Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет13/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

ОБСӨЖ №13



1.Сабақтың тақырыбы: Саяси шиеленіс.

2.Сабақтың жоспары:

1. Конфликтология ғылымы немен айналысады.

2. саяси шиеленістердің қоғамдығы ролі.

3. саяси жанжалдарды шешу


3.Теориялық мәліметтер:

1. Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылық-тар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамы-мағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құнды-лықтарының бірі саналатын.

Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз.



Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қоласыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарас-тардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII-VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама- қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағала-ды.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген- марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен- бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен танып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы – қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.

60 ғасырдың 50 жылдарында американдық Ральф Дарендорф « қоғам-ның дау- дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі.

Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг « шиеленістің жал-пы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құбылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айнадысатын конфликто-логия деген ғылым пайда болды. Ол мейрімсіздікке, төзімсіздікке, озбыр-лыққа әкелетін, қоғамды бүлдіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленіс-тердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп , оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады.

Батыстыңң көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктер сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініс-пеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т.т.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салалар-ында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғаш-қы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мйындағанда оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады.

Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның «таза» даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасында аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайда, құры-лымды тура басып- жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.

Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау- жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.

Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне заңды оппозицияның бар-жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап- тілектері, көзқарастары ескеріледі. Сондықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура қалады деп тегін айтпаған.

Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі- араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі- барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалып-тастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.

Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау- дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан америкалық саясатшы Сеймур Липсет ( 1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды.

2. Этносаяси жандалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси- әлеуметтік егес, даушарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.

Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швецария), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әр түрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастай-ды.

Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік- таптық сатыда жоғары деңгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық жанжалдарға жол ашады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі- этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына ватономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрінс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:



    • автономия мен өзін- өзі басқаруды қамтамасыз ету;

    • белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

    • өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәрте-беге жеткізу.

Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі- түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті.

Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі- этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет- ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Тіліміз әдет- ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген-дей, мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, қабылдануы және т.б. олардың қаіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.

Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап наразылық тудырады.

Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау- жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық – мәдени орта-лықтарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру , нығайтуды қамтамасыз ету бағы-тында практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, «Қоғамдық бірлес-тіктер туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.

Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңір-леріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұт-шылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патрио-тизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.

3. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы- халықтың әл- ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік- экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға , заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.

Біраз жағдайда дау- жанжалдардың алдын- алу үшін билік басындағылар әр түрлі әдіс- айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүд-десін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.

Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.

1. Дау- жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбірелер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.

2. Кейінгі қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай , «не істесең соны істе» деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.

3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау- жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

4.Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

5. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойыдайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Шиеленіс ұғымы?

2. Саяси шиеленіс?

3. Конфликтология қандай ғылым?

4. Шиеленістерді шешудің екі жолы?

5.Этносаяси жанжалдар ?

6. Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі?

7. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы?

8. Саяси жанжалдарды шешудің түрлері?
5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Қазақстан Республикасындағы

мемлекеттік идеологияның негізгі бағыттары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет