Грамматикасы



бет42/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ


Етістіктің негізгі шақ формалары
Негізгі шақ формалары қимыл, іс­әрекеттің сол сөйлеп тұрған уақытқа қатысты мезгілін білдіреді. Сөйлеп тұрған уақыт тұрғы­ сынан алып қарағанда, іс­әрекет өткенде, сол уақытта (кезде) не алдағы уақытта жүзеге асуы мүмкін. Осыған қатысты ағылшын тілінде етістіктің шақ категориясын осы шақ (белгісіздік және созылмалы түрі), өткен шақ (белгісіздік және созылмалы түрі), келер шақ (белгісіздік және созылмалы түрі) деп үлкен үш топқа бөлінеді.


Созылмалы емес шақ формалары




Белгісіздік шақ тобы


Жалпы белгісіздік шақ тобы іс­әрекеттің нақты мезгілі атал­ май, көрсетілмей, әйтеуір бір өткенде осы уақытта не алдағы уа­ қытта болатын, әдетке айналған, жаратылыста үздіксіз дағдылы түрде болып тұратын іс­әрекетті білдіреді. Белгісіздік шақ тобы белгісіздік өткен шақ, белгісіздік осы шақ, белгісіздік келер шақ болып үш жанама шақ түріне бөлінеді.

Белгісіздік осы шақ


Белгісіздік шақ тобының бірі ретінде белгісіздік осы шақ, күн­ делікті өмірде қайталанып тұратын, әдетке айналған не жара­ тылыста үздіксіз дағдылы түрде болып тұратын іс­әрекетті біл­ діреді. Белгісіздік осы шақ қимыл, іс­әрекетті ғана білдіреді де, оның қалай жүзеге асып жатқаны жайлы қамтымайды. Сондай­ ақ екінші бір әрекетпен не белгілі бір уақытпен байланысты да қарастырмайды.
Белгісіздік осы шақтың жасалу жолы. Белгісіздік осы шақтағы хабарлы сөйлем 3­ші жақтың жекеше түрінен басқа жақ түрлері негізгі етістік «to» шылауынсыз келген тұйық формасы арқылы жасалады.
I learn English (Мен ағылшын тілін үйренемін). You learn English (Сіз ағылшын тілін үйренесіз). We learn English (Біз ағылшын тілін үйренеміз).
You learn English (Сіздер ағылшын тілін үйренесіздер). They learn English (Олар ағылшын тілін үйренеді).
Жалпы сұрақ «to do» көмекші етістігі мен негізгі етістіктің
«to» шылауынсыз келген тұйық формасы арқылы жасалады. Do I learn English? (Мен ағылшын тілін үйренемін бе?) Do you learn English? (Сіз ағылшын тілін үйренесіз бе?) Do we learn English? (Біз ағылшын тілін үйренеміз бе?)
Do you learn English? (Сіздер ағылшын тілін үйренесіздер ме?)
Do they learn English? (Олар ағылшын тілін үйрене ме?)
Арнаулы сұрақ. Арнаулы сұрақта сөйлемнің басында, яғни көмекші етістіктің алдында сұрау есімдіктері келеді:
What language do you learn? (Сіз қай тілді үйренесіз?)
What do you do? (Сіз не істейсіз?)
How long do they learn English? (Олар қанша уақыт ағылшын тілін үйренеді?)
Why does he learn English? (Ол неге ағылшын тілін үйренеді?)
How well does she learn English? (Ол ағылшын тілін қалай үйренеді?)
Бастауышқа және бастауышқа қатысты анықтауышқа сұрақ қойғанда сөйлем мүшелерінің орны ауыспайды, яғни сұрау есім­ дігінен кейін көмекші етістік келмейді.
Who learns English? (Кім ағылшын тілін үйренеді?) Whose brother learns English? (Кімнің ағасы ағылшын тілін үйренеді?)
Болымсыз сөйлем «to do» көмекші етістігінен кейін болым­ сыздық мағынаны білдіретін «not» сөзі және негізгі етістіктің
«to» шылауынсыз келген тұйық түрі арқылы жасалады. (Болым­ сыздықты білдіретін «not» сөзі жеке­дара, дербес жұмсалмайды, ылғи да көмекші етістіктен кейін келеді).
I do not learn English (Мен ағылшын тілін үйренбеймін). You do not learn English (Сіз ағылшын тілін үйренбейсіз). We do not learn English (Біз ағылшын тілін үйренбейміз). They do not learn English (Олар ағылшын тілін үйрен­ бейді).
«Do not» болымсыздық формасы қысқартылып «don’t» болып жазылып, [dount] болып оқылады.


Белгісіздік осы шақтың 3-ші жақта жекеше түрінің жасалу жолы
Белгісіздік осы шақтың 3­ші жақта жекеше түрі хабарлы сөйлемде негізгі етістікке «-s(-es)» жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Ал сөйлемнің сұраулы, болымсыз түрлерінде көмекші
«do» етістігіне «-s(-es)» жұрнағы жалғанып, негізгі етістік тұйық түрінде («to» шылауынсыз) келеді.


Хабарлы сөйлем түрі
He learns English (Ол ағылшын тілін үйренеді).
Marat learns English (Марат ағылшын тілін үйренеді). It often rains in spring (Көктемде жиі жаңбыр жауады).
Жалпы сұрақ түрі
Does he learn English? (Ол ағылшын тілін үйрене ме?)
Does Marat learn English? (Марат ағылшын тілін үйрене ме?)
Does it often rain in Spring? (Көктемде жиі жаңбыр жауа ма?)
Арнаулы сұрақ түрі
Who learns English? (Кім ағылшын тілін үйренеді?)
Which of you speaks English? (Сіздердің қайсысыңыз ағылшын тілін үйренесіз?)
What language does he learn? (Ол қай тілді үйренеді?) When does it rain? (Қай кезде жаңбыр жауады?)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет