Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет9/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

ОБСӨЖ №9



1. Сабақтың тақырыбы: Саяси билік ерекшеліктері.



  1. Сабақтың жоспары:

1. жалпы биліктің түрлері.

2. мемлекеттік билік пен саяси биліктің ерекшелігі.

3. мемлкеттік биліктің түрлері.

4. саяси биліктің қасиеті.


  1. Теориялық мәліметтер:


1. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мем-лекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекетің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау- дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу келу және т.б.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастыры-лып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, коммисия-лар, кеңестер, префектуралар және т.б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің «субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеу-меттік топ,тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылы, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке « иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» билік субъектісі-нен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунік-ті, ұйым немесе мекеменің, саяси әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады.Олардың іс- әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі.Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.

Биліктің субъекісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т.б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704) пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753) болды.

Заң шығарушы билік ( парламент) заң шығарумен , оны бекіту, өзгер-ту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтай-ды, үкіметті тағайындайды, бюджетті екккітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасай-ды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығару-шы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады.Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалау-шылықтан cақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конс-титуциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады.Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға жәнесот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Біраз елдерде соттың тәуелсіздігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады.Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.

Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді.

Билік санын көбейіткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне бесенді араласуына, адамдардың басшылығымен жауапкершілігін тәрбие-леуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұңдаса, шынында да, төртінші билік емей немене?

Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап- тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.

Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағын-да аппараты бар Бас бақылаушы да болады.

Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.

Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.

Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі- ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.

Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.

Биліктің кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Әр түрлі билік өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтқанда:1) институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынас-тары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселен, саяси ассоциациялардағы билік, биресми топтарды және т.б. басқару);2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді. Мысалы, соңғысына экономикалық, ата- аналар, корпарациялар және т.б. билігі жатады;3) құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшілік-тің және т.б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүеиежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4) билік-тің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес ( монархия-лық корольдік, патшалық және т.б.- президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т.б. билігі) болып топталады;5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т.б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық және т.с.с. билігі болып жүйеленеді.

2. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп,біріңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірі-луінің тәсілдемелік негізі болды.

Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адам-дарға міндетті заңдарды шығаруға жеке- дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, бюіріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т.б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Леги-тимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығымен шешімдерін растауы.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитим-діктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ең біріншісі-әдет- ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт- дәстүрлерге сүйен-ді. Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет- қасиет-терімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді.

Үшінші түріне Вебер ақыл- парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт- дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байла-нысты емес, қазіргі саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демокра-тиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.

Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға болмайды.Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін қажет.

Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс- әрекеттер жатады.

Қолғамдық өмірді билік арқылы реттеп, жөнге келтірудің бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырыл-ған болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер қабылдау және т.б. бәрі қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына жол бермейді. Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануымен шоғарлануынан саналы түрде бас тартып, барлық адамдардың өкімет шешімдерін қабылдауға, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс- тіршілігіне жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т.б. сияқты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда.

3. Биліктің жүзеге асырылуы тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке- дара, бір билеушінің қолында болып , ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, имератор, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын.



Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары елгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парла-мент немесе соның негізінде құрылған колегия сайласа, оны « парламент-тік президент» дейді. Ол- салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі.

Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағына-ды Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілген. Әдетте, бұл ереже мемлекеттік, қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Сонымен қатар депутаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты өрбітпей үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және жеке меншік фирмаларда, компанияларда қызмет етуге тыйым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердің қызмет бабындағы мәліметтерді өздерінің жеке басының баюына пайдалануларына рұқсат етілмейді.

Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бір партия-лық парламент, әдетте, кішкентай елдерде кездеседі.

Парламенттің мезгіл- мезгіл үкіметтен есеп беруді талап етуіне, ең маңызды саяси шараларды бекітуге , үкіметке сенім білдірмеуге құқығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе- үкіметке сенім білдіріле ме, жоқ па, ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан күрес дауысты көбірек алудың айналасында болады.



Унитарлық ( латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал- әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды.

Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяи тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Бірақ біз ол жөнінде «Қоғамның саяси жүйесін» талдағанда қараған болатынбыз. Сондықтан оған қазір тоқталмаймыз.


4. Бақылау сұрақтары:

1.Билік дегеніміз не ?

2. Саяси биліктің өзіндік қызметтері?

3. Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің « субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдар туралы түсінік?

4. Мемлекеттік биліктің түрлері?

5. Биліктің саяси және мемлекеттік түрлері?

6. Мемлекеттік биліктің заңдылығы?

7. Мемлекеттік басқару түрі?


5. Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: ҚР президент институтының эволюциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет