Құрмалас салалас сөйлемдер екі не одан да көп бірбірімен салаласа (тең) байланысқан жай сөйлемдерден тұрады. Құрмалас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер құрмалас бағыныңқылы сөйлемдерге қарағанда бірбірімен жақын байла нысады. Құрмалас салалас сөйлем ішіндегі жай сөйлемдердің
орын тәртібі әртүрлі. Ол сөйлемдегі ісәрекеттердің, оқиғаның, ойдың логикалық бірізділігін білдіреді.
He finished his work and went home (Ол жұмысын бітіріп, үйіне қайтты).
We have passed all our exams and now we are guite free (Біз барлық емтиханды тапсырып болдық, қазір қолымыз мүлде бос).
Құрмалас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірбірімен екі түрлі байланысу тәсілі бар:
«And, neіther, no» жалғаулықтары арқылы байланысады. Мұндай байланыста олар бірбірімен үйлесіп қиылысады.
Rudolf rose and took his hat. Рудольф орнынан тұрды және өзінің қалпағын алды.
«Neіther, nor» жалғаулықтарымен байланысқан сөйлем мүше лері жартылай орын ауысады.
Jane didn’t agree with us, nor did she object (Джейн онымен келіскен де жоқ, қарсы болған да жоқ).
Жай сөйлемдер «but, yet, stіll, nevertheless, however» сияқты қарсылықты жалғаулықтарымен (adversatіve) байланысқанда қарсылықты мағынаны білдіреді.
Alice didn’t like his words, but she couldn’t say anything not to draw attention to himself (Алисаға оның сөздері ұнаған жоқ, бірақ жұрттың назарын өзіне аудармас үшін ештеңе айтқан жоқ).
Nevertheless she was so tired, she didn’t go to bed at once (Қатты шаршағанына қарамастан, ол бірден ұйықтамады). Two hours passed, yet he hasn’t come (Екі сағат өтті, ол әлі келген жоқ).
Сөйлемдер бірбірімен «or, else, or else» жалғаулықтарымен байланысқанда таңдау мағынаны білдіреді.
You may approve or disapprove it (Сіз мұны құптауыңызға да, құптамауыңызға да болады).
Write down the adress in your pocket book, else you’ll for get it (Мекенжайды қойын дәптеріңізге жазып қойыңыз, әйтпесе ұмытып қаласыз).
You must hurry up, otherwise you’ll be late for meeting (Сізге асығу керек, әйтпесе кездесуге кешігіп қаласыз).
«For, so, therefore» т.б. жалғаулықтарымен байланысқан жай сөйлемдер себепсалдар мағынаны білдіреді.
Dick couldn’t visit his friend, for he lost his adress (Мекен жайын жоғалтып алғандықтан, Дик досына бара алмады).
It was his dayoff, so he needn’t get up early (Бұл оның демалыс күні еді, сондықтан оған ерте тұрудың қажеті болған жоқ).
It was raining heavily, therefore he had to stay in (Қатты жаңбыр жауып тұрған, сондықтан оған үйде қалуға тура келді).
Еск ер т у. Мұндай мағынаны «because, as, so ... that» жалғау лықтарымен байланысқан себеп бағыныңқылы құрмалас сабақтас сөй лемдер де білдіруі мүмкін. Бірақ олардың арасындағы айырмашылық – сабақтаса байланысқан сөйлемдерге қарағанда салаласып байланысқан сөйлемдерге қарағанда бірбіріне тығыз байланыста болады. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бірбірімен салаласып байланысып, үтір арқылы ажыратылатындықтан, ісәрекеттің себеп салдар мағынасын білдіретін сөйлем соңында келеді.
She has to stay in bed,
for she is ill
|
} She has to stay in bed because she is ill.
|
} As she is ill, she has to stay in bed.
|
} She was so ill that she has to stay in bed.
|
(Ауырып қалғандықтан, оған төсек тартуға тура келді).
Салалас құрмалас сөйлемдер жалғаулықсыз да, үтір, сызықша арқылы да байланысады. Салаласып байланысқан жай сөйлемдер дің арасындағы байланыс жалғаулықтар арқылы байланысқан сөйлемдерге ұқсас.
The bell has gone, classes are over, now it is interval (Қоңырау соғылды, сабақ бітті, ал қазір үзіліс).
All things were packed; The boxes were taken to the ground floor; There came a taxi; He looked at her for a moment. He remembered her (Барлық жүк оралды (Жәшіктерді төменгі қабатқа алып барды; Сосын такси келді; Ол оған сәл қарап тұрды. Ол оны есіне түсірді).
Достарыңызбен бөлісу: |