Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет7/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

ОБСӨЖ №7





  1. Сабақтың тақырыбы: Мемлекет-саяси жүйе институты.




  1. Сабақтың жоспары:

1. мемлекеттің аумақтық-саяси құрылымы.

2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

3. мемлекеттің белгілері мен негізгі қызметтері.




  1. Теориялық мәліметтер:

1. Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру- ру, тайпа- тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.

Қоғам таптарға өлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір- бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.



2. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Арисотель еңбектернің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы- Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптаса-тын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте- мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауым-дастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар,қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет- ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық,саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі- әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

- ұлттық- этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмеді;

- жеке тұлға мен азаматтық абройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел- жұртқа келіп- кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана- сезімі, жүріс- тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдар-ды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалып-тастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конститутцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалды, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократия-лық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдыңғы бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан- жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымас-тығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жааптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылық-тың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекет-те адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.

Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы- қарарларымен кіргізіл-мейді. Ол үшін мемлекет жан- жақты дамып, пісіп жетілуі керек.



3. Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.

Мемлекеттің егемендігі. Ол- ішкі және сыртқы істерін ақарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.

Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.

Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы болуы керек. Ол халық бірұлтты немесе көпұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ.

Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесең де, өз еркінде. Ал мемлекет-тің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.

Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестік-терден ерекшелендіреді.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері ( функциялары) болады.



Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми- техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;

ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл- ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;

б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с басшылық етеді;

в) мәдени- тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу- ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштердіқұрып, ұстап, пайдаланады.

Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; ә) өзін- өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым- қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті- қоғамның тұрақтылы-ғын орнатып, қылыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

4. Бақылау сұрақтары :

1. Аумақтық (территориялық) бөліну?

2. Азаматтық қоғам қалай пайда болды?

3. Азаматтық қоғамның құрамы?

4. Азаматтық қоғам экономикасының негізі?

5. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы?

6. Қай кезде құқықтық мемлекет қалыптасады?

7. Мемлекеттің белгілері?

8. Мемлекеттің негізгі қызметтері?

9. Мемлекеттің тәуелсіздігі?


5. Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест


Глоссарий
7.СӨЖ тапсырмасы: Қазақстан Республикасындағы демократиялық жаңғыртулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет