72
5. Б.Ілияс. «Алтын бесік», Қостанай, 1998 жыл. 82-83 бб.
6. И.Ағытайұлы. Ортақ өмір арнасы. 205 б.
7. ОҒК: Қ-936, Қосымжан Бабақовтан жазып алынған әндер.
8. С.Жалмышев. «Қайта оралған күй».
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ КӨРКЕМДЕГІШ
ҚҰРАЛДАРДЫҢ ӨЛЕҢ МАЗМҰНЫН АШУДАҒЫ РОЛІ
Таутина Бақытгүл Ағзамқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Аннотация: В данной статье анализируется значение
художественных тропов в
стихах ученого-лингвиста, общественного деятеля, известного поэта Ахмета Байтурсынова.
В ходе анализа, опираясь на литературоведческую и
теоретическую основу, были
всесторонне проанализированы стихи поэта.
Annotation: This article analyzes the significance of artistic tropes in the poems of the
linguist, public figure, famous poet Akhmet Baitursynov.
In the course of the analysis, relying on
the literary and theoretical basis, the poems of the poet were comprehensively analyzed.
Өз заманында дауылды ағыстарға қарсы тұра білген қайраткер ақын
Ахмет Байтұрсынұлының жазғандары әлі күнге
дейін өзінің өміршеңдігін
жоймай келеді. Тәуелсіздігімізді бар әлемге паш етіп, өз алдымызға дербес ел
болдық десек те, Ахмет атамыз көрсеткен жол,
сілтеген бағыт, ұлттық
менталитетімізге тән мінез-құлықты шымшыған сын сол қалпында. Алғаш
әліппе
жинақтап, қазақ баласы оқысын, көзі ашық болсын деген тілегі
орындалды тәуба! Десек те, Ахметтей тұлғаның көкейіндегі түйілген ойды
ұтқыр да, асыл сөздерімен жеткізе білген туындылары мазмұны жағынан да,
көркемдігі жағынан да маңызын жоймады. Ол
«Әдебиет танытқыш» еңбегінде:
«Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар
болады, сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетуімен асыл болады» [1],
- деп атап
көрсетті. Әдебиет теориясының терминдерін жинақтап кеткен әдебиеттанушы
ғалым үш түрлі әдісті көрсетіп кетті, олар: көріктеу, меңзеу, әсірелеу.
Өзінің
көркем туындыларында да көріктеу құралдарын шебер пайдаланған.
Қоғамда болып жатқан әділетсіз, озбырлық,
надандық сияқты
келеңсіздіктерді
«төбемізден бұлт арылмай», «не қалды денемізде
Достарыңызбен бөлісу: