Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар
мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б., Сужикова А.- Алматы:
Алматыкітап баспасы, 2009
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі баспасы,1992
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗЕРТТЕУШІ
Абдуллина Ардақ Амирхановна
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Шаймағанбетова Салтанат Тұрсынбековна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
А.Нұрманов атындағы негізгі орта мектеп
Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы
Аннотация. В статье описываются работы народного педагога А.Байтурсынова,
посвященные национальной письменности и просвещению. Он реформатор-новатор,
создавший национальный сценарий для молодого поколения, общественный деятель,
приложивший усилия для обучения казахских детей на родном языке, и автор многих
учебников по обучению молодежи на национальном языке, им написано много прекрасных и
легко читаемых учебников, такие как «Әліпби», «Тіл – құрал», он является
основоположником казахского языкового образования.
Ключевые слова. Автор национальной письменности, учебник, родной языка,
основоположник казахского языкового образования.
Annotation. The article describes the works of the national educator A.Baitursynov,
dedicated to national writing and education. He is an innovative reformer who created a national
scenario for the younger generation, a public figure who made efforts to teach Kazakh children in
their native language, and the author of many textbooks on teaching youth in the national language,
96
he wrote many excellent and easy-to-read textbooks, such as "Alipbi" , "Tіl - qural", he is the
founder of the Kazakh language education.
Keywords. The author of the national script, the textbook of the national language, the
founder of the Kazakh language education.
Ахмет Байтұрсынов қазақтың жоғы – жоғалтқан тілі мен ділін,
мәдениетін жоқтаған ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог,
дарынды ақын, аудармашы, қоғам қайраткері.
Жас ұрпаққа ұлттық жазу жасап берген жаңашыл реформатор, қазақ
балаларын ана тілінде оқуына күш салған қоғам қайраткері. Жастарды ұлт
тілінде оқытуға арналған көптеген оқулықтардың авторы. «Әліпби», «Тіл –
құрал» сынды талай тамаша, оқуға жеңіл оқулықтарды жазған, қазақ тіл
білімінің іргетасын қалаушы лингвист ғалым. Ана тілін оқыту әдістемесін жаңа
сипатта ұсынушы – жаңашыл ұстаз. Қазақстан Ғылым академиясының
іргетасын қалаушы, қазақ ғылымын ұйымдастырушылардың бірі. Қазақ сөзінің
құдыретін танытқан сөз зергері. Өзі «көсем сөз» деп танытқан жанрдың көш
бастаушысы – ірі публицист. Халқының ән-күйін жақсы білген – өнер иесі. Осы
орайда арнайы айтарымыз қазақ жоғын жоқтаған – А.Байтұрсыновтың ұлттық
жазу мен оқу-ағарту ісіндегі тарихта теңдесі жоқ қызметі болар.
1929 жылға дейін республикамызда араб таңбаларын пайдаланған ұлттық
Қазақ жазуы болды. Кезінде бұл жазуды тіл білімі ғалымдары «Байтұрсынов
жазуы» деп те атаған. А.Байтұрсыновтың өзі болса «Қазақ жазуы» деп атаған.
Араб алфавиті қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріліп, жаңаша
түзелген, қазақ тілінде жоқ таңбалар шығарылып тасталған мүлде жаңа Әліпби
болды. Таңбалардың ұлттық тілдің дыбыс жүйесіне сай келуіне және оны
әліпбимен жазудың дыбыс тәртібін, емле ережелерін жақсы түсіндірді.
А.Байтұрсынов 1912 жылы «Айқап» журналында «Жазу тәртібі» атты
мақаласын жариялайды. Осы мақаласында тіл білімін зерттеуші ғалым Ахмет
Байтұрсынов былай деп атап көрсетеді: «... Оқу құралының ең ұлығы бала
оқытатын кітап: оның жақсы болып балалардың жанын қинамасына жазудың
тәртібі болуы шарт. Тәртәптә жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас-
басына арнаған белгісі (хоріфі) бар болса. Осы күнгі жазуымызда дыбыс
басына арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлденеше түрлі дыбыстарды
жазамыз... Балаларға нәр түрлі айтылатын сөзді, бір түрлі айтып жазып қойып,
нәр түрлі оқу керек деегніміз зорлық емес пе? «Бірдей жазылған сөзді қалай
қалай нәр түрлі оқысам дұрыс болады» деп бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі
оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін түзетіп, жөнге салуымыз
керек. Сонан соң жөнменен құрал сайлау керек», - деп ғалым қазақ жазуындағы
арабтың басы артық әріптерін алып тастауды, жіңішке дауысты дыбыстарды
білдіруге арналған белгі – дәйекшіні еңгізуді ұсынады.
Көпшіліктің көкейіне қонған бұл ұсыныс, реформаларды оқушы дұрыс
бағалап, көп дау-дамайсыз-ақ, А.Байтұрсынов түзген әліпби қазақ оқушылары
арасында орныға бастайды. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық
құрылысын зерттеп, әліпбиі мен емілесін ретке келтірген Ахаң енді арнайы оқу
құралдарын жазуға кіріседі. Ұзақ жылдар тәжірибесі тұңғыш зерттеу еңбек,
97
оқулық кітап – «Оқу құралында» бір жүйеге келтіріледі: жаңа дыбыстық
әдіспен тәртіп етілген төл қазақша әліппе – жаңа емле басы төңкеріске дейін де,
одан кейін де бірнеше рет басылады. А.Байтұрсыновтың әдістемелік
құралдары: «Баяныш», «Әліппе астары» және «Нұсқаушы» секілді көмекші
құралдар айта кету орынды.
Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет-журналдарда»
жарияланған еңбектердің тізімі 1929 жылдың 5 мамырында жазылыпты. Сонда
мына еңбектері атап көрсетілген:
1. «Тіл – құрал» 1 бөлім. Фонетика.
2. «Тіл – құрал» 2 бөлім. Морфология.
3. «Тіл – құрал» 3 бөлім. Синтаксис.
4. «Әдебиет танытқыш»
5. «Баяншы». Методикалық жазбалар.
6. «Тіл жұмсар». 1 бөлім. Практикалық грамматика.
7. «Тіл жұмсар». 2 бөлім. Практикалық грамматика.
8. «Оқу құралы». Балалар әліппесі.
9. Әліппе
10. «Сауат ашқыш». Ересектер әліппесі.
11. «Әліппе - астар». Әлеппеге методикалық нұсқау.
12. «Қырық мысал» - Крылов мысалдары аудармасының жинағы.
13. «Маса». Төлтума және аударма өлеңдер жинағы.
14. «Оқу құрал». Хрестоматия (нұсқалық).
1929 жылдың 8 наурызында өз қолымен жазған «Өмірбаянында» Ахмет
Байтұрсынов былай деп жазады: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ
тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен,
екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емсе), орфографиясын, жетілдіру және
реттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық
шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан; ақыры, ең соңында,
төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл
арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы
халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар
өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске
асты...» А.Байтұрсынов осылайша өзінің өміршең де өшпес еңбектерін атап
көрсетеді. Шындығында да қазақ тілін түрлендіруде, бұл еңбектердің
бағасы өлшеусіз, тіл білімінің алтын қырына қосылған асыл қазына болды.
Қазақтың «Ұлттық жазуы» танылған Ахмет Байтұрсыновтың өткен ХХ
ғасырдың оныншы жылдарында жасаған алфавитіне тіл білімінің білімпаздары
осылайша жоғары бағалады. Ахаң емлесі қазақ тілінің дыбыстық табиғатына
үйлестіріліп, араб таңбаларының негізінде түзелгенді және бұл алфавит
«Қазақтың ұлттық жазуы» деп аталған болатын.
Қалай аталған күйде де бұл алфавит қазақ тілінің дыбыс жүйесіне дәл,
дұрыс түзелген ең оңтайлы жазу таңбалары болған. Бірақ Кеңестік саясаттың
тоқпағымен А.Байтұрсынов жасаған тұңғыш ұлттық әліпбиіміз 1929 жылы
латын жазуымен туыстырылады. Он-он бір жыл өмір сүрген латын әліпбиі 1940
жылы кириллицаға ауыстырылады.
98
1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде
сөз алды. Мұхтар Әуезовше айтар болсақ: «ана тілін түрлеген Ахаң», қазақ
жазуының жаңашыл реформаторы, беделді түрколог ғалым, ұлы ағартушы
еңбегі – қорғауға тұрарлық еді. Елде латынға ауысу, тіл, емле таластары кезінде
Ахаң қалай-қалай сөйлеген: «Араб әріпімен жасап алған әліпбиімізге жер
жүзінде әліпби баласы жетпейді. Араб әріпімен жүзеген емлемізге бізге мәлім
емлелердің бңрң жетпейді. Мұны ешкім берер деп айта алмайды... Қазақ
әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп
таңба арналған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету
жағынан орыстікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы. Тағы
немене керек?! Жоқ! Араб әрпін тастап, латын әрпін алу керек... Мұнда
адасқандық болмаған күнде де анығына жетпегендік бар екені шексіз...»
Ахаңның «жер жүзінде әліпбиімізге әліпби баласы жетпейді» - деп қаншама
дәлелдеуге тырысты.
1974 жылы Москвадан академик А.Н.Кононовтың жалпы редакциясымен
шыққан «Отандық тюркологтардың библиографиялық сөздігін» шығарды.
Сонда Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбектері туралы мәлімет берген. Бұл
әлі А.Байтұрсыновтың ақталмаған шағы да. Соған қарамай орыс тюрколог
ғалымдары А.Байтұрсыновты ұмытпайды.
Ахмет Байтұрсынов 1927 жылы «Араб әліппесін» жақтаған
баяндамасында әліппе қалай түзілуі керек деген сұраққа былац деп жауап
береді: «... Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың
жинағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе,
оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер
құралдарына орнатуға қолайлы боолса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы».
Ал, А.Байтұрсынов болса, «әлдеқашан қазақ тілінде қандай дыбыстар бар
екенін шығарып, әр быдысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз
жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, француздікінен,
ағылшындікінен оңай, оңтайлы...»
Ахмет Байтұрсынов түзген әліпбидің, емле заңдылықтарының қолайлы
болғаны сондай «Байтұрсынов жазуы» ел ішінде кереметтей қолдау табады.
А.Байтұрсынов әліпбиі арқасында сауат ашқандар да, оқуға ұмтылыс жосағандар
да көп еді. Дегенмен, 1929 жылы Ресейде жаппай латынға көшкенде кеңестік
саясатқа қарсы тұрар күш болмады. Талай кепелі жиын, кең отырыстарда Ахмет
Байтұрсынов та, Міржақып Дулатов та араб таңбалы қазақтың ұлттық жазуын
сақтап қалуға күш салды, артықшылығын дәлелдеп бақты. Бірақ, кеңестік саясат
дегенін ісететін кезде оған қарсы тұрар күш жоқ еді.
Сонымен, Ахмет Байтұрсынов түзеп «Қазақ жазуы» аталған емле
Қазақмтанда 17-18 жылдан жақсы қолданылып, енді тұрақтап бергенде
жабылып тыңды. Жоқ, «Қазақ жазуы» мүлде құрып кеткен жоқ. Қытай мен
Иран, Ауғанстан қазақтары әлі де «Байтұрсынов жазуын» пайдаланады.
Шыңжандағы туысқандар осы жазуды еркін пайдаланып келеді. Ахаңның тер
төккен еңбегі – «Қазақ жазуы» ұлттық жазуымыз. Қазақтың өткендегі жазба
дүниелері осы әріппен басылып тұрады. Сондықтан да көне мұраларымызды
білгісі, танығысы, оқығысы келгендер А.Байтұрсынов әліпбилерін оқыса қазір
99
де артық болмас еді. Қазақстанның мешіттер жанындағы мектептерінде қазір де
осы
«Байтұрсынов
жазуы»
оқытылады.
А.Байтұрсынов
емлесімен
республикалық «Шалқар» газеті шығады.
Қалайда, «Байтұрсынов жазуы» атты ұлттық мәдени дүниеміз қазақтың
мәңгілік мұрасы екені екені сөзсіз. Оның бұл кезеңде де әлі кәдемізге жарары
анық, жарап та жатыр. А.Байтұрсынов емлесін әлі де игере түссек, көне мұра
болар еді. Жазықсыз жапа шеккен А.Байтұрсынов еңбегіне, артында қалдырған
мол мұрасын жаңаша көзқараспен қарайтындай кезең келді. Ел егемендігін
алды. Қазақтың жолын жоқтаған кеменгер ғалым, асыл азаматтың тапқан
жоғын түбегейлі пайдаланатын да кез келді.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов былай деп атап көрсетті: «Өзіміздің
елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен
әдебиет тілін өркендету керек».
Демек, ана тілімізді, яғни халқымыздың, ұлтымыздың рухани мұрасының
тазалығы мен сұлулығына қамқор болайық, дамытайық, құрметтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |