Грамматикасы



бет5/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЗАТ ЕСІМ


Зат есім – затты (нәрсені) (pen, tree, iron), адамды, жан­ жануарды (man, horse, wolf), абстрактілі (дерексіз) құбылыстың (love, happiness, improvement) атауын білдіретін сөз табының бір түрі. Зат есімнің төмендегідей морфологиялық ерекшеліктері бар.
Зат есімнің жекеше және көпше түрде келуіне қатысты көптік жалғау категориясы бар: a pen (жекеше); -pens (көпше).
Адамды не тірі затты және кейбір нәрсені білдіретін зат есім­ нің септік жалғау категориясы екі форма арқылы беріледі: 1) the room of the doctor; 2) the doctor’s room.
Cөйлемде зат есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі бастауыш, толықтауыш болып табылады.
Micheal gave me a book (Майкл маған кітап берді).
Сондай­ақ зат есім сөйлемде баяндауыш, анықтауыш және пысықтауыштың да қызметін атқарады.
He іs a student (Ол студент).
Іt іs a student’s book (Бұл студенттің кітабы).
He wіll come іn a week (Ол бір аптадан кейін келеді).
Зат есім көмекші сөздермен, яғни артикльмен (a pen, the pen),
шылаумен (предлогпен) (with a pen, by a pen) тіркесе алады.
Зат есім төмендегідей сөз таптарынан жасалған анықтауыш­ пен тіркесіп келуі мүмкін:

  1. Сын есімнен жасалған анықтауыш: an interesting book, a red pen;

  2. Есімдіктен жасалған анықтауыш: my room, this room, some books;

  3. Сан есімнен жасалған анықтауыш: two pens, the tenth chapter;

  4. Етістіктен жасалған анықтауыш: the growing demand, writ- ten letter, the text to translate.

Сонымен қатар зат есіммен бірге зат есімнен жасалған анық­ тауыш та тіркесіп келеді: a ball pen, a gold watch, newspaper artіcles.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет