Грамматикасы


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы ЕСІМШЕ МЕН КӨСЕМШЕ



бет94/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   153
dokumen.pub 9786012473537


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
ЕСІМШЕ МЕН КӨСЕМШЕ

ЕСІМШЕ МЕН КӨСЕМШЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


Ағылшын тілінде етістіктің екі тиянақсыз формасы бар: есім­ ше (Partcіple І) және көсемше (Partcіple ІІ). Есімше (Partcіple І) қа­ тыстық шақ пен етіс категориясын білдіреді. Көсемше (Partcіple ІІ) өзгермейді.
Тиянақсыз етістіктің көсемше мен есімше формалары.


Шақ түрі

Есімше

Көсемше

Ырық етіс

Ырықсыз етіс

Осы шақ

wrіtіng

beіng wrіtіng

wrіtten

Жедел өткен шақ

havіng wrіtten

havіng been

Әдетте екі іс­әрекеттің алдыңғысы есімшенің жедел өткен шақ формасы арқылы беріледі. Ал сезімді білдіретін «see, feel, hear, come, arrіvіng, enter, turn» т.б. сияқты етістіктер (алдыңғы болған іс­әрекет екендігіне қарамастан) жедел өткен шақ формасында келмейді.
Having finished his work, he went home (Жұмысын бітіріп, ол үйіне қайтты).
Entering the room he understood that the discussion had al­ ready begun (Бөлмеге кіргенде, ол талқылаудың басталып кеткенін түсінді).
Turning to the right she saw a new building of the town council (Оңға бұрылғанда ол жаңадан салынған қала кеңесінің ғимаратын көрді).
Есімшенің осы шақ, жедел өткен формаларының ырықсыз етіс формалары бар.
Being on a trip in Paris he decided to go sightseeing (Ол Парижде болғанда, қаланың көрнекі жерлерін көруді ұйғарды).
Having lost his key he couldn’t open the door (Кілтін жоғалтып алғандықтан, ол есікті аша алмады).
Crossing the street he noticed an advertisement (Көшені қиып өтіп бара жатқанда ол жарнаманы көрді).
Having been written the letter was sent (Жазылып болғаннан кейін, хат жіберілді).
Көсемшенің шақ формасы жоқ. Сабақтас етістіктердің көсем­ ше формасы ырықсыз етіс мағынасында болады:
Typed paper (басылған қағаз), translated article (аударылған мақала), reported news (хабарланған жаңалық).
«Exіst, tіe, dіe» т.б. сияқты ырықсыз етіс формасында қолда­ нылмайтын салт етістіктердің жеке­дара жұмсалатын көсемше түрі болмайды.
«Gone, fallen, drunken, learned, retired, faded, vanished, run- away» т.б. сияқты етістіктер қазіргі ағылшын тілінде сын есім ретінде жұмсалады. Мұндай етістіктердің іс­әрекетті білдіретін мағынасы көмескіленіп, құбылыстың сапасын анығырақ білді­ реді: fallen snow (түскен қар), faded paper (тозған қағаз), learned rules (оқылған ереже), vanished animals (жойылып кеткен аңдар), a retired old man (зейнетке шыққан қарт кісі).
Етістіктің осы екі формасы да ағылшын тілінде етістіктің аналитикалық формасының көмекші (құрылымдық) элементі ре­ тінде кеңінен қолданылады.
Есімше (Partcіple І) арқылы созылмалы шақ формалары жасалады.
We are learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп жүрміз).
We were learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп жүргенбіз).
We shall be learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп жүреміз).
We have been learning English (Біз ағылшын тілін үйреніп келеміз).
Көсемше (Partcіple ІІ) арқылы жедел өткен шақ және ырықсыз етіс жасалады.
I have (had) translated the article (Мен мақаланы аударып болдым).
They (are) were told (Оларға айтылады/айтылды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет