Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет4/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ОБСӨЖ №4





  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі саяси ой- пікірлер.




  1. Сабақтың жоспары:

1. Абайдың әлеуметтік көзқарасы.

2. Қазақ жеріндегі зиялылардың саяси ой-пікірлері.

3. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы билікіті іске асырудың мехенизмдері.




  1. Теориялық мәліметтер:

1.Абай Құнанбаев (1845-1904ж.) қазақ тарихындағы ұлы тұлға, оның өмірі мен шығармашылық қызметі халқымызды мәдениеті мен ой- санасының, саяси көзқарасының дамуындағы жаңа бетбұрыс, биік белес болды.Ол өзінің поэтикалық және басқа шығармаларында ру- феодалдық өмірдің көлеңкелі жақтарын сынға алды, оларды айыптады. Қазақ халқын оқып білім алуға, еңбек етіп, қайыршылық өмірден, қараңғы-лықтан, құлшылық бағынушылықтан, рушылдық жанжалдардан құты-луға шақырды. Абай шығармалары халқымыздың ұлттық, адамгершілік, азаматтық санасын қайрады. Ол өзінің қара сөздерінде халықтың халықтың тарихы мен озық салт- дәстүрлерін кеңінен таратып, әділдік, адамгершілік, билік білімділік, парасаттылық жайында ұрпағына мәңгі сабақ боларлық нақыл сөздер қалдырды. Мәселен, Абай билік туралы «Бас- басыңа би болсаң, манар тауға симассың, басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің» дейді. Ұлы ойшыл өзінше «Би ережелерін» тұжырымдайды. Онда биліктің әділ, халық мүддесіне сай, әйелдің, баланың құқын сақтау, мүлік дауын дұрыс шешу сияқты қазақ арасындағы өзекті мәселелер қозғалады. Бір сөзбен айтқанда Би ережелері жайындағы пікірлерін Жеті Жарғының жалғасы, сонымен өзектес ойлар деп айтуға болады.

Абай Құнанбаевтың идеялары адам үшін оның өмірін жақсарту, бостандығы мен ақыл- парасатын биіктете беру арқылы халқына қызмет етудің ең жоғары көрінісі болып табылады.

2. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық даму моделінің өзгеруі қоғамдық- саяси ойдың дамуына, халықтың ой- санасына түбегейлі өзгеріс туғызды, жаңа серпін берді. Тоталитарлық жүйенің уысында, шектеуінде ұзақ болған Қазақстан жұтшылығы елдің тарихы мен қазақ халқының озық ойлы өкілдерінің қоғамдық- саяси пікірлерімен жеткілікті таныса алмай келді. Олар большевиктік «цензура» дегеннің қара сандығында тығулы жатты.

Еліміз тәуелсіз, егемен мемлекет болғаннан кейін 90- жылдары Қазақстан жұртшылығы, өзінің тарихына ерекше ынта қойды.

Осы ғасырдың 30-шы жылдары тоталитарлық жүйе заңсыз, жазықсыз айыптап, жойып жіберген қазақ интеллегенциясының өкілдері Ә.Бөкейханов (1866-1937ж.),А.Байтұрсынов (1873-1938ж), М. Тынышбаев (1879-1937ж), С. Асфендиаров (1889-1938ж), С. Сейфуллин (1884-1938ж), Т. Рысқұлов (1895-19942) және басқалар қазақ халқының болашағы, тағдыры, мемлекеттігін қалпына келтіру жөнінде салиқалы қоғамдық- саяси пікірлер айтты, өз жоспарларын жүзеге асыру жолында барлық кедергілерге, қауіп- қатерге қарамай күресті.

Алаш партиясының көсемдері Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев және басқалар қазақтың тәуелсіз дербес мемлекетін құрудың жан- жақты жоспарларын жасап ұсынды. Олар Қазақстанда парламенттік- президенттік автономиялы республика құруды, Қазақстанда барлық ұлттар азаматтарының тең құқықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.Осы идеяға негізделген Алашорда бағдарламасында: Россия демократиялық федерациялық Республика ( демократиялық өкімет, федерация- ұсақ мемлекеттердің одағы) болуға тиіс. Федерацияға кірген әрбір мемлекет өзін-өзі басқаруға, олардың құқықтары бірдей болуға тиіс,- деп жазылған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым С. Асфендияровтың да саяси пікірлері қазақ мемлекеттігін құру идеяларымен қабысып жатыр. Ол өзінің «Қазақстан тарихы», «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс» деген еңбектерінде көлемді тарихи материалдарды қорыта отырып, Қазақстанның қоғамдық- саяси дамуына терең сипаттама береді.

Ғұлама ғалым, қазақ әәдебиетінің классигі М. Әуезовтың (1897-1961) көркем шығармалары мен публицистік туындыларында да республи-камыздағы қоғамдық құбылыстар мен процестерге жан- жақты талдау жасалған. Оның «Абай жолы» роман- эпопеясында қазақ қоғамы тарихының, әлеуметтік- экономикалық, саяси өмірінің көп қырлы картинасы берілген. Ұлы жазушыны өзінің саяси көзқарасы туған халқының болашақ тағдырын ойлап, айтқан қоғамдық- саяси пікірлері үшін тоталитарлық жүйе қудалады. Бірақ ұлы жазушыны өз бағытынан, халқын сүйген ұлтжандылығынан тайдыра алмады. Ол туған халқының өткен өмірін де, бүгінгі өмірін де ерекше ыстық сүйіспеншілік сезіммен жырлап, жазып, күресіп дүниеден өтті.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың (1912-1993ж). идеяларымен пайымдауларының да ел өмірі үшін қоғамдық маңызы бар. Ол « Ақиқаттан аттауға болмайды» деген естелік кітабында өзінің кеңес дәуіріндегі қоғамдық-саяси өмірге деген көзқарасын, бағасын береді. Мұны Кеңес дәуіріндегі Ұлттық саяси элитаның пайымдауы деп қарауымыз керек.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз егемендік алған жылдар-дың ішінде өзінің қоғамдық – саяси көзқарастарының байсалдылығы-мен, кеңдігімен бүкіл әлемге танылды. Ол « Ғасырлар тоғысын--да»,»Тәуелсіздігіміздің бес жылы» және басқа көптеген еңбектерінде еліміздің мемлекеттігін құрып, нығайта беру, президенттік биліктің қажеттілігін, кәсіби парламентті нығайту жолдарын, егемен еліміздің жарқын болашағын жан- жақты дәлелдеп берді.

Н. Назарбаев қажеттілігін дәлелдеп берген Евразиялық одақ құру идеясы да өміршеңдігін көрсетіп, өзіне жол ашып келеді. Бұл идеяның негізіне ұлттық – мемлекеттік құрылыстың даму процестерін мемлекеттік емес интеграциялық процестердің дамуымен ұштастыру қажеттігі алынған «Теңдікке, еркіндікке және прагматистік мүдделерге негіздел-ген интеграционизм- Евразияның лайықты болашағы міне осы жағдайда ғана дүниежүзілік экономика мен XXI ғасыр саясаты әлемдік әмбебап факторға айнала алады».

90-шы жылдардан бастап республикамыздың ғылыми жұртшылығы, әдебиет пен мәдениет қайраткерлері де Қазақстанның мемлекеттік- саяси, мемлекеттік- құқықтық проблемаларына ден қоя бастады. Жазушы, мемлекет қайраткері Ә. Кекілбаевтің, М. Қозыбаевтың, А. Нысанбаевтың, Е.Арыновтың, И. Тасмағанбетовтың, А. Карповтың және басқалардың еңбектерінде мемлекеттік құрылыстың заңдық, конституциялық негіз-дері, Қазақстанның егемендігінің саяси- әлеуметтік, экономикалық негіз-дері, елімізді, қоғамымызды демократиялық жолмен жаңартып , гүлден-діре берудің, білікті, икемді, күшті заң шығару, атқарушы, сот органдарын қалыптастырып, жетілдіре берудің жолдары жан- жақты сарапқа салынып, талданған.



3. Қазақстандағы бұл процестің өзіндік ерекшеліктері бар. 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бастап Республика-мыз демократияға өтудің шешуші кезеңіне қадам басты, бұрынғы саяси және экономикалық институттарды өзгертті. Осы кезеңде жаңа саяси жүйелер құрылды: жаңа сайлау жүйесі жасалды, президенттік және парламенттік сайлаулар өткізілді, демократиялық саяси институттар жұмыс істеп жаңа саяси элиталар қалыптаса, қоғамда демократиялық процестер мен демократиялық ұйымдар дүниеге келе бастады.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін де оған тоталитарлық жүйеден мұраға қалған көп партиялық жүйенің болмауы сайлаушылардың өз қалауын баламалы жағдайда білдірмеуі, биліктің бір орталыққа шоғырланған автократиялық сипаты оның демократиялық жолға түсуін қиындатып келді.

Тәуелсіз Қазақстанның демократияға өту тәжірибесі оның барлық дәрежедегі сайлауларды уақытында өткізіп тұру, жалпыға бірдей дауыс беру құқын қатаң сақтау жасырын дауыс беру, талапкер жақтардың бәсекесі партиялармен ассоциялардың қатысуы, атқарушы биліктің заң алдында жауапкершілігі сияқты міндетті процедулары бар екенін көрсетеді. Әлі де болса демократиялық плюрализмнің кейбір олқылық-тары байқалады, елдің экономикасы дамып, халықтың саяси белсенді-лігі артқан сайын мемлекеттік биліктің өктемдігі азайып, саяси демократия дамып , күшейе береді.

Кеңес империясы күйрегеннен кейін оның орнына келген тәуелсіз мемлекеттердің бәрінде президенттік жүйе президенттік лауазымнан кейін пайда болды. Тәуелсіз елдер алдымен өздерінің президентін сайлап алды. Саясаттану ғылымында »Президент» пен «Президенттік жүйе» туралы түсініктердің шегін белгілеп алудың қажеттігі туды.



Президенттік жүйе- бұл экономикалық, әлеуметтік,саяси, халықаралық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жетіліп, өзгеріп отыратын конституциялық институт. Осымен бірге ол ең жоғарғы сайлап қойылатын саяси институттар әрі саяси және қоғамдық құрылым. Президенттік жүйе өз құрамына үкіметті, министрлер мен ведомстваларды, бюрократтық аппаратты қамтитын атқарушы билік жүйесінің биік шыңы әрі көп салалы мемлекетті жүйенің бір бөлігі.

Президенттік жүйе билік институты ретінде президенттік сайлау тәртібін, оның билік басында болу мерзімін, президенттің өкілеттігін, оны орнынан тайдыру (импичмент) процедурасын, президенттің халық пен атқарушы билікпен, парламентпен, президенттің халық пен атқарушы билікпен, парламентпен, сот билігімен қарым- қатынасын қамтиды.

Ал президенттің мемлекеттегі ролі ол мемлекет басшысы болып сайланғанмен мемлекеттің заң жүйесінде белгілеген сипанына қарай Парламенттік немесе Президенттік республика екеніне қарай белгіленеді.

Парламенттің республикада- Президентті мемлекет басшысы ре-тінде парламент сайлайды. Оған жеткілікті шектелген өкілеттік береді. Ол үкіметті тағайындай алмайды.

Президенттік республикада- мемлекеттік басшылықтың негізгі тұтқаларын өз қолында ұстап отырған күшті президент болады. Ол мемлекет басшыларының дәстүрлі қызметі сыртқы қатынастардың жүргізілуімен , мемлекеттердің атынан әрекет жасауымен, заңдарға қол қоюымен, кешірім жасау және т.б. құқықтармен бірге оған ең жоғарғы атқарушы билік тапсырылады. Ол үкіметті құрады және оған басшылық жасайды. Осы арқылы бүкіл мемлекеттік аппаратты басқарады. Барлық мемлекеттік ( сот органдарында ) лауазымдарды тағайындау Президентке байланысты. Президентті халық сайлаған-дықтан ол парламенттен тәуелсіз, оған және осымен бірге заң шығару процесіне ықпал жасай алады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады. Президенттің осы және басқа қызметі мен міндеттері оны мемлекеттігі басты тұлға етіп белгілейді.

Алайда конституциялық құрылыс мемлекет басшысының құқық-тық дәрежесін жоғарыдағы парламенттік және президенттік респуб-ликамен шектелмейді. Осымен бірге басқарудың «аралас» түрі де пайда болды. Бұл басқарудың республикалық түріне жатады, мұнда прзиденттік және парламенттік басқару аралас жүреді.

Президенттік, Парламенттік және аралас республиканың бір- бірінен айырмашылығы ең алдымен мемлекет басшысы Президентті сайлау тәртібіне байланысты болады.

Парламенттік республикада Президент бүкіл халықтың тікелей сайлауында жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мысалы, Францияда, Австрияда, Мексикада Президент осылай сайланады. Кейбір елдерде Президент жанама жолмен, яғни оны өкілдігі бар адамдар сайлайды. Мысалы, АҚШ- та, Индияда Президент осылай сайланады.

Президент кейбір елдерде референдум арқылы сайланады. Мысалы, Сирияда, Египетте Президент осы жолмен сайланады.

Парламенттік және Президенттік республикалардың бір- бірінен екінші өзгешелігі Үкіметті құруда және оның кімге бағынып, кімнің алдында жауапты екенінде.



Парламенттік республикада Үкімет парламенттік негізде қалыптас-тырады да, оны Премьер- Министр басқарады. Үкімет парламент алдында есеп береді, сонымен бірге жеке министр де парламент мүшесі болып табылады. Парламеттік республикада атқарушы үкіметтің өзі іс жүзінде заң шығарушы биліктің жалғасы болып табылады. Сондықтан бұл екеуінің арасында келіспеушілік өте сирек кездеседі. Мұндай басқарудың артықшылығы осында. Ал бұл жүйенің кемшілігі ретінде партиялық жүйенің , осыған сай парламенттік коалицияның солқыл-дақтығын, осының салдарынан үкіметтің тұрақсыздығын айтуға болады.

Президенттік республикада үкімет парламенттен тыс жолмен құ-растырылды. Оның мүшелерін парламенттің келісімімен Президент тағайындайды және соның алдында жауап береді. Президент үкіметті таратып жібере алады. Төтенше жағдайларда елге Президент басшылық етеді. Президенттік жүйе, парламенттік жүйеге қарағанда елдегі саяси тұрақтылыққа күштірек кепілдік береді. Өйткені ол Конституцияда белгіленген мерзімге сайланады.

1990 жылы 25- наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш демократиялық сайлауы болды . Ал 24- сәуірде оның бірінші сессиясының ашылған күні Қазақ ССР- ның тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев сайланды. Сөйтіп республиканың саяси жүйесін қалыптастырудың демократиялық саяси институттарын, жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырудың демократиялық саяси институттарын, жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырудың кезеңі басталды.

Бұл үшін жұрт таныған легитимді, күшті, топтастырушы билік қажет болды. Парламентте сайланған Президенттен бүкілхалық сайлаған Пре-зиденттің ролі мен беделі әлдеқайда жоғары болатыны дүниежүзілік тәжірибеден белгілі болғандықтан 1991 жылы 1- желтоқсанда Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,75 пайыз дауыс алды.

Прежиденттік жүйе Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясында заң жүзінде бекітілді. Рас бұл Конституцияда белгіленген мемлекет басшысының құқықтары мен міндеттері белгілі белгілі дәрежеде шектеулі болатын, әлі бізде дәстүрлі формадағы президенттік басқару жүйесі жасалды деп айтуға болмайтын еді. Ал Республиканың 1995 жылы қабылдаған Конституциясы еліміз Президентінің мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазым иесі, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі, конституциямыздың, адам және азаматтың құқы мен бостандығы бұзылмайтындығының символы мен кепілі ретіндегі жаңа дәрежесін белгілеп берді.


  1. Бақылау сұрақтары :

  1. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік – саяси көзқарасы ?

  2. Қазақ жеріндегі зиялылардың саяси ой- пікірлері?

  3. Алаш партиясының көсемдері?

  4. М. Әуезовтың шығармаларындағы қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы көзқарастары?

  5. Д.А. Қонаевтың идеялары мен пайымдауларының маңызы?

  6. Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық- саяси көзқарастары.

  7. Тәуелсіздіктің нәтижесінде қол жеткен Қазақстандағы мемлекеттік басқару механизмі?



  1. Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест


Глоссарий
7. СӨЖ тапсырмасы: Қазіргі саяси жүйелерді салыстырмалы

талдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет