24
А.Байтұрсынұлы осы ретте романға тән нақты теориялық дискурстық
айқындау береді:
«Ұлы әңгіме жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс – барша
түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек. Ұлы әңгіменің өресі
қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ
әңгіме деп аталады» (1: 343). Романның көтеретін жүгін әңгімеге де артуға болады
екен. М.М.Бахтиннің: «
Романдық стиль повесть, әңгіме мен басқа жанрларға да
үстемдік етеді»(4) деген әйгілі қағидасын А.Байтұрсынұлы 1926 жылы Ресей
ғалымынан қырық жыл бұрын айтып, осылай дәлелдеген.
Романстилінде қорытылып, жүйеленетінұлттық тілде сөйлеу, баяндау
жүйесінің жанрлық дискурстық түрлерітеориясын- Бахтиннің («речевые
жанры»)қағидасын А.Байтұрсынұлы қазақ сөз
өнеріне қатысты жоғарыда
көрсеткеніміздей анықтап беріп, көркем прозаға қатысты былай деп
тұжырымдаған: «
Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне
кейіп беретін тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші
адамдардың ірілі-уақты істері болатындықтан, ол істер біріне-бірі ұласып, бір-
біріне оралып, байланысып, шиеленісіп жатқандықтан, осының бәрін суреттеп
шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп,
уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып шығару көп жазушылардың
қолынан келе бермейді...
Ұлы әңгіме жазушы көркемсөздің әуезе, толғау, айтыс –
барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек».
10. Романдық дискурсты жүйелей келе А.Байтұрсынұлы оны айтылу
түріне қарай: әуезе, толғау, айтыс деп жіктейді. Осыған орай бұл дискурстық
ұстаным да нақтыланған
: «Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай,
өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады» (1: 273). «
Әуезе – тысқы
ғалам турасындағы сөз...».«Толғанғанда айтатын нәрсесін толғаушы
тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі
көңілінің күйін – мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер
тарқату үшін толғайды; екінші, ішкергі ғаламында болған халдарды,
нәрселерді тысқа шығарып басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің
күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды» (1: 273–274).
Көркем мәтінді аналитикалық тұрғыда осылай танып, оны осы кәсіби тұрғыда
талдай алу үшін әрине кәсібилік қажет. Толғанып не әуезелеп жазудың дискурстық
ерекшелігі былайша айқындалған :
«толғау – ішкергі ғаламның күйі. Толғау – іш
қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы,
жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілін, күйін толғай білуде емес,
басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда» (1: 274).
«Әуезе –
тысқарғы ғаламның жыры, толғау – ішкергі ғаламның күйі». Бірақ «
Сөйлеу
жүйесінің мақсаты сөйлеу жүйелерін меңгеріп, сөзден нендей нәрселер жасап
шығаруға болатындығын көрсету», – деп түйіндейді А.Байтұрсынұлы. Сондықтан
«Әдебиет сөзін тәртіптеп, тапқа бөлу керек. Жұртынан шыққан ауыз сөзді де айтылу
түріне қарай негізгі 3 тапқа бөлген: 1) әуезе; 2) толғау; 3) айтыс (1: 260).
Көркем мәтінді талдағанда, оның ішіндегі осы көркемдікті тудыруға тікелей
атсалысатын қатысушыларды да А.Байтұрсынұлы анықтап берген. Абайдың «Өлең –
сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ
ақындары мен тыңдаушыларының, оқырманның "асыл сөзді танымайтын
надандықтары» да айтылып, құнды мағлұмат берілген. (1:151).
25
11.Әдебиет танытқышта адамдық пен әдебиетті
мәңгілік контексте
танытуға
бейімделген
жалпыадамзаттық
этикалық
дискурс
басым.
Аналитикалық талдаулар, жүйелеу тәсілдері осы кәсіби мақсатқа қызмет
атқаруға бағындырылған. Ғалымның тек «пән сөзінде» сөйлеуі мен әдебиет
теориясының негізін қалыптастырған терминдерінің өміршеңдігінің сыры да
осы заманауи классикалық ұстанымтұғырында. Бұл ұстаным М.М.Бахтин
зерттеулеріне де тән.
А.Байтұрсынұлы осыдан жүз жыл бұрын әдебиет теориясының «
пән
сөздері» (термин) мен талдау жүйесін қазақша сөйлетіп, ғылыми тілдің
деңгейін сол кезде-ақ көтеріп тастағаны айқын.
Пән сөздері,
сөз өнері, асыл сөз ұғымдарын қалыптастырып берген ғалым
басты тұжырымды былайша анықтаған:
«Сөз өнері адамның жан қоштау керегінен
шыққан». Сондықтан
: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 2)
қиялға; 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып
ойлау; қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына,
бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттен ойлау; көңілісі – түю, талғау». Асыл сөздің
көркемдік, дискурстық танымы келесіндей ұйғарылған
: «Тілдің міндеті – ақылдың
аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше
айтуға жарау»(1: 154).
Қазіргі әлемдік деңгейдегі заманауи әдебиет теориясын ана тілімізде осылай
танытып берген Ахмет Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышы ғалымның шын
мағынадағы Ұлт Ұстазы бола білгенінің тағы бір дәлелі болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: