Грамматикасы



бет55/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Созылмалы өткен шақ


Созылмалы шақтың бұл түрі де өткенде болған бір нәрсе жай­ лы баяндағанда (айтып бергенде) әңгімеге эмоциялық реңк беріп, әсерлі болу үшін және тыңдаушының көз алдына болған оқиғаны қаз қалпында, нанымды, жақсы елестету үшін стилистикалық мақсатта жұмсалады.

  1. …A lot of noice was coming from the living room. «Yes», she was saying. A woman reached him as Mr Oslow was getting through the hedge (Үлкен бөлме жақтан көп шу естіліп жатты. «Ия», деп жатты ол. Мистер Ослоу шарбақтан өтіп бара жатқанда бір әйел оны қуып жетті).

  2. A youngh woman was reporting on the telephone. The reporter had him right against the wall and was asking him more questions (Бір жас әйел телефонмен хабарлап жатты. Репортер оны қабырғаға тақады да, оған сұрақты жаудырып жатты).

  3. And then came a sudden inspiration. «I am reading it now!» he answered (Сосын оған кенеттен шабыт пайда болды. «Ия, мен мұны дәл қазір оқып жатырмын», – деп жауап берді ол).

Созылмалы жедел өткен осы шақ та жоғарыда аталған стилистикалық мақсатта жұмсалады.
I know you have been helping your friends (Мен сіздің достарыңызға ылғи да көмектесіп келе жатқаныныңызды білемін).
My mother has been telling me not to go out alone at night (Менің апам жалғыз түнде жүр ме деп ылғи айтып отырады).
They have been waiting for the news for weeks and months and years (Олар бұл жаңалықты аптадан аптаға дейін, айдан айға дейін, жылдап күтіп келеді).


Шақтардың қиылысуы


Шақтардың қиылысуы қазақ тіліне тән құбылыс емес, сон­ дықтан да айтарлықтай рөл атқармайды, ал ағылшын тілінде құр­
малас сөйлемдерге қатысты олардың баяндауыштарының шақ формасының қиылысуы міндетті түрде еске алынатын граммати­ калық қағида болып табылады. Ағылшын тілінде құрмалас сабақтас сөйлемнің құрамындағы басыңқы сөйлемнің баяндауы­ шының қай шақ формасында тұрғанына қарай бағыныңқы сөй­ лемдердің баяндауыштарының шақ формасы төмендегідей ере­ жеге сәйкес қиылысады.

    • Егер басыңқы сөйлемнің баядауышы осы шақта не келер шақта тұрса, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы мағынасына қарай кез келген шақ формасында келе береді:

{ what language he learns? (Сіз оның қай тілді үйренетінін білесіз бе?)
{that he is going to learn English? (Сіз оның қай тілді үйренейін деп жүргенін білесіз бе?)
Do you know { that he didn’t learn English at school? (Сіз оның мектепте ағылшын тілін оқымағанын білесіз бе?)
{ that he will learn English next year? (Сіз оның келесі жылы ағылшын тілін үйренетінін білесіз бе?)

    • Егер басыңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта тұрса, онда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да шақтардың қиылысу ережесіне сәйкес, өткен шақтың (өзінің өткен шақ формасының түріне сәйкес) бір формасында болады.

    • Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышында баяндалатын іс­әрекет басыңқы сөйлемдегі іс­әрекетпен бір мезгілде болса, онда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да өткен шақта (басқа шақ формасына ауыспай) қолданылады.

Almat said that he finished his work (Алмат өзінің жұмысын бітіргенін айтты).
I couldn’t remember where I put my book. (Мен кітабымды қайда қойғанымды есіме түсіре алмадым).
He tried to remember his name but he couldn’t. (Ол оның есімін есіне түсіруге тырысты, бірақ түсіре алмады).
Where did you say he went? (Ол қайда кетті дедің?)
The teacher said that they had to revise grammar material
for the test (Оқытушы оларға сынаққа грамматикалық материалды қайталау керек екенін айтты).
He was glad that you could come. (Ол сіздің келе алатыныңызға қуанды).
I thought it probably would rain (Мен жаңбыр жауатын шығар деп ойлағанмын).
Еск ер т у. 1. Бұйрықты, міндетті мағынаны білдіргенде «must» модаль етістігі бағыныңқы сөйлемде өткен шақ формасына өзгермейді, ал қажеттілікті білдіргенде, «must» модаль етістігінің эквиваленті «to have to» тіркесінің өткен шақ формасы келеді.
The teacher told that students must be in time for the class­ es (Оқытушы студенттердің сабаққа уақытында келу керектігін айтты).
He said that he had to get up early (Ол өзіне ерте тұруға тура келетінін айтты).
The doctor advised that the sick boy must stay in bed (Дәрігер науқас баланың төсекке жатуына кеңес берді).

  1. Бағыныңқы сөйлемдегі басыңқы сөйлемнің баяндауышында ай­ тылған іс­әрекеттен бұрын болған іс­әрекет бұрынғы өткен шақ фор­ масында (Past Perfect Tense) беріледі.

We didn’t know that he had left for London (Біз оның Лондонға кетіп қалғанын білмедік).
He had lost the key and he couldn’t open the door (Ол кілтті жоғалтып алды да, есікті аша алмады).

  1. Басыңқы сөйлемдегі өткен шақта болған іс­әрекеттен кейін болатын бағыныңқы сөйлемдегі іс­әрекет өткендегі келер шақ форма­ сында (Future in the Past Tense) беріледі. Басыңқы сөйлемнің баянда­ уышы өткен шақта тұрса, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы, негізінен, өткендегі келер шақ (Future in the Past Tense) формасында келеді. Мұн­ дай бағыныңқылы сөйлемде келетін өткендегі келер шақ басыңқы сөй­ лемдегі іс­әрекеттің мезгіліне қатысты оның соңғы, яғни келер шақта екенін білдіру үшін жұмсалады. Өткендегі келер шақ белгісіздік келер шақтың «shall, will» көмекші етістіктерінің өткен шақ формасы («should, would», яғни «should» – 1­ші жақта, ал «would» – екінші, үшінші жақтағы көмекші етістіктер) мен негізгі етістіктің тұйық түрі («to» шылауынсыз келген түрі) арқылы жасалады.

He said that he would be back soon (Ол тез қайтатынын айтты). I wanted when he would come back (Мен оның қашан қайтатынын білгім келеді).
Ағылшын тілінде шақтардың қиылысу ережесін төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда басты назар аударып, есте сақтау қа­ жет. Өйткені төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының шақ формасының өзгеруімен бірге, сөйлемнің баяндауышын толықтырып тұратын сөйлем мүшелері де өзгеріске ұшырайды.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің құрамындағы сөйлемнің баяндауыштарының шақ формасы басыңқы сөйлемнің (егер басыңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта тұрса) өткен шақтағы баяндауыш формасына сәйкес төмендегідей өткен шақ формасының бір түріне ауысады:



Төл сөзде

Төлеу сөзде

Белгісіздік осы шақ –

белгісіздік өткен шақ

Нақ осы шақ –

созылмалы өткен шақ

Белгісіздік өткен шақ –

бұрынғы жедел өткен шақ (бұрынғы
өткен шақ)

Жедел өткен шақ –

бұрынғы жедел өткен шақ

Созылмалы өткен шақ –

бұрынғы созылмалы жедел өткен шақ

Келер шақ –

өткендегі келер шақ формасына
ауысады.



Сонымен қатар төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда төл сөздің құрамындағы мезгілдік, мекендік үстеулер мен сілтеу есімдіктері де мағынасына қарай өзгереді:



Төл сөзде

Төлеу сөзде

this/these (мынау/мыналар) –

that/those (анау/аналар)

here (мында) –

there (онда)

now (қазір) –

then (сол кезде)

yesterday (кеше) –

the day before yesterday
(алдыңғы күні)

today (бүгін) –

that day (сол күні)

tomorrow (ертең) –

(the) next day, the following day
(келесі күні)

ago (бұрын) –

before, earlier (бұрын, ертеректе)




last week (year) – өткен аптада/жылда)

(the week (year) before (бір апта/ жыл бұрын)

next week/year (келесі аптада/жылы) –

the next week (year), the follow­ ing week (year) (кейінгі аптада/ жылы)

Төл сөзде

Төлеу сөзде

He said: «I work at the factory


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет