Практикалық мақсат дегеніміз оқушылардың шетел тілін сөз әрекетінің әр түрінде қатынас құралы ретінде игеруі. Демек, оқушылар - шетел тілінде ауызша айтылған сөзді тыңдау арқылы түсінуге, жазбаша мәтіндерді (текстерді) оқып, олардың мазмұнын тікелей немесе сөздіктің көмегімен түсінуге және өз ойын сол тілде ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуге тиіс. Әрине бұл шетел тілінің мектеп бағдарламасында белгіленген көлемде жүзеге асырылады. Себебі шетел тілін оқыту барысында сол тілді толық меңгеру, сөз әрекетінің барлық түрлерін түгел игеру мүмкін емес. Сондықтан бағдарлама бұған белгілі шектеулер қояды. Ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажет сөйлеу және оқу іскерліктері дамытылады. Ал жазбаша сөзді дамыту мақсатқа жетудің бір жолы ретінде ғана қаралады. Оқушылардың қабілетін шетелдік досына, құрбысына хат жаза алатындай дәрежеде дамытса, сол жеткілікті.
Сөз әрекеті белгілі тақырыптар төңірегіне құрылады. Мысалы, лингвистің математика тақырыбына сөйлеуі өте қиын. Сондықтам мектепте оқытылатын тақырыптарға белгілі мөлшерде шек қойылып, ең негізгілері іріктеліп алынуға тиіс. Сөйтіп, орта мектепте шектелген тақырыптар көлемінде ауызша сөз бен оқуға дағдыландыру керек. Осыған орай мектеп бағдарламасына «Сөйлеуге және оқуға арналған тақырыптар» деген бөлім кіреді. Үшіншіден, мектепте меңгерілуге тиісті тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материал) шектеледі. Мысалы, орта мектепті бітірушілер бағдарлама бойынша 1000 сөзді меңгеруге және сол тілде сөйлеу үшін қажетті грамматикалық құбылыстарды білуге тиіс.
Сонымен орта мектепте шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты дегеніміз оқушылардың ауызша сөздегі (сөйлеу мен тыңдап-түсінудегі) және оқудағы іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Жазу — оқытудың мақсаты емес, ол оқыту мақсатына жетудің кұралы ғана.
Жалпы білім беру мақсаты
Мектепте оқытылатын пәндердің оқушыларға жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілі пәнінің оқушыларға жалпы білім берудегі маңызын академик Л. В. Щерба тамаша көрсетіп берді: “Шетел тілін оқу нәтижесінде адам ойды тіл арқылы жеткізудің әр түрлі тәсілдері барына көзі жетеді, бір ойды ана тілінің өзінде әр түрлі тәсілмен беруге болатынын түсінеді, сөйтіп ой мен тілдің арақатынасын дұрыс ұғады; шетел тілін оқи отырып, өз ана тілін тереңірек түсінеді, оны жақсы меңгеріп алады; өзі бұрын білмейтін тіл жүйесі туралы, тілін оқып отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, мәдениеті туралы жаңа мағлұматтар алады”.
Шетел тілін оқу процесі ана тілін меңгеруді жақсартуға көп әсерін тигізеді. Оқушы шетел тілін үйрену арқылы ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек түсінеді. Толып жатқан аударма жаттығулар жасап, оқушылар шетел тіліндегі сөйлемдердің ана тіліндегі бірнеше варианттарын табады, сөйтіп ана-тілін бұрынғысынан, әлдеқайда жаксы меңгереді.
Шетел тілін үйрену оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту оқушылардың логикалық жүйелі ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында оқушылар оның жүйесі, ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар оқушылардың жалпы білім деңгейін арттырады. Жоғары класс оқушылары
тілін үйреніп отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, мәдениеті жөнінде жазылған мәтіндерді оқып, танысады. Сөйтіп, олар өздерінің білім деңгейін көтеріп, ой-өрісін кеңейте түседі.
Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары
Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып, жетілуіне: дүниеге көзкарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық, көзқарасының, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді. Шетел тілі пән ретінде оқушыларды ұлттық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында окушылар әр түрлі текстерді оқиды, тыңдайды, мазмұнын айтып береді. Олардың мазмұны оқушыларға өз халқын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйретуге тиіс. Шетел тілін оқу оқушылардың бойында еңбекке деген дүрыс көзкарасты қалыптастырып, дамытуға тиіс.
Оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың дара тұлғалар болып қалыптасуына тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгерудің маңызы үлкен. Лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілік көрсетіп, корытынды жасауға дағдылануға тиіс. Шетел тілін оқып-үйрене отырып, оқушылар өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе білу, шетел тілінен алған білімін, үйренген іскерліктері мен дағдыларын жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдану іскерлігін меңгереді.
Шетел тілін оқытудың мазмүны
Оқытудың жалпы мазмұны және оның құрамдас бөліктері тіл қүбылыстарының, тақырыптардың, текстердің тек бір шамалы бөлігін қамтиды. Осыған орай, методикада «тіл мен сөз материалдарының минимумы» деген үғым бар. Бұл ұғымға алға қойған міндетті шешуге қажетті тілдік материалдың ең аз көлемі, тақырыптар минимумы мен текстер минимумы жатады. Әр минимум белгілі критерийлерге сүйене отырып іріктеледі. Осы минимумдарді іріктеп алуды неден бастау керек деген сұрақ туады.
Іріктеліп алынуға тиісті оқыту мазмұнының бірінші элементі- тақырып минимумы, яғни әуелі тақырып минимумын іріктеп алу керек, өйткені тақырыпты білмей турым, текстерді, сөздерді іріктеу мүмкін емес. Сонан соң сол тақырыптарға сәйкес тіл материалы мен текстер минимумын іріктеуге кірісу керек.
Тіл материалын (лексиканы, фонетиканы, грамматиканы) іріктеп алуда жетекші рольді лексика атқарады. Ең алдымен лексика іріктеліп алынып, соған сәйкес грамматикалық материал іріктеледі. Орта мектепте оқытылуға тиісті грамматикалық ережелер сөздермен жұмыс істеуге жетекші болуға тиіс. Ол үшін іріктеп алынған грамматикалық ережелер көптеген сөздерді қамтуы керек. Әйтпесе, олар өз қызметін атқара алмайды. Сондықтан әуелі лексикалық минимумды, сонан соң сөздермен жұмыс істеуге лайықты, оларды жинақтап қорытатын грамматикалық ережелерді іріктеп алу керек. Бүдан кейін тіл материалы мен тақырыптар минимумын ескере отырып, текстер мен ана тілінде жоқ ұғымдарды іріктеп алуға болады.
В. А. Бухбиндер мен В. Штраусстың редакциясымен шыққан «Шетел тілдерін окыту методикасының негіздерінде» оқытудың мазмұнына тіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады. Ал сөз материалы деген ұғымға Г. В. Рогованың пікірі бойынша, сөз үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі тақырыптарды қамтитын текстер енгізіледі. Бұл текстерде әр түрлі функционалдық стильдер: көркем текстер, қоғамдық-саяси стиль мен ғылыми-көпшілік стиль көрініс табады.
Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмұны мынадай компоненттерден тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал) ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша және жазбаша текстер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл қүбылыстары; фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфо-графиялық дағдылар; оқыту барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері).
4. Бақылау сұрақтары: 1.Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты
2.Жалпы білім беру мақсаты.
3.Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары.
4.Шетел тілін оқыту мазмұны.
5.Студенттің үй тапсырмасы: Оқыту мазмұныныњ компоненттері.
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Шетел тілін оқытудың мақсаттары,оның мазмуны мен қуралдары.
СӨЖ тақырыбы: Педагог-шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуы.
Адамгершілік,мұрат және өзін-өзі тәрбиелеудің келешегі.
7. Әдебиеттер тізімі:
1.Адам Құқығы жөніндегі халықаралық билль. / Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен бірлескен бастамасы шеңберінде біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы басып шығарған. Алматы, 2002.
2.Рувинский Л. Мамандыққа кіріспе.
3.Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Совет мектебінің мұғалімі. (1-лекция), Алматы, 2002.
4.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.
5.Айтматов Ш.Ұ. алғашқы менің мұғалімім.
9-Сабақ.
1.Сабақтың тақырыбы: Педагог – шетел тілдері мұғалімдері кәсіби өсуі.
2.Сабақтың жоспары: 1.Педегогикалық – шығармашылық туралы түсінік.
2.Педагогикалық жаңашылдық мұғалімнің кәсіби
әрекетінің жоғары деңгейі ретінде.
3.Теориялық мәліметтер:
«Шығармашылык бұл іс-эрекет, соның нәтижесінде жаңа материалдык немесе рухани байлықтар жасалады». Бүгінгі окушылар — ертеңгі жаңа қоғамнын қүрылысшылары. Өмірінің алдына енді ғана койылайын деп отырған міндеттерді шешетін адамды бүгін даярлау — мұғалімдердің жауапты міндеті. Ол жедел дамып келе жаткан коғам қажетін алдын ала көре білуі, оның алдағы уакытта еңбек адамына, бүгінгі мектеп мартасында отырғандарға қоятын талабьш көре білу тиіс. Адамның бүкіл әлемге. басқа адамдарға, өз еңбегіне дегеи көзқарасын калыптасыру -— ол жасайтын еғі басты рухани байлық. Мұғалім осы күрделі міндетті іс жүзінде шеше отырып, жаңа шешім-дерді іздестіруге, жаңа міидеттерді қоюға, жұмыстың стандартсыз эдісін қолдануға үнемі эзір болуы тиіс. Педагогикалык шығар-машылықтың белгісі — міне осында. Педагогикалык қызмет те эр алуан педагогикалык міндетті шешуді қарастырады. Педагогикалык міндеттерді дұрыс шешуді үйрену болашақ мүғалімге оңайға түспеге-німен, өте қажетті, өйткені мұндай эрбір шешімнің өзі — күрделі, кеп кезеңді, шығармашылық процесс. Шығармашылыктың өзі міпдетті цоюдан басталады. Өйткені педагогикалык міндетті есептен шығара алмайсың, әрі оќулықтық соцында оған жауап таба алмайсың. Балалармен қарым-катынас жасау, олардык оку жұмысы мен өнімді еңбегін, коғамға пайдалы іс-әрекеті мен кәңіл көгеруін ұйымдастыру арқылы мұғалім олармен тікелей бірлесіл эрекет етіп, еңбекке, білімге, жолдастарына, мектепке деген көзкарасын, мінез-қүлқы мен қылығын ойлауы мен ерік-жігерін танып біледі. Осы бақылаулардың өзі педагогикалык міндеттерді қоюдың негізіне айиалады. Педагогикалык міндетті дұрыс қою үшін тәрбиеленушілерді жақсы таньш білуің, өз қызметіңнің нақты мақсатын белгілей алуың қажет. Әрбір мұғалімнің тек өзіне ғана тэн «педагогикалык міндеті» болады — бұл оыың окушысының өмірі.
Педагогикалык міндет койылғаннан кейін педагогикалық ықпал әдістерін жобалау кезеңі басталады, яғни мұғалім балалармен алдагы практикалык жұмысты жоспарлайды. Мұндайда онын, басты көмекшісі — педагогиканы, психологияны, оқыту және тэрбиелеу методикасын білу. Шығармашылыкпем жұмыс істейтін мұғалім жаңа, әдеттен тыс шешім кабылдауга, іс-эрекгттің барлық жағдайын барынша толық пайдалануға, балалардың мүмкіндігі мен кажетін ескеруге тырысады. Ғылым мұғалімге тым көп те, тым аз да береді деуге болады. Тым кеп дейтініміз — нақты педагогикалық жағдайда шешім қабылдау үшін ондағы берілгеннің барлығын пайдаланудын, кажеті болмайды. Тым аз дейтініміз — мұғалімнің нақтылы педаго-гикалык міндеттерді шешуіне кажеттінін барлығын бере алмайды жэне беруі де мүмкін емес.Сан алуан педагогикалык міидеттерді үш үлкен топқа бөлуге болады: стратегиялык, тактикалықжәне оперативтік.
Сгпратегиялыц міндегптер — бұл ең ірі, ең үлкен міндеттер, оны шешу тәрбиеленушілердің жеке басында, олардың өмірге, еңбекке, бір-біріне деген карым-катынасында елеулі өзгерістер тудыруы тиіс. Мұндай міндетті шешу — демек педагогикалық мұраттын белгілі бір шебіне жуықтау деген сөз. Ол үшін педагог тәрбиелік ыкпалдың тұтас жүйесін жобалайды. Стратегиялық міндеттерді шешу көп жағдайда ұзақуакытты қажететеді.
Стратегиялык міыдет тактикалыќ міндет жүйесі аркылы нақтыланады, ал оны дэйекті шешу алға койылған стратегиялық иақсатты камтамасыз етуі тиіс. Мәселен, саналы тэртіпке тәрбие-ленумен жүмыс істей отырып, класс жетекшісі мынадай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: окушылардың оку тапсырмасы мен қоғамдык тапсырманы тиянақгы орындауына баулу; тәртіп бұзушылыкка жол берілмейтіндей етіп оку жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; окушылар коллективінде тэртіп бұзушылықтың барлық жағдайына белсенді қоғамдық пікір туғызуды қалыптастыру; осы жұмыстарға окушылардың ездері басшылық ету ролін арттыру т. б. Бүл міндет-терді шешу ушін педагог класпен жэне жекелеген оқушылармен міндет жэне жауапкершілік туралы эңгіме, диспут еткізуді, ата-аналар жиналысын шақыруды, осы бағытт^ онық класында сабак беретін бүкіл мұғалімдер жұмысьш үйлестіруді, қамкорлыкка алған кәсіпорынның еңбек ұжымымен ынтымактасу мүмкіндігін қарасты-руды т. б. жоспарлай алады. Іс-әрекеттІ жоспарлаудан оны тікелей орындауга көшу — бұл тактикалық міндеттен оперативтік міндетке ауысу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында өзін тану, өзіые-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, кажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.Оқу еңбегінің басты ерекшеліктерінің бірі — тұтыну еңбегі деп аталады, соньмен қоса еңбек кең ұғымда алғанда жасампаздык еңбек. Егер адам өзінің саналы өмірінің елеулі белігін дэл осы тұтыну еңбегіне — оқушылардың білім алуыпын. кез келген сатысындағы басты еңбегіне— жұмсамаса, онда қоғам прогресін камтамасыз ету мүмкін емес. Оқу енбегі қаншалықты саналы жэне гиімді ұйымдастырылса, болашақ қызметкердің кез келген саладағы еңбек өнімділігі де едэуір мөлшерде соған байланысты болады.Оку еңбегінің екінші ерекшелігі — оның жоғары дәрежедегі әр алуандығы. Әдетте, кез келген маманданған еңбек тіпті нағыз творчестволық еңбектің өзі? ондағы пәндік мазмұнға бағындырылған, ал ондағы эр түрлі курстарды оқып-үйренетін студент сан алуан жалпы оқылатын жэне нақты окылатып іскерлік пен дағдыны игеруіне тура келеді. Осыған орай оку іскерлігін — жалпы жэне арнайы мамандықтың кең ауқымдағы әте күрделі жәнеде сонымен қоса аса қажетті, эрі накты міндеттерді мүмкіндігінше жоғары деңгейде меңгеруді қажет етеді. Күнделікте өзіңіздід балалармен, олардын ата-аналарымен жүргізген жұмы-сыңызды, мектеп педагогтарымен кездескеніңізді жаза отырып, сіз оны мамандықты өзідціе талдаудын, құралы ретінде пайдалана аласыз. Болашақ маманның қалыптасуында мамандықты өзінше талдаудың зор ролі бар. Өзіңше педагогикалык талдау, әрине, табыс пен сэтсіздік фактілерін тіркеу ғана емес, оның міндеті — ондағы накты, шынайы себептерді ашу. Міне, осыны шешуде педагогикалық бақылау күнделігі жәрдемдеседі және де онда тек осы фактілер гана емес, оның себептері, оны жан-жақты талдаудың нәтижелері туралы да ойларыңыз тұжырымдалуы тиіс. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Педагогикалық тәжірибелілік дегеніміз не? Бұл тәрбнешінің басынан кешкен тәрбиелеу факторының көптігі немесе аздығы. Алайда, егер осы фактілер тек факт күйінде ғана қалса, онда бұл, эрине, тәжірибелілік емес. Оның өзі тэрбиешінің ойында эсер етуі, онда өзінід сипаты жағынан жіктелуі, жинақталуы, ой туғызуы жәнеде фактінің өзі емес осы ой педагог-тыңтэрбиелік іс-эрекетінің ережесіне айналуы тиіс».
Педагогнкалық тәжірибелілікті бұлайша ұғыну, кейбір мұғалімдер практикалык жуммста мол тәжірибесі бола тұра,
озінің педагогикалық қызметінде ойдағыдай нәтижеге жетпеу себебін түсінуге мүмкіндік береді. Әрбір мұғалімнін, мектепте шешуге тура келетін міндеттері қоғамнын нақты дамуыныц, өз азаматтарының білімділігі мен тәрбиелік талабының, мектеп қызметінің деңгейін айқындайды. Мұғалімнің шығармашылық ізденісі мектепке деген қоғам қажетін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.Қажымас еңбегі, үнемі ізденісі, балаларды шынайы жақсы көруі жэне мектепке деген адалдығы — мұғалім-шеберлердің көрнекті жетістігінің қайнар көзі. Олардың барлығына тән қасиет — оқушыларына деген шьнайы демократизмі, өз пәнін терең білетіндігі, өте жоғары шығармашылық белсенділігі және қоғам алдындағы, халык алдындағы өз еңбегінің нэтижесіне деген жауапкершілік сезімі. Алайда нағыз тәжірибелі, эрі іскер педагогтың өзі жеткен жетістігіне мастануға хақысы жоқ. Мектептегі эрбір жаңа күн, жаңа проблемалар экеледі, шығарма-шылық ізденісте жаңа бағыттар береді. Жекелеген мұғалімдердің педагогикалық тэжірибелері мұғалімдердің ұжымдык тэжірибесіне, олардың, ұжымдық ақыл-ойына кұйылады жэнеде жоғары оқу орындарында кэсіптік даярлық процесінде оқыту мен тэрбиелеудің теориясы мен методикасы түрінде болашақ мұғалімдерге беріледі. Алайда жанды педагогикалык өмір кез келген толық жэнеде жетілдірілген теорияға қарағанда әрқашанда анағұрлым кең эрі бай, сондықтанда мұғалім жұмысында педагогикалық тәжірибемен тікелей танысудың зор маңызы бар. Газеттер мен журналдарда жариялаиған мақалалар, радио мен теледидардан берілген хабарлар, деректі жэне ғылыми-көпшілік филымдер, озат мұғалімдер, педа-гогикалық еңбектер туралы кітаптар — педагогикалық ғылым мен практиканың озық жетістіктері туралы таптырмайтын білім көзі. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, балалар өмірін терең білетін және түсінетін педагог өз тэрбиеленушілерінің жадында қызмет етудің, азаматтық өнегеліліктің, нағыз адамның, үлгісі ретінде мәңгі сақталады. Мұғалім — бұл эдеттен тыс қалай естілсе де — болашақтан бүгінгі күнге келген елші жэнеде өз іс-эрекетінің болашаққа қызмет ететінін түсінгенде ғана, ол өзінің кэсіптік міндетін ойдағыдай шешетін болады.
Бұгінгі окыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибее еніп нәтижелер беруде.Әсірісе шетел тілі мұғалімдері мектептегі жанару процесін кызу қолдап, жаналыктарды жылдам бесенділік танытуда. Қазіргі күнгі мектеп бағдарламасына мүғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана коймай, акыл- ойын, кабілеттін дамытуы, оќи алуға үйретуі керек деген міндеттер кояды. Дамыта окыту идеясының ұзаќ тарихы бар.Ерте кезден бастап -ак ойшылдар білім мен аыл- ой тәрбиесінің ара - ќатынасын, олардың дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашкы дидактиканың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланын келбетіне , акылының касиеттеріне, мінез күлық- ерекшелктеріне сүйене отырып, онын ойынын және тілінін дамуын камтамасыз етуді койған. Баланын акыл- ойын дамыту үшін кабілетін дамыту олардын білімге кұштарлығын оятып, лаулата түседі. Көп білгенімен ешкандайда шығармашылык кабілеггін, байкалуы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жаксы білетін ғылым саласында да жана жағдайлардын, кұбылыстардың шешімін өз бетінше таба алмай киналатын сәттер адамдар адамдар басынан жиі өтеді. Бұл ќалыптан тыс ойлай алмаудын салдары.
4. Бақылау сұрақтары:1. Шығармашылык бұл іс-эрекет.
2.Жобалау кезеңі.
3.Сгпратегиялыц міндегптер.
4. Тактикалыќ міндет.
5. Оперативтік міндет.
5.Студенттің үй тапсырмасы: Педегогикалық – шығармашылық туралы түсінік.
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Педагогикалық жаңашылдық мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейі ретінде.
СӨЖ тақырыбы: М±ѓалімніњ µнегелілік мідениеті.
7. Әдебиеттер тізімі:
1.Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
2.В.А.Сухомлинский: Балаға жүрек жылуы. Алматы – 1983ж
3.Қ.Жарықбаев, С.Қалиев . Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995ж
4.С.Әсілов. Ы.Алтынсарин. ұлы ағартушы. Алматы – 1983ж
10-Сабақ.
1.Сабақтың тақырыбы: Мұғалім педагогикалық қызмет субъектісі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |