stan.
Көмекші және атауыш сөздердің тіркесін фраза деп атайды. in danger – шылаулы тіркес; when asked – жалғаулықты тіркес. Айтылымның көпшілігінің құрамында, әдетте тұлға (атауыш)
сөз болып табылатын бір өзек сөз болады. Осы өзек (атауыш) сөздің қай сөз табына жататынына байланысты сөз таптары:
1) зат есімді сөз тіркесі, яғни атауыш сөз – зат есім болатын тіркес: my room, the door of the room; 2) сын есімді тіркес: good at sport, different in size; 3) етістікті тіркес: to see a doctor, to look at the blackboard; 4) үстеу негізді тіркес: too late, very well;
есімдікті тіркес: any of them, something interesting.
Сондайақ екі компоненті де бірдей дәрежелі болып саналатын сөздерден тұратын тіркестер де бар: mother and father, either you or he, doctor Smith т.б.
Егер екі сөз бірбірімен синтаксистік тәсілмен байланысса,
онда олар бірбіріне бағына немесе дербес, бірбіріне салаласа байланысуы мүмкін.
Салаласа (тең дәрежеде) байланысу деп сөз тіркесінің құ рамындағы сөздердің грамматикалық жағынан тұлғалары бір біріне тең, бірі екіншісіне тәуелсіз байланыста болуын айтады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бірбірімен жалғаулықтар арқылы, орын тәртібі және интонация арқылы байланысады.
Alma and I are the fіrst year students (Алма және мен бірінші курс студентіміз).
He came home and lіstened to the musіc (Ол үйге келді де, музыка тыңдады).
Murat, Madіna, and Khanat are doctors (Мұрат, Мадина және Қанат – дәрігерлер).
Бағына байланысу деп бір сөйлем ішіндегі бір сөздің екін шісіне (атауыш (тұлға) сөзге) грамматикалық жағынан бағына байланысуын айтады. Бағына байланысудың қиылыса, меңгере және жанаса байланысатын түрлері бар. Бір сөз бен екінші сөз қиылыса байланысқанда, тұлға сөз бен оған мағынасы жағынан бағыныңқы сөз бір грамматикалық формада тұрады: this pensil is long; these pensils are long. («pensil» сөзі жекеше түрде тұр, ал оған қатысты «this, is» сөздері де жекеше түрде; ал екінші сөйлемде атауыш сөз «pensil» көпше түрде, оған қатысты «these are» сөздері де көпше түрінде келіп тұр.)
Сөйлем ішіндегі сөздердің бірбірімен қиылыса байланысуы, біріншіден, бастауыш пен баяндауыштың арасында, екіншіден, анықтауыш пен атауыш сөздің (сілтеу есімдіктері) арасында болады. Меңгере байланысу деп бір сөздің екінші бір сөзбен байла нысқанда, грамматикалық формасының өзгеруін айтамыз: it is my
room, he gives me a book, Alma’s parents are doctors.
Меңгере байланысу 1) етістік пен толықтауыш, 2) зат есім мен анықтауыш (зат есім не есімдіктің тәуелдік жалғау формасында тұ рып, анықтауыш қызметін атқарған жағдайда) арасында болады. Зат есімдерде септік жалғауының ілік септігінен басқа септік жалғауларының грамматикалық формаларының жоқ екендігіне байланысты, толықтауыш пен етістік арасындағы байланыс қыз метін шылаулар (предлогтар) атқарады. Бұл байланыс шылаулы меңгеру деп аталады.
He wrote a letter to his friend (to him) (Ол досына хат жазды).
She bought a present for her brother (for him) (Ол ағасына сыйлық сатып алды).
Don’t make fun of him (of him) (Оны күлкі қылма) (Оған күлме).
Can you tell us about your friend (about him)? (Сіз бізге өзіңіздің досыңыз жайлы айтып бересіз бе?)
Жанасу деп екі сөздің бірбірімен қатар тұрып, грамматикалық қызметі де, мағынасы да бірдей болып байланысуын айтамыз. Сөздердің байланысының бұл түрі ағылшын тіліндегі сөйлемнің құрамындағы сөздердің негізгі байланысу тәсілі деуге болады. Байланысудың бұл түрі үстеу мен етістік; анықтауыш пен зат есім; артикль мен зат есім арасында кездеседі.
Байланысудың айрықша бір түрі бастауыш пен баяндауыш тың арасында кездесетін синтаксистік байланыс болып табыла ды. Мұндай байланыста бастауыш пен баяндауыш тең дәрежеде қиылыса байланысады.
Тіл білімінде «тіл» және «сөйлеу» деген терминдер жиі қол данылады. Осы екі терминнің айырмашылығы неде деген сұрақ туындайды. Жалпы тіл білімінде тіл парадигмикалық байланыс тар жүйесі, яғни өздері түзетін әртүрлі тілдік бірліктер мен топ тардың құрылымы ретінде түсіндіріледі.
Сөйлеу – синтагматикалық байланыстар жүйесі, яғни тіл дік қарымқатынас процесінде түзілетін бір топқа жататын бір ліктердің жиынтығы болып табылады. Тіл сөйлеу процесінде жүзеге асып, көрініс табатындықтан, бұл екі көрініс бірбірімен тығыз байланысты. Сөйлеу барысында жасалатын сөйлемдер ылғи да толық түрінде не тілдің грамматикалық заңдылықтарына, ережелеріне сай құрыла бермейді. Сондықтан да қазіргі ағылшын тілінің грамматикасын оқытудың негізгі мақсаты тек тілдің грам матикалық ережелері мен заңдылықтарын түсіндірумен ғана шектелу емес, сонымен қатар ағылшын тілінде қалай дұрыс сөй леу, дұрыс жазудың жолдары жөнінде де мағлұмат беру болып табылады.
Грамматика дәстүрлі түрде морфология және синтаксис болып екіге бөлінеді. Морфология сөз таптары және оның грамматикалық
11
категорияларынан тұрады. Морфологияның зерттейтін нысаны сөздердің грамматикалық формаларының түрлену тәсілдері бо лып табылады.
Синтаксис сөйлем және сөйлем мүшелерін қарастырады. Ол сөйлем құрылымын, яғни сөйлемдегі сөздердің және сөз тіркес терінің бірбірімен байланысу тәсілдерін және сөйлемнің түр лерін зерттейді. Морфология мен синтаксистің әрқайсысының зерттеу нысаны әртүрлі болғанмен, олар өзара тығыз байланыста болады, өйткені сөздің морфологиялық ерекшеліктері оның басқа сөздермен синтаксистік байланысы арқылы көрініс табады. Әрбір тілдің өзіне тән сөз түрлендіру және сөз жасам, сөйлем құрастыру жүйесі бар. Сондықтан да, жеке бір тілдің грамматикасын қарас тырғанда, оның тілдік нормасын, ерекшеліктерін білу қажет.
Басқа тілдер сияқты, ағылшын тілін қарастырғанда да, оның грамматикасын дәстүрлі түрде морфология мен синтаксистен бастаған дұрыс. Қазіргі ағылшын тілінде сөздердің көпшілігінің морфологиялық көрсеткіштері аз. Сол себепті, сөздерді сөз табы на топтастырғанда, олардың негізгі белгілері ретінде морфоло гиялық ерекшеліктері еске алынбайды.
Сөздерді топтастыруда олардың синтаксистік қызметі мен олар түзетін сөз тіркесінің түрлерін есепке алу өте маңызды бо лып саналады. Осыған байланысты, қазіргі ағылшын тілі грам матикасын «сөз таптары» және «сөйлем құрылымы» деп екі топқа бөліп қарастырады.
Ираш Аманқызы Баймұратова
СӨЗ ТАПТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |