Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет17/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

ОБСӨЖ №17



1.Сабақтың тақырыбы: Парламенттің негізгі қызметтері.

2.Сабақтың жоспары:

1. Өкілдік қызмет және билік қызметі.

2. Заңшығарушылық және легитимдеу қызметі.

3. Саяси жариялылықты қамтамасыз ету қызметі.

4. Саяси бақылау және жауапқа тартылу қызметі.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Кез- келген демократиялық мемлекеттің аса маңызды құрамды бөлігі – парламент, ол биліктің дербес әрі кемелденген саласы. Саяси ғылым демократияның тәжірибесін қорыта келіп, қазіргі парламенттің мән- мазмұнына төмендегідей сипаттама береді. Сипаттама белгілі бір елдегі парламентке ғана тән емес, бұл жалпы тенденция.

Біріншіден, парламент халықтың егемендігінен, демократиялық сайлау негізінде туған билік. Белгілі қызметтерді атқару мүддесі үшін парламент-ке билік заңды негізде беріледі.

Екіншіден, биліктің бөліну жүйесінде парламенттің билігі биліктің басқа бөліктерінен оқшауланған, бірақ осымен бірге олармен ықпалдасуға мәжбүр болатын билік.

Үшіншіден, парламенттің билігі нормативтер арқылы кепілдік берілген конституциялық билік.

Төртіншіден, парламенттік билік белгілі қызметтер атқарумен байла-нысты. Бұл қызметтердің кепілдік көлемі және сипаты болады, осы қыз-меттердің өзі парламенттің қаншалықты өкілеттігі бар екенін және олардың негізгі түрі төмендегідей.

Бесіншіден, парламенттік билік партиялар парламентте бір- бірімен билік үшін күресіп жатқан жағдайда саяси партиялық жүйенің арнаулы бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі заманғы парламенттің атқаратын қызметтерінің сипаты мен көлемі әр елде әр түрлі, олардың негізгі түрі төмендегідей.

Парламенттің ең басты қызметі заңдарды,заңдық нормаларды жасау, олар қоғамның бүкіл өмірін, азаматтардың құқықтарымен бостандықта-рын, міндеттері мен парыздарын белгілеп береді.

Парламенттің негізгі қызметінің бірі- өкілеттік, ол халықтың билік басындағы өкілі, сондықтан оның мүшелері қоғамның саяси тұрғыдан әртүрлі топтарының өкілдері болып саналады. Парламент депутат топтар-дың арасындағы айтыс- тартыстарды ашып көрсетіп, оларды мүмкін болға-нынша келістіріп, ортақ шешім алып отыруға тиіс. Парламент өзінің өкілет-тік қызметін демократиялық сайлау жүйесі негізінде жүзеге асырады. Бұған партиялардың қызметі арқылы кепілдік беріледі.

Парламент осымен бірге билік жүргізу қызметін атқарады. Ол қоғамның әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы туралы баламалы шешімдер қабылдай отырып, қоғамның және оның құрылымдарының даму бағытын белгілеп береді.

Парламент жоғарыдағылармен бірге заңдардың орындалуын бақылау және ол үшін жауапқа тарту қызметін атқарады. Мәселен, ерекше жағдайда Президентке импичмент жариялар, үкіметке сенімсіздік білдіру, депутат-тарды оларға ешкім тиіспеушілік құқынан айыру, міндеттерін орындаудан шеттету және т.б.

Қазіргі заманғы парламент жариялылықтың үлгісін көрсетуге, оның басқалар үйренетін мектебі болуға тиіс. Парламент мәжілістерінде, оның қабырғасында үкімет әртүрлі баламалы шешімдерін ұсынушы партиялардың өкілдері, тәуелсіз депутаттар, парламенттік фракциялар өз позицияларын бүкпесіз ашық, жан- жақты дәлелдеп, сауатты, баяндап беруге , мәлімдеуге тиіс. Парламент мүшелері мен ондағы партиялар фракциялары мен өкіл-дері жариялылық принципін пайдаланып, бұқараның ақпарат құралдары арқылы да шындықты халыққа жеткізе беруге тиіс. Парламенттік жария-лылық төтенше жағдайларда және қатаң келісілген жағдайда ғана шектелуі мүмкін.

Қазақстанда парламентаризмнің қалыптаса бастағанына көп уақыт болған жоқ, бірақ соның өзінде ол кейбір өкінішті жағдайларды, қателіктерді басынан кешірді. Демократиялық сайлау нытижесінде шақырылған тұңғыш бір палаталық парламент 1990 жылдың сәуірінен 1993 жылдың желтоқсанына дейін ғана жұмыс істеп, мерзімінен бұрын тарады.

Осыған қарамай ол бірсыпыра заң актілерін қабылдап үлгерді. Ең алдымен өз қызметінің заңдық негізін қалады. Парламент 1990 жылы қазанда Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы декларация, 1991 жылы желтоқсанда « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдады.

Алайда билік құрылымы ретінде Кеңестердің жағдайы Коммунистік партияның басшылық ролімен тығыз байланысты әрі соған тәуелді бола-тын. Бұл партия тұғырдан тайып, бұрынғы дәрежесімен беделінен айыр-ылғаннан кейін барлық буындағы Кеңестер жүйесі де күйрей бастады.

1994 жылы наурызда сайланған Қазақстан парламенті де қысқа өмір сүрді. Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының шешімі бойынша 1994 жылы 7 наурызда өткен парламент сайлауы және оның қорытынды-лары Конституцияның талаптары сай емес және онда сайланған депутат-тардың легитимдігі жоқ деп табылып, XIII шақырылған Жоғарғы Кеңес таратылды.

Біздің республика сияқты унитарлық мемлекетте екі палаталық парла-менттің артықшылығы, біріншіден ол атқарушы және заң шығарушы биліктің арасында неғұрлым тұрақты тепе- теңдікті сақтаумен бірге екі палата бірін- бірі тежеп, бақылап отырады, екіншіден заңдардың неғұрлым сапалы, мінсіз қабылдануына көмектеседі, Мәжілісте қабылданған заң жобасы сенеатта екінші рет мұқият сүзгіден өткізіп жетілдіріледі.

Қорыта айтқанда, парламенттің негізгі міндеттері: заңдарды қабылдау, республикалық бюджетті талқылап, қабылдау, оның орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдау, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілеу, Республика Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға толық-тырулар мен өзгерістер енгізу, Конституциялық заңдар қабылдау, парла-менттік дағдарыс болған жағдайда Президенттің инициативасы бойынша оған бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беру, парламент мүшелерінің үштен екі бөлігінің қолдауымен үкіметке сенім-сіздік білдіру, республикалық референдум өткізу үшін инициатива білдіру, соғыс және бітім мәселесін шешу және т.б.

Республика парламенті заң шығару қызметімен бірге атқарушы билікке, үкіметтің қызметіне бақылау жасау міндетін де атқарады. Парламент сондай- ақ конституциялық қызмет - Конституцияны қайта қа-рау және республикаға опасыздық жасаған ең жоғары лауазымды адамдарды жауапқа тарту қызметін де атқаруы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыра-тын ең жоғарғы өкілдікті орган. 1995ж. 30 тамызда бүкілхалықтық рефе-рендуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екі рет (1995ж. және 1999ж.) сайланды. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Өкілеттік Конститу-цияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттары-ның құқықтық жағдайы конституция. Заңмен белгіленеді. ҚРП құрылымы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: жоғ. Палата- Сенат және төм. Палата- Мәжілістен тұрады.

Сенат әрбір облыстан, респ. мәндегі қаладан және ҚР астанасынан екі адамнан, тиісті облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырыстарында сай-ланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Парламенттің өкілеттік мерзіміне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімді және кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаттарын сайлау- мәслихат депутаттарының бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Мәжіліс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкімш. Аумақтық бөлінісін ескеріп жасақталатын және сайлаушылар саны шамамен бірдей болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. 10 депутат тең дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыа бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25- ке толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Респ. және жергілікті бірлестіктер арқылы, сондай- ақ, өзін- өзі ұсыну жолымен азаматтар Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы.

Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сес-сиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа қандай да болсын аманат пен мапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конс-титуцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерц. ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалау-шы кеңесінің құрамына кіруі, сондай- ақ жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.

Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкімш.- аумақтық құрылымына қатысты мәселелерді шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдайды; палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын жасақ-тайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54- бап) көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.

Констиуцияның 55- бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мы-налар жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағай-ындау және қызметтен босату, Президенттің Бас прокурорды және Ұлт-тық қауіпсіздік к- тінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергі-лікті өкілетті органдардың өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президент қызметтен кетіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т.б.



3. Мәжілістің ерекше құзырына мыналар жатады: тиісті заң жобала-рын қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің қарсылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу; Орт. сайлау комиссиясы төрағасын төраға орынбасарларын, хатшыларымен мүшелерін сайлау және босату; Президенттің кезекті сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын өткізуді тағайындау; әділет біліктілік алқасының құрамына 2 депутат ұсыну; ҚР Президентіне қарсы мемл. опасыздық жаса-ды деген айып тағу, т.б. (ҚР Конституциясы, 56-бап).

Парламент Палаталардың бірлескен отырыстарын: Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституц. заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; респ. бюджетті және Үкімет пен Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп к-тінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджеттке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Президенттің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық білдірген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді ( бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді); Президенттің баста-масы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен Президентке бір жылдан аспайтын өкілеттік береді; Президенттің Премьер- Министрді; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім береді; Премьер- министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баянда-масын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. (Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен Үкімет бағдарламасының екінші рет қабылданбауы Үкіметке сенімсіздік білдірген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірі-нің бастамасы бойынша Үкіметке сенімсіздік білдіреді; соғыс және бейбітшілік мәселелірн шешеді; респ. референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т.б.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

4. Парламент пен оның палаталарының заң актілері, егер Конститу-цияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайын-дауға екі мәрте келісім бермесе, Парламенттің Палаталарының арасын-дағы немесе Парламент пен мемл. биліктің басқа тармақтары арасындағы келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда- Президент Парла-ментті тарата алады. Бірақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы 6 айында, сондай – ақ, алдыңғы таратудан кейінгі 1 жыл ішінде Парламентті таратуға болмайды.

Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты к-ттерде ақарылады, олардың саны әр Палатаға жетеуден аспауға тиіс. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе- тең негізде бірлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты к-тінде алдын- ала қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейін- Мәжілістің жалпы отырысында- талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Ал Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және констиуция. заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толық-тырулар енгізу мәселелері бойынша қарсылық білдіруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жоба-сын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды. Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тілді еркін игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргізеді.

Тұтастай алғанда, Парламенттің қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын азайтып, өара ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етеді: палаталар бір біріне бағынбайды, бір- біріне тәуелсіз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртібінде қызмет атқарады, өздерінің қызмет аясы міндеттері бар . Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бірлесіп қызмет атқаруға міндетті.

Парламент Сенатының әр кездегі төрағалары: Ө. Байгелді (1995-99), О. Әбдікәрімов (1999 жылдан); Парламент Мәжілісінің төрағалары: М. Оспанов (1995-99), Ж. Тұяқбай (1999 жылдан).


4.Бақылау сұрақтары:

1.Кез- келген демократиялық мемлекеттің аса маңызды құралды бөлігі?

2. Қазіргі заманғы парламенттің атқаратын қызметтерінің сипаты мен көлемі?

3. Қазақстандағы парламентаризм?

4. Парламенттің негізгі міндеттері?

5. ҚРП құрылымы?

6. Парламент Палаталардың бірлескен отырыстары қандай қызмет атқарады?

7. Парламенттің ағымдағы қызметі кім тарапынан атқарылады?


5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саяси ілімдердің қалыптасуы және даму қызметтері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет