Етістіктің ісәрекет иесіне (субъектіге) және істелетін іске не затқа (объектіге) қатынасына байланысты мағыналық және тұл ғалық жағынан құбылуын етіс дейміз. Яғни, етістіктің етіс кате гориясы ісқимыл иесі (субъект) мен объектісі (істелетін іс) ара сындағы қатынасты білдіреді. Ағылшын тілінде етістіктің екі етіс формасы бар: негіз етіс және ырықсыз етіс. Етістік негіз етіс фор масында болғанда сөйлемнің бастауышы ісқимылдың иесін біл діреді. Ал етістік ырықсыз етіс формасында болғанда сөйлемнің бастауышы ісәрекеттің иесі (субъект) емес, объектісін (істелетін істі) білдіреді.
Ағылшын тілінде етістіктер өзінен кейін толықтауышты талап ету, талап етпеуіне қарай салт етістік, сабақты етістік болып екі топқа жіктелетіні жөнінде алдыңғы тақырыпта айтылған болатын. Толықтауыштың осы екі түріне сәйкес етістік өзінен кейін келетін толықтауыштың қай түрін, яғни тура не жанама толықтауышты керек ететініне қарай активті (белсенді) етістіктер, пассивті етіс тіктер болып екіге бөлінеді. Етістік негіз етіс (the Active Voice) не ырықсыз (the Passive Voice) формасында келсе де, сөйлемнің мағынасы, онда берілген инф ормация негізінен өзгермейді. Етіс тіктің осы екі түрінің арасында тек ісқимылды, әрекетті қандай жолдар, тәсілдер арқылы және қанша мәлімет, деректерді біл діруіне байланысты ғана айырмашылық бар. Сондықтан да қолданылатын етістіктің етіс формасын таңдау айтушыға ненің маңызды болуына, яғни ісәрекеттің иесіне немесе істелген іс әрекетке назар аударылатындығына байланысты болады.
Негіз етістің ырықсыз етістен төмендегідей айырмашылық, ерекшеліктерін атауға болады.
Негіз етіс аз сөзбен көп мәлімет, информация береді.
Негіз етісте айтылған ой, ісәрекет әсерлі болады.
Негіз етісте бастауыштың сөйлемдегі орын тәртібі қатаң сақталады (сөз басында), ал ырықсыз етісте бастауыш сөйлемнің соңында «by» шылауынан кейін тұрады.
Егер сөйлемдегі жанама толықтауыш маңыздырақ болса, ол негіз етіс формасында басыңқы болып есептеледі.
Ырықсыз етіс сөйлемде ісәрекеттің иесі белгісіз болғанда не көрсетілмегенде немесе айтушыға ісәрекеттің иесі емес, істелген ісәрекет қажет болғанда, атқарылатын іске баса назар аударғысы келгенде (істің иесі емес, істелген іс маңыздырық болғанда) қолданылады. Демек, ырықсыз етісте сөйлемнің бастауышы іс қимыл, әрекеттің иесін емес, істелген істі, әрекетті білдіреді. Ал егер ісәрекеттің иесін атап көрсету қажет болса, онда ол «by» шылауы арқылы беріледі.
Ағылшын тілінде көпшілік етістіктердің ырықсыз етіс фор масы бар.
Сабақты етістіктердің ырықсыз етіс формасы болады. Көпте ген негіз етіс формасындағы етістіктер ырықсыз етіс формасы на ауыса алады. Бірақ барлық негіз етістер ырықсыз етіс форма сында жұмсалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |