Asem is a nice girl (Әсем – әдемі қыз).
Осындай күрделі баяндауышы бар сөйлемнің лексикалық ма ғынасын оның құрамындағы зат есім, сын есім, сан есім, етістік тен жасалған негізгі бөлігі береді. Әртүрлі контексте бір етістік негізгі етістік, көмекші етістік немесе дәнекерлеуші етістік қыз метін атқарып, әртүрлі функцияда жұмсалуы мүмкін.
Everybody is here (Бәрі осында) (Негізгі етістік қызметін атқарып тұр).
He is a student (Ол – студент) (Дәнекерлеуші етістік қызметін атқарып тұр).
He is going to the university (Ол университетке бара жатыр) (Көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр).
Модаль етістіктер етістіктің арнайы тобын құрайды. Олар іс әрекетті емес, адамның сол ісәрекетке қатысын білдіретіндіктен, яғни өзінің дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан, негізгі етістіксіз, жеке тұрып сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды. Барлық етістіктерге тән ісәрекетті, қимылды білдіретін модаль етістіктер аз және олар, негізінен, модальдік мағынаны білдіреді және негізгі етістіктер білдіретін ісқимыл, әрекеттердің іске
асуын және оның орындалуына қатысты қабілетті, қажеттілікті, міндеттілікті анықтайды. Яғни, сөйлемде негізгі етістікпен тірке сіп, күрделі баяндауыштың құрамында келеді. Модаль етістік терге «can, may, must, need, shall, wіll, should» етістіктері жатады.
Сөйлемнің бастауышы мен толықтауыш мүшесіне қатысты барлық етістіктер (өзінен кейін тура толықтауышты қажет ететін) сабақты (transіtіve) және салт етістіктер (іntransіtіve) (толықта уышты қажет етпейтін) болып екіге бөлінеді.
Етістіктердің көпшілігі екі зат есімнен (не зат есімнің эквива лентімен) жасалған мүшемен, яғни етістік білдіретін ісәрекеттің иесі (бастауыш) және ісәрәкеттің обьектісі толықтауышпен бай ланысады.
Кейбір етістіктер ісәрекеттің иесін білдіретін (бастауыш қызметін атқаратын) зат есіммен ғана байланысады. «Paul came and helped us» деген сөйлемде «read» етістігі сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған «I» есімдігімен және толықтауыш қызметін атқарып тұрған «them» есімдігімен байланысып тұр.
«Translate» етістігі тек қана бастауыш қызметін атқарып тұрған
«he» есімдігімен байланысып тұр.
«She goes to school» деген сөйлемде де «goes» есімдігі толық тауыш қызметін атқарып тұрған «school» зат есім сөзімен байла нысып тұр.
Бірақ та осы екі сөйлемдегі етістіктердің арасында («translate the text», works at English») айырмашылық бар. «Goes» етістігі сөйлемнің толықтауышымен «to» шылауы арқылы байланысып тұр. Сөйлемнің толықтауышымен тура байланысқан етістікті са бақты етістік дейміз. Басқаша айтқанда, өзінен кейін тура толық тауышты қажет ететін етістіктер.
We have English lesson (Бізде ағылшын тілі болады).
Ал қалған етістіктер салт етістіктер деп аталады. Сондайақ өзінен кейін тура толықтауышты кейде қажет ететін және кейде қажет етпейтін етістіктер де бар. Мұндай етістіктерді сөйлемдегі жұмсалымына қарай салт әрі сабақты етістіктер дейді. Мұндай етістіктерге «read, write, see, feel, hear» етістіктері жатады. Со нымен қатар бірінші мағынасы салт етістік болатын, ал екінші мағынасына қарай сабақты етістік болатын етістіктер де бар. Мұндай топқа «sell, wear, work, walk» т.б. етістіктері жатады.
Girls wear dresses (Қыздар көйлек киеді).
Woolen dress wears well (Мақтадан жасалған көйлек жақсы киіледі).
Еск ер т у. Әртүрлі контексте бірде салт етістік, бірде сабақты етістік түрінде келетін етістіктер де бар. Мұндай екі топқа да жататын етістіктердің қайсысы бірінші мағынасы, ал қайсысы оның екінші мағынасы екенін ажырату қиын. Мұндай етістіктерге «open, move, turn, change» т.б. жатады.
They’ll move to a new flat (Олар жаңа пәтерге көшеді). The boat moved (Қайық қозғалды).
Достарыңызбен бөлісу: |