Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет40/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

шарпылмаған» деген тіркестермен суреттесе, «көк тұнжырап, мұңайып, қабақ 
жауып» деп кейіптеу арқылы түнерген қоғамды кейіптеу арқылы бейнелейді. 
«Асау тұлпар» өлеңінде: 
Қалтасында біреудің, 
Жұпары болса сақтаулы. 
Жұпарын ол дауыстап, 
Көрмейді лайық мақтауды. 
Мақтамай-ақ әркімге 
Жұпардың өзі-ақ білдірер. 


73 
Үндемей-ақ төңірекке 
Тәтті иісін жайып сіңдірер... 
...Дүниеде көркем күйлер көп, 
Жаны бар оны сезбей ме? 
Сезбейтін оны құр тұлып
Тұлыптан кісі безбей ме [2], – осы жолдарда «жұпар» 
«жаны бар», «тұлып» сөздері метонимия. «Жұпар» адамның жақсы мінезін, 
білім-парасатын ауыстырып қолданылса, «жаны бар» көзі ашық, көкірегі ояу 
парасатты адамның мағынасында, ал «тұлып» керісінше пайым-түсінігі төмен, 
надан адамның қалпын танытады. 
«Туған жер» өлеңінде: 
Туған жер! Көрген жаман, жақсылықты
Не түрлі татқан тәтті, ашщылықты.... [2], – бұл шумақта 
ақын қазақ даласының басынан өткерген қиыншылығы мен азабын, сонымен 
қатар, қиындықтарды қайсарлықтарымен жеңе біліп, жақсы дәуірді басынан 
өткерген сәттерін «жаман, жақсы, тәтті, ашщы» метонимиясы арқылы 
шендестіре отырып, екі жолға шебер сыйғыза білген. 
...Қалпында қандай жүрек тұрады екен? 
Сен десе орынынан қозғалмай, жай! [2], – деп туған жерге 
деген махаббатын, шексіз құрметін метафоралық тіркес арқылы жеткізеді. 
«Өмір» өлеңі – философияға құрылған астарлы өлең. 
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, 
Күн күркіреп, қорқытып, ұшырып құт. 
Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, 
Көз ашқанда аспаннан жарқылдап от [2], – әрине, былай 
қарасаң ауа-райының құбылысын бейнелеген қарапайым шумақтар. Әрі қарай: 
Бұлт айықты көк жүзі болды ашық, 
Бар нәрседен қайғы-мұң кетті қашып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет