Л.Ормонбекова, Ормонбеков Ж. «Стратегия Европейского Союза для Центральной Азии» www. Gazeta. кz.
Аннотация
В данной статье обозначены главные проблемы Центральной Азии, который является важным геостратегическим и геоэкономичеким регионом. А также проанализированы причины и их вероятные воздействие на будущее развитие ЦА. Акцентируясь на развивающее сатрудничество Европейского Союза с Центральной Азией определены возможные пути их решения.
Ключевые слова: Центральная Азия, Европейский Союз, геополитика, конфликт, безопасность, социальные проблемы, деморкация, демократия, терроризм, нарко-траффик, Афганская проблема, анализ, предположения.
Abstract
In this article the main problems of Central Asia which is the important geostrategic and geo-economic region are designated. And also the reasons and their probable impact on future development of CA are analyzed. Being accented on developing cooperation of the European Union with Central Asia possible ways of their decision are defined.
Keywords: Central Asia, European Union, geopolitics, conflict, safety, social problems, demarcation, democracy, terrorism, drug traffic, Afghan problem, analysis, assumptions.
Шахабаева Л.М.,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ- дың
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану кафедрасының студенті
Ғылыми жетекшісі
Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ- дың
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану кафедрасының
доценті, т.ғ.к. Қилыбаева П .К
Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы мүддесі
Ұзақ уақыт бойы ЕО Шығыс Еуропаны интеграциялау үрдісінде маңызды орын алды, ал Орталық Азияда айтарлықтай мүддесі болмады. Оның қазіргі әріптестікке ұмтылуының себебі не?
Тарихқа үңілсек, Орталық Азия ерте кезден-ақ Шығыс пен Батыстың назарында болған. Бұл аймақтың Еуропа және Азия мемлекеттерін жалғастырып тұрған геосаяси және геоэкономикалық орналасуымен тікелей байланысты. Дәл осы аймақпен Қытай мен Үндістанннан Еуропаға тартылған Ұлы Жібек Жолы өткен еді. Ал қазіргі таңда ұмыт қалған сол жолды қайта жандадыруға күш салынуда. Егер Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған Ұлы Жібек Жолы қалпына келтірілсе, аймақ мемлекеттерінің экономикалық потенциалы артар еді.[1.165]
Соңғы жылдары орын алған Ауғанстан, Әндіжан оқиғалары, Қырғызстандағы қызғалдақ көтерілісі әлем назарын Орталық Азияға аударды. Геостратегиялық орны мен құнды қазба байлығы аймақтың геосаяси жағдайын әлемдік дәрежеде көтерді. Ұзақ уақыт бойы аталмыш аймақ үшін ЕО арнайы саясаты болған жоқ, себебі ЕО мемлекеттерімен ОА географиялық шектеспейді және ол еуропалық саясат аумағына кірмейтін еді. Ал қазіргі таңда табиғи қорына байланысты ЕО алдындағы ОА маңызы артып келеді.
Аймақтық және жаһандық, сонымен қатар әрбір елге қатысты мақсаттар ЕО пен Орталық Азиямның әріптестігі тәсілін қалыптастырады. Екі тарап ықпалдастығындағы ЕО мақсаттары келесідегідей жіктелуі мүмкін:
-
Аймақ мемлекеттерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
Кедейлікті жою мен өмір сүру деңгейін көтеруде көмек көрсету;
-
Орталық Азия мен ЕО арасында,әсіресе энергетика, көлік, жоғары білім беру және экология салаларында әріптестікті дамыту мен жақсарту.
Ал мүдделеріне келер болсақ аймақтағы ЕО саясатының экономикалық құрамдас бөлігі сөзсіз саяси мүддеден артық болып тұр. Ендігі кезекте осы қызығушылықтарды толық қарастырсақ:
Энергетикалық мүдде. Бәрімізге анық, ЕО-тың энергоқорларға зәру болуы, оларға бағаның үш есеге дейін өсуі, Ресей мен Украина арасындағы газ жанжалы Еуропалық Одақты энергия көзімен қамтамассыз етудің басқа жолдарын іздестіруге мәжбүрлеген болатын. Тіпті энергияның жетіспеушілігі бұл мәселені жеке кәсіпкерлік мүдделері аясынан мемлекеттік мүдде мен Еуропалық Одақтың саясатына айналуына алып келді. Сондықтан да Брюссель Орталық Азияға қатысты бірнеше бастамаларды алға тартты. Аталмыш бастамалар өз ішіне экономикалық, әрі саяси мүдделерді біріктіреді. Дегенмен көп жағдайда экономикалық құрамдас бөлік саясидан әлдеқайда асып түседі.
ЕО мемлекеттерінің энергетикалық саясаты көршілес мұнай-газ импортының негізгі көзі болатын Орталық Азияның Каспий теңізі секторында шоғырланған. ЕО «Дружба» секілді жұмыс істеп тұрған көмірсутектерді Чехия, Германия және Австрияның өңдеуші кәсіпорындарына жеткізетін мұнай құбырларын пайдаланып қоймай, Каспий теңізі қайраңындағы мұнай өндірісінде белсенді қатысуға да мүдделі болып отыр. Орталық Азияның және Каспий маңы мұнай және газын өндіруде қатысым алатын компанияларға Shell (Голландия), TotalFinaElf және Schlumberger (Франция), ENI және Agip (Италия), British Petroleum және Lasmo (Ұлыбритания), REPSOL (Испания), Wintershall (Германия), Petrom (Румыния) және Statoil (Норвегия) жатқызуға болады.[2]
Ірі экономикалық одақ бола отырып, ЕО әлем энергоқорлар көлемінің шамамен 16%-ын пайдаланады екен. Энергия тасымалдаушылардың ішінде негізінен ЕО үшін қызығышулық білдіріп отырған әрине мұнай мен газ болып табылады. Қазіргі таңда ЕО-тың жылу-энергетикалық балансында көмір үлесі су-энергетикалық қорлар сияқты елеусіз десек, сірә қателеспейміз. Өз кезегінде атом энергиясы ЕО-тың кей мемлекеттері экономикасы үшін айтарлықтай маңызды болса да, оның үлесі көмірсутектерден аса қойған жоқ. Оның үстіне, экологиялық апаттардың қаупі жоғары болғандықтан, Еуропадағы атом энергетика саласының болашақтағы дамуы туралы дөп басып айту да қиын және көтеген еуропалық мемлекеттер әлі күнге дейін Чернобель синдромын еңсере қойған жоқ. Оның айқын дәлелі ретінде сол Чернобель апатынан бері осы күнге дейін Еуропада атом энергиясын өндіру үлесі өспегендігін айтуға болады. Сонымен қатар, ЕО-та «жасылдар» ұстанымы күн санап орнығып келеді және қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану саясатына қолдау көрсетушілер саны артуда.
Еуропаның энергетикалық балансында көмірсутектер басымдық танытқанымен, ЕО елдеріндегі мұнай мен газдың қоры (негізінен Солтүстік теңіз қайраңында шоғырланған) еуропалық қажеттіліктері фонында елеусіз болып отыр. Оның үсінде бұл қажеттіліктер жақын болашақта артатыны сөзсіз. ЕО аумағында мұнай қоры әлемдік қордың тек 0,2%, ал газ 1,4% ғана құрайды. Қазіргі таңда бұл аумақта жылына 163 млн тонна мұнай (ішкі қажеттіліктің 18% ғана жабады) және 193 млрд м3 газ( шамамен 37% қажеттілікті өтейді) өндіріледі. Ал өз кезегінде ЕО 900 млн. тонна мұнай және 500 млрд текше метр газ пайдаланады, бұл 300 млрд м3 газ бен 700 млн тонна мұнайды шет мемлекеттерден импорттайды деген сөз.[3]
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйенсек ЕО көмірсутекті импорттау қажеттілігі әлі үлкен және бұл көрсеткіштер болашақта өспесе, азаймайтыны анық. Ол қаржы- экономикалық дағдарыс салдары мен еуропалық экономиканың тұрақты даму траекториясына шығуымен байланысты болмақ. Оның үстіне аталмыш қажеттілік ХХІ ғасырдың басындағы аумғында энергия қорлары жоқ, сонау Кеңестер Одағы кезінде қалыптасқан энергияны көп қажет ететін экономиканы мұра еткен Шығыс Еуропа мемлекеттерін Одаққа қосуымен өсті. Аталмыш мәселе Шығыс Еуропа мемлекттерінің энергия сақтаушы технологиялардың болмауымен де қиындай түсті.
ЕО-тың көмірсутектерді пайдалануы жөніндегі болжамдар әр-түрлі. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталмай тұрып, яғни Еуропалық экономиканың серпінді дамып тұрған шағында 2020 жылы ЕО 1,2 млрд тонна кем емес мұнай мен 800 млрд текше метрдей газ пайдаланады деп болжанған болатын. Оның үстіне Солтүстік теңіз қайраңындағы көмірсутектер қоры күн санап азайып келеді және үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдығы ортасынан бері Еуропа мұнай мен газын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Дегенімен әлемдік, әсіресе ЕО-қа айтарлықтай әсер еткен дағдарыс, оның артынан ұласқан аталмыш аймақтағы экономикалық белсенділіктің кенеттен төмендеп кетуі және көмірсутекке деген сұраныстың азаюы алдыңғы болжамға біршама өзгертулер енгізіді. Қазіргі таңда 2020 жылы ЕО 525 млрд текше метр газ бен( 2009 жылмен салыстырғанда 60% жоғары) және 810 млн тонна мұнай (2009 жылмен салыстырғанда 9,5% жоғары) импорттауы керек болады деп жобалануда.
Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты ЕО қосымша энергия көздерін қарастыруға аса мән беруде. Соның бірі Орталық Азия болып табылады. Ал осы аймақтағы ЕО мүдделері негізінен Қазақстанда шоғырланған.
Қазіргі таңда Қазақстан энергетика саласында Еуропа компаниялары үш үлкен жобаға ден қойды: 1)Қарашығанақ (халықаралық Karachaganak Petroleum Operating b.v. консорциуымы құрамындағы «Қарашығанақ» кен орнын игеру); 2) Солтүстік Каспий ( Agip KCO халықаралық консорциумы құрамындағы «Қашаған» кен орны, ол кейінірек North Caspian Operating Company деген атпен қайта жасақталды); 3) «Теңіз-Новоросийск»(Каспий құбыр консорциумы құрамында) мұнай құбырын салу мен оны пайдалану. Сонымен қатар ЕО еліміздегі уран өндірісін дамытуда да ат салысып келеді.[4]
Ал Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан жылу энергетикалық комплекстеріндегі еуропалық қатысым көлемі елеусіз және ЕО пен еуропалық бизнес үшін де, аталмыш аймақ мемлекеттері үшін де аса маңызды емес. [5]
Ал Қырғызстанға қатысты Еуропалық Одақ байыпты, сақ саясат жүргізуге тырысады. Әрі экономикалық, әрі саяси салада әлсіз Қырғызстан белгілі бір дәрежеде ЕО үшін Ауғанстан, Тәжікстан және Қазақстан арасындағы аралық зона қызметін атқарып тұрғандай.
Орталық Азиядағы ең бір қауіпті аймақ ретінде Тәжікстан саналады. Әлемдегі халықтың өмір сүру деңгейі өте төмен, бұрыннан бері келе жатқан мәселелердің бірі есірткі саудасы, ислам радикализмі әлі күнге дейін тәжік қоғамында сақталып келеді. Сондықтан да ЕО мемлекеттері аймақ қауіпсіздігін дамыту мақсатында елдегі демократия мен адам құқықтарын, экономиканы көтеруге мүдделі болып отыр. Тәжікстанда әлі де болса, Ресейдің ықпалы басымдық танытқанымен, ЕО елдерімен де әріптестік күн санап дамып келеді. Оның дәлелі ретінде Тәжікстан президенті Э.Рахмонның 2011 жылғы Еуропа мемлекетеріндегі алты күндік сапарын келтіруге болады. Сапар барысында Еуропарламенттегі сөзінде Э.Рахмон елдің қазіргі жағдайы туралы шер тарқатып, парламент депутатарының біраз сұрақтарына жауап берген еді. Тіпті екі тарап Вена қаласында «Тәжікстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық статусы жайында» келісімдер жасасқан да болатын.
Түркіменстан ЕО-ты экономикалық салада қызықтырып отыр. Сапармұрат Ниязов саясаты ешқандай демократия, транспаренттілік режимін орнатуды дәріптемесе де, ЕО пен Ашхабаттың мұнай мен газ саласындағы әріптестіктен түсіріп отырған экономикалық пайдасы саяси мәселердегі келіспеушіліктердің бетін жауып тастағандай күй кешіреді.
Потенциалды өндірістік базасы болғандықтан ЕО Өзбекстанға қатысты экономикалық мүдделерін алға тартып отыр. Дей тұрғанмен, И. Каримовтың жартылай авторитарлы басқару формасы мен сыртқы әсерден экономкалық тұйықтығы ұштасып, ЕО-тың Ташкентпен экономикалық та, саяси да диалогты дамытуға еш мүмкіндік бермей отыр.[6]
Жалпы екі аймақ әріптестігін дамытудың болашағы бар. ЕО-тың Тәжікстандағы елшісі Эдуард Аурероның сөзіне сүйенсек, бәрінен бұрын ЕО-ты Орталық Азиямен экономикалық, сауда байланыстары, сонымен қатар аймақ ішінде және халықаралық деңгейде өзара әрекеттестік қызықтыруда. Оған бірлік, адам құқықтары, демократия және қауіпсіздік мәселелрді қосылып отыр. Қазіргі таңда ЕО пен ОА елдерінің қатынасы жақын көрші принципіне сәйкес орнаған. Және осы саясат болашақта да жалғасын таппақ.
Әдебиеттер:
-
Н.Алдабек «Ұлы Жібек жолы және қазіргі замандағы Орталық азиядағы интеграциялық үрдістер», Ақиқат №12, 2008 ж
-
N.Kassenova, “ Promises and hurdles in EU- Kazakhstan energy cooperation”, EUCAM, 2001
-
А. Строков, В.Парамонов «К оценке энергетической политики Евросоюза, роли и места в ней Центральной Азии», Центральная Азия, 05.04.2011 г
-
А. Строков, В.Парамонов «Европейское присутствие в Карачаганакском проекте Казахстана. 1 часть», Ценральная Азия 2011 г
-
А. Строков, В.Парамонов «Европейское присутствие в энергетике Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана: общие направления, перспективы и риски», Центральная Азия 06.03.2012 г
-
А. Садыков «Горячее лето 11-го (по итогам визита Э.Рахмона в страны Евросоюза и встречи президентов РФ и РУ)» 20.06.2011 г
-
В. Наумова «В Душанбе открылся Региональный политический диалог между Тройкой ЕС и странами Центральной Азии», Азия Плюс 29.05.2009
Хабаршы № 1-2 (5-6) 2012 Вестник
|
Проблемы востоковедения, тюркологии и методики преподавания иностранных языков
Абдуақап Қара,
т.ғ.д., Минан Синар атындағы
Өнер университетінің профессоры
Стамбул қ. Түркия Республикасы
Түркі әлемінің ынтымақтастығы кезеңінде ортақ тіл мен әліпби мәселесі
Түйін
Түркі әлемі 20 жылдық ынтымақтастық кезеңінде TÜRKSOY (Түрік тілінде сөйлейтін аймақтардың Парламентік Ассамблеясы), Түрк Академиясы, Ақсақалдар Кеңесі, Түркі мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесі, Түркі әлемі аймақтарының бірлестігі сияқты маңызды да ұйымдар өмірге келді. Дегенмен, Түркі әлемі ынтамықтастығының үлкен саяси ұйымдарындағы ортақ түсіністік пен жақындасу, ортақ тіл табысу өкінішке орай, Түркі халықтарының арасында жалғасын таба алмай отыр. Яғни, Түркі әлеміндегі жоғары халықтардың жақындасуы мен ынтымақтасуы саны аз халықтардың өзара еркін түсінісуінде қиыншылықтар болып отыр. Бұндай келеңсіздіктердің болмауы үшін түркі халықтарының арасындағы байланыстыты арттыру керек. Бұның ең басты жолы ортақ тіл мен ортақ әліпбиді қолдану болып табылады.
Кілтті сөздер: Түрік Әлемі, Түркия, Қазақтан, Түркі әлемі Кеңесі Түркі мемлекеттерінің Саммиттері
1991 жылы бұрынғы түркі тілдес Кеңестік республикалардың тәуелсіздіктерін жариялауы мен түркі дүниесі деген ұғым пайда болды. Содан бері өткен 20 жылда түркі дүниесінде әр салада ынтымақтастық орнату жайында іс-әрекеттер жалғасып келеді.
Бұлардың арасында ең маңыздысы және жоғары дәрежелі іс-шара түркітілдес елдер мемлекет басшыларының кездесулері болып табылады. Түркі тілдес мемлекет басшыларының тұңғыш жоғары дәрежелі кездесуі 1992 жылы 30 қазан күні Анкарада болып өтті. Содан бері тоғыз кездесу тагы өткен. Атап айтқанда:
2. Саммит: 1994 жылы, 20-21 қазан (Стамбул)
3. Саммит: 1995 жылы, 28 тамыз (Бішкек)
4. Саммит: 1996 жылы, 21 қазан (Ташкент)
5. Саммит: 1998 жылы, 9 маусым (Астана)
6. Саммит: 2000 жылы, 8 сәуір (Баку)
7. Саммит: 2001 жылы, 26 сәуір (Стамбул)
8. Саммит: 2006 жылы 17 қараша (Анталия)
9. Саммит: 2009 жылы 3 қазан (Нахечиван)
10. Саммит: 2010 жылы, 15 қыркүйек (Стамбул)
Енді келесі кезектегі 11- кездесу биыл Астанада өтпек.
Бұдан басқа түркі дүниесінің ынтымақтастығы мен өзара түсіністігін нығайту барысында министрліктер деңгейінде кездесулер өтті. 1992 жылдың мамыр айында түрік тілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің тұңғыш бас қосуы Стамбулда өтті. 19-20 Маусым 1992 күндері Стамбулда өткізілген жиналысқа Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикаларының мәдениет министрлері қатысты. Онда ортак тіл мен алфавит мәселесі алғаш рет ресми түрде көтерілді. Сондай-ақ басқосуда экономикалық және саяси байланыстарға қоса мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығы сөз болды. Бұл туралы мақаласында Миллиет газетінің тілшісі Намык Қочақ түркілердің мәдениет министірлерінің Стамбулда бас қосқандарын, бірақ бірінің тілін бірі ұқпағандарына назар аударды. Сондықтан кездесуде түрік республикаларында қолданылған 300-500 арасындағы ортак қолданылған сөздерді анықтап “Эсперанто” сияқты бір тіл пайда ету сөз болған [1]. Олардың бас қосулары 1992 жылдың 30 қараша – 2 желтоқсан Бакуда одан әрі жалғасты. Мәдениет министрлерінің 1993 жылдың 9 – 14 шілдесінде Алматыда өткен үшінші бас қосуларында түркі дүниесінін мәдениет және өнер аланындағы ынтымақтастығын нығайту барысында нақтылы қадам басылып түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сы ретінде қысқаша ТҮРКСОЙ деп аталатын түрік тілдес елдер мәдениет және өнер ортақ басқару ұйымы дүниеге келді.
Осы тарихи келісімге Азербайжан мәдениет министрі Полат Бұлбұлоғлы, Қазақстан мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиев, Қырғызстан мәдениет министрі Даниал Назарматов, Өзбекстан мәдениет министрі Зафар Хакімов, Түркменстан мәдениет министрі Гелдімұрад Нұрмұхаммедов, Түркия мәдениет министрі Фикри Сағлар қол қойды. Кейін осы ұйымға бақылаушы мүше ел статусымен Ресей Федерациясының құрамындағы Алтай, Башқұртстан, Хакас, Сақа (Якутия), Татарстан, Тыва сондай-ақ Молдова құрамындағы Гагаузия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы қосылды [2].
Түркі дүниесінде ынтымақтастық орнату барысында сондай-ақ азаматтық ұйымдармен ғалым, мәдениет қайраткерлерімен іскер азаматтардың көптеген басқосулары іске асты.
Бұлардың ішінде ең маңыздыларынан бірі “түркі тілдес мемлекет және қауымдастықтары достық бауырластық және ынтымақтастық құрылтайлары” еді.
Түркиялық саяси қайраткер Алпаслан Түркештің бастамасымен 1993 жылдың наурыз айында әлемде жалпы түркі халықтарының тұңғыш құрылтайы Анталияда өткізілді. Бұл кейін үрдіске айналды. 1993 жылы, Түркі ұлыстарының ұлы күні 21-22 наурыз күндерінде ұйымдастырылған осы орайдағы тұңғыш құрылтайға Балқан түбегінен Қытай еліне дейінгі кеңістікте орналасқан бүкіл түркі халықтарының азаматтық ұйымдар өкілдері, жазушы, ғалымдары және саясаткерлерінен 800 адам қатысты. Түрік халықтарының өзара түсіністігі мен ынтымақтастығының қалыптасуында ерекше маңызға ие осы жиналысқа Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан сынды тәуелсіз мемлекеттердің президенттері, кейбір министрлер, саяси партиялардың жетекшілері, ғалымдары мен жазушыларымен қатар, Башқұртстан, Татарстан, Гагаузия, Қарачай, Малқар, Дағыстан, Алтай, Тува, Хақас, Сақа, Тофа, Толға, Шор, Ирак түркмендері, Болгария түріктері, Батыс Фракия түріктері, Иран Азербайжан халқы, Сирия түріктері сынды түрік тілдес автономиялық республикалар мен қауымдастықтардың да өкілдері шақырылды. Бұл, мұндай кеңкөлемде түркі халықтарының тарихта тұңғыш бас қосуы еді. Сан жылдарден бері байланысы үзілген халықтар алғаш рет осы құрылтай аясында бас қосып өздерінің мәдени, саяси ерекшеліктері туралы түсіністік беру үшін жұмыс істеді. Бұл жұмыстар бес комиссия аясында іске асты. 1. Тіл және әліппе комиссиясы, 2. Мәдениет комиссиясы, 3. Оқу және білім комиссиясы, 4. Экономика және технология комиссиясы, 5. Саясат және құқық комиссиясы [3]. Құрылтайдың мақсаты туралы мәлімет берген ұйымдастыру комитетінің төрағасы А. Халұқ Чай негізгі мақсаттарының түрік тілдес мемлекет және қауымдастықтарының өкілдерінің басын бір жерде қосу дей келе сөзін былай деп жалғастырды: “Бұл құрылтай түрік тілдес мемлекет және қауымдастықтар арасындағы достық, бауырластық және ынтымақтастықты нығайту, өзара байланыстарға жалғастылық беру сондай-ақ осы елдердің тәуелсіздік, демократия, зайырлылық, құқықтың үстемдігі, дін және сенім бостандығы сынды негізгі құндылықтардың тез арада қанат жаюына көмектесу мақсатында ұйымдастырылып отыр” [4]. 20 жыл ішінде осындай 12 құрылтай өткізілді. Олар І-құрылтай Анталия, 1993 жылы 21-23 наурызда, ІІ- құрылтай Измирде, 1994 жылы 20-23 қазанда, ІІІ- құрылтай Измирде, 1995 жылы 30 қыркүйек – 2 қазанда, ІҮ- құрылтай Анкарада, 1996 жылы 24-26 наурызда, У- құрылтай Стамбул, 1997 жылы 11-13 сәуірде, ҮІ- құрылтай Бұрса, 1998 жылы 20-22 наурызда, ҮІІ- құрылтай Деңізлі, 1999 жылы 2-4 шілдеде, УІІІ- құрылтай Самсұн, 2000 жылы 14-25 наурызда, ІХ- құрылтай Стамбул, 2001 жылы 21-23 желтоқсанда, Х- құрылтай Анталия, 2006 жылы 16-18 қыркүйекте, ХІ- құрылтай Баку, 2007 жылы 17-19 қарашада. Бұл құрылтайлардың түркі дүниесіндегі ғалым, жазушы, ақын, өнерпаз, саясаттанушы сынды зиялы қауым өкілдерінің пікір алмасулары үшін пайдалы болды.
1995 жылдан бастап Түркияда Түркі дүниесінін ұлы мерекесі наурыз тойлана бастады. Бұл үшін Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлері атап айтқанда Азербайжан мәдениет министрі Полат Бүлбүлоғлы, Қазақстан мәдениет министрі Талғат Мамашев, Қырғызстан мәдениет министрі Чолпанбек Базарбаев, Түркия мәдениет министрі Тимұчин Сауаш, Татарстан мәдениет министрі Марсел Мазгазович, Башқұртстан мәдениет министрі Һаляф Исмұратов Түркияның Абант қалашығында бас қосып түркі достық және бейбітшіліктің символы ретінде наурыз алауын тұтатты. Түрік үкіметі биылдан бастап наурыздың ресми түрде мерекеленетінін жария етті. Белгілі болғанындай, түркі халықтарының осы ұлы мерекесі ХХ- ғасырдың алғашқы ширегінде түрлі себептерге байланысты түркі елдерінде мерекеленуден қалған еді. Ол Орта Азиялық елдерде 1988 жылдан бастап қайта тойлана бастады. Түркияда болса, 1989 жылдан бастап наурыз мерекесін құттықтай бастады.
Түркі дүниесінің осы ортақ мерекесі 1995 жылы алғаш рет бүкіл түркі дүниесінен келген өкілдермен тойланды. 1995 жылы Анкарада өткен түркі мәдениетінде наурыз халықаралық ғылыми конференцияға көптеген адам қатысты. Бұл кейін үрдіске айналды. Осындай төрт мерекелік шара тағы ұйымдастырылды: Анкарада 1996 жылы, Елазығта 1999 жылы, Сиуаста 2001 жылы, Диарбакырда 2002 жылы. Осы конференцияларда көбінесе наурыз мерекесінің тарихи, мәдени ерекшеліктері, оның әрбір түркі халқында қалай атап өтілетіні айтылды. Осы мерекелік шараларда жасалған наурыз туралы баяндамалардың жинақтары кітап ретінде жарық көрді. Сондықтан бір бағытта қайталанған жағдайда өткен осы мәнді шара тоқтап қалды. Бұған жаңа мазмұн беріп жалғастырған дұрыс еді. Атап айтқанда түркі халықтарының жаңа жылының басы саналатын осы білім мерекесінде өткен жылдағы түркі дүниесінде барлық білім салаларындағы жетістіктер сараланып озық болғандары марапатталып жүлде берілген бір дәстүрге айналса, оның қызықты да қажетті бір мерекеге айналуы әбден ықтимал еді.
Міне осындай көптеген ұмтылыстардың арқасында бүгінгі танда түркі елдер арасында ТҮРКСОЙ, ТүркПА (Түркі Тілдес Елдер Парламенттік Асамблеясы), Түрік Академиясы, Ақсақалдар Кеңесі, Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесі, түркі дүниесі қала әкімшіліктері одағы сынды бір қатар ұйымдары құрылып жұмыс жүргізе бастады.
Алайда түркі дүниесіндегі ынтымақтастықтың жоғары саяси орындардағы түсіністігі мен ынтымақтастығының дәрежесі түркі халықтарымен ғалымдары арасында байқалмайды. Басқаша сөзбен айтқанда түркі дүниесінін жоғарғы буындарындағы болып отырған ынтымақтастық төменгі буындарда және азаматтық ұйымдарда орнаған жоқ.
Біз мұның басты себебі ретінде тілдік түсіністік құралдарының жоқтығымен байланыстырамыз. Сондықтан көптеген жиналыстар ағылшын, орыс сынды түркі емес тілдерде өтуде немесе ілеспе аудармашылар қызмет көрсетуге мәжбүр болуда. Сондықтан түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін де тілде және пікірде бірлікті қамтамасыз ету қажет.
Бұл үшін әсіресе алфавит бірлігі өте маңызды болып отыр. Бірақ түркі дүниесінің ұзақ жылдардан кейін қайта бір-бірімен табысып қауышуына 20 жылдай уақыт өтсе де ортақ алфавит мәселесінде нақтылық адамдардың жасалмағаны байқалады. Алайда түркі дүниесінің тілші ғалымдары бұл мәселенің маңыздылығын әу баста түсініп Кеңес Одағы тарқамай жатып бас қосқан алғашқы жиналыстарында осы мәселені қолға алғандықтары тіпті 34 таңбалық ортақ аліппені белгілеп шыққаны да байқалады.
Қазақтың тіл ғалымдарының да қатысуымен өткен алғашқы бас қосу 1991 жылы қараша айының 18-20 күндері Стамбулда болып өтті. Мармара университеті Түркология институты ұйымдастырған жиналысқа Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Түркияның тіл саласындағы 28 ғалымы қатысты. Үш күнге жалғасқан “Заманауи түркі әліппелері” атындағы симпозиумда ғалымдар бүкіл түркілердің 34 таңбадан тұратын латын негізінде ортақ алфавитке көшу керектігі айтылды. Сондай-ақ оның 34 таңбалық үлгісі қабылданды [5]. Осы орайдағы келесі жиналыс 1993 жылы 8-10 наурыз күні Анкарада өтіп оған алты түркі тілдес елден ғалымдар қатысты. Осы жиналысқа Қазақстан атынан қатысып қайтқан белгілі тіл ғалымы академик Әбдуали Қайдаров түркілердің ортақ алфавиті туралы алғашқы жиналыстың 1926 жылы Бакуда өткенін және түркілердің басын біріктіретін ортақ алфавит жасау мәселесінің қолға алынғанын еске салады. Сол жиналыста латын таңбаларына көшу туралы қарар қабылданған. Осы шешімге сай, 1920 жылдардың аяғына дейін азербайжандар, ұйғырлар, қырғыздар мен қазақтардың осы алфавитке өткенін айтқан Қайдаров Ататүріктің де 1928 жылы өз елінде әліпби өзгерісін жүзеге асырғанын көрсетті. Алайда түркілердің бас біріктіруінен қауіптенген Кеңестік басқару көп кешікпей өз қарамағындағы елдердің алфавиттерін кириллицаға көшірген. Қайдаров Анкарадағы жиналыста 34 таңбалық түркілердің ортақ латын әліпбиін ғалымдар мұқият қарап шығып қабылдағанын айтуда. Онда Түркияда 29 таңбалық латын алфавитіне 5 әріп тағы қосатын болған [6] Алайда бұл мәселе іске аспады. Азербайжан, Өзбекстан және Түркменстан кейін латын алфавитіне көшкенімен қабылданған 34 таңбалық үлгіде емес, өз беттерінше басқа үлгіде алфавит дайындаған. Бұл болса, түркілердін өзара бір-бірінің жазуларын емін еркін оқуларына кедергілік келтіруде.
Сондықтан бүкіл түркі дүниесі латын әріптеріне қалай болса солай өз беттерінше өтпей, тіл ғалымдарының әу баста белгілеген әріптеріне өткенде бір-бірлерінің тілдеріне деген түсіністік арта түсіреді. Бірінің жазғандарын басқасы да оқи алар еді. Сонда атап айтқанда 16,5 миллиондық Қазақстан баспасөзінің материалдарын 250 миллиондық түркі дүниесі оқыр еді. Бұндай мүмкіншілікті неліктен пайдаланбасқа?
Ортақ тіл мәселесіне келсек, әрине бұл мәселе алфавит мәселесінен әлдеқайда күрделі және ұзақ жылдық уақыт талап етеді. Бүкіл түркі халықтарының тілмашсыз, өзара түсінуін қалай қамтамасыз етуге болады? Әрине бұл оңай жұмыс емес. Дегенмен осы мәселеде ойланған ғалымдар негізінен 3 бағытты ұсынып отыр.
-
Эсперанто сияқты түркі дүниесіне ортақ жасанды бір тіл жасап шығару.
-
30-ға жуық түркі тілінің ең көпқолданыста болған және барлығына түсінікті сөздерін іріктеу ортақ түркі тілін пайдалану. Бұл мәселені 1993 жылдан бастап алға тартушылардың бірі өзбек ғалымы Бахтияар Кәрімов 30 тілдің салыстырмалы сөздігін жасауды және содан математиқалық есептеулермен барлығына ортақ сөздерді белгілеуді ұсынуда [7]. Тіпті ол осы 30 тілдің грамматикалық қағидаларында салыстырып олардың ішіндегі ең көп тарағанын іріктеп ортак түркі тілінің грамматикасында жасап шығаруды кеңес беруде.
-
Түркі тілдер арасындағы бір тілді түркі халықтар арасында қарым-қатынас тілі дәрежесіне көтеру. Осы орайда 2011 жылы, 13-14 мамыр күні екі Қожа Ахмет Яссауи Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен ІУ- халықаралық түркология конгресінде белгілі ғалым Рахманқұл Бердібаев 80 миллиондық адам санымен ең көп халқы бар Түркияның тілін қарым-қатынас тілі ретінде қолдануды ұсынды.
-
Түркі тілдерін жалпы екі топқа бөліп әрбір топ екінші топтың тілін үйренсе жақсы болар еді деген соңғы төртінші ұсынысты да біз айтып отырмыз. Атап айтқанда қазіргі түркі дүниесін қарлұқ, қыпшақ, оғыз деп үш топқа бөлген ғалымдар бар. Қыпшақ пен қарлұқ тобындағы қазақ, қырғыз және өзбек сынды халықтар оғыз тобындағы түрік тілін үйренсе, оғыз тобындағылар да қыпшақ пен қарлұқ тобындағы бір тілді үйренсе бүкіл түркі дүниесінде түсіністік нығаяр еді. Өйткені осындай екі топтың тілін бірдей білгендер басқа түркі тілділерді 70-80 пайыз түсіне біледі. Сол үшін әр елде орта мектептерден бастап осы тілдерді шетелдік тіл ретінде балаларға үйрете бастау пайда болар еді. Мәселен Түркияда орта мектептер, лицейлер және университеттерде қазақ, қырғыз және өзбек тілдері ағылшын тілі сияқты үйретіле басталса, олардың әдеби туындылары өз тілінде оқытылса түркі халықтар арасында басқа тілдердің дәнекерлігіне немесе тілмашқа қажет болмай түсіністік орнатылар еді.
Түркі дүниесінде бұлардан тыс түсіністікті нығайту барысында компютерлік технологияны пайдалану өте ұтымды және оңай. Ол компютерлік аудару. Өкінішке орай бұл құралды тиімді пайдаланбай келе жатырмыз. Өзіңізге белгілі бүгінгі таңда басқа елдер, әсіресе батыс елдері мұны ұтымды пайдалануда. Атап айтқанда батыстық ғалымдар компютерлік аударма технологиясын жақсы дамытқан. Қазір компютер арқылы кез келген тілді ағылшын, неміс, француз және орыс тіліне лезде аударуыңыз мүмкін. Олардың грамматикасы бірбірінен алшақ бола отыра мұны жасап отыр. Ал тілі ортақ түркі халықтардың бір-бірлерінің тілдерін аударып беретін компютерлік бағдарламаны әлі жасай алмай отырғаны өкінішті-ақ. Осы құрал арқылы ауызша бір-бірімізді толық түсінбесек те, жазбаша түсіністікке жетуіміз оп-оңай болар еді.
Бұл жерде ең үлкен проблема компютер программисттерінде емес, тіл ғалымдарында болса керек. Өйткені ондай компютерлік аударма бағдарламасын жасау үшін программисттер сөздіктерді қажет етеді. Хақасша, туваша, чуашшасынды аз санды түркі халықтарын былай қойып әлемде зор беделге ие болып отырған Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Азербайжан сынды елдердің бір-бірлерін түсінетін өзара сөздіктерінің әлі жасалмағанын қалай түсінуге болады. Атап айтқанда қазақша-түрікше, қазақша-азербайжанша, қазақша-өзбекше, қазақша-қырғызша, қазақша-түрікменше, қазақша-татарша толық сөздіктер жоқ. Ал мұндай сөздіктер болмаса программист қалайша түркі халықтардың тілдері үшін аударма бағдарламасын жасай алады.
Сондықтан Түркі Академиясы, ТҮРІКСОЙ, А.Байтұрсынов Тіл Білімі Институты сынды орындар түркі тілдердін өзара сөздіктерін дайындау үшін нақты қадамдар басса игі болар еді. Негізінде мұндай сөздіктерді жасап шығару үшін түркі елдері ғалымдары мен институттарында қажетті инфрақұрылым толықтай баршылық. Тек осы мәселеге назар аударып белгілі мамандарға қажетті көмек көрсетілсе болғаны.
Түркі дүниесінде ынтымақтастықтың 20 жылы атап өтілген осы күндері осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін ортак әліппе және тіл мәселесінде шешімдер қабылдануы оңды болар еді.
Сонымен қорытып айтар болсақ, Кеңес Одағының ыдырауымен пайда болған Түркі дүниесі сол уақыттан бері өткен 20 жылда көптеген табыстарға қол жеткізді. Дегенмен мемлекеттер арасындағы, әсіресе Қазақстан мен Түркия арасындағы, ынтымақтастықтың жоғары денгейі зиялы қауыммен халық арасында байқалмауда. Мұның негізгі себебі халықтар арасындағы байланыстың деңгейінің төмендігімен түсіндіруге болады. Түркі халықтар арасындағы тұрақты да тамыры терең мықты байланыстардың халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық пен қамтамасыз етілетіні айтпаса да белгілі. Ондай байланыстың негізгі құралы тіл. Тілдік түсіністіктің негізі сөздіктер. Осы орайда Түркі дүниесінін ынтымақтастығында көшбастаушы рөл атқарып отырған Қазақстанның сөздік саласында да басқаларға үлгі болады деп айтуға негіз бар. Осы орайда түркі дүниесінін 30 шақты тілінің екі жақты сөздіктерін (Қазақша – Түрікше, Түрікше – Қазақша, Қазақша – Өзбекше – Өзбекше – Қазақша, Қазақша – Татарша, Татарша – Қазақша, Қазақша – Чуашша – Чуашша – Қазақша деген сияқты) жасап шығаратын мүмкіншіліктар Қазақстанда баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: