«гуманитарлыќ білім» факультеті


Өзіндік сана- сезімнің қалыптасуы



бет4/9
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#25919
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.Өзіндік сана- сезімнің қалыптасуы


3.Теориялық мәліметтер:

Адамды қоршаған жасанды және табиғи ортаға, өмір ырғағы мен стиліне, әлеуметтік топтар арасындағы өзара кәрым-катынасқа ғылыми-техникалық прогресс елеулі өзгеріс енгізді, адамдарға жаңа мүдделер мен қажеттіліктер туғызды. Әлемде информация тасқыны көбейді. Бұқаралық информация құралдары — газеттер, журналдар, радио, телевидение кең өріс алды.Осының барлығы, бүгінгі мектеп оқушыларына үлкендермен, соның ішінде мұғалімдермен өзара қарым-қатынасына әсер етпей қоймайды. Оқушылар үшін мектеп біржақты информация көзі болудан қалып барады мұғалімдер өз шәкірттерінің бүкіл адамзат ілімімен қаруланғанын көре бастады. Іске жаны ашитын, мектеп өмірі мен педагогикалық практикадағы келеңсіз құбылыстарға төзбейтін озат мұғалімдердің тәжірибелерінде балаларды педагогтармен бірге оқу енбегіне қатыстыруға негізделген педагогикалық ынтымақтастық деп аталатын принциптер пайда болды және қалыптасты. Өз еркімен оқыту идеясына негізделген педагогикалық ынтымақтастық принциптері өте қиын жол, сабақтарда «тірек», «таяныштарды», басып озу тәсілдерін пайдалану, жұмысты бағалау, өзін-өзі талдау, ұжымдық шығармашылық тәрбие, кластың интеллектуалдық ортасы, өзін-өзі басқарудың творчествосы, шығармашылық өнімді еңбек, ата-аналармен ынтымақтастық, мұғалімдер ынтымақтастығы т. б. мектептегі педагогикалық процестін творчестволық дамуы үшін кең жол ашады. Осы процестердің ерекшеліктерің ондағы өзгерістерді сергек сезіне білу және осыған сәйкес өз қызметін дер кезінде жолға қоя білу үшін қазіргі мұғалімдерге алғыр ойлы болуды, нақтылы тәрбие ықпалын жасай білуді талап етеді. Демек мұның өзі — тәрбиені оқушыларға жекелей ықпал ету негізінде құру керек деген сөз. Мұндайда оқушылардың жас ерекшеліктерін де, олардың, дербес жетілуін де білу қажет.

Балалар өміріндегі өзгерісті кезең — мектепке бару. Осы кезден бастап оның негізгі ісі оқу болады. Ал оқу дегеніміз үлкен еңбек. Көп жағдайда балалар өзінің ой-лағанын емес, қажетті деген нәрсені істеуіне тура келеді. Психологтар былай деп атап көрсетеді: төменгі класс окушыларының өсіп жетілуінің негізгі қозғаушы күші оқушының жеке басына, оның ықылас-ілтипатына, есте сақтауына, ойлауына және психикалық жетілу деңгейіне оқу жұмысының, мұғалімнің ұжмдық қоятын талабына байланысты. Бастауыш мектеп жасында адамгершілік мінез-құлық негіздері қалыптасып, моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді, олардың жеке басында қоғамдық бағыт қалыптасады.Төменгі класс окушыларында жоғарғы нерв қызметінің технологиялық ерекшеліктері көрініп, кейіннен оның өзі өмірде қалыптасқан мінез-құлықтың үйреншікті формаларымен бүркемеленеді.

Ұялшақтық, тұйықтық нерв жүйесінІң әлсіздігінен; албырттық, төзімсіздік — тежеу процесінің көрінісінен; реакцияның баяулығы мен істегі тұрақсыздығы — нерв процесінін шамалы қозғалғыштығынан болуы мүмкін. Нерв жүйесі өте икемді және сыртқы әсерден біршама өзгеруге қабілетті келеді. Сондықтанда мектеп оқушыларын өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастырудын зор маңызы бар.Төменгі класс оқушыларында байқалатын жалпы ерік кемшілігі — оның алдына қойған мақсатына жетуге, қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге төзімі шыдамайды. Кейде семьядағы теріс тәрбиенің және мұғалімнің қатаң талабына деген қарсылығының нәтижесінде балада қыңырлық, қасарысушылық байқалады. Бұл жастағы балалар ықыласты және білуге құмар, бірбеткей және сенгіш, әрі еліктеуге бейім келеді. Бұл жастағы балалардың сезімі нәзік-қуаныш, қайғыны, ренішті т. б. дереу, әрі ашық, білдіреді, сезімі өте толқымалы келеді.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өнегелі мінез-кұлық үлгісінде тәрбиелеуге зор мүмкіндік бар.

Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар. Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есеп-тейді, өйткені осы кезең ішінде оқушыда психикалық және физикалық

процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтанда қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, мұғалім мен оның төңірегіндегі ересек адамдар та-рапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді.Жасөспірімдік жаста әсіресе акселарация ерекше әсер етеді. Осыдан бірнеше ондаған жылдарға қарағанда жасөспірІмдердің жьныстық жетілуІ бір жарым-екі жыл ертерек басталады..Жүрекқан тамыры жүйелерінің дамуында да сәйкессіздік байқалады. Жүрек көлемІ едәуір үлғайып, қарқынды жұмыс істейді, ал қан тамырларының дамуы кешеуілдеп, қан айналысы уақытша бұзылады, қан қысымы кегеріледі, жүрек қызметі ауырлайды. Осының лсерінен жасөспірімдерде жүректің жиі бас ауруы, біршама тез қалжырауы байқалады. Жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ерекшеліктер жәнеде, Ішкі секреция бездерінід қарқынды кызметі кейде көтеріңкі әсерленушілікке, ашуланшактыққа, қызбалыққа әкеліп соғады.Мұғалімдер жасөспірімдермен оқу-тәрбие жұмыстарын үйымдастырған кезде осы ерекшеліктердІ міпдетті түрде ескеруі тиіс.Жасөспірімдер үшін өсіп-жетілудід маңызды кезеңІ, оларда өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы, өзінің жеке адам ретінде қажеттілігін түсінуде деуге болады. Зерттеу нәтижелерінін, көрсеткеніндей, жасөспІрімдерде өзіне, өзінің ішкі өміріне, өзінің жеке басындағы мүдде пайда болады. ЖасөспІрімдерде өзіндік сана-сезімнің жетілуі өз қылығын, содан кейін езінің моральдық сапасын, мінезін, өзінін қабілетін бағалаудан басталады. Жасөспірімдерде жаңадан пайда болатын елеулі психологиялық езгеріс?ерге — ерёсектік сезімін жатқызуға болады. Ондайда олар өзін ересекпін деп есеитеп, өзінің ересектігін объективті дәлелдегісі келеді. Ол өз өмІріңің кейбір жақтарына ересектердің араласпауын қалайды, өз көзқарасы мен сенімін жақтауға тырысады.ЖасөспІрІмдерде сирек те болса қарама-қарсы қасиет — жауапкершіліктен қорқу, өзінің дербестігін сезінудІ және жақтауды қаламау, енжарлық таныту, жетекшІлік, басшылық етуден тайсақтау байқалады.Жасөспірімдік жаста жолдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы коллективтік және қоғамдық өмірге қызығуы, өз мүмкіндігін бағалауы, коллективте өз ор-нын табуға тырысуы, мінез-құлкындағы және жеке басында қандай ерекшеліктсрі өзіне көмектесетіндігін немесе, керісінше, өзіне қойылған талапты орындауға бөгет жасайтындығын сезінуі айқын байқалады.Көп жағдайда жасөспірімдерге ата-аналардын немесе мұғалімнін, пікірінен гөрі, класс коллективінің қоғамдық бағасы көбірек ықпал етеді. Сондықтанда мұғалім жасөспірімге коллектив арқылы да таяап қоя білгені жөн.



Жоғары класс балалар жасында жеке адамның дамуының ерекше мәні бар. Жоғары кластықтардың өсіп-жетілуіндегі қозғаушы күш — оларға қоғам мектеп коллективі тарапынан қойылатын талап деңгейінін артуынан болатын қарама-қайшылықта және олардағы психикалық дамудың жеткен деңгейіне байланысты болады.Жоғары класс балалар жасының аяғында жігіттер мен қыздар кәмелеттік шаққа толады, олардың денесінің дамуында ересек адамдардан айырмашылығы шамады болады. Жасөспірімдерге тән жүрек пен қан тамырларындағы сәйкессіздік теңеледі, қан қысымы қалпына келіп, ішкі секреция бездері ырғақты жүмыс істейді, жыныстық, жетілуі негізінен аяқталады. Жоғары класс балалар жасы — бұл арманға, ізденіске, романтикаға, творчестволық ынтаға толы жастықкезең. Сондықтан коллективтін, өскелең күш-қуатына көбірек сенім арту кажет, коғамдық істерді шешуге, демалысты ұйымдастыруға, кештер мен мәдени жорықтар өткізуге ұйымын батыл қатыстырып, болар-болмасқа қамқоршы болуды мүлде азайтқан жөн. Жігіттер мен қыздарға идеялық шьшықкан, тәлімгерлік тәжірибесі мол, өз ақыл-өнегесін зорлап міндеттемейтін, жастардың бастамасына бөгет жасамайтын ересек дос пен кеңесші қажет. Олар мұндай адамның пікірін білу, кеңссін алу үшін кез келген сүрақты қоя алады.МектептІ бітірер қарсаңында жоғары кластағылардың барлығы бірдей өзіне мамандық таңдай білмейді. Мамандығын кездейсоқ белгілеу оны қатты күйзеліске ұшыратуы, таңдаған мамандығына өкінуі, Іштей күйіпуі мүмкін. Бұл жас адамға да, қоғам үшін де пайдасыз. Сондықтан мұғалІм мамандық таңдау жүмыстарын жоспарлы және мақсатты түрде жүрғізуі тиіс. Мұндай да мұғалім мектеп бітірушінің қабілетін, икемділігін, мүддесін, білімін, дағдысы мен іскерлігін, мінез-кұлқын, адамдармен қарым-қатынасын т. б. дұрыс бағалауға жәрдемдескені абзал. Жекелей бабын табу проблемасы іс-әрекетсіз қарастырылмайтыны белгілі, өйткені тек іс-әрекетте ғана адамныд дербестігі, оның өз маңайындағы адамдармен карым-қатынасы, мүддесі, белсенділігі мен қабілеті айқындалады.Толысып келе жатқан жас ұрпақты тану — өте күрделі іс, ол ушін философиядан, психологиядан, педаго-гикадан, физиологиядан, этикадан т. б. жан-жакты білімді болу қажет. Мектеп оқушыларын оқытудың негізгі және ең кең тараған тәсілі — педагогикалық бақылау. Байқағыш мұ-ғалім оқушылармен үнемі қарым-қатынаста бола отырып, оны қызықтыратын көптеген жайттарды аңғара алады. Оқушының жүріс-тұрысын бағалау үшін бақылаған кезде, оның себептерін ашуға, әсерлі ықпал ету жолдарын қарастыруға тиіс.Мінез-құлқыньң, мүддесінІң және бейімділігінін ерекшеліктерін анықтауға оқушылармен, мұғалімдермен, активпен, ата-аналармен әңгімелесу көп жәрдем бередІ. Шебер өткізілген әңгіме, егер ол педагогикалық әдептілікті сақтай отырып ресми емес жағдайда, әрІ шынайы көңілде жүргізілсе, онда оның өзі баланың психикасына, тіпті бақылау және эксперимент кезінде байқала қоймайтын жақтарына терең үңілуге мүйкіндік береді.Мектеп оқушылары туралы пайдалы мағлұматтарды, олардың іс-әрекет нәтижесін талдау арқылы алуға. Ең бастысы — іс-әрекет нәтижесіне қарап оқушылардың мінез-құлқындағы, тілек-ықыласындағы, ептілігіндегі, арман-мүддесіндегі, сеніміндегІ ерекшеліктерді барынша көре білуде.Кейде оқушылардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесін терең, әрі жанжақты білуге тура келеді. Осы мақсатта үй жағдайы, тексеріледі. Ең алдымен баланың семья тұрмысындағы материалдық жағдайын, семьяның мәдени және психологиялық ахуалын, тұрмыс жағдайын, оқушының сабаққа әзІрленетІн орнын, бас уақытын қалай өткізетіндігін, семьяда өзін қалай ұстайтындығың біледі. -

4.Бақылау сұрақтары:

1.Қарым-қатынастың информациялық функциясы.

2.Балалар өміріндегі өзгерісті кезең.

3.Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу.

4.Өзіндік сана сезімнің қалыптасуы.

5.Студенттің үй тапсырмасы:

6..Мектеп оқушыларына қазіргі баспасөз, теледидардың әсері.

7.Отбасы мен мұғалімдердің келіспеушіліктерінің балаға әсері.

8.Бастауыш сынып оқушыларының мінезінің қыңырлығы.

9.Мектеп оқушыларын оқытып тәрбиелеудіњ кең тараған түрі.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

.Мектеп оқушыларын оқытып тәрбиелеуде кең тараған түрі.

СӨЖ тақырыбы: Баллардың, жеткеіншетерің,жас өспірімдердің ерекшеліктерін үйрену Мұғалім және жас өспірімдер.

7. Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы. // “Ұлан”,№36, 10 қыркүйек, 2002.

2.Адам Құқығы жөніндегі халықаралық билль. / Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен бірлескен бастамасы шеңберінде біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы басып шығарған. Алматы, 2002.

3.Рувинский Л. Мамандыққа кіріспе.

4.Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Совет мектебінің мұғалімі. (1-лекция), Алматы, 2002.

5.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.


5-Сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Шетел тілі оқу пәні және оқушыларды дамыту мен

қалыптастыру құралы ретінде.



2.Сабақтың жоспары: 1.Шетел тілдерін білу адамның кәсіби және тұлғалық өмір

сүрүінің қажетті бөлігі ретінде.

2.Мектептегі оқу пәні ретінде “Шетел тілінің ” ерекшелігі.

3.Теориялық мәліметтер:

Орта мектепте оқытылып жүрген оқу пәндерін талдағанда, олардың әр тектес екені байқалады. Оқу пәндерінің бір тобы — білім негіздері деп аталатын пәндер. Бұлар — химия, физика, биология т. б. пәндер. Бұл пәндерді мектепте оқытудың негізгі міндеті — оқушыларға ғылымдардың әр саласынан білім беру. Оларды оқытуда практика, іскерлік, дағдылар білімге қарағанда бағынышты қызмет атқарады. Екінші топқа эстетикалық пәндер жатады (музыка, бейнелеу өнері, әдебиет). Бұл пәндер оқушыларды көркемөнер әлемімен таныстырады. Олар ең алдымен тәрбиелік қызмет атқарады. Еңбек, дене шынықтыру сияқты пәндер белгілі бір іс-әрекетке үйретеді. Олардың міндеті — жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және дене еңбегіне байланысты нақтылы іскерліктер мен дағдыларды калыптастыру.

Орта мектепте оқытылып жүрген пәндердің ішінде «ана тілі», «орыс тілі» және «шетел тілі» пәндері ерекше бір топ құрады. Бұл пәндердің міндеті — коммуникация жүйесін қалыптастырып, тілдің қатынас кұралдарын меңгеру. Тіл пәндерінің жоғарыда аталған алғашқы екі топтан ерекшелігі: мұнда тіл туралы білім өздігінен маңызды емес, жаңа хабарламаның, басқа саладан жаңа білім алуды қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылардың маңызы зор. Үшінші топ пәндерінен тіл пәндерінің негізгі айырмашылығы сол, онда қалыптастырылған сөз іскерліктері мен дағдылары дене еңбегіне емес, ой еңбегіне тән іскерліктер мен дағдылар.

«Шетел тілі» пәнінің «ана тілі» мен «орыс тілі» пәндеріне көптеген ұқсастықтары бола тұрса да, өзіндік біршама ерекшеліктері де бар. Оның ана тілінен өзгешелігі мынада. Шетел тілін оқытқанда мүлде жаңа коммуникациялық жүйе қалыптастырылады. Жалпы білім беру мен тәрбиелік міндеттер осы негізгі практикалық мақсатты орындау барысында атқарылуға тиіс. «Шетел тілі» пәнінің «орыс тілі» пәнінен айырмашылығы мынада. Орыс тілі сабағында да жаңа коммуникативтік жүйе қалыптастырылады. Дегенмен, орыс тіліндегі сөз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға мектептен тыс орта көп көмек етеді. Оның үстіне орыс тілін оқып-үйренуде окушылардың ынталылығы шетел тілін оқудан әлдеқайда жоғары болады, өйткені олар орыс тілін білудің күнделікті өмірде зор маңызы барын жақсы түсінеді.

«Шетел тілі» пәнінің ерекшеліктері міне осындай. Енді оны оқыту барысында дидактиканың принциптері қалай жүзеге асырылатынын қарастырайық. Шетел тілін оқыту принциптерін негізінен екі топқа бөлуге болады: 1) жалпы дидактикалық принциптер және 2) методикаға ғана тән принциптер.

Жалпы дидактикалық принциптер күллі пәңдерді оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы кағидалар болып табылады. Мұндай принциптерге мыналар жатады: 1) тәрбиелей отырып оқыту принципі, 2) оқытуды өмірмен ұштастыру принципі 3) оқушылардың оқудағы саналылық принципі 4) творчествалық белсенділік принципі, 5) көрнекілік принципі, 6) оқытудың ғылыми принципі 7) жүйелілік пен бірізділік принципі, 8) білімді берік меңгеру принципі 9) оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі, 10) оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру принципі.

Бұл дидактикалық принциптер барлық пәндерді оқытуда қолданылатын әмбебеп принциптер. Олар шетел тілін оқыту процесіне де қатысты. Сондықтан кейбір методистер “шетел тілі” пәнінің ерекшеліктерін ескермей, жоғарыда аталған дидактикалық принциптерді методиканың бірден – бір принциптері деп қарай келді. Алайда шетел тілін оқыту өзіндік ерекшеліктері бар процесс. Сондықтан шетел тілін оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға үлкен мән бере отырып, оларды толықтыратын, оқытуға лайықтайтын жаңа қағидалар мен түзетулер енгізу керек. Мысалы, саналылық принципі бір кезде шетел тілінің жүйесін ана тілінің сәйкес құбылыстарымен салыстыра отырып игеру деп түсіндірілген. Соның салдарынан сабақта теориялық ережелер, ана тілімен салыстыру басым болған. Ал тілді іс жүзінде меңгеруге жеке көңіл бөлінбеген. Қазіргі кезде бұл принцип шетел тілін оқытуда басқаша қаралады: оқушылар шетел тілінің жүйесін меңгеруге тиісті емес, олар сөз әрекетінің құрылымын, оның мазмұнын түсінуі керек. Сондай-ақ белсенділік принципі оқушылардың көзге түсетін белсенділігінен гөрі, олардың сөйлеу органдары мен ойының белсенділігін талап етеді т. б.

Сонымен, қазіргі кезде шетел тілін оқыту методикасында оқу-тәрбие процесін құруда басшылыққа алынатын принциптер иерархия кұрады. Бұл иерархия үш деңгейден тұрады: 1) дидактикалық принциптер жүйесі, 2) шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері, 3) а) жалпы принциптер, ә) жекелеген принциптер:



Шетел тілін оқыту принциптері



Жалпы дидактикалық принциптер

|

Шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері

| |

Жалпы

принциптер




Жекелеген принциптер


Шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері.

Шетел тілін оқыту принциптерінің жоғарыда келтірілген схемасынан методиканың төл принциптері екі топқа бөлінетінін көруге болады: жалпы принциптер және жекелеген принциптер.

Шетел тілін оқытудың жалпы принциптеріне мыналар жатады

Шетел тілін оқытудағы комуникативтік бағдар принципі.

Ана тілінің ерекшеліктірін ескеру принципі

3. Шетел тілін меңгерудін барлық деңгейлері мен сатыларында жаттыгудың басымдылық принципі.

Ш е т е л т і л і н о қ ы т у д а г ы к о м м у н и к а т и в т і к б ағд а р п р и н ц и п і бойынша шетел тіліндегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, мақсатқа багдарлауы, жүзеге асырылуы нәтижесінде оқушылар багдарламада белгіленген тақырыптар көлемінде шетел тілін

қатынас құралы ретінде пайдалану іскерліктері мен дағдыларын игеруге тиіс. Коммуникативтік бағдар принципі бойынша тілдік материалды (фонетиканы, лексиканы, грамматиканы) меңгеруге арналған жұмыс шетел тілінде катынас жасау үшін сол материал қалай қолданылатынын көрсетумен аяқталуы керек. Аталған принцип ауызша сөзге үйретуде де, жазбаша сөзге үйретуде де, яғни оқу жөне жазу процесінде де қолданылуға тиіс.

Ана тілінің ерекшеліктерін ескеру принципінің шетел тілін оқытудағы маңызы үлкен. Шетел тілі сабагы үстінде тек шетел тілінде ғана жаттығулар жасау арқылы сабақтан ана тілін аластауға болғанымен, оны оқушылардың санасынан аластау мүмкін еместігін академик Л. В. Щерба жаксы айтқан. Олай болса, шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес, қайта оқушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Сөйтіп, ана тілінің тиімді ықпалын барынша пайдаланып, оның тиімсіз ықпалы болатын материалды бекітуде көптеген жаттығулар жасау арқылы интерференцияны жою керек. Онын үстіне орыс тілінің де тиімді ықпал ететін жерлерін толық пайдалану керек.

Шетел тілін меңгерудің барлық салаларында жаттығудың басымдылык, принципі зор маңыз атқарады. Жана сабақты түсіндіру жұмысын әркашан тиісті материалды қалай қолдануды көрсететін жаттығумен аяқтап отыру керек.

Шетел тілін оқытудың жекелеген принциптеріне мына принциптерді жатқызуға болады: 1) шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі, 2) тіл материалын жаттығтыруды сөз практикасымен ұштастыру принципі, 3) әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылық принципі, 4) оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша менгеру принципі, 5) апроксимация принципі, 6) шетел тілін оқытудын төменгі сатысында оқытудың интенсивті принципі.

1) Шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі казіргі кезде тілді игерудін ең ұтымды жолы болып табылады. Бұл принцип бойынша тіл және сөз материалы мұкият іріктеліп алынып, олардың улгілері жасалады да, оқушыларға жиі қолданылатын фонетикалық, лексикалык және грамматикалық материал мен улгі сейлемдер беріледі. Оларды игеру нәтижесінде оқушылар ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де коммуникативтік актіні аткаруға мумкіндік алады.

2) Тіл материалын жаттыктыруды сөз практикасымен уштастыру принципі бойынша тілдік материалды меңгеру өте маңызды болғанымен, ол оқытудың мақсаты бола алмайды, оны тек мектеп бағдарламасы көлемінде шетел тілінде қатынас жасау іскерлігін меңгеру ушін кажетті құрал ретінде меңгеру керек.

3) Әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылык принципі мұғалімнен сөз әрекетінің іскерлігі мен дағдыларын үйлесімді түрде қалыптастыруын талап етеді. Сөз әрекетінің барлык негізгі түрлері — тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу, жазу — бір-бірімен тығыз байланысты: олар бір-бірін толықтырып, бір түрі нашар дамыган болса, екінші турі оны жетілдіруге көмегін тигізеді.

4) Оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша меңгеру принципі тексті (мәтінді) оқыр алдында ондағы тілдік материалды ауызша жаттығулар арқылы меңгеруді талап етеді. Бұл материал, әрине, текстегіден өзгеше контекстерде меңгерілуге тиіс. Сонда гана окушылар оны әуелі ауызша, сосын оқу үстінде меңгеріп алады.

5) Апроксимация принципі мұғалімге оқу-тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастырып, ұтымды тексеруге мүмкіндік береді. Бұл принциптің мәні — муғалім кейбір қателерді ескермеуге толық праволы; егер ол қателер коммуникацияға зиянын тигізбесе, яғни катесі бола тұра, оқушының айтқанын тусіну мүмкін болса, ал қателерді түзетуге уакыт жоғалтудың қажеті жоқ. Мұгалім бұл принципті жүзеге асыру арқылы оқушының қатеден қорқуын жояды, сөйтіп онын еркін сөйлеуіне мүмкіндік береді.

6) Төменгі сатыда оқытудың интенсивті принципі тілді оқыту процессінде аса қажет. Бұл принцип оқу жоспарында да бағдарламада да кездеседі.IV-V кластарда шетел тіліне көп сағат бөлінген.

3.Бақылау сұрақтары:1.Білім негіздері.Эстетикалыќ пєндер.

2. Шетел тілін оқыту принциптері.

3. Шетел тілін оқыту методикасының төл

принциптері

4. Шетел тілін оқытудың жекелеген принциптері



5.Студенттің үй тапсырмасы:.Мектептегі оқу пәні ретінде “Шетел тілінің ”

ерекшелігі



6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Шетел тілдерін білу адамның кәсіби және тұлғалық өмір сүрүінің қажетті бөлігі ретінде.



СӨЖ тақырыбы: Білім беру жуйесіндегіқазіргі бағыт.

7. Әдебиеттер тізімі:

1.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.

2.Айтматов Ш.Ұ. алғашқы менің мұғалімім.

3..Қарабалина О. Ұстаз жүгі қашан да ауыр. Алматы, 1979.

4.Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., “Логос”, 1999.

6.Кан-калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 14.1.

7.Педагогика / Под ред. П. И. Пидкасистого. Глава 4. М., 1996.


6-Сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Ќазаќстан Респуликасындаѓы ќазіргі мектептерде білім

берудіњ тілдік вариативтік Формалары.



2.Сабақтың жоспары: 1.Шетел тілін оќытуда коммуникативтік-когнитивтік

т±жырымдары.

2.Ќазіргі педагогикалыќ технологиялар:инФормациялыќ

жєнемультимедиялыќ ќ±ралдары,шетел тілдерін оќытуда

олардыњ ролі

3.Теориялық мәліметтер: Шетел тілін оқытудың құралдарына оқулық, оқу кітабы, мүғалімнің кітабы, көрнекті қүралдар (суреттер, кестелер, плакаттар), техникалық құралдар (аудитивтік күралдар, визуальдық құралдар, аудиовизуальдық қүралдар), бағдарламалық оқу қүралдары жатады.

Шетел тілін оқытуда қолданылатын осы аталған құралдар негізінен екі топқа бөлінеді: негізгі құралдар мен көмекші құралдар. Негізгі құралдарға ең алдымен оқулық жатады.

Оқушылар үшін оқулық негізгі құрал болып табылады. Мұнда методикалық тұрғыдан іріктеліп алынған тіл материалы, оны меңгеруге қажетті жаттығулар, теориялық түсініктемелер (әдетте грамматикалық ережелер), сондай-ақ қосымша кіреді. Оқулықтағы тіл материалы аналитикалық және синтетиқалық оқуды үйретуге арналған текстерді, ауызша сөзге үйретуге, оны дамытуға арналған материалды қамтиды. Бұл материал оқулықта белгілі бір ретпен, жеңілден қиынға қарай орналастырылған. Оқулықтағы жаттығулар тіл материалын меңгеріп, сөз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Онда берілген теориялық түсініктемелер оқушылардың тіл материалын дүрыс түсініп, дұрыс қолдануына қажетті көмекші құрал міндетін атқарады. Қосымшада өлеңдер мен тақпақтар, қосымша оқуға арналған текстер, өз бетімен орындаған тапсырмалар мен жаттығулардың дұрыстығын тексеруге арналған кілттер, тақырып бойынша топтастырылған сөздер тізімі мен алфавит бойынша орналастырылған сөздер тізімі беріледі. Оқу кітабында кластан тыс қосымша оқуға арналған текстер бар. Ондағы тіл материалы негізінен оқушыларға таныс. Мүғалімнің кітабында оқу кешенінің негізгі принциптері мен методикалық идеялары баяндалады, сабақтарды қалай құру туралы методикалық кеңестер беріледі, сөйтіп бұл мұғалімдер үшін жетекші

құрал болып табылады. Онда материалды қалай түсіндіру, жаттығуларды қандай ретпен орындау, материалды меңгергенін қалай тексеру т.б. кеңестер берілген. Мұнан басқа мұғалімнің қолында күйтабақтар, магнитофонға жазылған таспалар, суреттер, кестелер, фланеленграфпен жұмыс істеуге арналған суреттер, диафильмдер болады. Міне, бұлар шетел тілін оқытудың негізгі құралдары. Енді көмекші құралдарға қысқаша тоқталып өтелік.

Шетел тілдерін оқытуда қолданылып жүрген көмекші құралдар екі топқа бөлінеді: 1) техникалық құралдар, 2) техникалық құралдар емес құралдар. Техникалық емес құралдарға мыналар жатады: а) қосымша оқуға арналған кітаптар; ә) шетел тіліндегі газеттер – оларда класта да, үйде де оқуға болады; б) көркем өнерпаздарға арналған шетел тіліндегі материалдар (тақпақтар, өлеңдер, инсценировкалар, викториналар); в) грамматикалық анықтама; г) ауызша сөзді дамытуға арналған құралдар; ғ) жаттығулар жинағы.

Техникалық көмекші құралдарға мыналар жатады: а) жеке сабақтардың үзінділері жазылған магнитофон таспалары. Мұндай таспалар сабақты жандандыруға көмектесіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын артырады. Оқушылар таспадан сабақтың белгілі үзінділерін тыңдап, қателерді түзетуге белсене қатысады; ә) диафильмдер де техникалық көмекші құралдар қатарына жатады. Мұнда оқушылар тек диафильмнің жеке кадрларын суреттеп қана қоймай, сондағы оқиға туралы, оның басты кейіпкерлері туралы өз ойларын айтуға дағдыланулары керек. Бұл оқушылардың дайындықсыз сөйлеуге үйренуіне көмектеседі; б) дәл осындай қызметті шетел тіліндегі фильмдер де атқарады; в) шетел тіліндегі радиохабарларды көмекші техникалық құрал ретінде пайдалануға болады.

Соңғы кезде оқу-тәрбие процесінде техникалық құралдарды қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогреске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Шетел тілін оқыту процесін жеделдету мен жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды қолданудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:

1.Техникалық құралдар оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

2.Техникалық құралдар мұғалімге оқу-тәрбие процесін өмір шындығына жанастыру мүмкіндік береді.

3.Сабақта техника құралдарын қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырады, сөйтіп сабақтың тиімділігін арттырады.

4.Техникалық құралдарды қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.

5.Техникалық құралдар тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларды қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сонымен шетел тілдерін оқыту барысында техникалық құралдар аса қажет және олар шетел тілдерін оқыту мұғалімінің негізгі көмекшісі болып табылады. Сондықтан шетел тілдерін оқытуда техникалық құралдар кеңінен қолданылуға тиіс.

Мектепте шетел тілдерін оқытуда пайдаланып жүрген техникалық құралдар екі топқа бөлінеді: а) аудитивтік құралдар (яғни сөзді жазып алып, оны қайтадан айтып беретін құралдар) және ә) визуальдық құралдар; сондай-ақ осы екі түрін қатар, біріктіре қолданатын аудио-визуальдық деп аталатын құралдар бар.

Техникалық құралдардың бірінші тобына күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон жатады. Бұл құралдарды аудитивтік деп атау себебі: олардың көмегімен оқушылар шетел тілінде күйтабаққа немесе магнитофон таспасына жазылып алынған сөзді тыңдайды. Екінші топқа әртүрлі проекторлар (диапроекторлар, кинопроекторлар, эпидиаскоп т.б.) жатады. Бұл құралдардың көмегімен мұғалім экранға әр түрлі суреттер, диафильмдерді, кинофильмдерді көрсете алады. Оларды сабақта жеке-жеке қолдануға да, бірге қолдануға да болады.

Оқытудың техникалық құралдары сабақта әр түрлі мақсатқа қолданылады. Олардың көмегімен тіл материалын түсіндіруге, оны бекітуге, сондай-ақ сөз іскерліктері мен дағдыларын қолдануға болады. Техникалық құралды фонетикалық дағдыларды дамытуда оқушылар мен мұғалімге үлкен көмек көрсетеді. Мұнда негізінен күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон оқушылар шетел тілінде диктордың үлгілі сөзін тыңдап, дыбыстардың қалай айтылатынын, сөздердің екпінін, сөйлемдердің интонациясын естиді де, оған еліктеу арқылы шетел тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға, сөздердің екпінін дұрыс қоюға, сөйлемдерде дауыс ырғағын, интонациясын бұлжытпай айтуға дағдыланады. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін күйтабақ ойнатқанан гөрі магнитофон тиімдірек, өйткені магнитофонға мұғалім өзі жаза алады, мұнда әр дыбыстан, сөзден кейін үзіліс жасауға мүмкіндік бар. Сөз шапшаңдығын да мұғалім, өз оқушыларының шама-шарқына мөлшерлеп өзгертіп отырады.

Магнитофонның көмегімен фонетикалық дағдыларды қалыптастыр-ғанда, мұғалім таспаға жеке-жеке дыбыстарды арасына үзіліс қалдыра отырып жазады. Сондай-ақ құрамында жаттықтырылуға тиісті дыбыстар бар сөздер мен сөйлемдерді де үзіліспен жазып алады. Оқушылар әуелі жеке дыбыстарды тыңдап, арасындағы үзілісте сол дыбыстарды дұрыс айтып жаттығады. Сосын сөздер мен сөйлемдерді тыңдап, үзілісте оларды қайталап айтады. Сөйтіп, оқушылар жеке дыбыстардың айтылуын ғана емес, сөздердің айтылуын, дауыс екпінін, сөйлемдердің интонациясын меңгеріп алады. Магнитофон әсіресе шетел тіліндегі тақпақтар мен өлеңдерді үйренуде үлкен көмек береді.

Оқу техникасын дамытуда да магнитофон оқушылар мен мұғалімге көп көмектеседі. Тексті дауыстап оқу оқушыларға, әсіресе оқытудың алғашқы сатысында көп қиындықтар тигізетіні белгілі. Осы қиындықтарды жою үшін мұғалім оқылуға тиісті тексті магнитофонға жазып алады. Оны әуелі үзіліссіз, сосын әр сөйлемнен кейін үзіліс жасай отырып жазады. Оқушылар алдымен үзіліссіз жазылған тексті тыңдап, осы тексті қалай оқу керектігі туралы хабардар болады. Сосын мұғалім сол тексті үзіліспен тыңдатады. Әр сөйлемнен кейінгі үзілісте оқушы сол сөйлемді оқиды. Үзілісте әр дыбыстың, сөздің айтылуын, сөйлемнің дауыс ырғағын дикторға еліктеп оқу нәтижесінде оқушылар текстегі әр сөйлемді дұрыс оқуға үйренеді. Бұдан соң оқушылар тексті қайтадан үзіліссіз тыңдай отырып, дикторға ілесе оқиды. Сөйтіп, олар бүкіл тексті дұрыс әрі тез оқуға үйренеді.

Техникалық құралдар лексикалық, материалды менгеруде де өз көмегін көрсетеді. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін визуальдық қуралдарды пайдалана отырып, түсіндірілетін сөздің мағынасын білдіретін заттардың суреті көрсетіледі. Сондай-ақ әр түрлі қимылдарды сурет арқылы көрсетіп, етістіктердің мағыналарын түсіндіреді. Визуальдық қүралдардың көмегімен предлогтардың мағынасын схемалар арқылы түсіндіруге болады. Сөйтіп, сөздердің мағыналарын ашуда техникалық кұралдар пайдаланылады. Оларды жаңа сөздерді бекіту үшін де қолдану керек. Әр түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып, мұғалім түрлі сұрақтар қояды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында жаңа сөздерді қолданады.

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін олардың қолданылуын автоматтандыру үшін магнитофонды қолданып, алмастыру жаттығуларын орындауға болады. Мұндай жаттығуларға коммуникативтік сипат берсе, тіпті дұрыс. Мысалы, сенің досыңның да аталған жүмысты істеп жатқанын айт:

М : You are doing the homework. What about your friend?

O: My friend is also doing the homework.

Техникалық құралдар грамматиканы меңгеруде пайдалы қызмет атқарады. Ол үшін грамматикалық құбылысты бекітуге арналған жаттығуларды магнитофонның көмегімен орындаған дұрыс. Жаттығулар орындалуы жеңіл, нұсқау айқын, әрi алуан болғаны жөн. Әр жаттығуда бір ғана тапсырма, шешуі біреу-ақ болғаны дұрыс. Магнитофонның көмегімен лексикалық және грамматикалык материалды бекіту үшін мынадай жаттығулар жасау керек: еліктеуіш жаттығулар, орын алмастыру жаттығулары, сұрақ-жауап және трансформациялық жаттығулар (басқаша айту).

Техникалық кұралдар тіл материалының қолданылуын автоматтандырумен қатар сөз іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырып, оларды дамытуға көп септігін тигізеді, яғни тыңдап түсіну, монолог және диалог түрінде сейлеу оқу және жазу іскерліктерін техникалық құралдар көмегімен қалыптастырып, дамытуға болады.

Тыңдап түсіну іскерлігін қалыптастыру барысында оқушылар белгілі қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындақтар сөзді тыңдау үстінде сөйлеушіні көрмегендіктен, оның бет әлпетін, қимылдарын бақылай алмауға; сөздің нағыз коммуникация процесінде қайталанбайтындығына; сөздің темпіне (шапшаңдығына); әр сөйлеушнің өзіне сөйлеу ерекшеліктері, дауыс ерекшеліктері болуына байланысты. Бұл аталған қиындықтарды жеңуде мұгалім мен оқушыларға күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон зор көмек көрсетеді. Күйтабак пен магнитофон таспасынан оқушылар баяулатылмаған нормалы темппен айтылған сөзді тыңдап дағдыланады, әр түрлі сөйлеушілердің дауысын естіп, оған кұлақтары үйренеді т. б.

Магнитофон арқылы оқушылар дыбысталуы ұқсас сөздер мен омонимдерді тыңдап, ажыратуға дағдыланады. Ал магнитофон мен диапроектор оқушылардың аудитивтік іскерлігін дамытады. Оқушылар белгілі бір тексті тыңдап отырғанда, оны көрнекі түрде көрсететін диафильм кадрларынан көріп отырса, тыңдап отырған текстің мазмұнын әлдеқайда жеңіл түсінеді.

Техникалық құралдар оқушылардың сөйлеу іскерлігін дамыту үшін қолданылады. Мысалы, магнитофонның көмегімен сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай жұмыстар істеледі:

а) оқушылар магнитофоннан бір әңгімені, содан соң


магнитофоннан сол текстің мазмұнына қойылған сұрақ-
тарды тыңдайды. Әр сұрақтан кейінгі үзілісте оқушы
сұраққа жауап беруге тиіс;

ә) оқушылар магнитофоннан бір диалогтың немесе әңгіменің басын тыңдайды да, оны өздері әрі қарай жалғастырады;

б)магнитофоннан оқушылар сөйлеуге әр түрлі стимул-
дар алады да, сол стимул бойынша сөйлейді т. б.

Сөйлеу іскерлігі мен дағдыларын дамытуға магнито­фоннан басқа проекторлар да қолданылады. Проектор арқылы экранға диафильмді, диапозитивті (слайдтарды) т. б. суреттерді түсіруге болады. Бұдан кейін оқушылар осы экрандағы суреттерді бейнелейді. Сөйлеу іскерлігін дамыту үшін, әсіресе, диафильмдерді қолдану тиімді. Диафильмді оқушыларға көрсетпес бұрын мұғалім біршама дайындық жұмысын жүргізуге тиіс. Ең әуелі мұғалім диафильмнің әр кадры суреттелген монтаж қагазын дайын-дайды. Мұнда ол оқушыларға таныс емес грамматикалық кұбылыс болмауына көңіл бөлуге тиіс. Суреттеуде оқушыларға бұрыннан таныс сөздер қолданылады. Егер суреттеу барысында біренсаран таныс емес сөз болса, онда мұғалім диафильмді көрсетерден бұрын ондай сөздердің мағнасын оқушыларға алдын ала түсіндіреді.

Осындай дайындық жұмыстарынан кейін мұғалім оқушыларға диафильмді көрсете отырып әр кадрды ауызша суреттейді. Кейбір маңызды сөйлемдерді оқушыларға қайталатады. Сосын диафильмді екінші рет көр-сетіп, әр кадрға сұрақтар қояды, оқушылар оларға жауап беру арқылы диафильмнің барлық кадрын суреттеп шығады (дайындығы жақсы класта оқушылар диафильмнің кадрларын мұғалімнің сұрақтарысыз суреттеуіне болады). Осылай оқушыларды сөйлеуге дағдыландырамыз.

Алайда бұл тәсіл оқушыларды репродуктивтік сөзге ғана үйретеді. Ал өз ойын айтуға үйрету үшін диафильмді суреттеп болған соң, оны талқылау керек. Оқушылар осы диафильмнің оқиғасына байланысты, оның басты кейіпкері туралы өз ойларын ортаға салып, бағалап отыруы керек. Сонда ғана оқушыларды продуктивтік сөзге үйрете аламыз.

Техникалық құралдарды сабақта қолдану арқылы әр түрлі сөз ситуациялары жасалады. Мысалы, мұғалім проектордың көмегімен экранға сол кластағы спорт жарысына қатысқан бір оқушының суретін көрсетеді де, магнитофоннан оқушылар: «Соңғы жарыста бұл спортшы бірінші орынды жеңіп алды» деген хабарды естиді. Шындығында ол бірінші емес, басқа орынға ие болғанын кластагы барлық оқушылар біледі. Бұл оқушыларды диктордың қателігін жөндеуге мәжбүр етеді.

Мұғалім өз классы, мектебі туралы сценарий жасайды да, сол бойынша диафильм түсіреді. Сөйтіп оқушыларды сөйлетеді. Міне, осындай өмір шындығына сай сөз ситуацияларын тудыруға болады

Бұгінгі окыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибее еніп нәтижелер беруде.Әсірісе шетел тілі мұғалімдері мектептегі жанару процесін кызу қолдап, жаналыктарды жылдам бесенділік танытуы ќажет. Қазіргі күнгі мектеп бағдарламасына мүғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана коймай, акыл- ойын, кабілеттін дамытуы, оќи алуға үйретуі керек деген міндеттер кояды. Дамыта окыту идеясының ұзаќ тарихы бар.Ерте кезден бастап -ак ойшылдар білім мен аыл- ой тәрбиесінің ара - ќатынасын, олардың дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашкы дидактиканың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланын келбетіне , акылының касиеттеріне, мінез күлық- ерекшелктеріне сүйене отырып, онын ойынын және тілінін дамуын камтамасыз етуді койған. Баланын акыл- ойын дамыту үшін кабілетін дамыту олардын білімге кұштарлығын оятып, лаулата түседі. Көп білгенімен ешкандайда шығармашылык кабілеггін, байкалуы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жаксы білетін ғылым саласында да жана жағдайлардын, кұбылыстардың шешімін өз бетінше таба алмай киналатын сәттер адамдар адамдар басынан жиі өтеді. Бұл ќалыптан тыс ойлай алмаудын салдары.



3.Бақылау сұрақтары:1. Шетел тілін оқытудың құралдары.

2. Шетел тілдерін оқытудаѓы көмекші құралдар.

3. Техникалық құралдар

5.Студенттің үй тапсырмасы: Ќазаќстан Респуликасындаѓы ќазіргі мектептерде білім берудіњ тілдік вариативтік Формалары.

6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Ќазіргі педагогикалыќ технологиялар:инФормациялыќ жєнемультимедиялыќ ќ±ралдары,шетел тілдерін оќытуда олардыњ ролі



СӨЖ тақырыбы: Қазіргі мектептерде білім берудің тілдік вариативтік формалары

7. Әдебиеттер тізімі:

1.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.

2.Айтматов Ш.Ұ. алғашқы менің мұғалімім.

3..Қарабалина О. Ұстаз жүгі қашан да ауыр. Алматы, 1979.

4.Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., “Логос”, 1999.

6.Кан-калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 14.1.

7.Педагогика / Под ред. П. И. Пидкасистого. Глава 4. М., 1996


7-Сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде және оның кәсіби жетілуінде педагог – шетел тілі мұғалімдерін қалыптастыру.
2.Сабақтың жоспары: 1.Адам дамуында білім берудің анықтаушы рөлі.

2.“Шетел тілдері мұғалімі” мамандығына квалификациялық



сипаттама.

3.Теориялық мәліметтер:

Әр жеке адамның өміріндегі кәсіптік әлеуметтік психикалық тұрғыдан даму, оның оқып, білім алу мен тәрбиеленуіне ұстаздық іскерліктері қажет болып табылады.

Мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, өз білімі мен тәжірибесін жетілдіріп отыруды талап етді. Мектеп жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу, оқу- тәрбие саласында зерттеушілік, тәжірибе алмасу жақтырына мән беру мұғалімдердің ізденісіне шек қоймау.

Ұстаздың өз бетінше білім жетілдіруі, осы саладағы үздіксіз, озат тәжірибені қолдануы, он өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы- іскерлік негіздері- педагогикалық шеберлікке жеткізудің бір жолы болып саналады. Мұғалім шеберлігі- оның әдептілігі, мен сыпайылығы, жүріс- тұрысына, киім- киісіне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруіне байланысты. Мұғалімдерді педагогтік шеберлікке үйрету- педагогтық оқу орындарында оқып жүрген кезде басталады. Педагогтық шеберліктің әдепті шарте- психология және педагогика ғылымдарынан терең білім алуы.

Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық- психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс.

Педагогтық іс- әрекет өте динамикалық жүйе, арнайы құрылымы бар:

1.Танымдық іскерлік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдану, зейін, ойлау, елес т. Б. Психикалық қасиеттердің бірлікте даму қажет.

2Құра білу(конструктивтік) іскерлігі- оқу- тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп Алу.

3.Қарым- қатынас(коммуникативтік) іскерлігі- бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым- қатынас жасауға үйренуі, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіруге білуге үйренуі керек.

Екіншіден, өзінің ой- пікірін, көңіл- күйін, көзқарысын мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге үйренуі қажет.

Үшіншіден, адамдармен қарым- қатынас барысындпа қажет болван жағдайда, бет – бұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу оң шешім таба білу.

4.Ұйымдастырушылық іскерлік- бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, кездесетін кедергіні тез арада болдармауға психологиялық ахуал жасау.

5.Хабарлау іскерлігі- Оқу- білім материалын терең, жан- жақты оқу- әдістерін мегеру, барлық хабар лама құралдарын пайдалану дағдысының болуы талап етюді.

6.Зерттеушілік іскерлік- әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және експеримент жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірбисінде жинақтауды, лоарға теориялық- практикалық негізде талдау жасауды және мектеб өміріне ендіруді қамтиды.

Мұғалім еңбегінің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы- педагог М.Әуезов шын мұғалімге тән мынандай қабілет- қасиеттерді атап көрсетеді”Эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму деңгейіне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасаттың мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөлінуі, ұйымдастырушылық қабілеті қалыптастыру және басқалар”- осындай қабілетті, қасиетті, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады- деп сенеміз.

050119 – “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының ҚР Білім саласындағы заңдылықтарға және квалификациялық талаптарға сәйкестігі туралы

АНЫҚТАМА

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

050119 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша мамандар даярлау Қазақстан Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

(050119 - Шет тілі: екі шет тілі ҚР МЖМБС 3.08.269 - Астана, 2006) мен лицензиясы (серия АА № 0000 169 2002ж 12 ақпанда берілген) негізінде жүргізіледі. Бұл мамандық бойынша 2007-2008 оқу жылында 6 топта (4 - күндізгі бөлімде, 2 - сыртқы бөлімде) студент оқыды.

Кадрлар әлеуетін талдау

1.050119 - мамандығы бойынша келісім шарттар жасасқан ПОҚ саны: 10 оның ішінде ғылыми дәрежесі, атағы бар оқытушылар 4(44,4%)

2. ПОҚ толық және одан жоғары оқу жүктемелері бойынша жұмыс істейді.

3.Ғылыми дәрежесі мен атағы бар штаттағы ПОҚ-тың орташа жасы мен пайыздық қатынастағы үлесі ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылар - 4(44,4%), ПОҚ-тың орташа жасы – 37.

4.Орындайтын оқу жүктемесінің көлемі көрсетілген ғылым кандидаттары мен докторлардың саны: ғылыми дәрежесі бар оқытушылар 2(22,2%).

Жалпы кәсіби пәндер мен арнаулы пәндер бойынша сабақ беретін ПОҚ- тың саны -12,

Әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми жаратылыстану пәндер циклі бойынша сабақ беретін ПОҚ саны -16 адам, оның ішінде ғылыми дәрежесі және атағы бар - 7 (47,5%).

5. Соңғы үш жылда кафедра оқытушыларынан ешкім докторлық және кандидаттық диссертацияны қорғамаған. Біліктілігін арттырудан өткен ПОҚ мынадай:8.

6. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізіледі.

7. Профессор-оқытушылардың базалық білімдері мамандыққа сай.


Оқу-әдістемелік жұмысы

1.050119 - "Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша жалпы 22 пән оқылады Солардың ішінде 16 пәннен типтік бағдарламалар және оқу жоспарлары барлық курстар үшін дайындалған. Қалған 6 пән (Ресми тіл, Аудиториядан тыс оқу, Салыстырмалы типология, Латын тілі, Аударма теориясы, Практикалық фонетика ) таңдау компонентінің құрамында болып, олар үшін Оқу бағдарламалары оқытушылар тарапынан түзіліп, университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітілген. Оларға арналған жұмыс бағдарламалары бар. Көрсетілген пәндер бойынша силлабустар дайындалған. Ағылшын тілі мамандығы бойынша 6, француз тілі мамандығы бойынша 2 электрондық оқулық бар. “Елтану, “Оқып жатқан ел әдебиеті”, “Мамандыққа кіріспе”,”Ағылшын тілінің практикалық курсы”, пәндері бойынша оқытушылардың өздері дайындаған электрондық оқулықтары оқу процесінде қолданылуда.

2. ПОҚ оқу жүктемесі біліктілігіне, педагогикалық стажына және ғылыми дәрежесіне қарап бөлінеді. Оқу сабақтарының кестесі талаптарға сәйкес, сабақ кестелері тұрақты.

3.Мамандықта оқылатын барлық пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары мен тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар түзілген. Жұмыс бағдарламалары типтік бағдарламалар мен оқу бағдарламалры негізінде даярланған. Жалпы саны – 22 болып, 100% құрайды.

4.Студенттердің оқу жұмыстарын, диплом жұмысын, курс жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құралдармен кафедра жабдықталған.

5. Жоғары оқу орнында мамандарды даярлау сапасына аралық мемлекеттік бақылау барысында көрсетілген студенттердің білім деңгейі мен сапасы қанағаттанарлық

6.Әдістемелік семинарда оқытудың жаңа технологиялары, ғылыми теориялық жаңалықтар, лекция мәтіндері талданады.

7.Оқу жүктемелерін, оқу сабақтарын өткізу деңгейі мен сапасы, орындау мен жоспарлаудың қазіргі заман талабына сай келуі, оқу жүктемелерін білікті оқытушыларға бөлуде оқытушының ғылыми атағы, біліктілігі есепке алынады. Оқу сабақтарының өткізу сапасы жоғары оқу орны талаптарына сай келеді.

8. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен оқытудың жаңа әдістері ендіру бойынша оқытушылар қашықтан оқыту әдісін қолдана отырып, электронды оқулықтар негізінде ашық сабақтар өткізеді.

9.Студенттердің өзіндік жұмыстарының кестесі, оларды тіркеу журналдары бар. Студенттердің өзіндік жұмыстары оқу жоспарында белгіленген сағат көлеміне сай жүргізіледі. Студенттердің өзіндік жұмыстарын әр түрлі формада өткізу жоспарланған, олар студенттердің өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамытуға бағытталған.

10.Мемлекеттік тілде оқу процесін және оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше назар бөлінеді. Мамандыққа қажетті барлық оқу әдістемелік құралдар мемлекеттік (қазақ) және ағылшын тілінде әзірленген.

11. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру мақсатында шетелдерде жарық көрген оқытушылар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар пайдаланылады.. Кафедра оқытушылары да өздерінің әдістемелік құралдарын жүйелі түрде жарыққа шығарып отырады.

12. Студенттердің қорытынды білімін бағалаудың рейтинг-тестік жүйесі қолданылады. Олардың білімін бағалаудың ағымдағы формасы бақылау жұмысы, реферат, тест, коллоквиум, глоссарий және СӨЖ түрлерінде өтеді. Студенттердің қорытынды білімін бағалауда тест және ауызша емтихан формалары пайдаланылады. Емтихан сұрақтары, тест сұрақтары кафедра мәжілісінде талданады және бекітіледі.

14. Аралық мемлекеттік бақылау нәтижелері жылдан жылғы артып келеді.

15.Мамандық бойынша диплом жұмыстары жазылмаған. Себебі мамандық бойынша дайындалған Мемлекеттік стандартта диплом жұмысы көрсетілмеген.

16.Мемлекеттік аттестация комиссиясы төрағасының есептері сақталған және ол сапалы жазылған. МАК есебінде мемлекеттік емтихандар, жалпы мамандықтың дайындалу деңгейі туралы талдаулар жасалған.

17. Студенттер алған білімдерін педагогикалық практика арқылы бекітеді. Онда көптеген өзекті мәселелер талданады, жаңа технологиялық әр түрлі формалар бойынша жүргізілетін шетел тілі сабақтары өтеді. Бұл педагогикалық практика мектептермен өтілген кезде келісім-шарттар жасалады. Практикалардың жұмыс бағдарламалары мен күнделіктері кафедра мәжілісінде талданған және бекітілген.

18. Өндірістен қол үзбей мамандарды даярлау және қысқартылған оқу формасы 031900 шифры бойынша даярланады.

19. Мамандық бойынша бітірушілерге деген сұраныс деңгейіне келетін болсақ, шетел тілін бітіруші студенттер мына төмендегі орындарда қызмет етеді:

-орта мектептерде, гимназия, лицей мектептерінде, туризм саласында, арнайы орта (колледждер, техникумдер, училищелер) оқу орындарында, жоғары оқу орны және басқа коммерциялық объекттерде, ғылыми-зерттеу мекемелерінде.



Соңғы жылдары шетел тілін бітірген мамандарға деген сұраныс артып отыр. Шет елдермен қарым-қатынас жасайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемелерде біздің мамандар бар. Сабақ сапасы кафедра ішіндегі бақылау жұмыстары арқылы бағаланады. Мәселен өзара сабаққа кіру және тәжірибелі оқытушылардың ашық сабақ өтуі арқылы.

Оқу процесінің ақпараттық және кітапханалық жабдықталуы

1.Мамандарды даярлау сапасын жетілдіру мақсатында техникалық оқу құралдары пайдаланылады. Кафедрада 2 компьютер, осы мамандық студенттеріне арналған 1 лингафон кабинеті, 1 фонокабинет бар.

2.Мамандыққа қажетті негізгі оқу әдебиеттері негізінен алғанда 2000 жылдан бері қарайғы мерзімде баспадан шығарылған, сапалылығы ескірді деуге негіз жоқ.

3.Кітапхананың негізгі кітап қорында 2006 жылғы есеп бойынша 2601 ағылшын тілі, 700 француз тілі кітабы жиналған.

4.Кафедрадағы компьютерлерге, лингафон кабинетіне пәндер бойынша лекциялардың электронды мәтіндері қойылған. Студенттер оларды қажетті ақпараттар алу үшін пайдаланады.

5.Мамандықта білім алатын студенттердің кітапхананың оқу залында сабаққа дайындалуына орын жеткілікті, сонымен қатар әрбір студентке есептегендегі оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерінің көлемі қажетті дәрежеде. 1 студентке есептегенде оқулықтар қорының көлемі – 142.

6. 031900, 050119 - “Шетел тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша білім алатын 1 студентке есептелген кітап басылымының саны - 142.

7.Мамандықтардың оқу жоспарларындағы пәндері электрондық және магниттік тасмалдағыштардағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз етілген.

8.“Сырдария” университетіндегі 3 кітапханада каталогтар мамандықтар бойынша жасалған.

9.Университеттің кітапханаларындағы оқу залдарында сабаққа дайындау, курс жұмыстарына дайындалу үшін орын жеткілікті.

10.Отандық және шетелдік білім беру кітапханалармен жедел ақпарат алмасу мүмкіндігі ойдағыдай.

11.Университет кітапхана қызметкерлерінің базалық білімдері сәйкес. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген.

12.Университетте қашықтан оқыту жүйесі жолға қойылған. WEB технологиясы жұмыс атқарылып жатыр.

13.“Сырдария” университетінде көбейткіш және көшіргіш техникалар жұмыс істейді.

Материалдық және әлеуметтік база

1.Мамандыққа байланысты сабақтар арнаулы аудитория, лабораториялық кабинеттерде өткізіледі. Аудиториялар мен лаборатория кабинеттері санитарлық нормаларына, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай, мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес.

2. Күндізгі бөлімдегі 1 студентке ажыратылған оқу алаңы - 10 ш.м.

3. Мамандық бойынша соңғы компьютер жүйелерімен жабдықталған арнайы компьютер орталығы, бір лингафон кабинеті, бір фонокабинет, екі ағылшын тілі кабинеттері бар. Университет кітапханасы жаңа “Inside-out”, ‘Window in Britain’, ‘’Panorama’’оқулықтармен жабдықталған. Телевизор, оқу бейнетаспа, аудиотаспаларымен сабақ өту үшін арнайы кабинет ажыратылған.

4.Студенттер спорттық құрылыстармен, емдеу-профилактикалық бөлмесімен, жатақханамен, асханамен қамтамасыз етілген.

5.Университетте медициналық қызмет көрсету бөлмесі бар. Онда бірінші жедел медициналық жәрдем көрсету үшін жағдай жасалынған. Студенттер бос уақыттарын спорт кешендерінде, жастар сарайында (кинозал, дискотека) өткізеді.

6.Университетте редакциялық баспахана орталығы бар. Ол Шымкент қаласында орналасқан. Оқытушылар тарапынан жазылған силлабустар және әдістемелік нұсқауларды басып шығаруда қолданылады.

Мамандарды даярлау сапасын басқару жүйесі

1.Кафедрада студенттер білімдерінің және оқу пәнінің берілу сапасын көрсетуге бағытталған нақты іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, ЖОО ішілік және кафедра ішілік білім беру сапасын бақылау туралы ереже қалыптасқан. Кафедра жиналысында және факультет Кеңесінде жылына 2 реттен қаралады.

2.Шет тілі мамандығы бойынша жыл сайын студенттер және ПОҚ сауалнамаларының нәтижелерін кафедра мәжілісінде және оқу топтарының жиналыстарында жан-жақты талқыланып, қорытынды жасалады. Оқытушы, кафедра, факультет рейтингісін (мониторинг) жасауға ерекше назар аударылуда.

3.Студенттердің білім сапасын тексеру үшін ішкі бақылау сауалнама, коллоквиум, баяндама қолданылады.

4.Кафедрада мамандық бойынша пәндерден сабақ беретін тәжірибелі оқытушылар және жас оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы жүзеге асырылып, сабақтардың сапалылығы, оқу-әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы, сабақтардың жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты талқыланады. Тәжірибелі оқытушылар сабақтың сапалылығы мен жетістіктері, сабақ өткізудің инновациялық әдістерін енгізу туралы өзіндік пікірлері мен көзқарастарын білдіреді.

5.Мамандықтар бойынша өтілетін сабақтардың сапасының деңгейін жоғарылату мақсатында оқытушылрдың өзара сабаққа қатысу және ашық сабақ өту бойынша кафедрада кестелер түзілген. Соған орай мамандық бойынша Жусупбекова Ф., Темирбаева Ж, Сатылханова Г, Байтенова А. сияқты оқытушылар ашық сабақ өткізді. Кафедрада өзара сабаққа ену жолға қойылған. Айына 4 оқытушы өара сабаққа еніп, сабақтың тиімді және тиімсіз жерлерін көрсетіп, талқылап отырады.

6.Студенттердің білімін бағалаудың әртүрлі формалары пайдаланылады, олар кафедра мәжілісінде бекітіледі. Студенттердің білімін бағалаудың аралық формасында рейтингтік-блоктық жүйе, сонымен бірге СӨЖ тапсырмалары, рефераттар мен коллоквиумдар да қолданылады.

7.Студенттердің білімін ағымдағы бағалауда тест және ауызша, жазбаша емтихан формалары қолданылады. Тестік жүйеде көпвариантты тест түрі қолданылады. Тест тапсырмалары кафедра мәжілісінде талданады.



4. Бақылау сұрақтары:1. Мұғалім еңбегі үздіксіз ізденіс.

2.Педагогтық іс- әрекеттіњ арнайы құрылымы

3. 050119 – “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының жалпы сипаттамасы

5.Студенттің үй тапсырмасы: Адам дамуында білім берудің анықтаушы рөлі.

6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде және оның кәсіби жетілуінде педагог – шетел тілі мұғалімдерін қалыптастыру.



СӨЖ тақырыбы: Білім беру жүйесінің міндеттері

7. Әдебиеттер тізімі:

1.Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж

2.С.Әсілов. Ы.Алтынсарин. ұлы ағартушы. Алматы – 1983ж

3.Қ.Жарықбаев, С.Қалиев . Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995ж

4.В.А.Сухомлинский: Балаға жүрек жылуы. Алматы – 1983ж

ЕКІНШІ АРАЛЫЌ БАЌЫЛАУ

ЕКІНШІ АРАЛЫЌ БАЌЫЛАУ

Таќырыбы

Балл

Баќылау т‰рі

8.


Шетел тілін оқытудың мақсаттары,оның мазмуны мен қуралдары

1.Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты

2.Жалпы білім беру мақсаты.

3.Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары.

4.Шетел тілін оқыту мазмұны.


4 б.


‡й тапсырмасы бойынша т‰сінігін тексеру.

Коллоквиум.


9.


Педагог – шетел тілдері мұғалімдері кәсіби өсуі.

1.Педегогикалық – шығармашылық туралы түсінік.

2.Педагогикалық жаңашылдық мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейі ретінде.

6 б.


Дөңгелек үcтел.

Пікірталас.

Тест.

Глоссарий.


10.


Мұғалім педагогикалық қызмет субъектісі ретінде.

1.Адамгершілік қасиетті дамыта білу- мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. 2.Мұғалімнің іскерлік қабілетін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар.

4 б.


Дөңгелек үcтел.

Пікірталас.

Коллоквиум.

11.


Педагогикалық қарым – қатынас педагог – шетел тілдері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің көрсеткіші және оқушыларды дамыту мен қалыптастырудың шарты ретінде.

1.Педагогикалық қарым – қатынаста мұғалімнің рөлі.

2.Даму – дамай (конфликт) жайында ғылыми түсінік.

6 б.


Дөңгелек үcтел.

Пікірталас.


Глоссарий.

12.

Педагогикалық қарым- қатынас стилі.

1.Педагогикалық қарым- қатынас стилі.

2Үйірсектік педагогикалық кәсіптік жеке санасы ретінде және оны өзіне баулу жолы.



2 б.

Тест.

13.


Студенттіњ – болашақ педагог- шетел тілдері мұғалімдері кәсіби және тұлғалық өзін - өзі дамытуы.

1.Студентердың оқу еңбегінің мәдениеті туралы түсінік.

2.Өзіндік білім алу және өзін - өзі тәрбиелеу.

4 б.


‡й тапсырмасы бойынша т‰сінігін тексеру.

Реферат.

14.


Өзін -өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары.

1.Ақыл- ойды тәрбиелеу жолы.

2.Өзіне- өзі талдау жүргізу.

6 б.


‡й тапсырмасы бойынша т‰сінігін тексеру.

Тест.

Глоссарий.

15.


Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстары олардың педагогтық

мамандыққа қалыптасуы және өзін - өзі дамытуының шарты ретінде.

1.Студенттердің ғылыми - зертеу жұмыстарының түрлері.

2.Ғылыми баяндама даярлаудың технологиясы.



‡й тапсырмасы бойынша т‰сінігін тексеру.

Барлыѓы

30 балл



8-Сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Шетел тілін оқытудың мақсаттары,оның мазмуны мен

қуралдары



2.Сабақтың жоспары: 1.Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты

2.Жалпы білім беру мақсаты.

3.Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары.

4.Шетел тілін оқыту мазмұны.



3.Теориялық мәліметтер:

Жалпы білім беретін политехникалық орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді: 1) білімдік мақсат, 2) тәрбиелік мақсат, 3) жетіктіру мақсаты және 4) практикалық мақсат. Шетел тілін оқытудың аталған мақсаттарын бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес, олар өзара тығыз байланысты. Бұлардың ішінде ең бастысы — практикалық мақсат. Жалпы білім беру мақсаты, тәрбиелік мақсат пен жетіктіру мақсаты практикалық мақсат арқылы жүзеге асырылады. Енді осы мақсаттардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтелік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет