Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет19/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

ОБСӨЖ №19



1.Сабақтың тақырыбы: Саяси процесс

2.Сабақтың жоспары:

1. Саяси процесс ресурстары.

2. Саяси процесс құрылымы.

3. демократиялық және антидемократиялық саяси процестер


3.Теориялық мәліметтер:

1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңестікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала- өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат- мүделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақы-лауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азамат-тардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат- мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат- мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс- әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солар-дың іс- қимылдарымен айқындалады.

Саяси процесті ұйымдастыру түпті ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат таңдалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін.

Саяси процес- күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамти-ды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік биікті ауыс-тыруы немесе оған дейінгі саяси- құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін- өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастармен институттар құралады, саяси ережелер мен қазы-налар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарас-тары, іс- қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3. Саяси- басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама- қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсылас-тарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындыр-май, реттеп, халықтың талап- тілектерімен мүдделерін үйлестіріп, қоғам-ның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жа-сауы керек. Бұл - саяси мәселе.

4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс- әрекетін бақылау. Оған саяси жү-йе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат- мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі- мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен қозға-лыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

1. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси про-цесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгерпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызмет жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс- әрекетінде жаңашылдық, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл атқарады.

2. Саяси тәртіптің дамуы . Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

3. Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақтаудың орнына саяси субъектілердің бөлшек-тену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудыр-майды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақтарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлды-рау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік- экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйым-дар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс- әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдай-дан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін , қозғалысын айтады.

2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс өнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институтцияланған түрлері-нен, олардың іс- әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т.б белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал- әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын , құрылымын өзгертіп, бейімделе икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының деңгейін көрсетеді.

Саяси билікті ұйыдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Анти-демократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.

Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат- мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап- тілек-терін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.

Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктерімен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тия-нақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсін-беушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді.



Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көп-шілік халықтың әл- ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеумет-тік кикілжіңдер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада – қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік- саяси өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алды.

Бұл екі жолдың да өз жақтастарымен қарсыластары бар. Революция-лық жолды басшыыққа алушылар – марксистік. «Саяси экономиясына» деген кітапқа жазған алғысөзінде К. Маркс былай деп көрсетті: өндіргіш күштер өз дамуының белгілі сатысында осы дамуына бұғау болатын өндірістік қатынастарға қайшы келеді. Сол кезде әлеуметтік революция заманы туады. Оның қолданушылары реформа қоғамды ішінара, жарым- жартылай ғана өзгертеді, әлеуметтік шиеленісті уақытша бәсеңдетеді деп түсіндіреді.

Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдас-тырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Ол саяси немесе саяси емес те болуы мүмкін. Революциямен салыстырғанда оның көбіне ауқымы тары-рақ, мақсаты нақтыланған болып келеді. Кейде саяси билікті қолға алу үшін қарулы көтеріліс ұйымдастырылуы мүмкін.

Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс- әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түр-де келеді, анық- айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдығыштығымен сипатталады.

Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс- әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

3. Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс ісейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын амалдарды сайлай-ды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Бііншісі- институтционал-данып реттелген демократия. Онада азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі- сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгіленген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы орган-дардың мүшелері әдетте 4-6 жылға сайланады. Бұл мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.

Демократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын пар-тиялардың мүмкіншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі. Теледидарды, радионы, ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануға жағ-дайлары келеді. Ал кішігірім партиялардың ондай мүмкіншілігі аз келеді. Сондықтан мемлекет сайлау науқаны шығынының біраз бөлігін өз мой-нына алады. Сонымен қатар жеке адамдар мен ұйымдарға, сайлау алдын-дағы қорға қайырымдылық көрсетудің мөлшері және үміткерлердің өз қаржысынан қанша жұмсай алатын шамасы белгіленеді.

Сайлау алдындағы үгіт сайлау болар күннен бір күн бұрын тоқта-тылады. Ол сайлаушыларға өз ойын тағы да бір тексеріп, саралап шығуға мүмкіндік береді.

Сайлау жасырын дауыспен беріледі. Сайлаушының бюллетеньді қалай толтырып жатқанын ешкімнің бақылауға қақысы жоқ. Кейбір елдерде сайлау нәтижесін бұрмалауға жол бермеу үшін арнаулы дауыс беру машинасын пайдаланылады.

Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін – рефе-рендум . Бұл заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу.

Референдум жеке аймақта не округте өтуі мүмкін. Онда жергілікті жердің мәселесі қаралады. Мысалы қалалық бюджетке түсетін қосымша салық кіргізу, жаңа зауыт, фабрика, комбинатты салу немесе ондайдың ескісін жабу, үлкен магистральдық жол тарту және т.б. сияқты мәселелерге халықтың пікірін біледі. Мұндай тәсіл АҚШ- та, Швецарияда кең таралған.

Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапайым халық және шешім деген сөзінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа ( ми-тингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.



Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күтердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермелеушілік, ұстамсыз-дық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдас-тырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру ( демонстрация)- белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпші-ліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсылас-қа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік- экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т.б. Ереуіл күрес жүргізу-шілердің ақырғы амалы болып табылады. Себебі, оның зардабы бүкіл қоғамға ауыр тиюі мүмкін. Оның салдарында шаруашылық байланыстары үзіліп, экономикаға нұқсан келеді.

Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т.с.с. болуы мүм-кін.

Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген , ой- өрісі кең, әлем-дегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның саяси санасына зор ықпал етіп, белсенділігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға, бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қа-тысу, партияның, кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді.Олар азаматтық белсенділіктің, демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуде.

Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шет-телуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға , саяси институттардың ықалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дістүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне жіне т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі- оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

4.Бақылау сұрақтары:
1. Саяси процесс дегеніміз не?

2. Саяси жүйенің даму процесі?

3. Ішкі саяси процесс?

4. Сыртқы саяси процесс?

5. Адамдардың саяси процеске қатысуы қалай жүзеге асырылады?

6. Референдум, плебисцит дегеніміз не?

7. Бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл дегеніміз не?

5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саяси жүйенің құрылымы мен қалыптасу механизмі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет