ОБСӨЖ №21
1.Сабақтың тақырыбы: Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар.
2.Сабақтың жоспары:
1. Қазақстанда көппатиялық жүйенің қалыптасуы
2. Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар
3.Теориялық мәліметтер:
1. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үкіметтерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың басқаруымен Қазақстанның 5 облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін- өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөзі де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы « Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256 санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдар- амасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федерактивтік республика, ал оған кіретін мемлекет тәелсіз болу керек; Ресей Республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспа сөз, одақтар еркіндігі қолданылады; Дін мемлекеттен бөлінді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орнында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болу керек және басқалар.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы-қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болады да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны « буржуазиялық- ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозызиялық, М. Қойгелдиев) оны ұлттық - демократиялық партия ретінде қарайды. Екіншілері (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев) оны ұлттық- демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық- ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз»деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол бльшивикерге бағдар ұтап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большивиктердің партия ұйымы құрыл-ды. Ал Кеңес үкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясаты мен әкімшіл- әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды.
Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР –індегі қоғамдық бірлес-тіктер туралы» заңы айтарлықтай рол атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Биресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлер ұсынуға құқылы.
Республикадағы алғашқы қоғамдық – саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.
Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген ) бірнеше партиялардың бағыт- бағдарламаларына, іс- әрекеттеріне тоқталмасақ, олар мыналар:
Ұлттық – демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтыл-ғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасу жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жер-ұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» сияқты қоғамдық ұйымдардың бастамасын құрылтай сезъді шығарылды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы делегеция қабылдады.
Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.
Қазақстанның Республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тари-хын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозға-лысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйек-те «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатын-дағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болған туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақс-танның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлт- бостандық партия-лары ұлттық және ұлттық- демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басым-дықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс- әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.
Қазақстанның социал - демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында Батыс еліндегі осы аттас пар-тиялардан бостандық , ынтымақтастық әділеттілік идеяларын ту етті . Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б мақсаттарды көздейді.
Қазастаннның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) сезъі өтіп ,оның мүшелері өзін- өзі әшкереленген идеологиялар-дан бас тартып , соның негзінде қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасына мынандай стратегиялық мақсаттарды қойды: саяси салада шынайы демократияны , құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында - қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада- халықтың осал жігін – аналар мен балалардың әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.
«Қазақстанның Халық конгресі» партиясы . 1991 жылғы 5 қазанда өткен құрылтай сезъінде құрылды. Өзін центристік либеральдық – демокра-тиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орна-туды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және екі Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық нарықтық экономиканы дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінбеушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкер топтарға бағдар ұстайды.
«Қазақстанның халық бірлігі» одағы. 1993 жылғы 6 ақпанда өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияның қарсыластары «номенкультуралық пар-тия», «үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаев-тың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестікпен азаматтық келісімді саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған сеъзінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999жылы наурыз айында бұл партия «Отан» партиясының құрамына кірді.
2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы, «Асар» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақс-танның Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы және т.б. жатады.
Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақ жол » партиясы. Оның басшылары - керінде билік қызмет істеген, саяси тәжірибелер бар, қырықтың қырқысына шыққан белгілер азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси – экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарас-тары тұжырымдамалары бар.
Қазіргі электоратты (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар республикалық саясы «Отан» партиясы. Отан дүниеге келіп, қалыптасуына Н.Ә. Назарбаев көп жұмыс жасады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партияға мүшелігін тоқтатты. Бұл партиялардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондықтан оны билік партиясы деп те атайды. Оның іс- әрекетін жұртшылыққа жеткізіп, үгіт –насихат жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдары, әртүрлі басылымдар мен телеарналар жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті орта және шағын бизнесті дамуға, елде әлеуметтік- экономикалық жаңартуға басты назар аударады.
«Отан» партиясына жақын тұрған – Қазақстанның Азаматтық пар-тиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының қызметкелерімен жұмысшы-ларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай- ақ оларды шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентке тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, милінше, соларға тиімді заңдарды қабылдауға ұмтылады.
«Асар» партиясының бағдарламасына қарағанда ол «оңашылдар» («Отан», Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен «солшылдардың» («Ақ жол», Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси- әлеуметтенген мемлекет орнатпақ. Республикамыздың өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен құтқармақ. Жерді жеке-меншікке беруді дұрыс деп санайды.
Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер құрайды. Басым көпшілігі- зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сыңай білдіреді.
Қалған партияларды көпшілік жұрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт – бағдарларын оқып, байыбына бара бермейді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?
Сонымен қатар республикамыздағы барлық партиялар өздерінің бағ-дарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарық-тық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Күрделілігі сол – көптеген патиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орындалмаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппртиялық туралы айту әлі де ерте сияқты.
Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендегі, құқықтық негіздің әлсіздігі . Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, «жоғарғы» жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін құрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттар жоқ.
Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт- бағдары жақын партиялар бір- біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреулерінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан- жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.
Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіз-дігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдас-тыруға тыйым салаы. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халық-аралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.
Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатар-дағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Пратиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
2. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуде немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіледеріне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын көзқара-сын үкімет орындарын тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылар-мен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразы-лықтар себеп болады. Мысалы, жаңа өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.
Саяси қозғалыстар көпшілік партияның құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әлеуметтік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаның қорғауы т.с.с. жалпы халықтың, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады. Тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтар бар қоғамдық талаптарда да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консерва-тивтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлі- неді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты. (Олар жөнінде біз партиялардың жіктелуіне айтқан болатынбыз, сондықтан қазір тоқталмаймыз).
Саяси қозғалыс бірқалыпты тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады. Және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы: үгіт – насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы
Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін өзін - өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым- қатынастарының әр алуандығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемінде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған : партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, корпаративтік бірлестіктер шығармашылық ( творчест-валық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми техникалық, мәдени – ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы милиондаған адамдар өзін- өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қоғамдық саяси мүдделермен сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
2) экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
3) Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
4)Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми техникалық, оқу ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық мәдени, спорттық, қорғаныс, дін, т.б.). Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласына еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партия-лармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал- демократ-тардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың өкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға жасауға тырысады.
Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайлары жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін артыруға басты көңіл бөлді. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулылары ұжымдық шарттарды тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады.
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Бірінші – жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде үкіметке жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.
Екіншісі – үздіксіз ереуілге шығып, үкімітке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.
Үшіншісі- кәсіподақтардың өз көзқарасын үкіметтің саясатымен сәй-кестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.
Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал- демократтар отырған елдерде кеңінен қолданылады.
Қоғамдық бірлестіктерді көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқа-нымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс- жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құралады. Қысымша топтар өз аттарынан сайлауға қатыспайды.
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағандардың бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар , әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелеріді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принцип-тердің негізінде құралады және жұмыс істейді.
Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс- әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан .
Олардың ішінде қоғамық- саяси, экологиялық, экономикалық, әлеу-меттік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәдени – шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар орындаушы клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңіріндегі шығармашылық бірлестіктер, кеңбір орындаушылар мен спорт клубының жан күйлерінің бірлестігі жатады.
Басқа елдер сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1) экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада- Семей» қозғалысы, «Арал- Азия- Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат » комитеті және т.б.
2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға : Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, славияндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы қазақтар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;
3) тарихи- ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», »Ақиқат» және т.с.с.;
4) әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», »Алтын бесік», »Жер ұйық», «Шаңырақ» және т.б.
Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындалуына байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс- әрекеттерін әлі атқаруда.
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
4.Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанда «Алаш» партиясының құрылуы?
2. Егемендік жылдары дүниеге келген партиялар?
3. Саяси қозғалыс дегеніміз не?
4. Қазақстандағы саяси қозғалыстар?
5.Қоғамдық ұйымдар дегеніміз не?
6. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар?
7. Қазақстанда кәсіподақтың (қоғамдық ұйымның) дамуы?
5.Студенттің үй тапсырмасы:
Конспект
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Сұрақтарға жауап беру
Тест
Глоссарий
7.СӨЖ тапсырмасы: Мемлекет қызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: |