ОБСӨЖ №10
1.Сабақтың тақырыбы: Адам және саясат.
2.Сабақтың жоспары:
1. «Саясаттың субьектісі» және «обьектіс» деген не?
2. Жеке адамның құқықтарының жетілуі.
3. Тұлғаның қоғамдық саяси өмірге араласуы.
3.Теориялық мәліметтер:
1. Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекет-тер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Олар жөнінде кейінгі тақырып-тарда сөз болады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объек-тісі – адамға тоқталайық.
Мәселе түсінікті болу үшін әңгімені «тұлға»,»субъект», «объект» деген терминдер нені білдіреді, содан бастайық.
Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптас-тырған, саналы іс- әрекет ете алатын, өз жүріс – тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым- қатынас жасаушы, айналадағыны танып- білуші жеке адамды айтады.
Субъект ( латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс- әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс- әрекеті неге бағытталса, соны айтады.Басқа сөзбен айтқанда, объект- зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс- әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін , саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады
Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс- әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтіміз содан.
Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс- тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың, топтың және т.б өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білуі керек. Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі; ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын ( шешімдер қабылдамайтын) азамат.т.б
Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық- құқықтық заңда айқындалады.
Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы консти-туциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға жиналыстар мен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға , сайлауға және сайлануға т.с.с. құқылыққа) тікелей байланысты.
Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік- мәдени, саяси- құқықтық алғышарттар қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны тұрмыс жағадйы, белгілі бір дірежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек.Шетелдің зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократия-лық дамуға бейім келеді екен. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демок-ратиялық негізде ындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. Ленин айтпақшы, сауатсыз адам саясаттан тыс қалады, ол саяси амал- айла, қулықтың құрбаны болады. Бұлармен қатар саясатқа белсенді қатысуға саяси – құқықтық алғышщарттар да әсер етеді. Оған қоғамдағы демократиялық саяси тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының қалыптасуында, саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т.б. жатады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғышарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.
2. Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде кең тарағаны- барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (қоланушы) етіп бөлу. Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды қажетсіз әрекеттерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Оларды жүзеге асыру мемлекеттің қаржы – қаражатына, елдің әлеуметтік экономикалық дәрежесіне, жағдайына байланысты емес. Бұлар негізінен абсолюттік позитивтік құқықтарды басшылыққа алатын құқықтар болып есептеледі. Мұны, әсіресе, АҚШ-тың конституциялық құқықтары туралы Билльден анық аңғаруға болады.
Позитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты , жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтар мен салыстырғанда мұнда мемлекеттің, ұйымдардың, адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды көрсетеді. Мысалы, бұған әлеуметтік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға, лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүруге құқықтылық және т.б. жатады. Негативтік құқықпен салыстырғанда позитивтік құқықты қамтамасыз етіп, іске асыру қиын. Себебі, біріншісінде мемлекет тарапынан ешқандай іс- әрекеттің керегі жоқ. Тек қана ол табиғи құқыққа араласып, бөгет жасамаса болғаны. Ал позитивтік құқықта, керісінше, мемлекет жоғарыда көрсетілген және т.б. құқықтарды іске асыру үшін қыруар жұмыс атқауына тура келеді. Ондай мемлекетте жергілікті жағдай, қара-жаты, мүмкіншіліктері болуы керек.
Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен ара-ластырмаған жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, негізінен, негативтік құқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы, ар- намысты және ізгілікті аты мен атағын, қадір- қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып келуіне, тұрақты қоныс таңдауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгің келгенде қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.
Экономкалық құқыққа және адамның тұтыну заттарын, жеке мен-шігін, жұмыс күшін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Бұрынғы Одақ кезінде жеке меншікке тыйым салынып, оған капиталистік ситеманың, буржуазиялық жолмен баюдың, қанаудың белгісі деп қарап, дамуына жол берілмегені мәлім. Бұл адамдардың жұмысқа деген ынтасын, ықыласын түсірді, жауапсыздықты туғызды, материалдық байлық жетіспеді, ақыры, елді аздырып- тоздыруға әкеліп соқтырды.
Әлеуметтік құқық әрбір адамға лайықты өмір деңгейін және әлеуметтік қорғануды қамтамасыз етуді білдіреді. Мұнда пәтер – үйге, дем алуға, денсаулықты қорғауға, қоршаған ортаның жайлы болуына, азаматтарды қартайғанда, сондай- ақ ауырып сырқағанда және еңбек етілу құқықтары жатады.
Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағыт-талады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар тығыз байланысты. Бұл міндеттердің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет.
«Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен» салыстырғанда жеке адамның көпшілік мақұлдаған міндеттері жоқ.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына, ар-ождан бостандығына құқығы бар. Заң мен ст алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Әркімнің жеке өміріне, өзінің жеке отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абройын, беделін нығайтуға, арттыруға бағытталған және біздің мемлекетіміздің белгілерін құрметтеу сезімін дамытуға әсер етеді, адамдарды ұлтжандылыққа баулиды.
Республикамыздың Негізгі Заңын сөз еткенде оған демократиялық елдерде көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың кейбірі кірмей қалған ғой деген ой тууы мүмкін. Шынында, ол солай да. Бірақ бұл жерде еліміздің өтпелі кезеңде тұрғанын, демократиялық жолға жаңа қадам басқанымызды, көп кепілдікті беруге республикамыздың әлі материалдық жақтан, я басқа жақтан болсын, әлі шамасы келмейтінін естен шығармау керек. Келешекте олар да төлқұжатымызға кіретініне сенеміз.
Адам құқығының іске асып, орындалуының өте зор маңызы бар. Ол бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ол арқылы адам ардақталып, асқақтатылады, мерей мәртебесі көтеріледі. Ондай елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болады. Ол елде кертартпа, тоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды.
Жалпы дүниежүзілік мөлшерде алсақ, адам құқын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бей-бітшілікті сақтауға кепіл бола алады.Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субъектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды. Адам құқығының қамтамасыз етілу деңгейі қоғамның даму дәрежесімен демократиялылығын көрсетеді.
3. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдар-дың арақатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік береті, мемлекет пен адамдардың арақаты-насының принциптері жатады.
Бұл мәселеге адамдар өте ертеде – ақ назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафашылары (философтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады.
Феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді.
Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихты өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т.б. жатады. Олардың ішіндегі ең құндылары АҚШ –ның Тәуелсіздік Декларациясына негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікк, жеке меншікк, бақытқа және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар; өкімет билігінің қайнар көзі-халық, үкімет – халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс ; өкіметтің заң шығарушы , атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі және т.с.с. жатады.
АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық декларациясын қабылдады.Онда адам құқықтары аталып қана қойған жоқ, оларды қорғау шаралары да қарастырылған. Бұл Декларация және басқа адам құқықтары жөніндегі келісімдер міндетті түрдегі заңдық құжаттарға жатпайды. Дегенмен, оларды мойындап, қол қойған елдер онда көрсетілген тәртіптерді сақтьаулары тиіс.
Табиғи- тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, олар адамға туғанынан тән. Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуї немесе оларды ешқашан еш адамнан тартып Ала алмайды. Олар адамның табиғи, ажырамас құқығы болып табылады және әділеттіліктің табиғи, жалпыға бірдей және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.
Заңдылық- позитив тік бағытты қолдаушылар, керісінше, азамат-тардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санай-ды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепі келтіріп, шарт бола алады.
Марксизм- де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етюді. Бірақ заңдық- позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол құқықтың әлеуметтік- экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп. Сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға айналдырған еркі, қалауы деп үйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмай-ды деп уағыздайды.
Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи- тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, «адам құқығы» деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген , ол тек конституциялық- құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқыға барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы (тәнге зәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар- намысты сыйлау, оны қорламау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата- аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с.
4.Бақылау сұрақтары:
1. Саясаттың субъектісі?
2. Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін нелерді білуі керек?
3. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін нелер қажет?
4. Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің түрлері?
5.Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі?
6. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының халықаралық декларациясының тәртіптері?
7. Қазіргі кездегі әлемдік саяси ғылымда адам құқығына деген көзқарас қандай?
5.Студенттің үй тапсырмасы:
Конспект
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Сұрақтарға жауап беру
Тест
Глоссарий
7.СӨЖ тапсырмасы: ҚР парламент институтының эволюциясы
Достарыңызбен бөлісу: |