2.Сабақтың жоспары: 1.Педагогикалық қарым- қатынас стилі.
және оны өзіне баулу жолы.
3.Теориялық мәліметтер:
Педагогикалық қарым-қатынасты іс жүзінде ұйымдастыру үшін тікелей әрекеттің жалпы логикасы мен «технологиясы» қандай екендігін білудің ерекше маңызы бар. Бұл туралы неғұрлым толығырақ айтқан жөн, өйткені коммуникация «технологиясын» жете түсінуді қажет ететін толып жатқан компоненттерден тұрады. Міне, сон-дықтанда педагогикалық қарым-қатынастық жалпы творчестволық кезеңдерінде керсетілген секілді, бірлескен әрекеттің — қарым-қатынастың біртұтас процесін бірнеше сатыға бөлген қолайлы. Мұның өзі практика кезінде оларды бірте-бірте меңгеруге көмектеседі.Кәсіптік-педагогикалық қарым-катынаста оқушының толғаныс процесі мен сезімін жаңғырту күрделене түседі, себебі мұғалім оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, ал ұжымның эмоциалық толғаныс моделін жаңғырту әрқашанда қиынға түседі. Өйткені әрбір оқушының жекелей және ұжымның тұтастай сезім ерешелігін білуге тура келеді. Алайда бұл кезең өте маңызды, өйткені оның өзі қарым-қатынасты меңгеруге мүмкіндік береді. Педагогикалық практика мынаны көрсетті: жекелеген окушылардьщ хал-ахуалын бағдарлай білетін мұғалім, тұтастай кластағы эмоциалық көріністі де ойдағыдай жаңғырта алады.Педагогикалық қарым-қатынастың келесі сатысы — ауызша қарым-қатынас — мұғалімнің оқу материалын баяндауы. Бұл процесс өте күрделі: педагог, мәселен, жаңа материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселе туралы бейнелі «көрініс» жүйесін қоса баяндайды. Мәнерлі айқын сөз, анықтаманың дәлдігі және сонымен қоса әсерлілігі, баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу— осының барлығы кез келген мамандықтағы педагог үшін өте қажетті. Бейнені елестете білу В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас жүйесіне тән. Ол «құлакпен қаншалық естісең, көзбен де соншалық көре білу керек» деген болатын. Балалармен педагогикалық қарым-қатынастың тағы бір кезеңІ — кері байланыс, оның өзі мазмұндық, сондай-ақ эмоциалық тұрғыда жүзеге асырылады. Кері байланыс — қарым-қатынастың кез-келген процесінің қажетті компоненті, ал педагоғикалық қызметте оның принциптік, кәсіптік сипаты бар. Қарым-қатынастағы тұрақты әсер ететін кері байланыс оқу материалын менгеру денгейін айқындауға, сабақтағы жалпы жағдайды, ондағы психологиялық ахуалды, балалардың көңіл-күйін, олардың өзара әрекетке әзірлігін т. б. білуге жәрдемдеседі. Өйткені кейде балаларға көз жүгіртіп шыққанның өзінде ғана, олардың жаңа материалды қабылдауға қаншалықты әзір екендігін, жұмысқа бірден кірісе алатын-алмайтындығын, оларды материал қаншалықты қызыктыратындығын т. б. сезуге болады. Қарым-қатынаста тұрақты әрекет ететін кері байланыс балалармен тиімді өзара әрекетті дұрыстап ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
Педагогикалык практика кезінде балалармен жұмыс істегенде өзіңе мынадай бақылаулар жүргіз:
өзіннің оқушылармен қарым-қатынасыңда кері байланыс барма, ол қалай байқалады;
оқушылармен қарым-қатынас барысында сіз олардын, көңіл-күйін, ықыласын, жұмысқа әзірлігін т. б. сезіне аласың ба;
класқа кірген кезде сырттай шолу арқылы ондағы ахуалды байқа;
балаларға бір нәрсе жайлы әңгіме айтқанда, сөзге зейін қоймайтындарды аңғаруға тырыс.
Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері; б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі; в) педагогтың твочестволық дербестілігі; г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері. Мұндағы атап көрсететін жайт, педагогтың балалармен қарым-қатынас стилі — бұл маңызды әлеуметтік және өнегелік категорыя. Мұның өзі қоғамның және онын, өкілі ретінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік-этикалық мақсаттарын көрсетеді.Достық ықылас негізіне құрылған педагогикалық қарым-қатынас стилі де едәуір табысты болып, оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасындағы осындай стилдің тиімділігін атап көрсете келіп айтарымыз, қарым-қатынас процесіндегі достық ықыластың да, сондай-ақ кез-келген эмоциалық көңіл-күй мен педагогикалық нұсқаудын, да белгілі бір шегі болуы тиіс. Ең кең тараған қарым-катынас стиліне дистанциялық қарым-қатынас жатады. Мұны тәжірибелі педагогтар да, жас педагогтар да жиі пайдаланады. Бүл стилдің мәнісі мынада: педагог пен оқушылардың өзара қатынас жүйесінде маңызды көрсеткіш ретінде дистанция көрініс тауып қарым-қатынастың барлық саласына енеді: оқытуда —«сіз білмейсіз — мен білемін », тәрбиелеуде —«мені тыңдаңдар — мен үлкенмін, тәжірибем бар, біздің позициямыз бөлекше» т. б. Педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынас жүйесіндегі мұндай қалыптан тыс дистанцияның болуы мұғалім мен оқушылардьщ әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі бүкіл жүйені формализмге ұшыратып, нағыз творчестволык. жағдайға ықпал етпейді . Мұндай қарым - қатынас өте қажет, алайда оның өзі қарым-қатынастың басты критериі ретінде мұғалімнің әкімшілік жолмен мәжбүр етуі бойын-ша мақұлданбауы, қайта оқушылар мен педагогтың жалпы қатынас жүйесіндегі бірлескен творчестволық процесінде оқушылардың өздері жете түсінетіндей дәрежеде болуы тиіс.Қорқыту арқылы қарым-қатынас жасау шын мәнінде творчестволық қызметті қамтамасыз ететін коммуникативтік жағдай туғызбақ түгіл, керісІнше, оны шектейді. Оның өзі көп жағдайда істеу керек екендігін емес, не істемеу керек екендігі жайлы нұсқау береді де, балалардың творчестволық ізденісін де, олардың ұсынылған оқыту методикалары бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін де, әсіресе мұғалім мен оқушылардың бірлескен ізденісін де шектейді. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас жасаудын да көптеген қолайсыз жақтары бар. Мұндай қарым-катынас жасау тағы да жас мұғалімдерге тән және де онын өзі педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра білмеуден болады. Шын мәнінде қарым-қатынастың бұл түрі балалар алдында жалған арзан бедел алуға тырысудан болады да, педагогикалық этикаға қайшы келеді.Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей, әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас мынадай себептердің нәтижесінде пайда болады: а) педагогтың өзінің алдында тұрған жауапты педгогикалык міндетті түсінбеуінен, б) қарым-қатынас дағдысының жоқтығынан; в) класпен қарым-қатынас жасаудағы «қорқақтык» және сонымен қоса олармен байланыс орнатуға тырысушылық. Бұдан байқап отырғанымыздай, мұндайда педагогтық қажетті қарым-катынас амалдарын білмеуінен болатын өз технологиялық себептер жетекші роль атқаратынын көреміз.Педагогикалық жұмысты тастаған мұғалімдерден сұрау салғанда, олардың көпшілігі өздерінің коммуникабельділігі жоқ немесе шамалы коммуникабельді екеңдігін мойындаған. Басқа адамдармен қарым-қатынас фактісінің өзінен-ақ, оның жеке адам табиғатына үйлесе бермейтіндігін, демек, кәсіптік-дербес сапаға ауыса ал-майтындыгын аңғарамыз. Тұрақты, ұзақ қарым-қатынас — педагогикалық кызметті біз осылай түсінеміз — коммуникативтігі жоқ адамдарды қалжыратып, тітіркендіредІ, демек олардың мектептегі жұмысын қиындатады.Сабақ процесінде студент тобы өзінше «оқушылар класы», ал оның әр мүшесІ кезегімен мұғалім ролін атқарады. Шамамен алғанда мынадай жаттығу тақырыпта-рын қолдануға болады: аудиторияға кіріп, терезені ашыңыз да, тақтаға бүгінгі ай мен күнді жазыңыз, осыдан кейін материалды сәл ой елегінең өткізіп, столға отырыңыз; кітапты немесе класс журналын ашыңыз; есікті ашыңыз; аудиториядан шығыңыз; осы әрекеттерді жылдам ырғақпен қайталаңыз.
Кездейсок тапсырмаларды енгізе отырып сол қарапайым педагогикалық жаттығуларды орындау. Столға отырып, кітапты ашыңыз (кенеттен есік тықыл-дады)—көңіл аударыңыз және әрекет етіңіз; сіз тақтаға жазып тұрсыз (кенеттен терезе ашылды)—әрекететіңіз т. б.Аудиторияда жүрген кезде ішкі ырғакты іздестіру: бірі қозғалыс ырғағы, екіншісі, ырғақты тез ауыстыру т. б.; педагогикалық әрекет мазмұнына сәйкес алдыңғы немесе кейінгі ырғақтың себебін түсіндіру қажет.
4.Бақылау сұрақтары:
1.Қарым-қатынас инициативасында табысқа жетуде тұрақты және тексерілген әдістер. 2.Ауызша қарым-қатынас.
3.Ең көп тараған қарым- қатынас Турін ата.
4. Қарым- қатынас стилінің қандай Турін білесің.
5.Студенттің үй тапсырмасы: Сен осы қарым- қатынастың кай түріне бейімсің, қайсысы дұрыс.
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:Қарым- қатынас стилінің түрлерін талда.
СӨЖ тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынастағы жаттығулар.
7.Әдебиеттер:
1.Қарабалина О. Ұстаз жүгі қашан да ауыр. Алматы, 1979.
2.Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., “Логос”, 1999.
3.Кан-калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 14.1.
4.Педагогика / Под ред. П. И. Пидкасистого. Глава 4. М., 1996.
5.Рувинский Л. Мамандыққа кіріспе.
13-Сабақ.
1.Сабақтың тақырыбы: Студент – болашақ педагог. Шетел тілдері мұғалімдері
кәсіби және тұлғалық өзін - өзі дамытуы.
2.Сабақтың жоспары: 1.Студентердың оқу еңбегінің мәдени еті туралы түсінік.
2.Өзіндік білім алу және өзін - өзі тәрбиелеу.
3.Теориялық мәліметтер:
Мектеп реформасыньщ талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы кебінесе соған байланысты. ӘрбІр мұғалім өз басынық бағалы кәсіптік сапасьш, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу — мұғалімнін кәсіптік даярлығынын, іргетасы. Қүнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы Іргетаста мұғалімиің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.Белгілі фактіге қайтадан жүгініп көрелікші: адам өзінің табиғи күшін, өзінің табиғи беріктік қорын (тіпті, шамалы мөлшерде болса да) толық пайдаланбайды екен. Өйткені күш-қуаттың, еріктің, ой-өрістің ғажайып даму мысалдары жеке адамдардьщ төтенше ерекшелігін емес, адамның, демек біздің әрқайсымыздың пайдаланылмаған зор мүмкіндігімізді аңғартады. са мол күшті жұмылдыра білді.
Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінін, айрықша маңызы бар.'Адамның, жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікгі өмірін қызғылықты, әрі тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықты жеңуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады. Мұндай жағдайда былай деп айгуға болады: ұлы мақсат зор ерікті туғызады.Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу ез еркін меқгере білуде нақты нәтижеге жетуге бағытталуы: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін т. б. орындауы тиіс.Өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлІ адамның арманы пайдалы роль атқаруы, ал оның бейнесі — өзін-өзі тәрбиелеудің жарык, жұлдызындай болуы мүмкін. Мұндай арман әсіресе жастарға тән. Өз еркін тәрбиелеуде Суворовтық, Рахметовтың бейнелері әркімге-ақ бағытбағдар бере алады.Суворовтың өзің-өзІ тәрбиелеу арқылы тамаша нәтижеге жеткенін еске түсірелікші. Туғаннан дәрменсіз, әлсіз болған ол күнделікті салқын суға шомылуы, үнемі дене жаттығуларымен, гимнастикамен шұғылдануы нәтижесін-де шынығып қана қоймай, ауруды да, еркін күшін дамытты.Ерікті дамыту кәсіптік мұғалімдік қьгзметте табысқа жетуге, адамдармен қарым-қатынасқа, өз бетімеи білім алуға, шет тілін үйренуге бағытталуы мүмкін.ӘрбІр адамда шамалы және уақытша өз мақсатымен қоса, өмірінде бір үлкен, өзіндік мақсаты да міндетті түрде болуы тиіс, сонда сәтсіздік тәуекелі мүлде сирек ұшырасады.Кез келген мақсатқа жету үшін ақырғы, түпкі мақсатқа жетуді көре, сезе білуге жәрдемдесетін сатыларды, жекелеген нәтижелер мен міндеттерді белгілеген тиімді. Әрине, мақсатты дұрыс қою үшін өз мүмкІндігіңді, өзінің күшті және әлсіз жақтарынды білуің, өзіне-өзің талдау жасауын қажет. Мұның өзі кызғылықты әрІ өнегелі іс. Алайда қорытынды жасауға асықпаған жөн. Өзін-өзі тануға езіңді бІреумен салыстыру да жор-демдеседі. Жәнеде мұндай салыстыру өте табиғи, үлгі аларлық, әрі қызғылықты. ТіитІ өте қызғылықты. Өйткені адам әрдайым әуестенуші жан. Өкінішке орай, көптеген адамдар өзінде, өзінід шәкіртінде және маңайындағы жандарда қаншалықты қызғылықты жайттар бар екендІгІн біле бермсйді.Өзі туралы кәбірек ойлаудың өзіне өзі есеп берудің, әсіресе өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің айрықша манызы бар. Мұның мәнісі сол, өзіңді өзің тәрбиелеу жөніндегі мақсатың мен міндетІнді өзіңнің нақты мінез-құлқыңмен салыстыру. Мәселен, ұстамды, сабырлы болғысы келген студент сабақ жүріп жатқан кезде өзіне қабылдаған міндеттеменің қаншалықты орындалғанын үнемі салыстырып, талдап отырады,— өзіне есеп бередІ.Бұрыннан келе жатқан мынадай кеңес бар: өзара талас кезінде өзінді дұрыс бақылау үшін әуелі ішіңнен онға дейін санап ал, тек содан кейін ғана талқылауға қатысып, өз ойынды дәлелдеуге кіріс. Олай дейтін себебІ, осы аралықта сезім біраз бәсеңдеп, адам өзі туралы байыппен ойланады. Кім болмасын жас кезінде күн режимін жасамаған, дүйсенбіден бастап өз өмірін жаңаша бастауға уәде бермеген адам сирек шығар. Дегенмен солардың көлшілігі белгіленген режимді талай рет бұзғаны да белгІлі. Мұның себебі режимнің тым ұсақ-түйекке құрылатындығынан, ал әр күннің өзі тұтастай минутына дейін есептелгендіктен деп түсіндіруге болады. Нақты өмірдегі күтпеген жағдайларға байланысты нақты режимді орындау мүмкін емес.Бір атап көрсететін жайт, адам басына түскен қиыншылықты, әсіресе елеулі қиыншылықты жеңу кезінде өзіне-өзі бұйрық береді. Өзіне өзІ бұйрық беру Іштей айтылуы да, ерекше қиын-қыстау жағдайда естіртіп айтуы да мүмкін. ӨзІне өзі бұйрық берудін, мұндай түрі әдебиеттерде де жазылған. Маресьевтің үсіген аяғымен жер бауырлап жүргенде өзінс айтқанын еске түсірелікші: «Алға, алға, шыдау керек». Л. Толстойдын, мына сөзін де еске түсірелік: Андрей Балконскийге — өзі тәкаппар, ержүрек адамға қарай снаряд ядросы үшқанда. оның бүкіл денесі қалтырап кетті. Алайда өзінің қорыққанын ойлағанда, ол қайтадан ширай түседі. «Мен қорқуға тиіс емеспін»,— дейді ол өзіне, сөйтіп қасқағым әлсіздігін жеңіп шығады.Әрине, езіне өзі бұйрық беру кәдуелгі жағдайда да қолданылады. Мәселен, адам тіс дәрігеріне барарда ол өзіие өзі: міндетті түрде бару керек, шыдау керек дейті-нін әркім-ақ байқаған болар.Өзіне-өзі бұйрық берудің әсерін түсіну және оны тиімді пайдаланудың амалын табу үшін, оның ерік процесіндегі орнын қарастыралық. Ерік процесі мынадай тізбектерден құралады: әуелі оның қойылған мақсаты, содан кейін, бәлкім, осы мақсатты орындауға болаты-нын, әлде болмайтынын немесе бұл мақсатты қандай әдіспен орындауға болатыньш айқындайтын күрес дәлелдемесі. Күрес дәлелдемесі жігерлі адамдарға да тән болуы мүмкін. Бұрын кейбір авторлар, жігерлі адам күрес дәлелдемесін сезінуі мүмкін емес, өйткені оған бэрі айқын және ол ешнәрсеге жалтақтамайды деп жазған болатын. Алайда бұл дұрыс емес, мақсатқа жету тәсілін таңдауда «қолдау» мен «қарсылық» дәлелдерІ, күйзеліс қарама-қайшылығы болуы мүмкін. Күрес дәлелдемесінен кейін шешім қабылдау, өзін-өзІ бұйрық беру болады да, ерік шешімі орындалады.
Адамның өзін-өзі иландыруы денсаулығын сақтауьша, артериалдық қысым мсн қан айналасына, зат алмасуға ықпал етеді. Профессор А. М. Свядощтың экспериментінде, адам жаттығу арқылы тіпті өзінін жүрек қызметінің ырғағын меңгеріп, жүректін соғу жнілігін минутына 68-ден І44-ке дейін көтеріп және 4б-ға дейін кеміте алатындығын аңғарған. Әрине «дені саудың — жаны сау» деген айшықты сөз дұрыс бола тұрғанмеп шындыққа дэл келе коймайды (өйткені денсаулығы күшті адамдардың арасында да қорқақтар мен есерлер кездеседі), дегенмен денсаулықтың табанды мінезге зияны жоқ. Өйткені, аурушаң адамдардыц арасында сенімі тұрақсыздар көптеп кездеседі. Кейде біреулері: мейі-рімсіз, ашуланшақ, кейігіш болып бара жатыр дейміз. Әрине, адам «өнегесіздіктен» емес, езінІң күйі нашар болғандықтан, өзін-өзі бақылауы әлсірегейдіктен, мінез-құлқының тұраксыздығынан, ырықсыз, ойланбаған қылығынан, егесуден, адамгершілік нормаларыныц бұзылуынан кейігіш болады. Мұндай «ашуланшақтар» студенттерде де, мұғалімдер арасында да кездеседі. Со-нымен, өзін-өзі иландыру адамның сезім процесіне, денсаулығына, еркі мен мінезіне қолайлы осер етеді демек, өзінІң жүмысын үнемі талдап, ойластырын отыратын мұғалім қызметі үшін оның ерекше маңызы бар.Адам тәрбие ықпалы және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы өзін ұстай алады, өзінің жағдайын сырттай білдірмеуге, көрсетпеуге тырыса алады. Шындығында, өзіне-өзі берілген бұйрықтық: «Мен байсалды, үстамды, әдепті боламын» деуі ете тиімді. Кейбір қызу мінезділердін, де (холериктер) өзін жақсы үстай білетіні белгілі. Алайда өзін-өзі үстай білгеннің езінде де шамадан тыс қызбаланудың, әр нәрсеге тынышсызданудың, күйіну жағдайын-да болудың осерІ тимей қоймайды.Алайда мұның барлығы буырканған сезімді бәсеңдетуге көмектесетін тетік Іспеттес. Мұңдайда жарақаттанған организм, түйсік пен жағдайдағы қолайсыздық бәрі-бір сақталады, тіпті қорлана түседі.Сондыктан да өз сезіміңдІ меңгеруде ұстамдылықпен қоса, сырттай шыдамдылық та қажет, сондай-ақ әр турлі сезім күйінің пайда болуы мен өтуін белгілі мөлшерде-меңгере білудің, уайым-қайғыға сабыр етс білудіц де айрықша маңызы бар. Өйткені даудамайдын өзіне де әр қалай араласуға болады. Оның өзі адамныц оган қалай қарайтындығына байланысты.Алайда қазіргі мәденяеті жоғары адамдар өзарадау-дамайды ақылмен, өзара келіс сөзбен шешетіндіктен, оларға шектен тыс сезім реакциясынын, қажеттігі мүлде болмайды да, жұмылдырылған энергияньщ езІ дене күшіне жұмсалмайды. Әрине, қазІргі адамдар да ашуыза кернегенде еріксіз жұдырығын түйіп, тісін қайрайды, алайда мұның барлығы — сол кездегі қалпы, ал дене күші іштей сейілгенімен, организмді одан әрі зақымдай түседі. Әсіресе мұғалімдер өзін-өзі меңгере білуі, ұстамдылық, ІзсттІлік, ақиқадтық тұрғысынан өнеге көрсетут тиіс.Өз мінез-құлқыңды неғұрлым жарқын жүзді, оптимист, салмақты ету үшін жэне де ызаланудан, пессимистік көңіл-күйден т. б. қайғыруды болдырмас үшін өз са-на-сезіміңді, өз интеллектікді барынша жұмылдырып, осы жағдайдың себептерін түсінуін, және болдырмауың қажет.Әрине, мінез-құлықтағы құштарлықты мүлде теріске шығаруға болмайды. Айрықша жетістік туралы, мақсатқа жету үшін өзіңнің бүкіл күш-қайратықды жұмылдыру қажеттігі туралы сөз болғанда адам мінез-құлқындағы құштарлық пайдалы.ӨзІңнің күнделікті қылығың, міндеттемені орында-уың, өз Ісіқді өз мақсатыңмен салыстыру, өзІңдІ біреумен қатар қою арқылы мІнезіңді тануға болады. БІр сөз-бен айтқанда, «өз борышыңды орындап көр — сонда өзіңде не барын білесің» (Гете).Адам мІнезІ ісімен ғана керініп қоймайды, ісімен де торбиеленеді, шынығады. Адамгершілік мейірбандық, басқалар үшін қуана да, ренжи де білу адам бақытының негізін кұрайды, өз өміріне деген қуанышты, қанағат сезІмін тудырады. Сондықтан мына бір жағдайды ескерген жөн: өзіңдегі мейрбандық, адамгершілік сезімді дамыту — бақытқа жетудің алғы шарты, бұл қағиданы әсіресе мұғалімдер мықтап ескергені абзал.Кейде мейірбандық пен бақытты қарама-қарсы қояды. Кейбіреулер бақытты адам дегеніміз — немқұрайды,ал кейде мейірімсіз, басқаларға қол ұшын бермейтін, жақсылығы өз басынан аспайтын адамдар деп тұжырымдайды. Әрине бұл қате көзқарас, өйткені бақытты біреуден сұғанақтықпен тартып алатын мүлік ретінде қарастыруға болмайды.Адамдардың адамгершілігі мен бақытынын, біртұтастығы туралы идея көне дәуірден бергІ көптеген әйгілі ойшылдардың көзқарасында тұжырымдалған. .Біз-дің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген кене грек философы Платоннын тұжырымдауынша, біреудІ бақытты етудегі талпыныста, біз өз бақытымызды табамыз.Бақытты болу үшін басқалардың қуаныш қайғысына ортақтаса білу қажет. Гетенін, көрегендікпен айтқанындай, қайғы жан түкпірінде жатуы мүмкін, ал құпия бақытты жаның көтере алмайды. Басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасу, жақсылык Істеу, жақсы қарым-қатынас жасай білу адамдарды бақытты сезінуіне жәрдемдеседі. Керісінше, қараған басын ғана ойлау, ішкі дүниесіндегі тұйыктық адам мүмкіндігін едәуір шектейді. Осы тарапында Тургенев, өзімшілдік — өзіне-өзі ор қазу деп әділ атап көрсетті .Өзімшіл адам жапандағы тұқымсыз жалғыз ағаштай .
4.Бақалау сұрактары:
Мұғалімнің. кәсіптік даярлығының іргетасы.
Өз мінезін, өзеркін, өз эмоциясын ұстай білу.
Өнегелілік мәдениеті-адамгершілік,моральдық бореш, ар-ұят пен намыс.
Өзіне сын көзбен қараушылық-ақыл ойдың аса маңызды қасиеттерінің бірі.
Оқудағы міндеттер.
5.Студенттің үй тапсырмасы:
1.Мұғалімнің кәсіптік даярлығын іске асару жолданын ата.
2.Адамгершілікті дамыту бақытқа жету жолы- легенді қалай түсінесің.
3.Мұғалімнің өзін- өзі иландырудың маңызды жағы.
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:Өзіне сын көзбен қараушылық- ақыл ойдың аса маңызды қасиеттерінің бірі.
СӨЖ тақырыбы: Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті
7. Әдебиеттер тізімі:
1.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.
2.Айтматов Ш.Ұ. алғашқы менің мұғалімім.
3..Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., “Логос”, 1999.
4.Кан-калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 14.1.
5.Педагогика / Под ред. П. И. Пидкасистого. Глава 4. М., 1996.
14-Сабақ.
1.Сабақтың тақырыбы: Өзін -өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары.
2.Сабақтың жоспары: 1.Ақыл- ойды тәрбиелеу жолы.
2.Өзіне- өзі талдау жүргізу.
3.Теориялық мәліметтер:
Өнегелілік мәдениеті, оның негізін кұрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ен, алдымен, биологиялық қажеттілікпен тұйықталуды емес, адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайрымдылык сезімін, нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Адамның ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, онын ішкІ дү-ниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушысымен бірге толғанатып, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын едәуір кеңейте алады.Өнегелілік мәдениеті адамға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, моралі төмен, мейандық пиғылдағы адамдарда кездесетін дүние-қоңыздык, іштарлық, атаққұмарлық секілді стереотиптен аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі. Алайда, дүниеқұмарлық, дүниеқоңыздық, сондай-ақ немқұрайылық пен өзімшілдік өте жүқпалы дерг. Мұндайда жоғары өнегелілік мәдениеті, ойлау дербестігі мейандық психологиядан жоғары түруға жәрдемдеседі.Сырт белгілері бойынша өзін елден ерекще керсету, модаға ессіз еліктеу, дүние жинауға құмарту адамның рухани әлемін тұтатып, жеке басындағы өзіндік ерек-шеліктерінен айырылуға әкеп соғады. Дүниеқұмарлық, бір нәрсені сатып алуға әуестенушілік адамның рухани бағасьш түсіріп төмендетеді, ересін тарылтады. Соның салдарынан мұндай адамдардың психологиясы ізгілікті қарым-қатынасқа деген немқұрайдылығымен, басқа адамдарға рақымсыздығымен ерекшеленіп қана қоймай, ұсақ-түйекті қалайда тауып алуға деген тойымсыз әрекетімен, қорқақтығымен, жинаған дүниесін жоғалтып алам ба деген үрейленушілігімен, өмірдегі «өзімшіл позициясымен» де көрінеді.ӨнегелІлІк сезім тілін меңгеру негізіне тек өз табысынан тұтып қана қоймай, басқа адамдардын, да: туыстарының , жақындарының, жолдастарының, шәкірттерінің жақсы істеріне де қуанышты, мейірбандық сезімде болуы жатады. Бұл — мейірімділік көрсете білу ықыласы, адамгершілік қылыққа іштей қанағаттану, басқалардың ренішіне ортақтасу, олармен бірге қуану, өзінің мұғалімдік адамгершілік қызметіне іштей қанағаттана білу.ӨзІн-өзІ өнегелілікке тәрбиелеуде ақыл-ой жұмысы мен өмірдің өнегелілік мәнін ұғынудың ерекше маңызы бар. Ескі «қағидамен» де таласуға болады: өз ойынды тазартумен шұғылдан, егер сенде жаман ой болмаса,онда жаман қылық та болмағаны (өйткені көп жағдайда іс жүзіндегі қылық шешуші болады),—дегенмен де мұнда едәуір шындық бар. Қөптеген өнегелі проблемаларды терең көрсете білген жазушы А. П. Чеховтың да пікірі теген емес: «Адамда барлығы да: бет-бейнесі мен киімі, жаны мен ойы да көріктІ болуы тиіс». Әрине, бұл бірінші кезекте мұғалімдерге қатысты.Ақыл-ойдың аса маңызды қасиеттерініқ бірі — өзіне сын көзбен қараушылық, өзініқ қабілеті мен білімінің шамасын түсінушілік, өзінің ақыл-ойы қызметінің кем-шіліктерін ойлауға талпынушылы, ақыл-ойды тәрбиелеудің екі өрісін қарас-тырдық: өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып басқалардың ақыл-ой қызметіне ықылас аудару, екіншіден — масаттанушылық пен үстірт скептицизм.БіріншІ өріс дербес іргетасқа — ақыл-ой тереқдігіне тіреледі. Құбылысты жан-жақты қарастыра білу, асығыс пікірге, сыңаржақтыққа, шектен шығушылыққа, субъективизмге бармау — интеллектіліктін. Ақыл-ойы терең адам алған білімінін, шама-шарқын түсінеді, ғылыми құбылыстарды терең ұғынуға, ай-наладағы материалдық әлемді үйренуге тырысады.Ақыл-ойдың маңызды қасиеті — онын, тереңдігі, яғни құбылыс мәнін аша білу, жалғанды қабылдамау,жаңа, соны нәрселерді таба білу қабілеті. Мұның өзі кәдімгі айтып жүргеніміздей ақыл-ойдың творчестволық сипаты. Мұғалім қызметінде творчестволық қиял өте маңыз-ды екендігі түсінікті. Бұл ең алдымен мектеп өміріндегі әр алуан проблемалык жағдайларды творчестволық қиялдау арқылы болжау, сезіну және тиімді шешу, әрбір оқушының өсіп-жетілуін жобалау, оның психикасындағы шамалы болса да қолайлы өркендердІ көре білу және одан әрі қалыптастыру қабілеттілігі.Ақыл-ойды тәрбиелеу жолдарының бірі — ойлау әрекетінің бірқатар жинтық амалдарын (талдау, синтездеу, салыстыру, дәлелдеу т. б.), былайша айтқанда, белгілІ бір кезекпен атқарылатын операдия жүйелерін қарастыру. Мәселен, адамның ақыл-ой әрекеті тұжырымды дәлелдеу, ақиқатына жету процесінде логикалық әрекет жүйесі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1.Дәлелдеме қағидасын талдау және дәлелденетІн нақты затты анықтау: мәселе қандай құбылыстар, оқиғалар туралы болып отыр; осы күбылыстардын. негізгі белгілерін айқындау ол болған немесе болмаған жағдайда дәлелдеу қажет.
2.Пайымдауды негіздеудің бірізділігін белгілеу; айқындалған белгілердің бір-біріне тәуелділігін, олардың өзара тәуелділігін анықтау.
3.Зерттелетін кұбылыста бұрын байқалған белгілердің болғандығына немесе болмағандығына көз жеткізетін нақты дәлелдемелердің белгіленген бірізділігін сұрыптау.
4.Пайымдау қортындысы, дәлелдеменің теңбе-теңдік мақсаттары.
Өзіңе-өзІң талдау жүргізу үшін ең болмағанда логика жөніндегі бастапқы теориялық біліммен танысқан пайдалы, мұның өзі өз ойыңның және баска адамдардың ойының туып төркінін байқауды жеңілдетеді. Жалпы білім беретін мектептерде мұндай теориялық білім бермейді, оқушьтлар өз тәжірибесінде әр алуаң оқу пәндеріндегі танымдық міндеттердІ шешу кезінде өзінше логикалық қорытыңды жасайды. Дәлелдемені дұрыс жасауды үйрене отырып, өз жол-достарыңның, оқытушылардың, лекторлардың пайьшдауына мұқият зер салумен қоса, пайымдаудың логикалық құрылымына да көңіл бөлу қажет. Мұның өзі дәлелдеу құрылымын жете түсінуіне пайымдауды негіздеу кезінде жекелеген операцияларды дұрыс атқаруды үйренуіне: нақты сұрақтар бойынша барлық белгілі жайттарды баяндауға асықпауға, негізгі тоқталатын жайттарды белгілеуге, осы сұрактарды бірінен кейін екіншісі шешілетіндей, себептерІ негізделтіндей етіп орналастыруға, әрбір қағиданы « тұжырымдайтын фактІлерді белгіленген бірізділікпен іріктеуге, дәлелдіқ жегкілікті мөлшерде болуына тырысуға, ұсынылған қағиданы бекерге шығаратьш фактілерді де ескеруге, оны он. фактілермен салыстырып, олардың ойлау барысын өзгертетінін немесе өзгертпейтінін анықтауына, пайымдаудан қорытынды шығаруына және оның өзі негіздеудің тиісті қағидаға сәйкес келетіндігін айқындауына жәрдемдеседі.Адам өзінің творчестволық мүмкіндігІ мен танымдык мүддесін ұлғайтудың екінші жолы — өз білімін көтеру. . Ол неміс, ағылшын, жапон, польша және басқа тілдердегі жұмыстарды түпнұсқасынан оқи білді. А. С. Макаренконын педагогикалык, таланты да энциклопедиялық білімге негізделген. Антон Семенович өз кезіндегі ед білімді адамныд бірі болған. Ол философия, психология, педагогика, экогго-мика, архитектура, кескіндеме (живопись), анатомия, химия... туралы әдебиеттерді оқып үйренді.Өз бетіңше білім алуды ұйымдастыра білудің де айрықша маңызы бар. Интеллектуалдық жұмысты тиімді үйымдастыруға мақсат қою, жұмыс тәсілін ойластыру, жекелеген ойлау операцияларын тиімді атқару (талдау, корыту, дәлелдеу, салыстыру т. б.), жұмыс мақсатын және оның нәтижесін салыстыру жатады. Әсіресе оқыған кітаптң мазмұнын талдай білуге және білімге емін-еркін сүйене білуге ерекше кеңіл бөлген жөн.
Н.К.Крупскаяның берген кеңесіндей, оқудағы бірінші міндет —бұл өзіңді айқындау және оқыған материалды меңгеру.
Екінші міндет — оқығанды ой елегінен өткізу.
Үшінші — оқығанды есте сақтау үшін қажеттілерін жазып алу.
Ец соңында, төртінші міндет — оқыған кітаптан жаңадан не үйренгенің жайлы өзіңе есеп беру.
4.Бақылау сұраќтары:
1.Мұғалімнің. кәсіптік даярлығының іргетасы.
2.Өз мінезін, өзеркін, өз эмоциясын ұстай білү.
3.Өнегелілік мәдениеті-адамгершілік,моральдық борыш, ар-ұят пен намыс.
4.Өзіне сын көзбен қараушылық-ақыл ойдың аса маңызды қасиеттерінің бірі.
5.Оқудағы міндеттер.
5.Студенттің үй тапсырмасы:1.Өзін- өзі тәрбиелеу ақыл- ой жұмысы.
2.Ақыл- ой әрекеті тұжырым дәлелдеу, ақиқатқа жету
процесінде логикалық әрекеттер қалай жүзеге асады.
3.Білім- көтерудің қажеттілігі.
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Өзін- өзі тәрбиелеудің қажеттілігі.
СӨЖ тақырыбы: Ғылыми-зерттеу жұмыстары
7.Әдебиеттер:
1.Қарабалина О. Ұстаз жүгі қашан да ауыр. Алматы, 1979.
2.Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., “Логос”, 1999.
3.Кан-калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 14.1.
4.Педагогика / Под ред. П. И. Пидкасистого. Глава 4. М., 1996.
5.Педагогика и психология высшей школы. / Под ред. С.И.Самыгина. Часть II, гл. 1.
6.Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
15-Сабақ.
1.Сабақтың тақырыбы: Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстары олардың
педагогтық мамандыққа қалыптасуы және өзін - өзі
дамытуының шарты ретінде.
2.Сабақтың жоспары: 1.Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстарының түрлері.
2.Ғылыми баяндама даярлаудың технологиясы.
3.Теориялық мәліметтер:
Мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, өз білімі мен тәжірибесін жетілдіріп отыруды талап етді. Мектеп жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу, оқу- тәрбие саласында зерттеушілік, тәжірибе алмасу жақтырына мән беру мұғалімдердің ізденісіне шек қоймау.
Ұстаздың өз бетінше білім жетілдіруі, осы саладағы үздіксіз, озат тәжірибені қолдануы, он өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы- іскерлік негіздері- педагогикалық шеберлікке жеткізудің бір жолы болып саналады. Мұғалім шеберлігі- оның әдептілігі, мен сыпайылығы, жүріс- тұрысына, киім- киісіне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруіне байланысты. Мұғалімдерді педагогтік шеберлікке үйрету- педагогтық оқу орындарында оқып жүрген кезде басталады. Педагогтық шеберліктің әдепті шарте- психология және педагогика ғылымдарынан терең білім алуы.
Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық- психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Педагогтық іс- әрекет өте динамикалық жүйе, арнайы құрылымы бар:
1.Танымдық іскерлік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдану, зейін, ойлау, елес т. Б. Психикалық қасиеттердің бірлікте даму қажет.
2.Құра білу(конструктивтік) іскерлігі- оқу- тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп Алу.
3.Қарым- қатынас(коммуникативтік) іскерлігі- бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым- қатынас жасауға үйренуі, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіруге білуге үйренуі керек.
Екіншіден, өзінің ой- пікірін, көңіл- күйін, көзқарысын мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге үйренуі қажет.
Үшіншіден, адамдармен қарым- қатынас барысындпа қажет болван жағдайда, бет – бұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу оң шешім таба білу.
4.Ұйымдастырушылық іскерлік- бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, кездесетін кедергіні тез арада болдармауға психологиялық ахуал жасау.
5.Хабарлау іскерлігі- Оқу- білім материалын терең, жан- жақты оқу- әдістерін мегеру, барлық хабар лама құралдарын пайдалану дағдысының болуы талап етюді.
6.Зерттеушілік іскерлік- әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және експеримент жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірбисінде жинақтауды, лоарға теориялық- практикалық негізде талдау жасауды және мектеб өміріне ендіруді қамтиды.
Мұғалім еңбегінің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы- педагог М.Әуезов шын мұғалімге тән мынандай қабілет- қасиеттерді атап көрсетеді”Эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму деңгейіне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасаттың мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөлінуі, ұйымдастырушылық қабілеті қалыптастыру және басқалар”- осындай қабілетті, қасиетті, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады- деп сенеміз.
Шет тілін оқыту психологиясынын зерттеу обьектісі казіргі уакытга жеке белгі болып табылады, мысалы мазасыздану, кабылдау еткірлігі, кәсіпке бейімделу, ал кейде жалпы жеке тұлғалык • В.Штерн жеке тұлғаның психологиялык айырмашылыктар дамуы мен көбеюінін жалғаса істеуін 4 бағытка бөлді. Егер зертеуді ќаншалыкты вариантты жүргізсек, сұрьштау барысында карастырып жаткан касиеттеріміз соншалыќты кењ өрісті мағынаға ие болса, біз бірінші бағыттағы зерттеулерді жүргіземіз. Ал анықтау ќызыќ болып қарастырып жатќан ќасиетімізбен ќатар бізді қызыќтыратын белгі көрінсе біз басқа зерттеу жүргізіміз.
Сонымен біз бірінші және екінші жағдайдағыдай генезис пен болжау ретіндегі сұрактармен калмаймыз, бір уакыттык шешімге токталамыз . Егер жеке тұлғанын бір түтас ретінде көрінуіне келсек, бізге кызыкты касиетгер дамыуынын себептері мен кезендерін ашуымыз, тарихи тәсілді сактауымыз кажет. Тарихи жағдайда болу үшін, жеке түлғанын көп денгейлілігі мен көп факторлылығын ашуға тырысқанда, ненін немен кай уакытта көрінетінін білмегендіктен өзімізді типологиялык тәсілді колдану мүмкіндігімен камтамасыз етуіміз керек . Сондыктан екінші және үшінші зерттеу түрінде көлденен емес ұзына бойына киылыс жүргіземіз.
Сонымен казіргі уакытта жекелік айырмашылыктар психологиясы жеке психологиялык теорияларынын баскалар ортасында басымдылығы байкалып өзінін бірінғай еместігін сактап калды. Мысалы үшін акыл-ой кабілетінін теориясы жыныстык эволюциялық теориямен практикалык түрде байланысы жок, ал темперамент теориясынын жекелік ерекшеліктер теориясымен ешкандай байланысы жок. Сондыктан казіргі шет тілін о0ыту психологияның негізгі тенденциясы- бұл жеке тұлғаның жеке теориясындағы әртекті білімі мен жеке интеграциясы.
Өкінішке орай, казірде В.Штерн дифференциалды психология жеке кызметі және әйел психологиясы, суретші психологиясы, тағы баскалар монографияда талкылау тақырыбы болып калуы тиіс деген түжырымдамасы шындыкка сай келіп тұр болып .
Шет тілін окыту психологиясыныњ негізгі бағытгары:
1.Бір немесе бірнеше жеке түлғанын вариациялы (бір нәрсеніи өзгеше немесе өзгерген түрі)
2.Екі немесе оданда көбірек түлғаныњ корреляциалы (өзара ќатысты,байланысты) белгісі
3.Бір жеке тұлғанын көптеген белгілер катынасындағы психогеографиялык және вертикальды индивидуальдылығы
4.Екі немесе оданда көбірек жеке түлғанын көптеген белгілер қатынасындағы салстырмалы индивидуалдылығы
Қазіргі кезде накты айкын болып отырған жайт, біз мектепте, жогары оку орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен, адам оны үнемі толықтырып отыруға тура келеді; сондықтанда қазіргі педагогикалық, және қоғамдык-саяси әдебиеттерде «үздіксіз білім алу», «мамандыкты жетілдіру» «өз бетіңше білім алу» ұгымдары кездесетіиі тегін емес. Сонда ғана ол тиімді оку енбегіпдегі іскерлік пен дагдыны окушыларға дарыта алады. Адамның аткаратын жүмысымын, мелшері мен сапасы, оның жүмыс кабілсттілігіне (накты жагдайға ќарай —дене жэне ой кабілетіне) байланысты екендігі түсінікті.. Уақытты ең колайлы жоспарлаудың өзі жеке жүмыс техникасын, яғни стихиялы түрде (жақсы үлгіге еліктеу нэтижесінде) немесе сол еңбекке қатысты белгілі бір эрекетті, біздің жағдайымызда — оқу енбегін мақсаттытүрде атқара білуге қалыптаскан жағдайды алмастыра алмайды. Кітап єлеміндегі негізгі информация көздерін меңгеруде өзіңді сенімді сезінумен қоса, библиографиялық жазбаларды дэл жүргізудің де зор манызы бар. Кейде студенттер уақыт үнемдеу үшін, әдебиет деректерін шамалап жазып, кейін кітапханаға тағыда келіп анықтап алармын дел ойлайды. Бұлай істеу, эрине, мүмкін болғанымен, оның өзі шындығын айтқанда уакьітты тиімсіз пайдалану болып саналады. ӘдебиеттердІ тиісті ережеге сэйкес өте дэл жазу қажет. Конспект, яғни эдеби түпнұсқаны ықшамдап көшіру немесе ауызша лекцияны жазу; әдетте қағаз шетіне немесе арнайы белінген орынға өз ойың тіркелуі мүмкін. Бұл нағыз «студенттік» жазба түрі, ол кейіннен емтихан немесе зачет тапсыру үшін қажет, онда материалдар ойылуға тиісті сұрақтар ретімен орналасқан. Конспектінің алдағы творчестволық жүмысқа жэне қайталап қарауға қажеті шамалы. Сілтеме карточкалар, мазмұндамалар т. б. бұл материалды толықтыра түседі. Реферат эдетте конспектіден гөрі ыкшамдау жэне онда ең негізгілері ғана қамтылады. Әдетте жазылған рефератты немесе дэптерді нөмірлеп, оларды жүйелік белгілері бойынша картотекаларға орналастырылған карточкаға тіркеген жөн. Қарапайым және күрделі жоспарлар бір-бірінен толықтығымен ерекшеленеді. Олар нақтылы бір түпнұсқада не туралы эңгіме болғандығын еске тусіруге мүмкіндік бергенімен, фактілерді дәл алуға жеткілікті көмектесе алмайды. Дэлірек айтқанда қарапайым жоспардың бір түрі — кітапты сипаттап жазатын карточка, онда осы кітаптың мазмүны да келтіріледі. Жазба түрінің еқ ыңғайлысы, бірақ оған дағдылануды қажет ететіні — каталогтыц карточкага жазу. Ондағы өз сөзі толықтығы эр түрлі дэрежеде болуы мүмкін, эрі картотекаға орналастырылып, курстық, дипломдық жұмыстар үшін, лекция немесе баяндама үшін кез келген уақытта алуға болады. Онда материалдардың қысқаша түжырымдалуының Іске ешқандай бөгеттігі жоқ.
Логикалық есті кәсіби іске байланыстысын, үнемі жетілдіруге болады. Ес жұмысының техникасы, есте қалдыру амалдары — арнайы, әрі үлкен мәселе. Біріншіден, мынаны білген жөн: бұрын жадыңда қалғанның барлығы естің кейінгі жүмысының негізі болады-адам неғұрлым көп білсе, онын алдағы уақытта есте сақтауы да оңай болады. Сондықтанда, мәселені, «артық материалдарды өз жадында тықпалама» делінетін жиі айтылатын ұсыныстьщ мәні сол, есте сақтау үшін арнайы жұмыс, уақыт қажет.¦зақ уақыт ұмытпау үшін материалды қайталау қажет. Ол үшін материалды ұдайы жаттау, қайталау, ұмытылған-дарын еске түсірумен ұдайы шұғылданып отыру кажет. Оқу еңбегінің мэдениетін меңгеру барлық студент-терге, олардың оқитын саласына қарамастан маңызы бірдей. Мұның әсіресе болашақ мұғалімдерге ерекше қажет екендігі сөзсіз.
Мақалалар мен монографияларды жай ғана оқып коймай, оның текстеріне түсіруді үңілу кажет. Байќау мен экспериментті іздеген нэрсе айқын болғанда жэне іздестіру нәтижесінде не күтуге болатынын білгенде ғана үйымдастырады. Зерттеудің бұл тәсілі мұқият жоспарланады жэне ерекше танымды, эрі ғылыми жетекшімен толық консультация алуды қажет етеді. Қоғамдық пікірді зерттеу үшін анкеталау, эцгіме өткізу, интервью алу және тапсырма беріп тексеру әдістері колданылады. Сүрақтар мен тапсырмалар (тесттер) құру — білім мен тэжірибені кажет ететін өте күрделі іс. Анкеталарды және баска да сүрактарды, оларды өткізу шараларыд міндетті түрде ғылыми жетекшімен ақылдасады. Қазіргі кезде аса көп эстетикалық материалдарды Компютерлер көмегімен өңдеуге болады. Болашақ мүғалім тар келемді мамандык ретінде ғана емес, коғамшыл-педагог, азамат регінде де калыпасады. Үйымшыл студент коллективі окушылар коллективініњ моделі іспеттес, ертең олар институтты бітіргенде де мектеп коллективінің үйтқысы бола алады. Коллектив — жеке студенттіқ - болашак мұгалімніц қалыптасуының объективті факторы, ал оның озі кед үйымдык, дербестікке, єз бетінше єрекет етуді өрістетуғе неғізделуі тиіс. Студенг топтардың қызғылыкты, мазмұнды жэне тату өмірі топтағы єркімиің жеке көпшіліктің, жетекші меи қарапайым мүшесінің күш-жіғерімен іцфылады. Мүғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, еңбек коллективтерімен карым-катынас жасай білу тэжірибесі, сондай-ақ ұйымдастырушылык іскерлігі мен дағдысы өмірлік қажеттілігі. Мүғалім әркашанда лектор, үгітші, әрі насихатшы болуы, мектепті басќара білуі. кэсіподак үйымдарының белсендісі болуы тиіс. Ол біреудің кол астында жүмыс істей білуі де, кезі келсе басќара да білуі керек.
5.Бақылау сұрақтары:
1.¦стаздыќ жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу.
2. Мұғалімдерді педагогтік шеберлікке үйрету
3. Шет тілін оқыту психологиясыныњ негізгі бағытгары.
4. Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстарының түрлері.
5.Студенттің үй тапсырмасы: Ғылыми баяндама даярлаудың технологиясы.
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстары олардың педагогтық мамандыққа қалыптасуы және өзін - өзі дамытуының шарты ретінде.Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстарының түрлері.
СӨЖ тақырыбы:Жеке ж±мыс техникасы
Әдебиеттер тізімі:
1.В.А.Сухомлинский: Балаға жүрек жылуы. Алматы – 1983ж
2..Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
3С.Әсілов. Ы.Алтынсарин. ұлы ағартушы. Алматы – 1983ж
4.Қ.Жарықбаев, С.Қалиев . Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995ж
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
Достарыңызбен бөлісу: |