Зат есімнің бірнеше классификациялау принциптері бар. Олар төмендегідей ерекшеліктерге негізделген:
Барлық зат есімдер саналатын және саналмайтын зат есімдер болып екі топқа бөлінеді.
Саналатын зат есім деп, санауға болатын, жанды затты не нәр сені айтамыз. Мұндай зат есімдердің көптік жалғау категориясы бар.
Саналмайтын зат есімдер санауға келмейтін затты, нәрсені, құбылысты білдіреді. Саналмайтын зат есімдер санауға келмейтін тек қана бір түрде не жекеше, не көпше түрде болатын зат есімдер болып екі топқа бөлінеді.
Лексикалық мағынасына қарай зат есімдер жалпы және жалқы есімдер болып екі топқа бөлінеді.
Жалпы зат есім деп бірыңғай көптеген жеке заттардың, нәрсенің бірбіріне ұқсас ортақ белгілеріне қарай бір топқа жат қызуға мүмкіндік беретін жалпы ерекшеліктеріне қарай олардың жалпылама атауын көрсететін сөздерді айтамыз. Жалпы есімдер іштей 1) топтық зат есім (class nouns), 2) жинақтық зат есім (col lective nouns), 3) абстрактілі (дерексіз) зат есім және 4) заттық есім болып жіктеледі:
Топтық (мағынадағы) зат есім бір топқа жататын адамды не жанжануар, хайуанаттардың, заттың, нәрсенің жалпыға бірдей атауын білдіреді: human, a dog, reptiles, a tree.
Жинақтық мағынада қолданылатын зат есім бірнеше адам ды не жанжануар, хайуанаттардың, заттардың, нәрсенің бәрін жинақтап алғандағы олардың ортақ атауын білдіреді. Олар төмен дегідей жанама топтарға бөлінеді: а) көпше түрде де, жекеше түрде де қолданылатын зат есімдер: stuff, advice, demand, party, team. Мұндай зат есімдер жекеше түрде келгенде олардан кейін келетін баяндауыш жекеше түрде де, көпше түрде де келе береді.
Егер жинақтық мағынада қолданылатын зат есім жеке дара бір лік ретінде алынса, онда етістік жекеше түрінде келеді. Ал егер жинақтық мағынадағы зат есім бірнеше жеке адамды білдірсе, онда етістік көпше түрде болады:
The company promotes business. The company consider suggestions;
ә) жекеше түрде ғана қолданылатын зат есімдер: fish, sheep, furniture, money;
б) көпше түрде келетін зат есімдер: trousers, scissors, gloves, goods;
в) формасы жағынан жекеше, мағынасы жағынан көпше түр ді білдіретін зат есімдер: people, livestock, policy. Мұндай зат есімдерден кейін баяндауыш көпше түрінде келеді.
Заттық ұғымды білдіретін зат есімдер: milk, wheat, gold, but- ter; Бұл топқа саналмайтын зат есімдер жатады.
Абстрактілі (дерексіз) зат есімдер құбылысты (health, wealth, strength, ability, kindness, dream, danger, thread, achievement), са паны (kindness, braveness, beauty, madness), адамның, заттың, құ былыстың күйін (life, youth, illness, happiness, concern, alarm), әре кетті (agreement, complainment, survival), эмоцияны (көңілкүйді) (anxiety, sadness, hatred, dislike) білдіреді. Бұл сөздердің көпшілігі саналмайтын зат есімдерге жатады.
Жалқы есімдер – бір топқа жататын жалпы есімдердің ішінен жалқыны ажырату үшін ( жалпыдан жекені айыру үшін) берілген атаулар. Мұндай зат есімдерге кісі аттары (Betty, John, Kate), географиялық атаулар, яғни ел, қала, жерсу аттары (Great Britain, The Thames, London, The Black Sea), ай аттары (January, February, March), апта күндерінің атаулары (Monday, Saturday, Sunday), мер зімдік басылымдардың (газетжурналдардың) аттары (The Times, Washington Post), мекемелердің аттары (United Nations, World Bank, Ministry of Defence), оқу орындарының аттары (Oxford Uni- versity, Teachers Training college), қонақүй, театр, мұражай, кеме, айлақ аттары (The Beagle ship, Lincoln International, British Mu- seum, Art Gallery, The Bolshoi theatre) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |