауыш­ ты сипаттайтын іс­әрекетті, қимылды не жағдайды білдіреді. Баяндауыштың етістіктің тиянақты формасы арқылы берілетін шақ, рай категориясы бар. Баяндауыш жақ, түр формалары жағы­ нан бастауышпен қиылысады. Баяндауыштың бірнеше түрі бар. Олар мағынасына және құрылымына қарай жіктеледі. Мағына­ сына қарай баяндауыштың етістіктен немесе есімнен жасалған түрлері болады. Сонымен қатар баяндауыштың екі қасиеті бар, яғни етістіктің де, есімнің де белгілері бар (етістік, есім сөз) түрі бар. Етістіктен жасалған баяндауыш бастауыштың іс­әре­ кетін, қимылын білдіреді. Ал есімнен жасалған баяндауыш бас­ тауыштың сапалық ерекшелігін білдіреді.
Andrew teaches at school (Эндрю мектепте сабақ береді). Andrew is an experienced teacher (Эндрю тәжірибелі мұғалім).
Құрамына қарай баяндауыш жай және күрделі болады. Жай баяндауыш әрі лексикалық мағынаны білдіретін, әрі грамма­ тикалық көрсеткіші бар бір етістіктен жасалады.
Andrew reads (Эндрю оқиды).
Күрделі баяндауыш екі элементтен, яғни көмекші және негіз­ гі етістіктен тұрады. Көмекші етістік грамматикалық форманы (жақ, түр, шақ, рай т.б.), ал негізгі етістік лексикалық мағынаны білдіреді.
Andrew is reading (Эндрю оқып отыр).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет