Айналым Құралдары
34. Айналым құралдарының тізімін алып, келесілерді анықтау: және
(a) Жалпы сома сынамалық теңгеріммен келісетіндігін;
(ә) Тізімдегі айналым құралының физикалық санына негізделеді.
35. Айналым құралдарын есептеу тәсілдерін сұрату.
36. Егер баланс құрау мерзімінде физикалық саны есептелмесе, келесілерді сұрату:
(a) Айналым құралдарының шексіз жүйесінің қолданылатындығы мен қолда бар нақты санмен мерзімдік салыстырмаларының жасалып тұрғандығын; және
(ә) Құнның біріктірілген жүйесін қолданатындығы және оның өткен кезеңде дұрыс ақпарат бергендігін
37. Соңғы айналым құралдарын есептеуден кейінгі енгізілген түзетулерді талқылау.
38. Айналым құралдарының кез келген өзерістері мен бақылаудың қысқартылуына қоданылған шараларды сұрату.
39. Айналым құралданың әр категорияларын бағалауда қолданылатын, әсіресе,салааралық пайданы жоюға қатысты негіздерді сұрату. Айналым құралдарының оның құнынан және таза мүмкін болатын сату құнынан төмен бағалағандығын анықтап білу.
40. Айналым құралдарын бағалау тәсілдерінің материал, жұмыс күші және үстеме шығындары секілді факторларды қоса алғандағы, орындалу ретін қарастыру.
41. Айналым құралдарының негізгі категориялар санын алдыңғы және ағымдағы кезеңдердікімен салыстыру. Негізгі ауытқулар мен айырмашылықтарды сұрату.
42. Айналым құралдарының тауар айналымын алдыңғы кезеңдермен салыстыру.
43. Баяу айналатын және ескәрген айналым құралдарын анықтайтын тәсілдерді сұрату,айналым құралдарының таза мүмкін болатын сату құны бойынша есептелгендігін анықтау.
44. Қандай да бір айналым құралдарының кәсіпорынға жіберілгендігін, және солардың айналым құралдарынан сызылып тастағаны бойынша өзгерістердің енгізілгендігін анықтау.
45 Айналым құралдары бойынша жеткізілу келісімдерінің боуын, олардың басқа жерлерде немесе басқа жүкте сақталуын және келісімдердің дұрыс орнатылғандығын анықтап білу.
Инвестициялар (Еншілес Компаниялар мен Нарықтық Бағалы Қағаздарын қоса алғандағы)
46. Инвестициялардың тізімін алып, оның сынама теңгерімімен келісімін анықтау.
47. Инвестицияларға қолданылған есепке алу саясатын сұрату.
48. Басшылықтан инвестициялардың баланстық құнын сұрату.Қандай да бір сату проблемаларының бар жоғын қарастыру.
49. Инвестициялар бойынша қандай да бір болған пайда, шығын және табыстың дұрыс есепке алынғандығын тексеру.
50. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялардың классификациясы туралы сұрату.
Мүліктік меншік және Амортизация
51. Мүліктік меншіктің құны және жинақталған амортизациясы бойынша тізімін алып, оның сынамалық теңгеріммен келісімге келетін келмейтіндігін анықтау.
52. Кәсіпорынның амортизацияға қатысты провизиясын және капитал мен орындауға тиіс пунктерінің арасындағы айырмашылықты есепке алу саясатын сұрату.
53. Мүліктік меншік шотына толықтырулар енгізу немесе сызып тастауды, және сатылымдар немесе есептен шығару бойынша пайда мен шығындырды есепке алуды басшылықпен талқылау.
54. Амортизация тәсілдері мен пайыздық мөлшерлеменің орындалу ретін анықтап, амортизация провизиларын алдыңғы жылғылармен салыстыру.
55. Мүлік меншігіне қандай да бір кепілдік ұсталымдардың бар жоғын сұрату.
56. Жалға беру келісімдерінің ағымдық бухгалтерлік сәйкес қаржылық есеп беруде дұрыс көрсетілгендігін талқылау.
Алдын-ала Өтелген Шығындар, Материалдық Емес Активтер және Басқа да Активтер
57. Шоттардың табиғатын анықтайтын тізімді алу және олардың қайта қалпына келтірілуін басшылықпен талқылау.
58. Шот жазбаларының және амортизацияның қолданылу тәсілдерінің негіздері жайлы анықтау.
59. Бір-бірімен байланысты шығын шоттарының балансын алдыңғы кезеңдегілермен салыстыру, және маңызды ауытқуларды басшылықпен талқылау
60. Басшылықпен ұзақ мерзімді және қысқа мезімді шоттар классификациясын талқылау.
Төленуге Тиіс Кредиттер
61. Басшылықтан төленуге тиіс кредиттер тізімін алу және оның сынамалық теңгеріммен келісімін анықтау.
62. Басшылықтың кредиттік келісім бойынша міндеттемені орындамағаны жайлы қандай да бір жайдтардың бар жоғын сұрату, және болатын болса, басшылықтың қолданған шаралары туралы және қаржылық есеп беруге сәйкес өзгертулердің енгізілгендігі туралы сұрату.
63. Кредиттік баланс бойынша пайызға кеткен шығындардың растығын қарастыру.
64. Төлеуге жатқызылатын кредиттердің кепілдендірілгенін анықтау.
65. Төленуге тиіс кредиттік қарыздар ағымдағы және ағымдағы емес деп классификациялана ма, жоқ па екендігін анықтау.
Төленуге Тиіс Тауарлық Құжаттар
66. Төленуге тиіс тауарлық құжаттардың алғашқы жазбасы бойынша есепке алу саясатының қағидаттарын және аталған транзакциялар бойынша кәсіпорынға қандай да бір жеңілдіктердің белгіленгендігін анықтап білу
67. Өткен және күтілетін кезеңдердің есеп шотында болған маңызды ауытқулардың анықтамаларын алып қарастыру.
68. Төленуге тиіс тауарлық құжаттардың тізіміналып, жалпы сомасының сынамалық теңгеріммен
келісімін анықтау.
69. Баланстардың кредиттік есеп берулермен сәйкестігін тексеру және оларды алдыңғы кезеңдермен салыстыру.Тауар айналымын алдыңғы кезеңдермен салыстыру.
70. Тіркелмеген қандай да бір маңызды міндеттемелердің болу болмауын қарастыру.
71. Акционерлер, директорлар және тағы да басқа жақтарға төленуге тиіс қарыздар жекелеп айқындалдығын анықтап білу.
Жинақталған және Шарттық Міндеттемелер
72. Жинақталған міндеттемелер тізімін алып, жалпы сомасының сынамалық теңгеріммен келісімін анықтау.
73. Байланысты шығындардың негізгі баланстарын алдыңғы кезеңдегілермен салыстыру.
74. Жинақталулар келісімі, және төлем шарттарымен, кепілмен және классификациясымен келісудің қабылдануы туралы анықтау.
75. Жинақталған міндеттемелерді анықтау бойынша тәсілдерді сұрату.
76. Шарттық міндеттеме мен жауапкершілікке жатқызылатын саны бойынша мәліметтерді сұрату.
77. Шотта көрсетілмеген қандай да бір ағымдық немесе шарттық міндеттемелердің бар болғандығын сұрату.Солай болған жағдайда, шоттарда провизиялар немесе қаржылық есеп беру ескертулерінде айқындау орындалуы тиістігін басшылықпен талқылау.
Табыс және Басқа да Салықтар
78. Басшылықтан Салық Басқармасымен болған даулар секілді жағдайлардың болған, болмағанын, және оның кәсіпорын төлеуге тиіс салықтарына қандай әсерін тигізгенін сұрату.
79. Кезең ішіндегі кәсіпорын табысы бойынша пайда болған салықтық шығындарды қарастыру.
80. Басшылықтан тіркелген есептен шығарылған міндеттемелер мен салықтық міндеттемелердің, соның ішінде алдыңғы кезеңге байланысты шарттардың, сәйкестігін сұрату.
Келесі Шаралар
81. Басшылықтан соңғы аралық қаржылық есеп берулерді сұратып, оларды қарастырып отырған қаржылық есеп беру немесе алдыңғы жылдың салыстырмалы кезеңдерімен салыстыру.
82. Баланс құрғаннан кейінгі күннен бергі болған,қарастырып отырған қаржылық есепке маңызды әсерін тигізетіндей қандай өзгерістердің болғандығын сұрастыру,әсіресе келесілерді анықтап білу:
-
Баланс құрған күннен пайда болған кейінгі кез келген маңызды міндеттемелер немесе сенімсіздіктер;
(ә) Сұрату күніне дейінгі болған акционерлік капиталдағы, ұзақ мерзімді қарыздық немесе айналым капиталындағы қандай да бір маңызды өзгерістер;және
(б) Баланс құру уақыты мен оны сұрату уақыты арасындағы кезеңде енгізілген кез-келген ерекше түзетулер.
Реттеуіштер мен қаржылық есеп берулерді айқындау қажеттіліктерін қарастыру.
83. Баланс құрған күннен кейінгі өткізілген акционерлер, директорлар және сәйкес коммитеттердің жиналысындағы жазбаларды алу, және оларды оқып, қарастыру.
Дауласу
84. Басшылықтан кәсіпорынның сот ісіне байланысты күтілетін немесе жүріп жатқан қандай да бір қатысы бар дауларының бар жоғын анықтау. Оның қаржылық есеп беруге тигізетін әсерін қарастыру.
Меншіктік Капитал
85. Меншіктік капитал шоттарының жаңа шығарымдар, сызылып тасталулар, және дивиденттер кіретін транзациялар тізімін алып, қарастыру.
86. Қандай да бір бөлбеген пайдаға немесе меншіктік капитал шотына шектеулердің бар жоғын сұрату.
Операциялар
87. Алынған нәтижелерді алдыңғы кезеңдегілермен және ағымдағы кезеңде күтілетіндермен салыстыру. Басшылықпен маңызды өзгерістерді талқылау.
88. Сәйкес кезеңдерде негізгі сатылымдар мен шығындардың болғандығының есепке алуын талқылау.
89. Ерекше және әдеттен тыс пункттарды қарастыру.
90. Басшылықпен табыс шотындағы байланысты пункттардың қатынасын талқылап,оның шынайылығын алдыңғы кезеңдердің ұқсас қатынастары мен тәжірибеші маманға қолжетерлік ақпараттар мәнмәтінінде анықтау.
Қосымша 3
Заңдастырылмаған Шолу бойынша Есеп Беру Формасы
АРНАЛҒАН ШОЛУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ...
Біз ABC Компаниясының 19ХХ жылдың, 31 желтоқсанындағы ілеспе балансын, табыс және шығындар бойынша есеп беруін, жыл соңындағы меншіктік капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беруі мен ақша айналымының есеп беруін қарастырдық. Бұл қаржылық есеп беру Компания4 басшылығының жауапкершілігінде. Біздің міндетіміз шолу нәтижелеріне сүйеніп қаржылық есеп беру бойынша мәлімдеме беру.
Біз шолу шараларын Шолу Келісімі бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2400 сәйкес қарастырдық (немесе шолуға қолданылатын сәйкес ұлттық стандарттар мен тәсілдерге жүгіне отырып). Бұл Стандарт қаржылық есеп берудің бұрыс мәлімдемелерді қамтымайтындығына байланысты кепілдену мақсатымен, біздің шолу шараларын жоспарлап, өткізуімізді талап етеді. Шолу бірінші кезекте компания жұмыскерлері тарапынан, және қаржылық ақпаратқа қолданылған шараларымен шектелді, нәтижесінде аудитке қарағанда төменірек деңгейдегі кепілдікпен қамтамасыз ете алады. Біз осындай қаржылық есеп берудің аудитін жүргізбейміз, сәйкесінше, біз аудиттік пікір білдірмейміз.
Біз жүргізген шолуға негізделе отырып, Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарына сәйкес, ілеспе қаржылық есеп беруінің шынайы және әділ ақпарат көрсетпегені жайлы(немесе барлық жағынан әділетті түрде көрсетілмегені жайлы) біздің назарымызға іліккен ешқандай жайдтардың болмағандығы жайлы айтуға болады.1
ТӘЖІРИБЕШІ МАМАН
Күні
Мекен-жайы
Қосымша 4
Заңдастырылмағаннан Басқа да Шолу бойынша Есеп Беру Мысалдары
Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарынан Ауытқу бойынша Квалификация
АРНАЛҒАН ШОЛУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ...
Біз ABC Компаниясының 19ХХ жылдың, 31 желтоқсанындағы ілеспе балансын, табыс және шығындар бойынша есеп беруін, жыл соңындағы меншіктік капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беруі мен ақша айналымының есеп беруін қарастырдық. Бұл қаржылық есеп беру Компания басшылығының жауапкершілігінде. Біздің міндетіміз шолу нәтижелеріне сүйеніп қаржылық есеп беру бойынша мәлімдеме беру.
Біз шолу шараларын Шолу Келісімі бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2400 сәйкес қарастырдық (немесе шолуға қолданылатын сәйкес ұлттық стандарттар мен тәсілдерге жүгіне отырып).Бұл Стандарт қаржылық есеп берудің бұрыс мәлімдемелерді қамтымайтындығына байланысты кепілдену мақсатымен, біздің шолу шараларын жоспарлап, өткізуімізді талап етеді. Шолу бірінші кезекте компания жұмыскерлері тарапынан, және қаржылық ақпаратқа қолданылған шараларымен шектелді, нәтижесінде аудитке қарағанда төменірек деңгейдегі кепілдікпен қамтамасыз ете алады. Біз осындай қаржылық есеп берудің аудитін жүргізбейміз, сәйкесінше, біз аудиттік пікір білдірмейміз.
Басшылық айналым құралдарының оның таза сатылым құнынан жоғары бағаланып есепке алынғаны жайлы мәлімдеген болатын. Біз, Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарына талаптарына сәйкес, басшылықтың есептеулерін қарастыратын болсақ,айналым құралдырының құны оның таза сатылым құнынан төменірек бағалануы тиіс, сәйкесінше, $X –ға төмендетіліп, таза табыс пен акционерлердің капиталы $Y азаюы керек.
Біз жүргізген шолуға негізделе отырып, Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарына сәйкес, алдыңғы тарауда айтылған айналым құралдарының жоғары бағалағанынан басқа, ілеспе қаржылық есеп беруінің шынайы және әділ ақпарат көрсетпегені жайлы(немесе барлық жағынан әділетті түрде көрсетілмегені жайлы) біздің назарымызға іліккен ешқандай жайдтардың болмағандығы жайлы айтуға болады.1
ТӘЖІРИБЕШІ МАМАН
Күні
Мекен-жай
Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарынан Ауытқу бойынша Теріс Пікірлі Есеп Беру
АРНАЛҒАН ШОЛУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ...
Біз ABC Компаниясының 19ХХ жылдың, 31 желтоқсанындағы ілеспе балансын, табыс және шығындар бойынша есеп беруін, жыл соңындағы меншіктік капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беруі мен ақша айналымының есеп беруін қарастырдық. Бұл қаржылық есеп беру Компания басшылығының жауапкершілігінде. Біздің міндетіміз шолу нәтижелеріне сүйеніп қаржылық есеп беру бойынша мәлімдеме беру.
Біз шолу шараларын Шолу Келісімі бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2400 сәйкес қарастырдық (немесе шолуға қолданылатын сәйкес ұлттық стандарттар мен тәсілдерге жүгіне отырып). Бұл Стандарт қаржылық есеп берудің бұрыс мәлімдемелерді қамтымайтындығына байланысты кепілдену мақсатымен, біздің шолу шараларын жоспарлап, өткізуімізді талап етеді. Шолу бірінші кезекте компания жұмыскерлері тарапынан, және қаржылық ақпаратқа қолданылған шараларымен шектелді, нәтижесінде аудитке қарағанда төменірек деңгейдегі кепілдікпен қамтамасыз ете алады. Біз осындай қаржылық есеп берудің аудитін жүргізбейміз, сәйкесінше, біз аудиттік пікір білдірмейміз.
Х нұсқамасында берілгендей, еншілес компаниялардың, инвестициялары базалық құн негізінде есептелетін, қаржылық есеп беру консолидациясын дұрыс көрсетпейді. Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарына сәйкес филиалдардың қаржылық есеп берулеріне консолидация жүргізу талап етіледі.
Біз жүргізген шолуға негізделе отырып, Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандарттарына сәйкес, алдыңғы тарауда айтылған мәселенің қаржылық есеп беруге тигізетін әсері себебінен, ілеспе қаржылық есеп беру шынайы және әділ ақпарат көрсетпегені жайлы(немесе барлық жағынан әділетті түрде көрсетілмегені жайлы) айтуға болады.5
ТӘЖІРИБЕШІ МАМАН
Күні
Мекен-жайы
ШОЛУ КЕЛІСІМДЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СТАНДАРТТАР 2410
КӘСІПОРЫННЫҢ ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЫ ЖҮРГІЗГЕН АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТТЫҢ ШОЛУЫ
(2006 жылдың, 15-желтоқсанынан басталып , кейінгі күндер аралығын қамтитын уақытқа арналған қаржылық есеп беруді шолу заңды күшіне енеді)
МАЗМҰНЫ
-
Тарау
Кіріспе .................................................................................................................................... 1–3
Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолудың Негізгі Қағидаттары........................................ 4–6
Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолу бойынша
Міндеттеме Мақсаты.............................................................................................................. 7–9
Міндеттеме Шарттарын Қабылдау....................................................................................... 10–11
Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолу бойынша Шаралар................................................. 12–29
Бұрыс Мәлімдемелерді бағалау............................................................................................ 30–33
Басшылықтың Ұсынулары.................................................................................................... 34–35
Аудитордың Ілеспе Ақпараттары бойынша міндеттемелері............................................. 36–37
Коммуникация ....................................................................................................................... 38–42
Аралық Қаржылық Ақпараттардың Табиғатын,Деңгейі Мен Нәтижелерінің Мәлімдемесі................................................................................................................ 43–63
Құжаттама...... ........................................................................................................................ 64
Заңды Күшіне Ену Күні......................................................................................................... 65
Қосымша1: Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолу бойынша Міндеттеме
туралы Хат Үлгілелері
Қосымша 2: Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолуды Орындау барысында
Аудитордың Қарастырантын Сараптама Шаралары
Қосымша3:Басшылықтың Ұсыну Хат Үлгілері
Қосымша 4: Аралық Қаржылық Ақпараттар туралы Шолу
Мәлімдемелерінің Үлгілері
Қосымша 5:Қолданылатын Қаржылық Есеп Беру Құрылымынан Ауытқу бойынша Біліктілікті Қорытынды Беретін Шолу Мәлімдемелерінің Үлгілері
Қосымша 6: Басшылықпен Белгіленбеген Ауқым Шектеулеріне арналған Біліктілікті Қорытынды Беретін Шолу Мәлімдемелерінің Үлгілері
Қосымша 7: Қолданылатын Қаржылық Есеп Беру Құрылымынан Ауытқу бойынша Теріс Пікір беретін Шолу Мәлімдемелерінің Үлгісі
________________________________________________________________________
|
Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандарттар (ШКХС) 2410, Кәсіпорынның Тәуелсіз Аудиторының Дайындаған Аралық Қаржылық Ақпарат бойынша Шолулары, ШКХС-ның қолданылуы мен күшін мазмұндайтын, Халықаралық Сапаны Бақылау, Аудит, Шолу, Басқа Ақпараттың Дұрыстығын Растау Және Ілеспе Қызметтер Жөнінде Жинағының мәнмәтінінде оқылуы тиіс.
|
Кіріспе
-
Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандарттарының (ШКХС) негізгі мақсаты стандарттарды орнату және аудитор клиенттің аралық қаржылық ақпаратын және оның формасы мен мазмұнын шолу міндеттемесін қабылдаған жағдайда, аудитордың кәсіби міндеттеріне нұсқау беру болып табылады. ШКХС-дағы “аудитор” термині, аудитордың аудит функциясын атқарғандығынан емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің тәуелсіз аудиторы тағайындаған аралық қаржылық ақпаратты шолу үшін ШКХС-ның ауқымының шектелгендігінің себебінен жиі қолданылады.
2. ШКХС-ның мақсаты ретінде, аралық қаржылық ақпарат қолданылатын қаржылық есеп беру құрылымына6 сәйкес дайындалып, ұсынылатын, және кәсіпорынның қаржылық жылынан аз уақыт аралығындағы толық немесе қысқартылған қаржылық есеп беруін қамтитын қаржылық ақпарат болып табылады.
3. Аралық қаржылық ақпаратты шолуды орындауға міндетті аудитор шолуды ШКХС-на сәйкес орындауы тиіс. Жылдық қаржылық есеп берудің аудитін жүргізу арқылы аудитор кәсіпорын мен оның ортасын, соның ішінде ішкі бақылауын зерттеп біледі. Аралық қаржылық ақпаратты қарастыру кезінде, аудитор шолуға қатысты өзінің түсінігін шолу барысында жасалған сұратулар арқылы көбейтеді, және бұл өз кезегінде аудиторға сұратулар мен сараптамалық және басқа да шараларды қолдануына көмегін тигізеді. Кәсіпорынның аудиторы болып табылмайтын, және аралық қаржылық ақпаратты шолуға міндетті тәжірибеші маман, шолуды ШКХС 2400, Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандарттарына сәйкес жүргізеді. Тәжірибеші маман аудитордыкі секілді кәсіпорын мен оның ортасы бойынша түсінігі болмағандықтан, шолу мақсатын орындау үшін әр тұрлі сұратулар мен шараларды жүргізуі қажет.
3a. Бұл ШКХС кәсіпорын аудиторының аралық қаржылық ақпарат бойынша шолу жүргізулеріне бағытталған. Алайда ол кәсіпорын аудиторы клиенттің аралық қаржылық ақпаратынан бөлек, тарихи қаржылық ақпаратын қарастыру міндетін қабылдаған кезде, қажет жағдайда қолданылып, икемделуі керек 7.
Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолудың Негізі Қағидаттары
-
Аудитор кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне қатысты әдептілік талаптарды орындауы қажет. Мұндай әдептілік талаптар аудитордың кәсіби міндеттерін келесідей салаларда басқарады: тәуелсіздік, түгелділік, кәсіби жете білушілік пен жауапкершілік, құпиялылық, кәсіби тәртіп және техникалық стандарттар.
-
Аудитор жеке міндеттемеге қолданылатын сапа бақылуы шараларын орындауы қажет. Жеке міндеттемеге қатысты бақылау сапасының элементтері міндеттеме, әдептілік талаптар, клиенттермен байланысты қабылдау және сақтап қалу, міндеттеме командасының тапсырмалары, міндеттеменің орындалуы, және мониторинг секілді бақылау бойынша жетекшілік міндеттемелерін қамтиды.
-
Аудитор шолудың жоспары мен жұмыстың орындалуына кәсіби күмәнділікпен қарауы тиіс, яғни, қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, аралық қаржылық ақпаратқа барлық жағынан маңызды түзетулерді енгізуді талап ететіндей жағдайларға себеп болатын шарттарды қарастыруы тиіс. Кәсіби күмәнділікпен қарау кезінде, аудитор, сұрақ қою және алынған дәлеледемелердің сенімділігін анықтау арқылы немесе кәсіпорын басшылығы берген ұсынылуларының негізінде критикалық баға береді.
Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолу Міндеттемесінің Мақсаты
-
Аралық қаржылық ақпаратты шолу міндеттемесінің мақсаты- аудитордың шолу барысында қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, аралық қаржылық ақпараттың барлық қатынастар бойынша дұрыс құрылмағандығы жайлы пікірге келуіне қандай да бір себеп болатындай жағдайлардың болған болмағандығы жайлы қорытынды жасау. Аралық қаржылық ақпарат жайлы дұрыс емес мәлімдеме жасаған кезде аудитор, сәйкес келмейтін қорытынды жасау тәуекелін төмендету үшін, анықтамалар жинап, аналитикалық және басқа да қарастыру шараларын орындайды.
-
Аралық қаржылық ақпаратты шолу мақсаты Аудит бойынша Халықаралық Стандарттарға (АХС) сәйкес жүргізілетін аудитке қарағанда қатты ерекшеленеді. Аралық қаржылық ақпаратты шолу, қаржылық ақпараттың қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, қаржылық ақпараттың барлық қатынастар бойынша дұрыс және әділ ақпарат беріп, ұсынылғаны жайында қорытынды беруге негіз бола алмайды.
-
Шолу, аудитке қарағанда, аралық қаржылық ақпараттың дұрыс емес мәлімдеме жасамайтындығы бойынша себептік кепілдік ала алмайды. Шолу,бірінші кезекте, қаржылық және бухгалтерлік мәселелер мен аналитикалық және тағы да басқа шолу шараларын қолдануға міндетті адамдарды іздестіруден тұрады. Шолу аудитордың назарына ілігетін, аралық қаржылық ақпаратқа әсер ететін, маңызды мәселелерді беруі мүмкін, алайда ол аудитте талап етілетін барлық дәлелдемелермен қамтамасыз ете алмайды.
Міндеттеме Шарттарын Қабылдау
-
Аудитор мен клиент міндеттеме шарттарын талқылап алуы қажет.
11. Міндеттеменің келісілген шарттары міндеттеме туралы хатта тіркеледі. Мұндай қатынастар міндеттеме табиғатына қатысты, соның ішінде шолудың мақсаты мен облысы, басшылық міндеттері, аудитордың міндеттемелер деңгейі, қабылданатын кепілдік және есеп беру табиғаты мен формасы бойынша пайда болатын түсініспеушіліктердің алдын алуға көмегін тигізеді. Мұндай қатынастар келесідей сұрақтарды қарастырады:
• Аралық қаржылық ақпаратты шолудың мақсаты.
• Шолу ауқымы.
• Аралық қаржылық ақпарат бойынша басшылықтың міндеттіліктері.
• Аралық қаржылық ақпаратты дайындауға қатысты тиімділігі жоғары ішкі бақылауды орнату және қолдау бойынша басшылықтың міндеттілігі.
• Барлық қаржылық есеп берулер мен сәйкес ақпараттарды аудиторға қолжетімді ететін басшылықтың міндеттілігі.
• Басшылықтың аудиторды шолу уақытындағы ауызша ақпараттарды растайтын жазбаша көрінісімен және кәсіпорын есеп берулеріндегі күңгірттіктердің анық түсіндірлмелерімен қамтамасыз ету.
• Есеп берудің адрес иесін қоса алғандағы, шығарылатын есеп берудің күтілетін формасы мен мазмұны.
• Кез келген аралық қаржылық ақпаратты қамтитын құжаттың, аралық қаржылық ақпараттың кәсіпорын аудиторымен қарастырылғандығын растайтыны, және құжатқа мәлімдеменің қосылатыны бойынша басшылықтың келісімі.
Міндеттеме туралы көрнекі хат үлгісі ШКХС-ның Қосымша 1 көрсетілген. Аралық қаржылық ақпаратты шолу бойынша міндеттемесінің шарттары жылдық қаржылық есеп беру бойынша аудит міндеттемелерінің шарттарымен бірікітірілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |