ОБСӨЖ №15
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының үкіметі
2.Сабақтың жоспары:
1.Қазақстандағы жоғарғы атқарушылық билік
2.ҚР-ның Премьер-Министрі.
3.Ре`спубликалық орталық атқарушы органдары.
3.Теориялық мәліметтер:
1. Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1920-24ж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комисарлары Советі (Халкомсов), 1925-36ж. Қазақ АКСР Халкомсов, 1946-95ж ҚазКСР Мин.Каб. деп аталды. Қ.Р. Ү. Мемл. Биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, к-ттерден тұратын орт. Атқарушы органдар, обл ауд. және қалалық әкімшілік-терден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәтібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995ж. 18 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Үкіметі тура-лы» (1999ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституциясы Заңымен бегіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституциясы заңның, ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер- Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер – Министрі өзі тағайындал-ғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьр- Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке таға-йындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрайды. Қазақстан Үкіметі- алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер- Министрмен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституция заңда белгіленген тәртіп-пен ант береді. Премьер- Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Прези-дентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
Үкіметке мынадай негізгі конституциялық өкілеттіктер берілген: ол мемл. әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шарларды талдап жасау; мемл. бағдарламаларды әзірлеу; әлеуметтік- экономикалық және ғылыми- техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асыру; Республика Президенті белгілеген тәртіппен респ. бюджетті және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге қатысу, парламентке респ. бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыру; мемл. валюталық, қаржы және материалдық қорларының құрылуымен пайдалануы кезінде заңдылықтың сақталуына мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиция саясаты жүзеге асыру; баға құралуы-ның мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиция саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемл. саясатын әзірлеп, ұйымдастыру; мемл. реттейтін баға қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен қызмет көрсету-лердің номенклатурасын белгілеу; мемл. меншікті басқаруды ұйымдас-тыру, оны пайдалану шараларын әзірлеп, жүзеге асыру, мемл. меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеумт. қорғалуы мемл. әлеу. сақтандыру жүйесі мен шарттарын айқындау; мемл. аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп іске асыру; аймақ-тарды әлеум. экономи. дамытудың аймақаралық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; ғылым мен техниканы дамыту жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемл. саясатты айқындап іске асыру;табиғат қорлары мен қоршаған тибиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзірлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформаларыдың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ҚР-ның қауіпсіздігімен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР- ның мемл. шекарасын күзету шараларын әзірлеп, іске асыру; келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халыққар және аймақтық ұйымдармен қарым- қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экон. саясатты іске асыру шараларын әзірлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықпен өзара іс- қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдар мен және президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда және үкімет туралы конституц. заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты
2. ҚР-ның Премьер- Министрі үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды , қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз құзіреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды, олар өздеріне бағынышты мемл. органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшін Премьер- Министрдің алдында жауап береді. Парламент-тің әрбір палатасы үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде және солардың орындалуы үшін өз құзіреті шегінде бүкіл мемл. аумағында міндетті күші бар Үкімет қаулылары мен Премьер- Министрдің өкімдерін шығарады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарла-масын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамасы, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3- сінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет заңдық ұсыныстар енгізуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжілісіне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер, мемл. к-ттер, агенттіктер, бірінші басшылар қатысады. Қ.Р.Ү. Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланып, қызметке кіріскен ҚР Президентіне үкімет мүшелері жазбаша қол қойған өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкіметі туралы конституция заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің тиісті өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы ҚР Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені ҚР резиденті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды дегенді білдіреді. Премьер- Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сондай- ақ, президент өз бастамасымен де Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін және оны жүргізбей отырған үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуға тиіс.
Министрліктің және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері: тиісті мемл. органдарға башылықты жүзеге асырады; өз құзіреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды; ҚР Премьер- Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемл. органдардың қарауына жататын мемл. басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді; ҚР заңдарының , ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ )өз қызметінің мәселелері жөнінде парламент палаталарына есеп береді. Үкімет құрамына кіретін орт. (респ.) атқарушы органдарды қызметінің сипатына қарай салалық құзіретті органдарға, салааралық құзіретті органдарға , бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше атқарымдарын іске асыратын мамандандырылған мемл. органдарға бөлуге болады.
3. Қазіргі кезде мына салалар бойынша респ. орт. атқарушы орган-дары жұмыс істейді: экономика салалары бойынша: Эконом. және бюджеттік жоспарлау ми, Көлік және коммуникациялар мин, Энергет және минералдық қорлар мин, Индустрия және сауда мин, Қоршаған ортаны қорғау мин, Мемл. материалдық резервтер жөніндегі агенттік, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік; әлеуметтік мәдениет салалары бойынша: Мәдениет мин, Ақпарат мин, Білім және ғылым мин, Еңбек және халықты әлеум. қорғау мин, Денсаулық сақтау мин, Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Көші- қон және демография жөніндегі агенттік; әкімшілік – саяси қызмет бойынша: сыртқы істер мин, Ішкі істер мин, Қорғаныс мин, Әділет мин, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, Қаржы полициясы агенттігі.
Орт. атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқаруының тәртібі « Қазақстан Республикасының Үкіметі руралы» конститут. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкіметінің 1997ж. 13 наурыз-дағы 321- қаулысымен бекітілген ҚР-ның мин. (мемл. к-ті) туралы үлгі ережемен және әрбір мин., агенттік, к-т туралы ережелермен реттеледі. ҚР-нда ұйымдық- құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның министрліктері; ҚР-ның агент-тіктері ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын к-ттер, департаменттер және басқармалар. ҚР-ның Министрлігі мемл. басқарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондый-ақ заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министлікті Премьер –Министрдің ұсынысымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің ұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жауап береді. Ол лауазымы бойынша Қ.Р. Ү.-нің құрамына кіреді. Минис-трліктің құрылымы мен штат санын Үкімет бекітеді. Министрлікте министрдің орынбасарлары (вицеминистрлері), сондый- ақ, министрліктің басқа да басшы қызметкерлері құрамында министр басшылық ететін алқа- кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамына министр бекітеді. Мин. өз құзіретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәтіппен ҚР-ның барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады. Министрліктің қызметі тек мемл. бюджеттен қаржыландырады. Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және бір- біріне әкімш. бағынышты емес, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің бірлескен іс қимылдарын қажет ететін (мыс, респ. мақсатты бағдарла-маларды іске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөніндегі мәселелерді шешу туралы) шарттар мен келісімдер жасаса алады.
ҚР-ның агенттігі де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Премьер- Министрлің ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдас-тырады және таратады. Ол тиісті мемл. басқару саласына, басшы-лықты,сондай- ақ заңдарда белгіленген шекте салааралық үйлестіру мен өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Агенттіктердің және Үкімет құрамына кірмейтін басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы- төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы депатаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің құқықтық актілері болып табылады. Министрліктер, агенттіктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы атқарушы органдар туралы ережеледі, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бғынышты мемлекет мекемелердің штат санының лимиттерін Үкімет бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемл. қызмет жөніндегі агенттік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік, Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп к-ті үкімет құрамына кірмейді, оларға ҚР Президентіне тікелей бағына-тын және оған есеп беретін мемл. орган мәртебесі берілген .
Орт. атқарушы органның құрылымдық к-ті тиісті орт. атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оны тиісті орт. атқа-рушы орган басшысының ұсынуымен үкімет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлімше орт. атқарушы құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау- қадағалау міндеттерін жүзеге асырады, сондай - ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың ішкі саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкімет бөлімшенің басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Ның құрылымын, құзыретін және басқа мемл. органдармен өзара іс- қимылының тәртібін үкімет белгілейді.
ҚазАКСР халық комиссарлары: В.А. Радус- Зенькович (1920-21); М.К. Мырзағалиев (1921-22); С.Сейфулин (1922-25); Н.Нұрмақов (1925-29); О.Ж. Исаев (1929-38).ҚазКСР Мин. Кеңесінің төрағалары: Н.Д. Оңдасынов (1938-46,ҚазКСР Халық комиссары, 1946-51, ҚазКСР Мин. Кеңесінің төрағасы); Е.Б. Тайбеков-1951-55); Д.А. Қонаев (1955-60, 1962-64), Ж.А. Тәшенов (1960-61);С. Дәуленов (1961-62); М. Бейсебаев (1964-70); Б.Ә. Әшімов (1970-84); Н.Ә. Назарбаев (1984-89); Ұ.Қараманов (1989-92); ҚР Премьер- Министрлері: С.А. Терещенко (1992-94);Ә.М. Қажыгелдин (1994-97); Н.Ө. Балғымбаев (1997-99); Қ.К. Тоқаев (1999-2001); И.Н. Тасмағамбетов (2001-03); Д.Ахме-тов (2003- жылдың шілдесінен).
4.Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы?
2. Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктері?
3. ҚР-ның Премьер- Министрі?
4. Қазіргі кездегі Қазақстандағы салалар бойынша Республикалық орталық атқарушы органдар?
5. Орталық атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқарудың тәртібі?
6. ҚР- ның агенттігі?
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті?
5.Студенттің үй тапсырмасы:
Конспект
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Сұрақтарға жауап беру
Тест
Глоссарий
7.СӨЖ тапсырмасы: Қазіргі заманғы әлемдік сыртқы саясаттың даму үрдістері
Достарыңызбен бөлісу: |