Грамматикасы


Белгісіздік келер шақтың қолданылуы



бет46/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Белгісіздік келер шақтың қолданылуы


Белгісіздік келер шақ төмендегідей іс­әрекеттерді білдіру үшін қолданылады:
а) алдағы уақытта табиғи, қалыпты жағдайда жүзеге асатын іс­әрекетті білдіреді:
The exam will begin at 8 o’clock on Monday (Емтихан дүйсенбі күні сағат сегізде басталады).
They won’t work tomorrow (Ертең олар жұмыс істемейді).
ә) жүзеге асуы белгілі бір жағдайға, шартқа байланысты қи­ мыл­әрекетті білдіреді. Көбінесе іс­әрекеттің іске асуының қа­ жетті жағдайы, шарты шартты құрмалас сабақтас сөйлемнің ба­ ғыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы сөйлемдері арқылы беріледі. Ағылшын тілінде мұндай бағыныңқылы сөйлемдердің баяндауы­ шы келер шақ формасында емес, белгісіздік осы шақ формасында тұрады:
When I meet him I’ll tell him about it (Мен онымен кездескенде бұл жөнінде оған айтамын).
If the weather is fine we’ll go to the country. (Егер ауа­райы жақсы болса, біз қаланың сыртына шығамыз).
б) күдікті, болжамды, мүмкіндікті білдіретін модаль мағыналы қыстырма сөздері бар сөйлемнің баяндауышы белгісіздік келер шақта тұрады:
Perhaps it will rain today (Бүгін жаңбыр жауатын шығар).; She probably won’t know Ted’s address (Ол Тедтің мекен­ жайын білмейтін шығар).
в) «to be» және созылмалы осы шақта жұмсалмайтын етістік­ термен белгісіздік келер шақ келеді:
I think you’ll like our new flat (Біздің жаңа пәтеріміз сізге ұнайды деп ойлаймын).
He’ll tell us about his trip then (Өзінің саяхаты жайлы ол бізге кейін айтар).
We hope Azamat will pass all his exams (Біз Азаматты барлық емтиханды жақсы тапсырады деген үміттеміз). We’ll see what happens in future (Алда не боларын көрерміз).
г) «will» көмекші етістігімен келген келер шақ формасы айтушының діттеген ойын, сол сөйлеп тұрған уақытта іс­әрекетті орындауға шешім қабылдағандығын, бел буғандығын білдіреді.
Who will be responsible for the delivery of the goods? I will
(Тауарды жеткізуге кім жауапты?) (– Мен).
They will meet the consumers’ demand (Олар тұтыну­ шылардың сұранысын қанағаттандыруы керек).
Mum, we get through milk. Okay, I’ll buy some today (Апа, бізде сүт бітіп қалды. Жарайды. Бүгін сатып алармын).
д) әйтеуір бір алдағы уақытта болатын не алыс болашақта іске асатын іс­әрекет белгісіздік осы шақ арқылы беріледі:
They’ll understand its importance some day (Бір кездері олар мұның маңыздылығын түсінеді).
Many people will come to see them off (Олармен қоштасуға көп адам келеді).


Еск ер т у. Алдағы болатын іс­әрекетті табиғатына қарай екі топқа бөліп қарастыруға болады: жақын арада болатын іс­әрекет және әйтеуір бір, дәл уақыты белгісіз алдағы уақытта болатын іс­әрекет. Осындай алдағы болатын іс­әрекеттің ерекшеліктеріне қарай, алдағы болатын іс­әрекет белгісіздік келер шақ формасында емес, басқа конструкциялар арқылы беріледі:

  1. Алдағы уақытта болатын іс­әрекетті ресми тілде білдіру үшін яғни газет хабарлары мен іскерлік қарым­қатынас мағынасындағы хат­ тарда, алдын ала жоспарланған, жүзеге асыруға алдын ала дайындық жасалған іс­әрекетті білдіргенде келер шақтың орнына «to be going to» тіркесі келеді.

President is going to send a message to Kazakhstan’s people (President will send a message to Kazakhstan’s people) (Президент Қазақстан халқына үндеу жолдамақшы) (газет хабарламасынан).
The Government is gong to raise wages of teachers (Үкімет мұғалімдердің жалақысын көбейтейін деп жатыр).
The mayor of the city is going to control the work of Tax policy (Қала әкімі салық полициясының жұмысын қадағаламақшы). I’m going to learn English (I’ll learn English) (Мен ағылшын тілін үйренейін деп жүрмін) (алдын ала жоспарланған іс­әрекет).
Asan is going to help me (Асан маған көмектесем деп отыр), (Асан маған көмектеспекші).

  1. Жақын арада болатын іс­әрекетті білдіргенде белгісіздік келер шақтың орнына нақ осы шақ келеді. Сондай­ақ ауызекі тілде де (ресми емес) келер шақтың орнына нақ осы шақ келеді.

We are going to the cinema tonight (Біз бүгін киноға барғалы жатырмыз).
Spring is coming (Көктем келе жатыр).
The train is arriving in Astana (Пойыз Астанаға жақындап (келіп) қалды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет