Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



бет3/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26



ШОЛУ КЕЛІСІМДЕРІ БОЙЫНША

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР(ШКХС) 2400

(Алдынғы АХС 910)

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ БОЙЫНША ШОЛУҒА МІНДЕТТЕМЕЛЕР

(2006 жылдың, 15-желтоқсанынан басталып , кейінгі күндер аралығын қамтитын

уақытқа арналған қаржылық есеп беруді шолу заңды күшіне енеді)

МАЗМҰНЫ





Тарау

Кіріспе ................................................................................................................................... 1–2

Шолу міндеттемесінің мақсаты........................................................................................... 3

Шолу міндеттемесінің жалпы қағидаттары........................................................................ 4–7

Шолу ауқымы......................................................................................................................... 8

Ұстамды кепілдік................................................................................................................... 9

Міндеттеме талаптары .......................................................................................................... 10–12

Жоспарлау.............................................................................................................................. 13–15

Басқалардаң орындаған жұмысы......................................................................................... 16

Құжаттау...... ......................................................................................................................... 17

Шаралар мен дәлелдемелер.................................................................................................. 18–22

Қорытынды және есеп беру.................................................................................................. 23–28

Қосымша 1: Қаржылық есеп беру бойынша Шолуға

Міндеттеме Хат үлгісі

Қосымша 2: Көрнекі егжей-тегжейлі шаралар Қаржылық

Есеп Беруінің Шолуы үшін Міндеттемеде дайындалуы мүмкін

Қосымша 3: Квалификациясыз Шолу бойынша Есеп Берудің формасы

Қосымша 4: Квалификациясыз емес Шолу бойынша Есеп Беру мысалдары

___________

Шолу Келісімі бойынша Халықаралық Стандарттары (ШКХС) 2400,Қаржылық Есеп Беруді Шолу бойынша Міндеттемелер, ШКХС-ның қолданылуы мен күшін мазмұндайтын, Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың дұрыстығын растау және ілеспе қызметтерХалықаралық Сапалық Бақылау,Аудит ,Қысқаша Талдау,Кепілдік Стандаттары мен Қосымша Жариялымдарының алғысөз мәнмәтінінде оқылуы қажет.



Кіріспе


  1. Осы Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандарттар (ШКХС) мақсаты стандарттарды орнату және кәсіпорынның аудиторы болып табылмайтын, қаржылық есеп берудің мазмұнын қарастыру міндеттемесін мойнына алатын , және осындай шолумен байланыстырып шығаратын тәжірибеші маманның мамандық міндеттемелеріне түсініктеме беру. Кәсіпорыннвң аудиторы болып танылатын тәжірибеші маман, ШКХС 2410, Кәсіпорынның Тәуелсіз Аудиторы Тағайындаған Аралық Қаржылық Ақпаратты Шолу -ға негізделгенаралық қаржылық ақпаратты шолу міндеттемесіне ие болып саналады.

  2. Аталған ШКХС қаржылық есеп беруді шолуға бағытталған. Алайда, басқа да тарихи қаржылық ақпараттарды қарастыру үшін ол міндеттеме жағдайына байланысты, қажеттілігіне қарай қолданылып, бейімделуі қажет. Аудиттің Халықаралық Стандарттары (АХС) тәжірибеші маманға аталған ШКХС-тын қолдануға пайдасын тигізуі мүмкін2.

Шолу Міндеттемесінің Мақсаты

  1. Қаржылық есеп беруді шолу міндеттемесінің негізгі мақсаты, тәжірибеші маманның аудит бойынша талап етілетін, барлық куәліктерді бермейтін шаралар негізінде назар аударарлық жайдтардың болу, болмауын жариялауға мүмкіндік беру, және тәжірибеші маманның қолданылатын қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, барлық маңызды жақтар бойынша, қаржылық есеп беруін дұрыс тағайындалмаған деп есептеуіне мәжбүрлеу(теріс кепілдік).

Шолу Міндеттемесінің Жалпы Қағидаттары

4. Тәжірибеші маман Бухгалтерлердің Халықаралық Әдеп Стандарттары Кеңесінің Кодексі (БХӘСК Кодексі) Есепші Мамандарға арнап шығарған Кәсіби Бухгалтерлердің Әдеп Кодексін орындауы тиіс. Тәжірибеші маманың кәсіптік міндеттемелерін басқарудың әдептік қағидаттары:

(a) Тәуелсіздік;

(ә) Түгелділік;

(б) Әділдік;

(в) Кәсіптік жете білушілік және тиісті қамқорлық;

(г) Құпиялық;

(д) Кәсіптік тәртіп; және

(е) Техникалық стандарттар.



  1. Тәжірибеші маман шолуды ШКХС-ға сәйкес орындауы тиіс.

  2. Тәжірибеші маман шолуды қаржылық есеп берудің материалдық тұрғыда дұрыс жасалмағандығына әкеп соқтыратын жағдайларды қабылдайтын кәсіптік күмәншілдікпен жоспарлап орындауы қажет

  3. Шолу баяндамасында теріс кепілдік беру мақсатында, тәжірибеші маман қорытынды жасай алатындай , жеткілікті сәйкес дәлелдемелерді бірінші кезекте сұрату және аналитикалық шаралар арқылы алуы қажет.

Шолу Aуқымы

8. “Шолу ауқымы” термині қарастыру рәсіміне жатқызылады, яғни пайда болған жағдайда шолу мақсатына жетуді қажетті деп таниды. Қаржылық есеп берулі шолуға талап ететін рәсімдер ШКХС-ның, сәйкес кәсіптік ұйымдардың, заңдардың, реттеу және сәйкес жағдайларда шолудың міндеттеме шарттары мен есеп беру талаптарының негізінде тәжірибеші маманның өзімен анықталады.



Бірқалыпты кепілдік

9. Шолу міндеттемесі кепілдіктің бірқалыпты деңгейін қамтамасыз етеді, нәтижесінде шолуға қатысатын ақпараттар материалды дұрыс емес мәлімдемеден босатылып, теріс кепілдік түрінде беріледі.



Міндеттеме шарттары

10. Тәжірибеші маман мен клиент міндеттеменің шарттары бойынша келісімге келеді. Келісілген шарттар міндеттеме туралы хатта немесе келісімшарт секілді басқа да қолайлы формада тіркелінеді.

11. Міндеттеме туралы хат шолу жұмысын жоспарлауда пайдалы бола алады. Тәжірибеші маман өзінің және клиент пайдасына белгілеудің маңызды шарттарын құжаттайтын міндеттеме туралы хатты жібереді. Міндеттеме туралы хат тәжірибеші маманның белгілеуді қабылдауын растап, міндеттеменің мақсаты мен ауқымына және тәжірибеші маманның міндет деңгейі мен шығарылатын есеп берудің формаларына қатысты сұрақтардың дұрыс түсіндірілмеуін болдырмауына көмегін тигізеді



  1. Міндеттеме туралы хатта бар сұрақтар ,келесілерді қамтиды:

  • Атқарылатын қызметтің мақсаты.

  • Қаржылық есеп беруді басқару міндеттемесі.

  • Аталған ШКХС-на жасалатын сілтемені қоса алғандағы шолу ауқымы( немесе сәйкес ұлттық стандарттар мен тәсілдер).

  • Кез келген есеп беруге,құжаттарға немесе кез келген басқа да ақпараттарға шектеусіз қол жетімділік шолуға қатысты талап етіледі.

  • Ұсынылуға жоспарланған есеп берудің үлгісі.

  • Қателерді, заңға қайшы әрекеттер немесе басқа да мүмкін болатын алаяқтық және ысырап ету секілді ақауларды әшкерелеу міндеттермелеріне толықтай сенуге болмайтынғының фактісі.

  • Аудиттің орындалмай жатқаны және аудиторлық қорытынды берілмейтіні жайлы мәлімдеме. Осы тұсты ерекешелеп, орынсыздықтың алдын алу үшін, тәжіриеші маман шолу бойынша міндеттеменің аудитке арнап заңмен не үшінші жақпен орнатылған талаптарға сәйкес келмейтіні жайлы нұсқауды қарастыруы мүмкін.

Қаржылық есеп беруді шолу бойынша міндеттеме хатының мысалы берілген ШКХС-ның Қосымша 1 көрсетіледі.

Жоспарлау



13. Міндеттеме тиімді атқарылуы мақсатымен тәжірибеші маман жұмысты жоспарлауы қажет.

14. Қаржылық есеп беруді шолуды жоспарлау үшін тәжірибеші маман бизнес туралы білімін алуы немесе жаңартуы қажет; соның ішінде кәсіпкерліктің ұйымдастырылуын,есепке алу жүйесін, оның активтерінің жұмыс істеу қабілетін және табиғатын, және табыс ы мен шығынын қарастыруы тиіс.

15. Тәжірибеші маман қаржылық есеп беруге қатысты кәсіпорынның өндіру және бөлу тәсілдері, өндірістік желі,операциондық орналасуы мен қатысты жақтар туралы білу секілді қаржылық есеп беруге қатысты сұрақтарды түсіне білуі қажет. Тәжірибеші маман мұндай түсініктердің анықтамалар алып, сәйкес шараларды орындауға, сонымен қатар алынғын жауап пен ақпаратты бағалауға тиімді болуы тиіс.



Басқалардың Орындаған Жұмысы

16. Басқа тәжірибеші маман немесе сарапшы дайындаған жұмысты қолдану арқылы, тәжірибеші маман оның шолу мақсаттарына сәйкес жұмыс екендігіне көз жетуі қажет.

Құжаттама

17. Тәжірибеші маман шолу бойынша есеп беруге көмегін тигізетін дәлелдемелер беру үшін маңызды болып танылатын мәселені, және шолудың ШКХС-на сәйкес орындалғаны жайлы дәлелдемелерді құжаттауы тиіс.

Шаралар мен Дәлелдемелер

18. Тәжірибеші маман шолу шараларының ерекше сипаты, ақыты мен деңгейін анықтау кезінде өз пікірін қолдауы қажет. Тәжірибеші маман келесідей сұрақтарды басшылыққа алады:

  • Кез келген алдыңғы кезеңдер үшін аудит жүргізу немесе қаржылық есеп беру барысында алынған білім.

  • Тәжірибеші маманның есепке алу қағидаты және кәсіпорын қызмет ететін саланың тәжірибесі секілді бизнеске қатысты білімі.

  • Кәсіпорынның есепке алу жүйесі.

  • Ерекше пунктің басқару шешімімен қозғалған деңгейі.

  • Келісімдер мен есепшот балансының материалдылығы.




  1. Тәжірибеші маман қаржылық есеп беруге берілетін аудиттік пікірде қолданылатын материалдық түсінікті қолдануы тиіс. Алайда, аудитпен салыстырғанда, шолуда бұрыс мәлімдемелердің берілу қауіпінің табылмау тәуекелі жоғарырақ, яғни пікір тәжірибеші маманның есеп беруі және қамтамасыз етілген кепілдік деңгейіне емес, алынған ақпаратқа сеніммен қарау қажеттілігі бойынша ақпараттарға қатысты қандай маңыздылықтар байқалғандығы жайлы болады.




  1. Қаржылық есеп беруді шолу шаралары келесілерді қамтиды:

• Кәсіпорынның қызметі мен оның қызмет ету индустриясы жайлы түсінігін алу.

• Кәсіпорынның есепке алу қағидаттары мен қолданатын тәсілдеріне қатысты сұратулар.

• Кәсіпорынның жазбалары, келісімдердің классификациясы мен жалпылама қосындысы, қаржылық есеп беруді айшықтауға ақпараттар жинау, және қаржылық есеп берулерді тағайындауға қатысты сұратулар.

• Қаржылық есеп берудегі барлық материалды бекітілімдерге қатысты сұратулар.

• Аналитикалық шаралар ерекше деп танылатын байланыстар мен жеке пункттарды анықтауға арналып проекттелген. Мұндай шаралар келесілерді қамтиды:

○ Қаржылық есеп берулерді алдыңғы кезеңдердің есеп беруімен салыстыру.

○ Қаржылық есеп беруді күтілетін нәтижелер мен қаржылық жағдаймен салыстыру.

○ Кәсіпорын тәжірибесі мен индустрия нормаларына негізделген, күтілетін үлгіге сәйкес келетін, қаржылық есеп беру элементтерінің байланысын зерттеу

Тәжірибеші маман осы шараларды орындау барысында, алдыңғы кезеңдердің бухгалтерлік реттеуіштеріне қатысты сұрақтар түрлерін қарастыратын болар еді.

• Қаржылық есеп беруге әсер ете алатын акционерлер кездесуі, директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің комитеті және басқа да кедесулерде қабылданатын шараларға қатысты сұратулар.

• Тәжірибеші маманның назарына іліккен ақпараттар негізінде, яғни қаржылық есеп-беру,белгіленген бухгалтерлік есеп негіздеріне сәйкестігін қарастыру мақсатымен қаржылық есеп беруді оқу.

• Егер аудитке немесе кәсіпорын компонентінің қаржылық есеп беруін қарастыра алатыны болса және міндетті болып табылса, басқа тәжірибеші мамандардың есеп беруін қабылдау.

• Қаржылық және бухгалтерлік міндеттемелерге ие адамдардың келесідей сұрақтарға қатысты сұратулары:

○ Барлық келісімдердің тіркелгендігі жайлы.

○ Қаржылық есеп берудің бухгалтерлік есеп негіздеріне сәйкес тағайындалғандығы жайлы.


○ Кәсіпорынның кәсіби қызметі мен бухгалтерлік есеп қағидаттары және тәсілдерінде болған өзгертулер жайлы.

○ Алдыңғы шараларды қолдану барысында туатын сұрақтарға қатысты мәселелер.

○ Сәйкес деп қарастырылғандағы басқарудан алатын жазбаша ұсынуларды қабылдау.

Осы ШКХС-ның Қосымша 2 жиі қолданылатын көрнекі шаралар тізімін береді. Тізімін жан-жақты болып табылады,сонымен қатар ұсынылған барлық шараларды шолу міндіттемесінің әрқайсысына қолдануға белгіленбеген.

21. Тәжірибеші маман қаржылық есеп беруді айшықтау және реттеуді талап етуі мүмкін қаржылық есеп беру күнінен кейін болған оқиғаларды сұрастыру қажет. Тәжірибеші маман шолу бойынша есеп беру күнінен кейінгі болған оқиғаларды айқындау үшін шараларды орындау бойынша ешқандай міндеттеме алмайды.

22. Егер тәжірибеші маманның, шолуға тиісті ақпарат туралы материалды бұрыс мәлімдеме жасауға болатындығы жайлы есептеуіне қандай да бір себеп болатын болса, тәжірибеші маман теріс кепілдік келісімін бере алу үшін немесе өзгертілген есеп берудің қажеттілігін растау үшін, қосымша немесе одан ауқымдырақ шараларды атқаруы тиіс.



Қорытынды Жасау және Есеп Беру

23. Шолу бойынша есеп беру теріс кепілдік келісімінің анық жазбаша түрін қамтуы қажет. Тәжірибеші маман дәлелдемелерден жасалған және теріс кепілдік келісімін білдіруге негіз ретінде алынған қорытындыларды бағалап, қарастыруы қажет.

24. Тәжірибеші маман орындалған жұмысқа негізделе отырып, шолу уақытында алынған ақпараттың қаржылық есеп берудің ,қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, шынайылық пен әділ пікірді көрсетпейтіндігіне (немесе барлық жағынаәділетті түрде көрсетілмеген) сілтейтіндігін бағалауы қажет.

25 Қаржылық есеп беруді шолу бойынша есеп оқырмандардың орындалған жұмыстың табиғатын және аудит жүргізілмегендігін және соның себебінен аудиторлық қорытындының берілмегендігін анықтап беру үшін міндеттеме ауқымын сипаттайды.



26. Қаржылық есеп беруді шолу бойынша есеп келесідей негізгі элементтерді берілген орналасуы бойынша қамтуы қажет:

(a) Тақырыбы;2

(ә) Адрес иесі;

(б) Алғашқы немесе кіріспе тарауды келесілерді қамтиды:

(i) Шолу жүргізілген қаржылық есеп беруді сәйкестендіру ; және

(ii) Кәсіпорын басқаруының және тәжірибеші маманның міндеттемелері бойынша есеп беру;

(в) Ауқым тарауды шолудың табиғатын сипаттай отырып, келесілерді қамтиды:

(i) Шолу міндеттемелерінде немесе сәйкес ұлттық стандарттар мен тәсілдерде қолданылатын ШКХС-на сілтеме ;

(ii) Шолудың бірінші кезекте сұратулар мен сараптама шараларымен шектеулі екендігі жайлы мәлімдемесі; және

(iii) Аудиттің орындалмағандығы және алдын алу шаралары аудитке қарағанда төменгі деңгейде кепілдікпен қамтамасыз ете алатындығы, сонымен қатар аудиттік қорытындының берілмегендігі жайлы мәлімдеме;

(г) Теріс кепілдік келісімінің мәлімдемесі;

(д) Есеп беру күні;

(е) Тәжірибешінің мекен-жайы; және

(ж) Тәжірибеші маманның қолы.

Берілген ШКХС-ның Қосымша 3 және 4 шолу бойынша есеп берудің мысалмен сипаттауын қамтиды.

27. Шолу бойынша есеп беру келесілерді орындауы қажет:



  1. Тәжірибеші маманның қаржылық есеп берудің дұрыс және әділ пікір білдірмегеніне сенуге себеп болатын көрініске негіз болатындай, қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес(теріс кепілдік келісімі), тәжірибеші маманның назарына еш нәрсе ілікпейді деп есептеу(немесе барлық жағынан әділетті түрде көрсетілмеген); немесе

(ә) Егер мәселе тәжірибеші маманның назарына іліксе, қолданылатын қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, шынайы және әділ көріністі (немесе барлық жағынан әділетті түрде көрсетілген) төмендететін сұрақтарды сипаттау, соның ішінде, егер орындалуға жарамайтын болса, қаржылық есеп беруде тиетін мүмкін болатын әсерлер санын анықтау, және:

(i) Берілген теріс кепілдік келісімінің сапасын анықтау;немесе

(ii) Мәселе әсері соншалықты материалды және қаржылық есеп беруге таратылатын болған жағдайда, тәжірибеші маман сапаның қаржылық есеп берудің адастыратын және толық емес табиғатын айқындауға қолдануға келмейтіндігі жайлы қорытындыға келеді, және қаржылық есеп берудің ,қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, дұрыс және әділ пікір(немесе барлық жағынан әділетті түрде көрсетілген) білдірмейтініне жағымсыз мәлімдеме жасайды;немесе

(б) Егерде материалды ауқымдық шектеу болатын болса, шектеуді сипаттау және:

(iii) Мүмкін болатын, шектеулерді болдырмауды міндетті деп анықтайтын, қаржылық есепберудің реттеуіштеріне қатысты берілген теріс кепілдік келісімінің сапасын анықтау; немесе

(iv) Шектеудің мүмкін болатын әсері, тәжірибеші маман кепілдіктің еш деңгейі қамтамтамасыз етілмейтіндігі жайлы қорытындыға келетіндей, маңызды және таратылған болса, ешқандай кепілдікті қамтамасыз етпейді.



28. Тәжірибеші маман шолу бойынша есеп берудің мерзімін шолудың орындалу мерзімі біткен кезде қоюы қажет. Алайда, тәжірибеші маманның міндеті қаржылық есеп берудің дайын болуын және басшылыққа тапсырылуын қатысты мәлімдеу болғандықтан, шолу бойынша есепті қаржылық есеп беру басшылықтың құптауынан өтпегенше, ерте мерзімін қоймауы қажет.


Қосымша 1
Қаржылық Есеп Беруді Шолуға Міндеттеме Хат Үлгісі

Келесі хат берілген ШКХС-ң 10 тарауында жалпы түрде суреттелеген түсінікпен бірге жолнұсқа ретінде қолданылуға арналған, және жеке талаптар мен жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы қажет.

Директорлар Кеңесіне ( немесе сәйкес жоғарғы басқару өкіліне):

Бұл хат біздің міндетіміздің шарттары мен мақсатының және біз көрсететін қызметтердің табиғаты мен шектеулерінің түсінігін анықтап білуге қажетті саналады.

Біз келесідей қызметтерді орындаймыз:

Біз АВС Компаниясының 19ХХ жылдың 31 желтоқсанынан бастап шығарылған балансын, сонымен қатар соған байланысты жыл соңындағы табыс және ақша айналымының есеп беруін Шолу Келісімі бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2400 сәйкес қарастырамыз (немесе шолуға қолданылатын сәйкес ұлттық стандарттар мен тәсілдерге жүгінеміз). Біз осындай қаржылық есеп берудің аудитін жүргізбейміз, сәйкесінше, біз аудиттік пікір білдірмейміз. Тиісінше, біз қаржылық есеп беру жайлы келесі жолдар бойынша мәлімдеме жасаймыз:

(берілген ШКХС-ның Қосымша 3 қараңыз)

Сәйкес айқындауды қоса алғанда, қаржылық есеп беру бойынша міндеттеме компания басқаруының міндеттемесі саналады. Оның ішіне сәйкес бухгалтерлік есеп беру мен ішкі тексеруді қамтамасыз ету және есепке алу саясатын қолдану кіреді.

(Біздің қарастыру шарамыздың бір бөлігі ретінде, біз басқармадан шолу бойынша дайындалған растауға қатысты жазбаша ұсынысын сұратамыз.13)

Бұл хат мерзімі бітпегенше,түзетілмегенше немесе ауыстырылмағанша келесі жылдар аралығында нәтиже береді деп саналады (қолдануға жарамды болса).

Біздің міндеттемемізді бар алаяқтық пен қателерді, жәнезаңға қайшы әрекеттерді айқындауға қолдануға болмайды. Алайда, біздің назарымызға іліккен қандай да болсын материалға қатысты сұрақтар болса, бірден Сізге хабарлаймыз.

Біздің қаржылық есеп беруді шолу бойынша шараладың Сіздің түсінігіңізге сәйкестігін анықтау растау үшін, қолтаңбаңызды қойып, осы хаттың қосымша көшірмесін қайтаруыңызды сұраймыз.

XYZ & Co

ABC Компаниясы атынан танылған

(қол қойылған)

....................

Аты-жөні және тақырыбы

Күні



Қосымша 2
Қаржылық Есеп Беруді Шолу бойынша Міндеттемеде Жасалуы мүмкін Көрнекі Егжей-тегжейлі Іс-шаралар

1. Қаржылық есеп беруді шолуы барысында орындалатын,қарастырудың сұратулары мен сараптама шаралары тәжірибеші маманның пайымдауымен анықталады. Келесі тізімдегі шаралар тек қана көрсету мақсатымен ғана беріледі. Бұл ұсынылған шараларды әр міндеттеме түріне қолдануға арналмаған. Бұл Қосымша шолуды орындау бойынша жоспар ретінде немесе бақылау тізімі ретінде қолдануға арналмаған.



Жалпы Ақпараттар

2. Міндеттеме ұжымы және клиентпен міндеттеме шарттары мен ауқымын талқылау.

3. Міндеттеме шарттары мен ауқымын қалыптастыратын міндетеме туралы хат дайындау.

4. Кәсіпорын кәсіби қызметі және қаржылық ақпаратты жазып, қаржылық есеп беруді дайындауға арналған жүйесі бойынша түсінік алу.

5. Барлық қаржылық есеп берулердің тіркелгендігі жайлы сұрату:

(a) Толығымен;

(ә) Жылдам; және

(б) Қажетті рұқсатпен ғана.

6. Сынама балансты алып, оның бухгалтерлік кітап және қаржылық есеп берумен сәйкестігін анықта

7. Алдыңғы аудит нәтижелерін және қажетті бухгалтерлік реттеуіштерді қоса алғандағы міндеттемелерді қарастыру.

8. Кәсіпорында алдыңғы жылдан бері болған қандай да бір маңызды өзгерістердің бар жоғын сұрату (мысалы, меншіктегі немесе капитал құрылымындағы өзгерістер).

9. Есепке алу саясаты туралы сұрату және келесілерді анықтау:

(a) Олардың жергілікті және халықаралық стандарттарды орындауын;

(ә) Олар сәйкесінше орындалғанын; және

(б) Олардың ретімен орындалғанын, және олай болмаған жағдайда есепке алу саясатында болған қандайда бір өзгерістердің айқындалып жазылғандығын қарастыру.

10. Шолуға қандай сұрақтардың маңызды болуы мүмкін екенін анықтау үшін акционерлердің, директорлар кездесуінің, және тағы да басқа сәйкес комитеттер кездесуіндегі жасалған жазбаларды оқу.

11. Қаржылық есеп беруге әсерін тигізетін, сәйкесінше сонда көрсетілетін акционерлердің, директорлар кездесуінің, және тағы да басқа сәйкес комитеттер кездесуіндегі қабылданған шаралардың болған болмағандығын анықтап білу.

12. Қатысты жақтармен болған келісімдердің болған болмағандығын, және мұндай келісімдердің қалай жасалғандығы мен қатысты жақтардың толығымен ақпараттандырылғындығын анықтау.

13. Күтілмеген жайттар мен жағдайлардың болған болмағанын сұрастыру.

14 Негізгі активтер мен бизнес сегменттерінен құтылу жоспарлары жайлы сұрастыру.

15. Қаржылық есеп беруді алып, басшылықпен талқылау.

16. Қаржылық есеп берудің айқындық сәйкестігін және олардың классификациясы мен ұсынуға жарамдылығын қарастыру.

17. Ағымдық кезеңнің қаржылық есеп беруінде көрсетілген нәтижелерін салыстырмалы кезеңдердің қаржылық есеп берулерінде көрсетілген нәтижелерімен салыстырып, оның бюджет пен күтілімдерге сәйкестігін тексеру.

18. Қаржылық есеп берудегі кез келген ерекше ауытқулар мен сәйкессіздіктердің түсіндермесін басшылықтан талап ету.

19. Кез келген бейімсіз қателердің әсерін жекелеп және жиынтығымен қарастыру. Қателерді басқарма назарына салу және бейімсіз қателердің шолу бойынша есеп беруге қандай әсерін тигізетінін анықтау.

20. Басқармадан ұсыну хатын алуды қарастыру.



Қолма-қол Ақша

21. Банк келісімін алу. Клиент тарапынан болған қандай да бір ескі немесе ерекше реттеу пунктін сұрастыру.

22. Шолу күніне дейінгі және кейінгі кезеңнің кассалық шоттары арасындағы трансферлерді сұрату.

23. Кассалық шоттар бойынша шектеулердің бар жоғын сұрату.



Дебиторлық Берешектер

24. Алғашқы тауарлық дебиторлық берешектердің жазбасына арналған есепке алу саясатын сұратып, мұндай келісімдердерге қандайда бір жеңілдіктердің қолданғандығы жайлы анықтап білу

25 Дебиторлық берешектің графигін сұратып, жалпы соманың сынамалық теңгеріммен келісімге келетінін немесе келмейтінанықтау.

26. Алдыңғы және күтілетін кезеңдердің есепке алу балансында болатын маңызды ауытқулардың түсіндірмесін сұратып, қарастыру.

27. Тауарлық дебиторлық берешектің ескірген сараптамасын алу. Ерекше үлкен ауқымдағы шоттардың, шоттағы кредит балансының, және басқа да ерекше баланстардың себебін сұрату, және дебиторлық берешектердің қайтарылу жайлы анықтау.

28. Басқармамен дебиторлық берешектің классификациясын, соның ішінде ағымдық емес баланстар мен таза кредиттік баланстар және акционерлер, директорлар және қаржылық есеп беруге қатысы бар басқа да жақтардан алынуға тиіс сомаларды талқылау.

29. “Асықпай төлеу” шотын анықтауға арналған тәсілді сұрату және күмәндік шоттарға жеңілдіктер орнатып, оның дұрыстығын тексеру.

30. Дебиторлық берешектің қайтарылуы, факторленуі немесе құнсыздануы жайлы сұрату.

31. Қажетті келісімдердің қысқартылуы мен тауарлардың қайтарылуының орындалу кепілі ретінде қолданылған шараларды сұрату.

32. Шотта көрсетілген тауарлардың жүк тасымалымен жіберілгенін сұрату, егер солй болатын болса,осы келісімде толығымен өзгертіп, тауарды айналым құралдарына жатқызу үшін түзетулердің енгізілгенін анықтау.

33. Тіркелген табысқа қатысты қандай да бір үлкен сомадағы кредиттердің баланс құрған күннен кейін шығарылғандығы мен сол сома мөлшеріне провизия жасалғандығын сұрату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет