Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет23/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: 
Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013.-382 б. 
2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен Қазақстан. 
1997ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб. 
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. — Алматы: 
«Атамұра», 2002. — 768 б. 
4. «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық» Алматы 2010 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ –  
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
Елеусов Баубек Аймаханұлы 
аға оқытушы, магистр 
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық институты 
 
Аннотация. В данной статье рассматриваются политические взгляды лидера 
казахской духовности ХХ века А.Байтурсынова. А.Байтурсынов приложил усилия для 
облегчения тяжелого быта крестьян в казахской степи. Была отмечена заслуга великого 
реформатора А. Байтурсынова в пробуждении их политического сознания. 
Ключевые слова: Общество, революция, нация, политика, государство 
Аnnotation. This article examines the political views of the leader of the Kazakh spirituality 
of the twentieth century A. Baitursynov. A. Baitursynov made efforts to ease the hard life of 
peasants in the Kazakh steppe. The merit of the great reformer A. Baitursynov in awakening their 
political consciousness was noted. 
Keywords: Society, revolution, nation, politics, State 
Әр қоғам өз даналарын өмірге әкеледі демекші, қазақ халқына сонау ауыр 
тиген ХIХ ғасырдың екінші жартысында Торғай жерінде ұл ұстаздарының бірі, 
бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы өмірге келді. Өзінің жалпы өмірі қазақ 
халқының бақытты өмір сүруіне арнаған А.Байтұрсынұлы басынан талай 
қиын- қыстау кезеңді өткереді. Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі пайыммен, қазіргі 
тілмен айтқанда өз заманынан ерте туған, ақыл – ойдың кеніші болып туған, 
тіл, әдебиет, тарих, саясат ғылымдарын жетік меңгерген ұлы тұлғалардың бірі. 
Оның аудармашы, түркітанушы т.б. салалардағы еңбектері тіпті ұшан теңіз. 
Ахмет Байтұрсынұлыны күллі түркі әлемі танып, оның әмбебап ғалымдығын 
мойындап, оның ілімінің өміршеңдігіне, бүгінгі күннің талабына сай 
келетіндігіне тамсаны, таңданыстарын жасырмайды. 
Осы уақытқа дейін - Ахмет Байтұрсынұлының аса ірі көлемдегі 
мемлекеттік және қоғам қайраткері өз халқының тағдыры үшін бар қиындық 
пен ауыртпалықты көтере алған саяси айласы өте терең екендігін ашып көрсете 
алған зерттеулер мен еңбектер енді-енді жарыққа шығып жатыр.
А.Байтұрсынұлы ең алдымен қазақ ұлттық демократиялық Алаш қозғалысы 
көсемдерінің бірі, осы жолда ол өз принциптерінен тайған емес. Иә, ол өз 
кезінде 1918-1919 жылдары Кеңес өкіметіне қарсы басқа саяси күштермен 


40 
одақтасып күш біріктіргені рас, алайда Кеңес өкіметі күш ала бастаған сәтте 
басқа Алаш қозғалысының жетекшілері мен келісе отырып, Кеңес өкіметі 
жағына шыққан. В.И.Лениннің келісімімен А.Байтұрсынұлы 1920жылы жазда 
құрылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі жоғары кеңестік ұйым – Қазақ 
революциялық комитетіне мүше болып тағайындалады[1, 53б.]. 
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы 1920жылы құрылған Ресей құрамындағы 
автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының (КАЗКСР)үкіметі 
мүшесі – Оқу – ағарту комиссары болып сайланды. Бұдан көретініміз - Ахмет 
Байтұрсынұлы тек Алаш Орда үкіметі төңірегіндегі ғана емес, кеңестік 
Қазақстанның алғашқы жылдарында – ақ жоғары лауазымды қызметтер 
атқарған адам болып отыр. Әрине, Ахмет Байтұрсынұлының осындай сан – 
салалы, терең саяси қызметтері оның ғылыми мұрасын зерттеушілерге үлкен 
қиындықтар тудырғаны мәлім. Дегенмен, осылай болғанына қарамастан ұлы 
ғалым Ахмет Байтұрсынұлының негізгі мүдделеріне ұлттық, жалпы халықтық 
мәселелерді нысан етіп алды, сол жолға бар күш – жігерін арнайды. 
Ахмет Байтұрсынұлының азаматтық позициясы қалыптасу кезеңі Қазақ 
елінің Ресей империясының құрамына толықтай отар болып енуімен тұспа – тұс 
келді. Қазақ жеріне дендей енген Ресей империясы ең алдымен шұрайлы 
жерлерді сулы өңірлерді қазақ шаруаларынан күштеп тартып алуды әдеттегі 
іске айналдырды. Қазақ халқы отарлық езгіні отарлық езгіні әлеуметтік-
экономикалық салада ғана емес, рухани салада да (тіл, дін, діл – мәселелерінде) 
бірдей көтерді. Бұл өз кезегінде қазақ шаруаларының қарсылығын тудырып, 
отарлық езгіге қарсы қаншама рет бас көтерген ұлт – азаттық көтерілістер 
болып өтті. Мұның арты патша әскерлерінің қазақ шаруларын аяусыз басып – 
жаншыған жазалау шараларымен ұласып жатты. Осындай өз еліне, өз халқына 
Ресей империясының келтіріп отырған қиянатын Ахмет Байтұрсынұлы бала 
жасынан көріп өсті. Сондықтан да қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық 
және саяси хал-ахуал ең алдымен аграрлық және ұлттық мәселелердң 
шиеленісуімен ерекшеленеді. ХХ ғасыр басында осындай жағдайда өріс алған 
қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы 
ұлттық – демократиялық мақсат – міндеттерді қойды. Бұл істің басы – қасында 
екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары тұрды. Әлихан Бөкейханов 
басқарған топ қазақ халқының жалпы ұлттық мүдделерін білдіретін саяси 
қоғамдық ұйымдар құрып, солар арқылы өлкедегі буржуазиялық- 
демократиялық сипаттағы қозғалысты басқаруға күш салып жатты. Сол топтың 
ішінде ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы да болды[2, 45б.]. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласындағы саяси және мәдени мәселелерді 
көтеруде мерзімді баспасөздің маңызын көре білді. Сондықтан да болар, ол 
қазақ шаруасына жылдам жететін, тез ұғатын шын мәніндегі жалпыұлттық 
газет шығару ісіне барынша кірісіп кетті. Алаш көсемдерінің бірі Әлихан 
Бөкейхановтың бағыт беруімен, Міржақып Дулатұлының көмегімен, сол 
дәуірдегі озық ойлы, халықтың мұңын өздері сияқты жоқтаған жекелеген 
ауқатты адамдардың демеуімен 1913жылдан бастап, Орынборда жалпыұлттық 
«Қазақ» газеті шыға бастады. Газеттің алғашқы санында – ақ Ахмет 
Байтұрсынұлы хаыққа газеттің қоғамда алатын орнын, саяси маңызын барынша 


41 
анық көрсетіп берді. Ахмет Байтұрсынұлы басшылық еткен «Қазақ» газетінің 
төңрегіне топтасқан білімді, көкірегі ояу азаматтар оның беттерінде 
жарияланған жер, ұл мәселесі, оқу –ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс ісі сияқты 
маңызды мәселелерді мақалалары арқылы патша өкіметінің отарлық саясатын 
ашық сынап, оған демократиялық сипаттағы талаптар қоюмен қатар халықтың 
саяси санасын оятып, тәрбиелеуді мұрат етті. Ұлттық намысты ояту, ұлттық 
рухты қайрау жолында Міржақыптың «Оян қазағы», Ахмет Байтұрсынұлының 
«Масасы» «Қазақ» газетінің беттерінен орын алып, ондағы идеялар арқылы 
халық арасында отарлық езгіге қарсы саяси ахуалды дайындап қалыптастырды. 
Бұл газет 1917жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық – демократиялық 
партияны дайындауда сан – салалы, ауқымды жұмыстар атқарғаны мәлім. 
1917жылы 12-26шілдеде Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық бірінші 
съезде партия құрылды. Партияға «Алаш» атауы беріліп, съезді шақыру мен 
оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы ерекше белсенділік көрсетті. Ахмет 
Байтұрсынұлы 
съезде 
хатшылар 
тобын 
(М.Дулатұлы, 
Ә.Көтібаров, 
А.Сейітов)басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік жасады. 
Съезден кейінгі екі –үш бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы 
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жасау ісіне қатысты[3, 34б.]. 
Алаш қайраткерлері дайындаған құжат 10баптан тұрып, ондағы 
көтерілген мәселелердің басым көпшілігі, жаңадан орнап келе жатқан Кеңес 
өкіметінің ел басқару үрдісіне қайшы келіп жатты. Ол туралы кейінірек 
1919жылы тамыз айында жариялаған «Қазақтар және революция» деген 
мақаласында былай дейді: «Қазақтарға Февраль революциясы қаншалықты 
түсінікті болса, Октябрь социалистік революциясы соншалықты түсініксіз 
көрінді… Екіншісінің түсініксіз болуын оп – оңай ұғындыруға болады: 
қазақтарда капитализм де, таптық жіктелу де жоқ, тіпті жеке меншіктің өзін 
басқа халықтардағыдай айдар тағып, ажырату қиын,.. Қазақтардың күн 
жағдайына … байланысты…оларға әзірше социалистік қоғамға деген 
мұқтаждық болмай отыр. Ахмет Байтұрсынұлы саяси – әлеуметтік қоғам 
заңдылықтарын өте жіті түсініп, жалпы кез келген саясаткерден саяси-
әлеуметтік жағдайды жылдам аңғарып, оның зардаптарын алдын ала біліп 
отыр. Әрине Кеңестік жүйе қазақ зиялыларының жан айқайын, кезінде түсінгісі 
де, білгісі де келген жоқ. Олардың бар мақсаты кешегі Ресей империясының 
саясатын, басқаша атаумен құрылған мемлекеттік құрылым КСРО-мен 
алмастырып, отарлық саясатты әрі қарай жаңа қарқынмен үдете түсті. 
Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкiметi жағына шығуын және оның 
Қазревкомның мүшелiгiне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси 
науқанға айналдырып жiбердi. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистiк 
партияға бiр жылдай ғана мүше болған болатын. Ахмет Байтұрсынұлының ҚР 
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде сақталған 1929 жылы маусымның 2-күнi ОГПУ 
тергеушiсiне берген жауабында осы жөнiнде былай делiнген: “Мен, - дейдi ол, - 
партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым (пассивность) үшiн 
шығып қалдым. Менiң енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берiлгендiктен 
және жалпы алғанда саясатқа аз көңiл аударғандығымнан көрiнедi”. 


42 
А.Байтұрсынұлы дәл сол кезде кеңестiк саясатты жүргiзуге, өзi 
айтқандай, “аз көңiл аударғаны” рас болар. Алайда ол Кеңес өкiметi құрған 
Қазақ өлкесiн басқаратын ревком төрағасының орынбасары, әрi оның жетекшi 
iшкi iстер бөлiмнiң басшысы ретiнде Алаш партиясының кейбiр бағдарламалық 
мақсаттарын мүмкiндiгiнше Кеңес өкiметiнiң атынан жүзеге асыруға және 
Алашорданың жетекшi қайраткерлерiн Кеңес өкiметi тарапынан төнiп тұрған 
аса ауыр қатерден сақтап қалуға көп күш жұмсады. Бұл аса парасатты қоғамдық 
қайраткерге және ақылды да айлалы саясаткерге тән қасиет едi. 
Сол кездегi Ахмет Байтұрсынұлы осы бағыттарда атқарған сансалалы 
қызметтерiнiң ең маңыздылары: оның, бiрiншiден, ғасырлар бойы қалыптасқан 
қазақ халқының этникалық территориясының тұтастығы негiзiнде кеңестiк 
формада болса да қазақ мемлекеттiгiн қалпына келтiру үшiн жүргiзген айқасы, 
екiншiден, Алаш қозғалысының басшылары мен қатардағы мүшелерiне Кеңес 
өкiметi тарапынан кешiрiм (амнистия) жасату үшiн жүргiзген күресi болды. 
Өмірінің қауір – қатерде болғанына қарамастан Ахмет Байтұрсынұлы өз 
халқының адал ұлдарының қатарында болды. Оны қазақ мемлекеттілігі, қазақ 
халқының тағдыры, оның оқу – білім деңгейі сынды мәселелер қатты 
толғандырып отырды. Қазревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжiлiсi 
өттi. Қазiр зерттеушiлерге осы екi жылда өткен 91 мәжiлiстiң 89-ның 
хаттамалары (протоколдары) белгiлi, тек қана оның екеуi ғана осы кезге дейiн 
табылған жоқ. Қолда бар Қазревком мәжiлiстерiнiң құжаттарына жүгiнсек, 
Ахмет Байтұрсынұлының сол мәжiлiстерiнiң басым көпшiлiгiнде баяндамалар 
жасағанына, жарыссөздерге қатынасқанына, ұсыныстар енгiзгендiгiне
қабылдайтын 
шешiмдердiң 
жобасын 
дайындағанына, 
ал 
жекелеген 
мәжiлiстерге төрағалық жасағандығына көзiмiз жетедi. Бұл ретте баса 
айтатынымыз: Ахмет Байтұрсынұлы Қазревкомның мәжiлiстерiнде көбiнесе 
Ресей құрамында құрылуға тиiстi Қазақ автономиялы Кеңестiк Республиканың 
шекараларын 
анықтауға, 
оның 
әкiмшiлiк-территориялық 
құрылымын 
қалыптастыруға, оқу-ағарту және мерзiмдi баспасөз жүйесiн реттеуге, ұлттық-
демократиялық интеллигенция тағдырын шешуге арналған мәселелердi 
талқылау iсiнде үлкен белсендiлiк көрсетiп, оларға байланысты ұлттық мақсат-
мүдделерге сай келетiн қарарлар мен заңдық мәнi бар құжаттар қабылдауына ат 
салысты. Біз білетін Ахмет Байтұрсынұлының бұл саяси ілімдерінің бір бөлігі 
ғана, әлі де біз білмейтін тұстары да болуы мүмкін[4., 25б.]. Өйткені айдауда 
қуғында жүрген ұлы тұлғаның еңбектерінің жоғалып кету мүмкіндігі өте 
жоғары болған, солай болды да. Қашанда кемеңгер, зиялы адамдардың жаулары 
көп, аяқтан шалатын дұшпандары одан да көп болады. Алайда Алаш 
зиялыларының ішінде Ахаң жете алардай, онымен деңгейлес зиялыны табу 
қиын. Ахаңның идеяларының мәңгілігі олардың заман талабынан қалмай, 
бүгінгі күнмен үндесе алуында, оларды басқа ойшылдың ойлап таппаса әлі 
баламасы болмауында. 
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері 
санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа 
сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін 
қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.


43 
Осындай ұлы тұлғасы бар қазақтай халық қашанда бақытты. Бүгінгі таңда 
қазаққа керегі Ахметтей ұлы тұлғаның мұхиттай ғылымынан қажымай талмай 
ала беру керек, ол ілім қазақ халқын адастырмай әлемдік мәдениетке, 
руханиятқа бастап, жол ашары сөзсіз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет