Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті (оқу құралы). Алматы: «Қазақ 
университеті», 2002. 
2.Смағұл Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. Құрастырған: 
Қамзабекұлы Д. Алматы: «Алаш», 2003.
3.Смағұл Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том. Құрастырған: 
Қамзабекұлы Д. Алматы: «Алаш», 2003.
4.Бейсенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы, 1997. 
5.
Мәсімхан Д. Сарап. Алматы, 2001.
 
 


29 
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Алимгазина Қадыргул Шуптибаевна 
Арқалық қаласы.М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп КММ 
«Тарих» пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі 
 
 
Аннотация. В данной статье рассказывается о лидере нации Ахмете Байтурсунулы
который инициировал социальные инновационные и проделанной им работе по выводу 
казахского народа из мрака, особенно о критике крупных чиновников остроумными стихами 
исловами,похожими на комариные укусы. В его жизни рассказывается о том ,что он верно 
служил своему народу, о его любви к культуре, обычамии страны 
Ключевые слова: Харам, архив, публицист, голод, отсутствие, нож селебе, искусство слова 
Annotation. This article tells about the leader of the nation, Ahmet Baitursunuly, who 
initiated social innovations and the work he did to bring the Kazakh people out of darkness, 
especially about criticizing high-ranking officials with witty verses and words that look like 
mosquito bites. His life tells about the fact that he faithfully served his people, about his love for 
culture, the customs of the country. 
Keywords: Haram, archive, publicist, hunger, absence, knife selebe, art of the word 
 
1915 жылғы мамыр айындағы Екібастұз көміршілерінің ереуілі талаптары 
жағынан саяси ереуіл. 1916 жылғы тамыз айындағы Қарсақбай мыс кешеніндегі 
ереуілдер саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болды. Революцияның өрлеу кезеңі 
- ұлттық-демократиялық күштердің патша үкіметіне қарсы күресінің шындала 
бастаған кезеңі. 
Ахмет Байтұрсынұлын қогамдық жанашыл бағытқа, көрегендік, 
қайраткерлік сапаларына сол дәуірдің тарихи жағдайлары дайындады. Ол 
көрген өмірдің ауыртпалықтары, патша өкіметінің отаршылдық саясаты ойлы 
жас демократтың бойындағы халықтық қасиеттерді оятты. 
Оқ тиiп он үшiмде ой түсіріп, 
Бітпеген жүрегімде бар бiр жарам. 
Алданып тамағыма , оны ұмытсам , 
Болғандай жегенімнің бәрі харам. 
Адамнан туып, адам iсiн етпей, 
Ұялмай не бетіммен көрге барам, - деп Байтұрсынұлы күрес 
жолына қалай түскендігін осы шумактарында ашып айтқан. Жан - жақты білім 
алған, орыс географиялық коғамының Батыс Сiбiр бөлімінің Семей 
бөлімшесіне мүше болып сайланған Шәкәрім Құдайбердіұлы коғамдық өмірде 
ерекше орын алған белгілі қайраткер. 1905-1907 жылдардағы революциялық 
қозғалысқа қатысқан. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестiн алғы 
шебінде болады. Кеңес өкіметi кезiнде ол қазақ халқының сауатын ашып, 
ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең - жыр ларында халықтың арман - 
тілегін, мұң - мұқтажын жырлады, халықты өнер - бiлiмге, мәдениетке 
шақырды. Патшалық Ресейдiң қанаушылық - отаршылдық саясатының 
сынады, ел - жұртты миссионерлердiң жүгенсiз қылығынан сактандырды. 


30 
Оның өмiрi өз халқына адал қызмет етудiң, ел - жұртынын мәдениеті мен әдет-
ғұрпына, тарихы на деген сүйіспеншіліктін айқын үлгісі. Ол өзiнiң бiр 
мақаласында былай деп жазды: «Менiң мақсат 

мұратым қазақ халқына 
материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен 
осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін» 
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған 
ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, 
әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын - аудармашы. Бостандық аңсаған, 
күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан 
айырылғандықтан, 1910 жылы 21 акпанда түрмеден босап, наурыз айында 
Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, 
қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1917 жылдар аралығында 
«Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи кызмет атқарады, 
халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтеред , елді прогреске, өнер - 
білімге үндейді. Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдын басы) Ахмет 
Байтұрсынов өзі айткандай, адасады, қателікке ұрынады, санын соғады, 
түнiледi, сарыуайымға салынады». Жаңа өткел, соны өрiс iздейдi. Лениндік 
нормалар бұзылып, сталинизм қылышынан қан тамған кезенде, Ахмет 
Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне 
түсіп, ұзақ азап көріп, 1934 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға 
ұшырап, атылады. Ұлы жүректiң ауыр тағдыры осындай, ал толық емiрбаянын 
жазу үшін көптеген мұрағат деректерi, замандас естеліктері, тарихи материалдарға 
сүйену қажет. Қазiргi қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған 
«Жизнеописание» ( 1929, 8 наурыз ), «Биография» (1929, 21 тамыз) деген 
материалдар айрықша бағалы. Бұлар КазПИ мұрағатында сақталған. 
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистiк, қайраткерлік 
істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, 
орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше Кезiнде Ахмет 
Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. 
А.Самойлович (Литерату ра турецких народов , Литература Востока», 1919), 
Е.Поливанов (Киргизско-казахской орфографии. Бюллетень САГУ», вып. 7, 
Ташкент, 1924 ) бағалы пікір лер айтқан болатын.Ахмет Байтұрсыновтың 
тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық iстерiн, дүниетанымындағы өзi 
келiспейтiн кейбiр көзқарастарын өз кезiнде дұрыс көрсетіп, әдiлiн айткан адамның 
бiрi Сәкен Сейфуллин. Ол «Еңбекші қазақ» газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) «Ахмет 
Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: 
«А.Байтұрсынұлы қарапайым кiсi емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан 
шыққан, өз заманыңда патшанын арам қулықты атарман-шабармандарынын 
қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған 
кісі. Өзге оқыған мырзаларшен iздеп жүрген де, қорлыққа шыдап, құлдыққа 
көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын 
жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді». 
Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға 
күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып қулықтық істеп 
жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды». «Қырық 


31 
мысал », «Маса» кітаптарын, «Қазақ» газетінде редакторлық еткен еңбектерін, 
Алаш кезеңінің артынан Компартияға кiргенiн түгел шолып айта келіп, 
мынандай түйін түйеді: «Калай болса да жазушысы азғана, әдебиеті нашар 
қазақ жырлыларына һәм тiл құралдарымен кылған қызметі таудай ...
Елуге келген Ақанды шын көңілден құттықтап , өмірінің ұзақ болуын тiлеймiн». 
Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетi мен Түркістан 
Орталык партия комитетiнiң газеті «Ақжол » 1923 жылғы 4 акпанда шыққан 
270 - санында: « Қазақтың дыбысына, сөзiне арнап Әліппе мен әріп тiл һәм оқу 
құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тiлiн талайға үйреткен Ақан еді.
Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазаққұлшылыкка кез болғанда 
бостандық көрсеткен Ақан едi », - деп жазылған. 
Бұдан кейінгі уақыттарда лениндік принциптер бұзылып, сталинизм 
қылышынан қам тамған зұлмат жылдар, басталған кезде, нәубет, селебе, қан 
қыргын - репрессиялар көп нәрсе мүлде бұрмаланды, « Байтал түгіл бас қайғы» 
дейтiн күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, 
тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі - қылмыс, азамат басын 
жутатын, абақтыға апарар жолға айналды. Бiрақ сонда да ескі газет - 
журналдарды, мұрағаттарды ақтарған, көне кітаптарды окыган сұнғыла жандар 
алдынан тұтас тау сілеміндей болып Ахмет Байтұрсынов мұрасы шығар едi
көзi қарақты, қайрат - жігерінен, азамат тығынан айрылмаған аға буыннын 
кейбiр есті өкілдері, кейде онашада, алды - артына бiр қарап койып «Акан 
былай деген ғой» деп суырыла женелер еді.Профессор Бейсенбай Кенжебаев 
сынды сырты жуас, момын көрінгенмен, іштей берiк, қазақ әдебиеттану 
ғылымында тарихи мектептi негiздеген батыл ойлы ғалым өз шәкірттерiнiң 
бiрiне: «Мынау Ақан жазган « Әдебиет танытқыш », әдебиет теориясын мен
40 жыл сақтадым. Сенiң диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен 
сақта. Бiрақ байқа. Уакыты жетпей айқайласан, таяк жейсің. Аруактың киесi 
ұрып, кесепаты тиюі мүмкін . Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен 
көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой » деген. Жас, өркеуде, 
тұяғына тас тимеген шәкірт өмiрде талай теперіш көрiп, таяқ жеген дана ұстаз 
тiлiн алды дейсіз бе, Ақан кітабы, ондағы пікір байлам, ой - тұжырым, жаңалык 
- табыс туралы айтып та , жазып та жiберген; жұрт бiлмей ме, көрмей ме, 
көрсетпей ме; бiлген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы таска тиген шәкіртіне 
ұстазы айткан сөз: « Ескерттім ғой - болмадын. Қазақстанда Байтұрсынов 
есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақыттарда түркологтар 
тарапынан оқта - текте ол туралы бірен - саран пікірлер айтылып калып жүрді . 
Әсіресе , академик А.Н. Кононов еңбегi қалын көпшiлiктi елең еткізді . Аты 
шартарапқа мәлім , беделді тілші – ғалымның редакциясымен және алғы 
сөзiмен Мәскеуде 1974 жылы шыққан «Отандык туркологтардың 
библиографиялык сөздiгi » кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы , 
өскен ортасы , ата - бабасы , білім алған мектептерi , кызмет еткен орындары , 
әлеуметтік - қоғамдык қызметі , басты еңбектері нақты айтылып , ол араб 
алфавиті ( әлiпбиi ) негiзiнде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы , қазақ 
тiлiнiң этимологиясы , сол сияқты фонетикасы , синтаксисі , әдебиет теориясы 
мен мәдениет тарихы оқулықтарын жаздыдеп тарихи тұрғыдан әдiл көрсетілді. 


32 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюросы арнаулы Комиссия шешiмiн 
мақұлдағанға дейінгі Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы туралы жазылған 
пiкiрлердiң сiлемi осындай. Күрделі тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы 
жайлы тiлшiлер Ә.Кайдаров (Социалистік Қазақстан»), Т.Қордабаев («Орталық 
Қазақстан.), Р.Сыздыкова («Қазақ әдебиеті»), С.Кеңесбаев («Каз.правда »), 
әдебиетшілер Қ.Мұқаметканов («Семей таны), Р.Нургалиев («Өркен»), 
Б.Байгалиев («Жетісу»), С.Негимов («Лениншіл жас») т.б. мақалалары шықты. 
Енді Ахмет Байтұрсынов мұрасынын негiзгi арналарына тоқталайық. 
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем 
аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем 
қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты.
Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету 
жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, Ұлы Абай тапқан соқпақ - орыс 
әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы 
ескі ертегі, хикая улгiлерi емес, ендi жаңа өлеңдік формамысал арқылы, 
көшпелi елдiң жақсы бiлетiн стихиясы – жан-жануар өмiрiнен алынған 
шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич 
Крылов ( 1768 1844 ) туындыларын аударып, « Қырық мысал» деген атпен 1909 
жылы Петербургта бастырып шығарды. 
Бір жағынан қызықты форма,екінші жағынан ұғымды идея,үшінші 
жағынан қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп,бұл өлеңдерді 
халықтың төл дүниесіндей етіп жіберген. 
Жүк алды, шаян, шортан, аққу бір күн, 
Жегіліп тарта үшеуі дүркін-дүркін. 
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. 
Бұл аудармада еш мін жоқ әрине.Нағыз бір тұтас халықтың өмірін 
сомдағандай. Ал екінші бір еңбегінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісті 
айқындап,жұмбақтай тағыөлең жолдарымен жеткізеді, әрине кейін оның 
барлығы озбырлаушы топтарға жетеді. 
Жігіттер ,мұнан ғибрат алмай болмас. 
Әуелі бірлік керек,болса жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей.Істеген ынтымақсыз, ісің оңбас. Сол 
сиақты түрлі ойларға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», 
«Үлес»,»Қартайған арыстан», «Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек» 
мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғадар, адамдар 
психологиясы мен сарындас әуездер,тағылымды ,ғибратты тұжырымдамалар 
мол орын алған. 
Қазақ 
халқының 
біртуар 
ұлдары,Алаш 
қайраткерлері 
Ахмет 
Байтұрсынұлының еңбегі жайында,оның рухани қарулы екенді жайында өз ой-
пікірлерін қалдырған.Солардың бірегейлері Сәкен Сейфуллин 
Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа 
көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын 
жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір 
оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын 


33 
сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет 
қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге 
тікті.десе, Мұхтар Омарханұлы Әуезов 
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған 
әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан 
жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы 
қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. 
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл 
ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге 
тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына 
жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, 
атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – 
бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын 
төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта 
табысты. –деп жазған. 
Байтұрсынов шығармалар мазмұны ,кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз 
орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.Ахмет 
өзінің азғантай ғұмырында 
ұлттық мүддені ұлықтап, ұлттық сананы 
қалыптастыра білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет