Хіх ғ. ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі. Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет14/15
Дата16.02.2023
өлшемі307.5 Kb.
#469663
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-64949

Қорытынды
Бұл бөлімде ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі Оңтүстік Қазақстандағы патшалық Ресейдің әскери-отарлық әкімшілігі мен жергілікті халық арасындағы қатынас тарихы бұрындары ғылыми әдебиеттерде үстемдік құрып келген методологиялық ұстанымдар бойынша емес, тәуелсіздігімізді алған қазіргі таңдағы қазақ халқының өткен жолын сараптауда жаңаша көзқарас қалыптастырған еліміздің тарихшыларының ғылыми еңбектерінің негізінде жазылып, зерттеу жұмысының тарихнамасы мен деректік негіздері талданып, онда орын алған мәселелерге талдау жүргізіліп, оған ғылыми тұрғыдан баға берілді және көптеген тұжырымдамалар жасалды.
Зерттеу жұмысында Ресей билігінің Оңтүстік өңірге орнауы барысындағы патша әкімшілігінің жергілікті халықпен қатынасқа түсуі, жергілікті халықты бағындыру жолындағы патша әскери-отарлық әкімшіліктің атқарған іс-шаралары, өңірдегі әскери-отаршылдық билік жүйесінің құрылуы мен қалыптасуы, оның жергілікті халыққа ықпалы, патшалық Ресейдің өңірде жүргізген саяси-әкімшілік реформалары және жергілікті халықтың өміріне тигізген әсері, жергілікті халықтың наразылығы, отаршыл басқару жүйесінің сипаты және жергілікті халықтың жағдайына байланысты көптеген мәселелер жан-жақты қарастырылып, сондай-ақ бұрындары қозғалмаған немесе біржақты қарастырылған тарихи оқиғаларға және тарихи тұлғалардың атқарған қызметіне объективті түрде баға берілді.
Өңірді иелену жолында Ресей империясы Хиуа, Қоқан хандықтары және Қытаймен тайталасып, оларды өлкеден ығыстырып шығару үшін қарулы күреске түседі. Өйткені аталған үш мемлекеттің Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы Ресей империясының стратегиялық маңызы бар өңірге басып кіруіне көп кедергі келтірді. Сондықтан патша өкіметі жергілікті халықты Қоқан, Хиуа және Қытайдың ықпалынан айыру жолында әртүрлі айла-әрекеттер мен амалдар да қолданады.
Ұлы жүз қазақтарын өз ығына бағындырған патша әкімшілігі Жетісу өлкесін мекендеген қырғыздардың да ішкі ісіне араласып, оларды да жер дауы арқылы бір-біріне қарсы қойып, әлсіреген қырғыз руларын өз жағына шығарып отырған. Жалпы алғанда, ХІХ ғасырдың І жартысында басталған Ресей империясының Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың жағдайын күрт нашарлатып, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық жер иеленудің маңызды жақтарын қиратты. Патша өкіметінің Ресей билігін мойындаған руларды тәуелсіз көшіп жүрген ірі руларға айдап салып, жер дауын қолдан жасап немесе ушықтыруы, отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, рулық-қауымдық жерлерді жаппай тартып әкелуін тудырды. Осының салдары шаруашылық қатынастардың мықтап бұзылуына, сұлтандар мен билердің беделі мен ықпалының күрт құлдырауына әкеп соқтырды.
Нәтижесінде, Ресей империясының Жетісу өлкесін жаулап алуына жол ашып, оның отаршылдық саясаты іске асады. Сонымен қатар патша өкіметі Ұлы жүз қазақтарын емін-еркін билей бастайды. Оған себеп болған бірінші жағынан сұлтандар және билердің өзара араздығы мен ауыз біршілігінің болмауы болса, екінші жағынан патша әкімшілігінің ептілікпен жүргізген әккі айла-әрекеттері еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет