Қолданылудағы Қаржылық Есебінің Жүйесінен Ауытқу
45. Аудитордың назарына аудитордың сенуіне себеп болған, аралық қаржы ақпаратына елеулі түзетулердің қолданылудағы қаржылық есеп жүйесіне сай жасалыну туралы мәселе туындаған жағдайда, аудитор қолайлы не қолайсыз қорытындыны білдіруі тиіс.
46. Аралық қаржы ақпаратына қолданылудағы қаржылық есеп жүйесі ауытқуларының елеулі әсер ете алатындығына аудиторды сендірген мәселе аудитордың назарында туындаса, басқарма аралық қаржы ақпаратын түзетпеген болса, аудитор шолу есебін өзгерте алады. Өзгертулер ауытқулардың негізін айқындайды, және оның аралық қаржы ақпаратына әсерін бекітеді. Аудитор қажетті деп сенген нақты жарияланымдар аралық қаржы ақпаратына кірістірілмеген болса, аудитор шолу есебін өзгертеді, және, егер жүзеге асса, қажетті мағлұматты шолу есебіне енгізеді. Шолу есебін өзгерту оған қосымша түсіндірмелі тармақты қосу және қорытындыны анықтау арқылы орындалады. Кескінді шолу есептемесі анықталған қорытындысымен бірге осы ШКХС стандартының Қосымша 5-де көрсетілген.
47. Аралық қаржы ақпаратына ауытқу әсері елеулі және терең болса, аудитор анықталған қорытындының аралық қаржылық ақпаратының жеткіліксіз негізі мен қатесін жариялау үшін жеткіліксіз екенін пайымдайды, аудитор жағымсыз қорытындыны жариялайды.
Кескінді шолу есебін жағымсыз қорытындысымен осы ШКХС стандартының Қосымша 5-де көрсетілген
Шектеу Ауқымы
48. Шектеу ауқымы әдетте аудиторды шолуды бітіруден сақтандырады.
49. Аудитор шолуды бітіре алмаған жағдайда, аудитор басқарманың тиісті бөлімшесімен не үкімет органымен шолу жұмысын бітіре алмау себебін түсіндіретін жазбаша байланыс орнатуы және тиісті есепті бекітуді қарастыру тиіс .
Басқармамен Бекітілген Шектеу Ауқымы
50. Егерде аудитордың шолу жұмысына ұйымның басқармасы бекіткен шектеу ауқымы нәтижесінде аудитордың міндеттеме жағдайлары шолуды бітіре алмайтындығын көрсетсе, аудитор аралық қаржы ақпаратының шолу міндеттемесін қабыл етпейді.
51. Егерде, міндеттемені қабылдағаннан кейін, басқарма шолудың шектеу ауқымын бекітсе, аудитор шектеуді алып тастауды сұрай алады. Егер басқарма одан бастартса, аудттор шолуды аяқтай алмайды және қорытынды жасай алмай қалады. Осындай жағдайларды, аудитор басқарманың тиісті бөлімшесімен және үкімет органымен жазбаша шолуды бітірмеу себебін түсіндіретін байланыс орнатады. Алайда, аудитордың назарына аудитордың сенуіне себеп болған, аралық қаржы ақпаратына қолданылудағы қаржылық есеп жүйесіне сай елеулі түзетулердің жасалынуы туралы мәселе туындаған жағдайда, аудитор осы мәселелерді 38–40 тармақта көрсетілгендей қарастырады.
52. Аудитор заңды және бақылау міндеттемелерін де қарастырады, сонымен қоса есептемені жариялауды аудитордан талап етілуін де. Егер осындай талап болып, аудитор қорытындыдан бас тартса, онда шолу есептемесінде оның себебі түсіндірілуі тиіс. Алайда аудитордың назарына аудитордың сенуіне себеп болған, аралық қаржы ақпаратына қолданылудағы қаржылық есеп жүйесіне сай елеулі түзетулердің жасалынуы туралы мәселе туындаған жағдайда, аудитор осы мәселелерді есептемеде көрсетеді.
Ауқымның Басқа Шектеулері
53. Ауқымның шектеуі басқарма бекіткен шектеуінен бөлек жағдайлардан туындауы мүмкін. Осындай жағдайларда, аудитор әдетте шолу рәсімін бітіре алмайды және 51–52 тармаққа сәйкес дұрыс қорытындыны тұжырымдай алмайды. Кейбір аудитордың жұмыс ауқымының шектеуі бір немесе бірнеше нақты мәселелерге қатысты, аудитордың пікірінше аралық қаржы ақпаратына кірілген елеулі сирек жағдайлар болуы мүмкін. Осындай жағдайларды, аудитор шолу есебін, шолу есебінің түсіндірмесінде айқындалған мәселеден өзгеше, ШКХС стандартына сай қорытындысын тұжырымдап өзгертеді. Кескінді шолу есебімен қорытынды осы ШКХС стандартының Қосымша 6 көрсетілген.
54. Аудитор аудиттің ауқымының шектелу себебінен соңғы жылдық қаржы есебінің аудитіне қатысты білікті пікір білдіреді. Аудитор ауқымда шектеуінің әлі болғандығын және оны шолуға енгізуді қарастырады.
Үздіксіз Қызмет пен Маңызды Тұрлаусыздық
55. Кейбір жағдайларда, аудитордың қорытындысына әсер етпестен мәселені талқылайтын, аралық қаржы ақпаратының хатындағы мәселені кеңінен талқылайтын тармақ шолу есептемесіне енгізіледі. Бұл тармақ қажетінше қорытындыдан кейін жазылады және әдетте қорытындының біліктілік фактісіне сүйенеді.
56. Егер аралық қаржы ақпаратында нақты жарияланымдар жасалынған болса, аудитор шолу есебіне, ұйымның қызметін жалғастыра алуына күмән туғызатын оқиға не жағдайға қатысты елеулі тұрлаусыздықты айқындайтын, мәселені ерекшелеу тармағын қосуы тиіс.
57. Аудитор қазіргі аудит не шолу есебін ұйымның қызметін жалғастыра алуына күмән туғызатын оқиға не жағдайға қатысты елеулі тұрлаусыздықты айқындайтын, мәселені ерекшелеу тармағын қосу арқылы өзгерте алады.Егер елеулі тұрлаусыздықтар әлі бар болса және аралық қаржы ақпарытына тиісті жарияланмдар жасалса, аудитор ағымдағы қаржылық ақпаратына шолу есебін оған қосымша тармақ, үздіксіз болған елеулі тұрлаусыздықты сипаттайтын, қосу арқылы өзгерте алады.
58. Егер, сұраныстар мен басқа шолу рәсімдерінің нәтижесінде, ұйымның қызметін жалғастыра алуына күмән туғызатын оқиға не жағдайға қатысты елеулі тұрлаусыздық аудитордың назарына келсе, аралық қаржы ақпаратына тиісті жарияланым жасалынады, аудитор шолу есебін мәселені ерекшелеу тармағын қосу арқылы түзетеді .
59. Егер, ұйымның қызметін жалғастыра алуына күмән туғызатын оқиға не жағдайға қатысты елеулі тұрлаусыздық аралық қаржы ақпаратында жарияланбаған болса, аудитор тиісінше қорытындыны тұжырымдауы тиіс. Есептемеге елеулі тұрлаусыздықты көрсететін фактіге сілтемені кірістіруі қажет.
60. Аудитор шолу есебін аудитордың назарына оралған маңызды тұрлаусыздықты айқындайтын қосымша тармақ, болашақ оқиғаларға тәуелді және аралық қаржы ақпаратына әсері бар шешімді, қосу арқылы өзгертуді қарастыруы тиіс.
Басқа Қарастырулар
61. Міндеттеме шарттарына басқарма келісіміндегі аралық қаржы ақпаратын қарастыратын және ұйымның аудиторымен шолынған мағлұматы бар қандай да бір құжат және шолу есептемесі де кіреді. Егер басқарма есептеме шолуын құжатқа кіргізбеген болса, аудитор мұндай жағдайда тиісті әрекеттерді анықтау үшін заңдық кеңеске жүгінуді қарастырады.
62. Егер аудитор өзгертілген шолу есептемесін жарияласа және басқарма аралық қаржы ақпаратын өзгертілген шолу есептемесін құжатқа кіргізбестен жарияласа, аудитор мұндай жағдайда тиісті әрекеттерді анықтау үшін заңдық кеңеске жүгінуді қарастырады, және жылдық қаржы есебінің аудитін орындау қызметінен кету мүмкіндігін де қарастырады.
63. Қысқартылған қаржы есебінен тұратын аралық қаржы ақпараты қысқартылған қаржы есебіне кірістіруге болатын қажетті толық ақпараттарды тиісінше енгізбейді, бірақ жылдық есеп уақытысынан бастап ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді түсінуде маңызды болған оқиғалар мен өзгерістердің түсіндірмесін көрсетеді. Аралық қаржы ақпаратының қолданушылары соңғы тексерілген қаржы есебіне рұқсатының болуы себебінен деп болжанады. Басқа жағдайларда, аудитор аралық қаржы ақпаратына соңғы қаржылық есеппен бірге қарастырылатын есепті кірістіру жөнінде басқармамен келіссөз жүргізеді. Осындай есептің жоқтығында, аудитор соңғы тексерілген қаржы есебіне сілтеместен, кейбір жағдайдаларда аралық қаржы ақпаратының бұрмалануын және шолу есебіне салдарын қарастырады.
Құжаттылық
64. Аудитор аудитордың қорытындысына негіз және жеткілікті болатын, шолудың осы ШКХС стандартына, заңдық және бақылаулық талаптарына сай орындалғанын көрсететін шолу құжаттамасын дайындауы тиіс. Бұл құжаттама білікті аудиторға жасалынатын сұраныстардың негізін, мезгілі мен көлемін, қолданылудағы талдамалы және басқа шолу рәсімдерін, мәселердің ауытқуымен қоса шолу барысында қарастырылған маңызды мәселелер мен алынған мағлұматтарды түсінуіне мүмкіндік береді.
Жарамдылық күні
65. Осы ШКХС стандарты аралық қаржылық ақпаратына шолуға 2006 жылдың 15 Желтоқсанынан бастап не кейін жарамды. ШКХС стандартына ертерек бекітулерге рұқсат.
Жеке Сектордың Келешегі
1. 10 Тармақ аудитор мен клиенттің міндеттеме шарттарымен келісімін талап етеді. 11 Тармақ міндеттеме хатынының міндеттеме негізіне қатысты түсініспеушілікті болдырмауға көмектеседі, шолудың ауқымы мен мақсатын, басқарма жауапкершілігі мен аудитордың жауапкершілік аймағын, кепілдік, есептеме негізі мен формасын түсіндіреді.
Жеке сектордағы шолу міндеттемесін қарастыратын заң не бақылау әдетте аудитордың бекітілуіне бұйырады. Тиісінше, міндеттеме хаты жеке секторда кеңінен таралмаған болуы мүмкін. Алайда, 11 тармақта айқындалған мәселелерді қарастыруда жеке сектор мен клиент үшін де міндеттеме хатты дайындау пайдалы болуы мүмкін.
2. Мемлекеттік секторда, аудитордың нормативті аудит міндеттемесі басқа жұмыстарға да таралуы мүмкін, мысалы аралық қаржы ақпаратына шолу сияқты. Мемлекеттік сектордағы аудитор мұндай жауапкершіліктен бас тарта алмайды, және де шолу міндеттемесін қабылдау (50 тармақты қара) не одан кету дәрежесінде болмауы мүмкін. (36 және 40 (ә тармақтарды қараңыз). Сондай ақ мемлекеттік сектордағы аудитор жылдық қаржы есебінің аудитін жасау қызметінен де бас тарта алмайды(40(ә)) және 62 тармақтарын қараңыз).
3. 41 Тармақ аудитордың назарына ұйымның заң мен бақылауға қайшы айлакерлік пен келіспеушіліктің болуын аудитордың сенуіне себеп болған мәселе туындаған кезде аудитордың жауапкершілігін қарастырады. Жеке секторда аудитор осы мәселердің есебін бақылау не басқа да мемлекеттік органдарға есеп беру үшін нормативтік не басқа реттеуіш талаптарына байланысты.
Қосымша 1
Аралық Қаржы Ақпаратына Шолуға арналған Міндеттеме Хатының Мысалы
Келесі хат осы ШКХС стандартының 10 тармағындағы қарастырулармен бірге анықтамалық нұсқа ретінде қолданылады, және жеке талаптар мен жағдайларға сай бейімделеді.
Директорлардың Кеңесіне (немесе бас басқарманың тиісті өкіліне).
Біз бұл хатты 20X1 жылдың 30 Маусымындағы ұйымның аралық бухгалтерлік теңгерімін және осыған байланысты кіріс туралы мағлұмдаманы, алты ай мерзіміндегі меншікті капитал мен ақша ағымындағы өзгерістерді шолуда өзіміздің міндеттеме мақсаты мен шарттарының түсінігін бекіту үшін жазып отырмыз.
Біздің шолу рәсіміміз 2410 Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандартына, Ұйымның Тәуелсіз Аудиторы Дайындаған Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу, сай орындалады, және есептеме негізін қамтамасыз ету мақсатында, және де біздің назарымызда аралық қаржы ақпаратының [қолданылудағы қаржылық есеп жүйесін көрсетіңіз, сонымен қатар аралық қаржылық есептеменің Халықаралық Қаржылық Есептеме Стадартында қолданылмаған кезіндегі қаржы есептемесінің негізі болған мемлекет не заң құзіретіне сілтемені де қосыңыз]стандартына сай дайын еместігіне бізді сендірген Халықаралық Аудит пен Кепілдік Стандартының Кеңесімен шығарылған.
Бұл шолу қаржы және есеп мәселелеріне жауапты адамдар жөнінде сауалнама жасаудан тұрады, және талдамалы және басқа да шолу рәсімдерін енгізуден, және әдетте жинақталған ақпаратты растауды талап етпейді.
Аралық қаржы ақпаратына шолудың аймағы қаржылық есеп турасында пікір білдіруді мақсат тұтқан, біз мұндай пікір білдірмейміз, Аудиттің Халықаралық Стандартына сай жасалған аудит аймағынан кішірек.
Біз аралық қаржы ақпараты туралы келесідей есеп беруді күтудеміз:
[Есеп мысалының мәтінін қосу қажет.]
Аралық қаржы ақпаратына жауапкершілік, нақты жарияланымды қосқанда, ұйымның басқармасынан елеулі бұрмалануы жоқ аралық қаржы ақпаратының дайындығы мен ұсынуына қатысты ішкі бақылауды жобалау, жүзеге асыру және қолдаудан тұрады, және де қателік пен айлакерлік нәтижесінде, тиісті есеп әдісін таңдау мен қолдану; және қандай да бір жағдайдарда бухгалтерлік есебін дайындау. Шолудың бір бөлігі ретінде, біз басқармадан шолуға байланысты жасалған кепілдік турасында жазбаша ақпаратты талап етеміз.Сондай-ақ аралық қаржы ақпараты кірістірілген және шолынғанын көрсететін әлдеқандай құжатты да талап етеміз, және біздің есептеме де осы құжатқа енгізіледі.
Аралық қаржы ақпаратына шолу аудитте анықталған барлық маңызды мәселелерді қарастыратын кепілдікті қамтамасыз етпейді. Онан әрі біздің міндеттеме туындаған айлакерлік, қателік, заңсыз әрекеттерді жариялауға мүмкіндігі жетпейді. Алайда қандай да бір елеулі мәселелер туындап жатса, ол туралы хабар береміз.
Біз сіздердің қызметкерлеріңізбен толық байланыс орнатуды күтеміз және сіздер шолуға байланысты қажетті жазбалар, құжаттар мен басқа ақпараттарды біздерге қолжетімді ететіндеріңізге сенеміз.
[ Келісім төлемі және есебі туралы қосымша ақпаратты қосыңыз]
Осы хат өзгеріске ұшырап, түзетілмесе келесі жылдарға дейін жарамды болады.
Осы хатты бекітілген көшірмесімен растап және кері қайтаруды өтінеміз.
ABC Ұйымы атынан Бекітілген
(Қол қойылған)
Есімі және Қызметі
Уақыты
Қосымша 2
Аралық Қаржы Ақпаратына Шолуды Дайындау кезінде Талдамалы Рәсімдерді Аудитор Қарастыра Алады.
Аралық қаржы ақпаратына шолуды дайындау кезінде аудитор қарастырған талдамалы рәсімдердің мысалы келесідей:
• Аралық қаржы ақпаратын тікелей алдыңғы аралық кезеңнің аралық қаржы ақпаратымен, алдыңғы қаржылық жылдың тиісті аралық кезеңінің аралық қаржы ақпаратымен, ағымдағы кезеңнің басқармамен болжанған аралық қаржы ақпаратымен, жуырдағы жылдық қаржы есебінің аудитімен салыстыру.
• Ағымдағы аралық қаржы ақпаратын болжалды нәтижемен, мәселен, бюджет не болжаммен, салыстыру(мәселен, салық теңгерімін және ағымдағы аралық қаржы ақпаратында түсім салығына бюджеттегі (a) тиісті ақпарат, болжамды мөлшерді қолдану арқылы, бұрынғы жылдың қаржылық ақпаратына дейін пайдаға салынатын салықпен байланысы).
• Ағымдағы аралық қаржы ақпаратын тиісті қаржылық емес ақпаратпен салыстыру.
• Есепке алынған жиынтықтан жазылған жиынтық не коэффициентті аудитор орындаған ықтималдықпен салыстыру. Аудитор бұл ықтималдықтарды ұйым не өнеркәсіп жайлы аудитордың түсінігінде қалыптасқан байланыстарды анықтау және енгізу арқылы дайындайды.
• Ағымдағы аралық кезеңнің коэффициенті мен көрсеткішін бір өнідірістегі обьектімен салыстыру.
• Ағымдағы аралық қаржы ақпаратындағы элементтер арасындағы байланысты өткен жылдағы аралық қаржы ақпаратындағы тиісті байланыспен салыстыру, мәселен, сауда пайызы бойынша шығын, толық активтің пайызы бойынша активтер, саудадағы өзгеріс пайызының алынымдағы өзгеріс пайызына.
• Таралған мәліметтерді салыстыру. Келесі мысалдар мәліметтердің қалай бөлінетінін көрсетеді:
○ Мезгіл бойынша, мәселен, апта, ай, тоқсандарға бөлінген табыс не шығындар.
○ Өнім қатары немесе табыс көзі арқылы.
○ Мекен-жай арқылы, мысалы құрамдас көмегімен.
○ Әрлеушіден, құрылысшыдан, қолөнершіден түскен табыс сияқты келісімнің белгілері арқылы.
○ Келісімнің бірнеше белгілері арқылы, мысалы ай және өнім бойынша сатылым.
Қосымша 3
Басқарма Ұсыныс Хатының Мысалы
Келесі хат әдеттегі хаттар сияқты арналмаған. Басқарма Ұсынысы ұйымнан ұйымға және бір аралық кезеңнен келесі кезеңге дейін өзгеріп отырады.
(Ұйым Хатының тақырыбы)
(Аудиторға) (Уақыты)
Аралық қаржы ақпараты қысқартылған қаржылық есептемеден құралса, бастама тарауды келесідей:
Бұл ұсыныс хат сіздің ABC ұйымының 20X1 жылдың 31 наурызындағы қысқартылған бухгалтерлік теңгерім шолуымен, тиісті қысқартылған табыс туралы мағлұмдамамен, және қорытындыны, сіздің назарыңызда аралық қаржы ақпаратының [қолданылудағы қаржылық есеп жүйесін көрсетіңіз, сонымен қатар аралық қаржылық есептеменің Халықаралық Қаржылық Есептеме Стадартында қолданылмаған кезіндегі қаржы есептемесінің негізі болған мемлекет не заң құзіретіне сілтемені де қосыңыз]стандартына сай дайын еместігін тұжырымдау мақсатында үш айлық кезеңіндегі меншікті капитал мен ақша ағымында болған өзгерістермен бірге ұсынылып отыр.
Біз өзіміздің аралық қаржы ақпаратын [қолданылудағы қаржылық есептеме жүйесін көрсетіңіз] жүйесіне сай дайындау және көрсету үшін жауапкершілігімізді растаймыз.
Егер аралық қаржы ақпараты қаржылық есеп жүйесіне сай дайындалған жалпы мақсаттағы қаржылық есеп жүйесінің толық жиынтығынан құралса, бастама тарауды келесідей:
Бұл ұсыныс хаты ABC ұйымының 20X1 жылғы 31 наурызындағы бухгалтерлік теңгерім шолуымен, және тиісті табыс туралы мағлұмдама, меншікті капитал мен үш ай мерзіміндегі ақша ағыны өзгерістерімен байланыста көрсетілген және маңызды есеп саясатының нәтижесі және басқа да қорытындыны тұжырымдайтын түсіндірме жазбаларымен сіздің назарыңызға оралған аралық қаржы ақпаратының ABC ұйымының 20X1 жылдың 31 наурызындағы қаржы жағдайы туралы нақты және тура ақпаратты (әлде «бүкіл елеулі жағдайларда нақты қарастырылмайтын»,) және оның қаржы жағдайы мен ақша ағынын осы [қолданылудағы қаржылық есептеме жүйесін көрсетіңіз, сонымен қоса қаржылық есептеме жүйесінің Халықаралық Қаржылық Есептеме Стандартында қолданылмаған кездегі қаржылық есептеме жүйесінің негізі болған мемлекет не заң құзіретіне сілтемені де] сай көрсетпейтініне сендірген.
Біз өзіміздің аралық қаржы ақпаратының [қолданылудағы аралық қаржы есеп жүйесін көрсетіңіз] жүйесіне сай нақты көрсетілімі үшін жауапкершілігімізді растаймыз.
Біз өзіміздің барынша сеніміміз мен білімімізмен келесідей көрсетілімді бекітеміз:
-
Жоғарыдағы аралық қаржы ақпараты [қолданылудағы қаржылық есептеме жүйесін көрсетіңіз] жүйесіне сай дайындалған және көрсетілген.
-
Біз барлық есеп кітаптары мен қосымша құжаттарды, директорлар кеңесі мен акционерлер мәжілісінің (осы уақытта өткен [тиісті уақытты көрсетіңіз]) хаттамаларын сіздерге қолжетімді еттік.
-
Аралық қаржы ақпаратының негізінде болған есеп жазбаларында ешқандай елеулі келісімдер жазылмаған.
-
Үйлеспеушілік жағдайында аралық қаржы ақпаратына елеулі әсері болуы мүмкін заң мен ережелермен болған нақты не болжамды келіспеушілік белгілі болмаған. Біз айлакерлік пен қателерді болдырмау мақсатында ішкі бақылауды орнату үшін өз жауапкершілігімізді растаймыз.
-
Кәсіпорынға әсер етуі мүмкін әлдеқандай белгілі не болжамды айлакерлікке қатысты барлық маңызды мәселелерді сіздерге жария еткенбіз.
-
Айлакерлік нәтижесінде аралық қаржы ақпаратының бұрмалану тәуекелдігін бағалау қорытындысын сіздерге жариялағанбыз.
-
Кестедегі түзетілмеген бұрмалану әсерінің, жеке және топпен бірге, жалпы алғанда аралық қаржы ақпаратына елеусіз екеніне сенеміз.
-
Біз байланысқан тарапты анықтауға қатысты қарастырылған ақпараттың толық аяқталғанын растаймыз.
-
Дұрыс жазылған, тиісінше аралық қаржы ақпаратында нақты жарияланған мәселелер келесідей:
○ Байланысқан тараптың келісімі, сонымен қоса сатылым, сатып алу, жалға алу, аудару, жалға беру және кепілдіктер, байланысқан тарапқа төлем не алымның көлемі;
○ Кепілдіктер, жазбаша не ауызша,негізінде ұйымның әлеуетті жауапкершілігі; және
○ Бұрын сатылған активтерді сатып алу үшін келісім және мүмкіндіктер.
• Активтер мен міндеттемелердің өлшеудің нақты мәнін [қолданылудағы қаржылық есептеме жүйесін көрсетіңіз] жүйеге сай көрсету мен жариялау. Өлшемнің нақты мәні не жарияланымға қатысты болған жағдайда, жорамалдар біздің ұйымға қатысты әрекеттерді орындау ниетіміз бен мүмкіндіктерімізді айқындайды
• Аралық қаржы ақпаратында көрсетілген активтер мен міндеттеме топтамалары не мәніне әсер ететіндей біздің еш жоспарымыз бен ниетіміз жоқ.
• Өнім қатарлары, не басқа жоспарымыз бен ниетімізден бас тарту нәтижесінде босалқы қордың артуы не ескіруі біздің жоспарымызда жоқ және ешқандай босалқы қор нақты мәнінен артық өлшемде анықталмаған.
-
Ұйымның барлық активтер үшін қанағаттанарлық тақырыбы бар және ұйымның активтерінде еш кепілдік пен ауыртпалықтар жоқ.
-
Біз барлық нақты және болжалды барлық міндеттемелерді тіркедік не жарияладық.
-
[Жаңа есеп стандартына қатысты бірінші рет жүзеге асқан қосымша ұсыныстарды қосыңыз және аралық қаржы ақпаратына қатысты Аудиттің Халықаралық Стандартымен талап етілген қандай да бір қосымша ұсыныстарды қарастырыңыз.]
Біздің барынша біліміміз бен сеніміміз арқасында, жоғарыда аталған аралық қаржы ақпаратына түзету не жарияланымды талап ететіндей бухгалтерлік теңгерім уақытысы мен осы хаттың уақытысына қатысты ешқандай оқиға пайда болмады.
(Бас Атқарушы Қызметкер)
______________
(Бас Қаржы Қызметкері)
Қосымша 4
Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу Мысалдары
Қолданылудағы қаржы есеп жүйесіне сай нақты көріністі алу үшін дайындалған жалпы мақсаттағы қаржылық есептің толық жиынтығы (43(ж) тармағын қараңыз)
Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу Есебі
(Тиісті адрес иесі)
Кіріспе
Біз АВС ұйымының 20X1 жылғы 31 наурызындағы бухгалтерлік теңгерім, және тиісті табыс туралы мағлұмдама, меншікті капитал мен үш ай мерзіміндегі ақша ағыны өзгерістеріне, маңызды есеп саясатының нәтижесі мен басқа да түсіндірме жазбаларына шолу жасадық.¹ Аралық қаржы ақпаратының [қолданылудағы қаржылық есеп жүйесін көрсетіңіз] жүйесіне сай дайындығы мен нақты көрсетілімі үшін басқарма жауапты. Біздің жауапкершілігіміз өзіміздің шолу нәтижесінде аралық қаржы ақпаратына қорытындыны көрсету.
Шолу Аймағы
Біз шолу жұмысын Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2410, Ұйымның Тәуелсіз Аудиторы Орындаған Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу,сай жүргіздік.² Аралық қаржы ақпаратына шолу қаржы мен есеп мәселелеріне жауапты қызметкерлердің сұранысы, талдамалы жене басқа да шолу рәсімдерін енгізуді қамтиды. Халықаралық Аудит Стандартына сай орындалған аудитпен салыстырғандағы шолудың аймағы азырақ , және аудит барысында анықталатын барлық маңызды мәселелерді қарастыру үшін бізге кепілдікті алуға рұқсат берілмейді. Тиісінше, біз аудиттік пікірімізді білдірмейміз.
Қорытынды
Шолу нәтижесінде, Аралық қаржы ақпараты ABC ұйымының 20X1 жылдың 31 наурызындағы қаржы жағдайы туралы нақты және тура ақпаратты (әлде «бүкіл елеулі жағдайларда нақты қарастырылмайтын»,) және оның қаржы жағдайы мен аяқталған үш ай мерзіміндегі ақша ағынын осы [қолданылудағы қаржылық есептеме жүйесін көрсетіңіз, сонымен қоса қаржылық есептеме жүйесінің Халықаралық Қаржылық Есептеме Стандартында қолданылмаған кездегі қаржылық есептеме жүйесінің негізі болған мемлекет не заң құзіретіне сілтемені де] сай көрсетпейтініне сендірген ешқандай мәселе біздің назарымызға оралмады.
АУДИТОР
Уақыты
Мекен-жайы
________________________
¹ Аудитор аралық қаржы ақпаратын сақтайтын әлдекімге бақылау билігін орнатуды ойлануы мүмкін.
² Аралық қаржы ақпаратының орнына тарихи қаржылық ақпаратына шолу болған жағдайда осы сөйлем келесідей оқылады: «Біз шолу жұмысын ұйымның тәуелсіз аудиторы дайындаған тарихи қаржылық ақпаратына шолуға енгізуге болатын Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2410 сай жүргіздік». Есептеменің қалған бөлігі жағдайға байланысты қажетінше өзгертіле беріледі.
Басқа Аралық Қаржы Ақпараты (43(з) тармағын қараңыз)
Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу Есебі
(Тиісті адрес иесі)
Кіріспе
Біз АВС ұйымының 20X1 жылғы 31 наурызындағы [қысқартылған] бухгалтерлік теңгерім, және тиісті [қысқартылған] табыс туралы мағлұмдама, меншікті капитал мен үш ай мерзіміндегі ақша ағыны өзгерістеріне шолу жасадық.³3 Аралық қаржы ақпаратының [қолданылудағы қаржылық есеп жүйесін көрсетіңіз] жүйесіне сай дайындығы мен нақты көрсетілімі үшін басқарма жауапты. Біздің жауапкершілігіміз өзіміздің шолу нәтижесінде аралық қаржы ақпаратына қорытындыны көрсету.
Шолу Аймағы
Біз шолу жұмысын Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2410, Ұйымның Тәуелсіз Аудиторы Орындаған Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу,сай жүргіздік.44 Аралық қаржы ақпаратына шолу қаржы мен есеп мәселелеріне жауапты қызметкерлердің сұранысы, талдамалы жене басқа да шолу рәсімдерін енгізуді қамтиды. Халықаралық Аудит Стандартына сай орындалған аудитпен салыстырғандағы шолудың аймағы азырақ, және аудит барысында анықталатын барлық маңызды мәселелерді қарастыру үшін бізге кепілдікті алуға рұқсат берілмейді. Тиісінше, біз аудиттік пікірімізді білдірмейміз.
Қорытынды
Біздің шолу негізінде, аралық қаржы ақпаратының барлық елеулі жағдайда [қолданылудағы қаржылық есептеме жүйесін көрсетіңіз, сонымен қоса қаржылық есептеме жүйесінің Халықаралық Қаржылық Есептеме Стандартында қолданылмаған кездегі қаржылық есептеме жүйесінің негізі болған мемлекет не заң құзіретіне сілтемені де] сай дайындалмағанына сендірген ешқандай мәселе біздің назарымызға оралмады.
АУДИТОР
Уақыты
Мекен-жайы
|