Хіх ғ. ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі. Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы


«ХХ ғасырдың бас кезіндегі басқару жүйесінің сипаты және жергілікті халықтың жағдайы»



бет13/15
Дата16.02.2023
өлшемі307.5 Kb.
#469663
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-64949

«ХХ ғасырдың бас кезіндегі басқару жүйесінің сипаты және жергілікті халықтың жағдайы» атты алтыншы тарауда патша өкіметінің отарлық саясатындағы ерекшеліктер, ұлттық езгіге қарсы наразылықтың екпін алуы және патшалық әскери-отарлық жүйесінің күйреуі мен жергілікті халық өкілдерінің жаңа билікке қатынасы туралы мәселелер қарастырылады.
1904-1905 жылдардағы орыс–жапон соғысы және одан туындаған ішкі қайшылықтардың шиеленісуі Ресейді 1905 жылғы буржуазиялық революцияға алып келді, оған жерсіз, жағдайы төмен шаруалардың белсене араласуы патша өкіметін қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын іздестіруге мәжбүрледі.
Нәтижесінде, патша өкіметі орталық Ресейдегі шаруалардың қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескеріп, орыс шаруаларына қазақ даласындағы құнарлы, егінге ыңғайлы жерлерді үлестеру арқылы аграрлық реформа жүргізуге ұмтылады. Осылайша, патша өкіметі шаруаларды империяның шет аймақтарына қоныстандыра отырып, орталықтағы революциялық қозғалысты бәсеңдетуге тырысты
Осыған байланысты, патша өкіметі 1905 жылдың мамыр айында қоныс аудару саясатына жаңа тұрғыдан қарауға мәжбүр болып, қоныс аударуды ішкі әлеуметтік қайшылықты «жұмсартатын» құрал ретінде көріп, 1895 жылы құрылған қоныс аудару басқармасын Егіншілік және мемлекеттік меншік бас басқармасы қарамағына береді. Ал, аудандық қоныстандыру мекемелері уездік деңгейде кіші аудандық болып бөлініп, қазақ даласында қатал орталықтандырылған қоныстандыру мекемелерінің жүйесі қаланды. Бұл мекемелердің негізгі міндетіне жергілікті халықтың пайдалануындағы жердің «артығын» тауып, оны қоныс аударушыларға учаске ретінде бөліп беру және оларға мемлекет тарапына тиесілі түрлі көмектің уақытылы берілуін қадағалау, сондай-ақ жергілікті халық пен келімсектер арасында туындаған дауларды реттеп отыру кірді. Патша өкіметі қазақ шаруаларын пайдаланып отырған құнарлы жерінен айыру мақсатында, оларды біртіндеп емес, қысқа мерзім ішінде жаппай отырықшы тұрмысқа көшіруге кіріскен. Қоныстандыру басқармасының деректері бойынша тек 1913 жылы ғана Жетісу облысында Қалғоты, Ырғайты, Жайылма, Шамсы болыстарындағы қазақтарға 50000 десятина жер белгіленіп, олардан артылған жерлерді қоныс аударушы орыс шаруаларына беру жоспарланған. Сырдария облысында отырықшы тұрмысқа өтуге арыз жазған Шымкент және Әулиеата уездері қазақтарына 20000 десятина жер бөлінген [48, 214 п.]. Өлкеде орын алған орыс шенеуніктерінің жемқорлық әрекеттерінің өршуі, білім деңгейлерінің жоғарғы лауазымдарға сәйкессіздігі, әр салалы мекемелердің бір-бірімен жанжалдасуы, жергілікті орталық биліктің қоғамда орын алып отырған жағдайларға бейімделе алмауы патша өкіметін өлкенің әкімшілік-саяси басқаруын жаңа уақыт талабына сай, түбегейлі өзгерістерге ұшыратуын қажет етті. Түркістан генерал-губернаторлығында орын алған осындай теріс, кертартпа әрекеттер патша өкіметін қатты алаңдатқаны соншалық, 1908 жылы 19 наурызда өңірге граф К.К Пален бастаған сенаторлық тексеру комиссиясын жіберуге мәжбүр болды.
Граф Паленнің есебінде өлке басшыларының беделі төмендеген сайын, облыстық әскери губернаторлардың да жағдайлары нашарлай түсіп, олар кей жағдайларда тіпті, өз көмекшілеріне де тапсырма бере алмайтын жағдайға жеткендігі көрсетілген. Патша өкіметінің өлкеге енгізген сайлау жүйесі де заңсыз іс-әрекеттерге толы болды. Сондықтан да қазақ халқы жаңа басқару жүйесін әуел бастан-ақ жылы қабылдамады. Өлкеде христиан дінін таратуды көздеген патша әкімшілігі алғашқы кезде Қазалы, Әулиеата, Түркістан және Шымкент уездерінде құрылған әрбір село мен поселкеде приходтық орындарды кеңінен ашады. Алайда патша әкімшілігінің өлкеде жүргізген миссионерлік саясаты, яғни жергілікті халықты ертеден ұстанып келе жатқан дәстүрлі ислам дінінен айыру жоспары орталық өкімет күткендей жоғары нәтижелерге жеткізген жоқ. Оған негізгі себеп қазақ халқының сыртқы жаулаушыларға деген ішкі қарсылығының пайда болуы, ал ол өз кезегінде әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге негізделген мұсылмандық жүйеге сүйенген еді. Патшалық отаршыл жүйенің күштеу әрекеттері күшейген сайын, халқымыздың намысы мен ұлттық мүддесін қорғауға деген ұмтылыстары артты.
Түркістан генерал-губернаторы бекіткен осы ережеге сәйкес жәдиттік оқу орындары жергілікті билік орындарына толығымен тәуелді күйге түсіп, әсіресе, ереженің 2-тармағындағы шарт, яғни мұсылман халықтарының араласып оқуына тыйым салуы өлкеде жәдиттік мектептердің дамуына ауыр соққы болып тиді. Осылайша, ереже өлкедегі жәдиттік оқу орындарын біртіндеп ығыстыруға, полиция мен оқу әкімшілігінің араласуымен оларды жабуға немесе қатаң бақылауға алуға жол ашты.
Патшалық Ресейдің мақсатын сезінген халық, соның ішінде қазақтар патша өкіметінің орыстандыру мен шоқындыру саясатына қарсы күреске басқа да мұсылман халықтарымен аттанады. Яғни, Ресей империясы құрамындағы мұсылмандар қазақтардың ой-санасын еркіндік үшін күреске бағыттайды. Осындай жағдайда Ресей империясының отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық күресті бастайтын жаңа тұрпатты қоғамдық-саяси әрі әлеуметтік күш өздерін «жәдидттер» деп атаған жаңа идеологиялық мәдени-ағартушылық бағыттағы қозғалыс дүниеге келеді. Жәдидшілердің ағартушылық реформалары қоғамдық өмірде өз орнын алған феодалдық тәртіп пен патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. Оны ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында ашылған жәдидтік ұйымдардың бірі «Жамиғати мағарифтың» (Ағарту қоғамы) қызметінен көруге болады. Бұл ұйымның бөлімшелері Қазақстанның бірнеше қалаларында, соның ішінде Перовскіде ашылып, мектептер мен медереселерде оқитын қазақ жастарына жәрдем беріп, әр түрлі кітаптар шығарып таратқан. Сондай-ақ, Верный, Пішпек, Әулиеата секілді қалаларда «Гап» немесе «Машраб» деп аталатын мұсылмандық үйірмелер жергілікті халыққа қайырымдылық көрсету мақсатында ашылған.
ХХ ғасырдың басында Мүнәууар қаридың әрекетін Абдулла Ауляни, Убайдолла Қожаев, Кәмілбек және Кәрімбек Нәрбековтер, Тасболат Нарботабеков және тағы басқа да жәдидтер қолдап, олар 1909 жылы тамызда мұсылмандарға қаржылай көмек көрсету мақсатында, Ташкент қаласында «Көмек» мұсылмандар қоғамын құрып, Сырдария облысында өз бөлімшелерін ашады. Осы аталған жәдидшілердің бастамасымен ХХ ғасырдың басында Әулиеатада «Шамсие», Қазалыда «Хусаинов», Перовскіде «Шаги Ахмет Валиуллинов» және тағы басқа жаңа әдісті мектептер ашылып, мұсылмандардың балаларына білім берген. Жетісуда да «Шабдания» деп аталатын мектеп ашылып, онда татар мұғалімдерімен бірге Орал облысының қазағы Нұртілеу Молдағазин ұстаздық етсе, Қапалдағы Тұрысбек және Есенқұл Мамановтар ашқан «Мамания» мектебінде көрнекті қазақ қайраткері Ғабдолғазиз Мұсағалиев меңгерушісі қызметін атқарып, «Айқап» журналын Жетісудағы жергілікті халық арасында насихаттаған. Петербургте өткен мұсылмандардың мәжілісі жалпыресейлік мұсылмандар съезін тамыз айында Нижний Новгород қаласында өткізу туралы шешім қабылдап, Петербургке патшаға петиция тапсыруға келген мұсылман халықтарының өкілдері арқылы жер-жерлерге шақыртулар жібереді. Бұл делегацияның құрамына Қазалы уезінен келген қазақтар - С.Лапин, И.Әбуов және М.Оразаев кіреді. Олар Петербургке қазақтардың жерді суландыру үшін өзен суларын қалағанынша пайдалануға, жерлері мен арықтардың тартылып алынбауына, Қызылқұм, Қарақұм, Сырдария және Қуаңдария бойында шөп шауып, малға жем-шөп, отынға сексеуіл әзірлеуге жергілікті әкімшілік тарапынан кедергі жасамауға, сатылуға шығарылған сексеуілден ғана салық алуға, қазақтардың өзен-көлдерден балық аулауына кедергі жасалмауын талап еткен петиция алып келген еді. Сол уақытта империяның отар аймақтарынан патша өкіметіне ұлттық-саяси мәселеге қатысты петициялар (арыз-тілек) жолдау қарқын алып, 1905-1906 жылдары империядағы түркі-мұсылман халықтары атынан орталық билік орындарына 500-ден астам петиция жолданған.
Сондай петициялардың бірін 1905 жылдың маусым айында Министрлер комитетінің төрағасы, граф М.Ю.Виттеге Жетісу облысының жергілікті халқы да жібереді. 11 тармақтан тұратын бұл петицияның алғашқы 6 тармағы дін мәселесіне арналса, 7-ші тармағында Мемлекеттік думаға жергілікті халық өкілдерін сайлауға тосқауыл қоймау керектігі талап етілді. Ал петицияның 8-ші тармағында өлкедегі жергілікті халық тілдеріндегі газет-журналдардың, кітаптардың шығарылуына рұқсат берілуі керектігі көтерілсе, 10-ші тармақта үкімет тарапынан ашылған оқу орындарында білім алып жатқан жергілікті халықтың жастарына христиандық ілім негіздері оқытылмай, оның орнына мұсылмандық ілімнен дәріс оқытылуы керектігі сұралады. Жер мәселесі болса петицияның соңғы 11-ші тармағында көтеріліп, орыс шаруаларының қоныс аударылуы доғарылуы керектігі талап етілді. Бұл петициялардан басқа, Сырдария облысының Әулиеата уезінен де талаптар жолданып, оны Әулиеата уездік басқармасының хатшысы Әзімхан Кенесарин ұйымдастырады. Осы петицияға байланысты «Русский Туркестан» газеті былай деп жазады: «Петицияның екінші тармағы қырғыз даласын орыс элементтері арқылы отарлауға тікелей байланысты. Себебі, қоныс аударушылардың поселкелері үшін учаскелер әзірлеу жұмысының үздіксіз жүруінен қырғыздар өздерінің болашақта жер тапшылығын тартатындығын сезінуде. Жер тапшылығын қазірдің өзінде қырғыздар тығыз қоныстанған аудандар тартуда».
1905 жылы 12 тамызда жалпыресейлік мұсылман съезіне 150-ден астам өкілдер қатысады. Түрік мұсылмандары, соның ішінде қазақтар ІІ Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясынан зор үміт күткенімен патша өкіметі өзінің шеткері аймақтарда жүргізіп жатқан отаршылдық саясатына қарсы шығушылардың болғанын қаламай, 1906 жылы желтоқсанда Выборг үндеуіне қол қойғандардың 167-нің үстінен іс қозғаса, 1907 жылы 3 маусым күні ІІ Думаны таратады. ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтардың ішінде Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдария облысынан Т.Алдабергенов бар еді. Патша өкіметінің жазалаушы шараларынан сескенбеген Мұсылман фракциясы ІІІ және ІV Мемлекеттік Думада да мұсылман халықтарының мүддесін қорғауды көздеген бірден-бір ұйымына айналды. Дума жұмысынан шеттетілсе де Б.Қаратев, С.Лапин, А.Жанталин, Е.Оразаев, С.Мақсұтов, А.Салихов, Ш.Мұқамедияров, С.Жантөрин, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай секілді қазақ, өзбек және тағы басқа да орталықазиялық халықтарының зиялы азаматтары мұсылман фракциясы төңірегінде топтасып, оның жұмысының қарқынды жүруіне өз көмектерін тигізуге тырысты. Әлемде басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей империясының отаршылдық бұғауында болған халықтарға зор қасіреттер әкеліп, ұлттық езгіге түскен халықтар, соның ішінде Түркістандағы жергілікті халықтың патша шенеуніктерінен көрген озбырлығы мен зорлық-зомбылығы соғыс кезінде шектен шығып, жерлері жаппай тартып алынып, өздері мүлдем жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға ығыстырылды.
Жергілікті тұрғындардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске шығуына, өлкедегі халық пен орыс шаруаларының арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісіп кетуіне және қарсы жақтардың бір-бірімен соғысуына империяның әскери-әкімшілік орындары тікелей кінәлі еді. Түркістандағы көтерiлiс алғашқы рет 1916 жылы 4- шiлде күнi Ходжент қаласында басталып, Ферғана жазығына, одан кейiн Жетiсу облысына ауысты. Ходженттегі жергілікті халық «қандай сылтаулар болса да адамдарды бермей, қажет болса, туған жерде өлу» деген ұрандар көтердi. Ал, Түркістанның орталығы Ташкент қаласындағы көтеріліс 1916 жылғы 11 шiлдеде басталып, Ходженттегi сияқты қарулы қарсылықтарға ұласады.
Сырдария облысындағы ең ірі көтерілістің бірі Әулиеата уезiнде орын алып, Меркi бөлiмiнiң Көшеней (Кученей) болысында басталған. 1916 жылғы 31-шiлдеде көтерілісшілер Краш деген орыс шенеунігін өлтіріп, «Қоржын-Тоғай» деген жердегi орман шаруашылығының ғимараттарын қиратады да, қолдарына бiраз қару-жарақ түсiріп, өз әрекеттерiн Чалдовар, Меркi және Луговой сияқты iрi елдi-мекендерге ауыстырды. Әулиеата уезiндегі көтерілістің көршiлес Жетiсу облысы, сол сияқты жапсарлас жатқан Ташкент уезiндегi көтерiлiсшiлерімен де байланыстары нашар болды. Ал, Жетісуда болған 1916 жылғы көтеріліс – ХІХ ғасырдағы орыс отаршылдығына қарсы күрестің, азаттық жолындағы бабалар күресінің жалғасы іспетті болып, көтерілісті бастағандардың көпшілігі атақты би, болыстар, батыр, төрелердің ұрпақтары еді. Олардың қатарында Құдярхан Тезеков, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тезек Тазабеков, және тағы басқалары болды. 1916 жылы тамыз айында Мемлекеттік Думаның депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев өз фракцияларының тапсыруымен комиссия құрып, Түркістанға барады. Оның құрамында мұсылман фракциясының бюро мүшелері М.Шоқай мен Ш.Мұқаммедияров та бар еді. Орыс әскерлерінің майдандағы жеңілістері және соғыстан туындаған экономикалық күйзеліс, сондай-ақ, 1916 жылғы Орталық Азия халықтарының көтерілістері Ресейді буржуазиялық-демократиялық төңкеріске алып келіп, патшаны тақтан құлатып, елде Уақытша үкіметті орнатады. Петербургтегі Ақпан оқиғалары туралы хабар тез арада бүкіл қазақ даласына жетеді. Патша өкіметінің құлатылғанын құттықтаған көп адамдық митингілер мен шерулер қазақ даласының барлық ірі қалалары мен темір жол станцияларында өтеді. Патша өкiметiнiң тақтан құлап, елде жаңа саяси жүйенiң қалыптаса бастауына күллi империя халқының басым көпшiлiгi, соның ішінде Түркістанның жергілікті халқы мен оның зиялы қауымы зор қуанышпен қарсы алып, бұл өзгерістерден үлкен үміт күтті. Жергілікті халықтардың Ақпан төңкерісіне және Уақытша үкіметке арналған құттықтаулар мен жылы лебіздері ауылдардан, болыстықтардан және уездерден жан-жақтан жіберіліп жатты. Мысалы, 1917 жылы 7 наурызда Петроградқа Уақытша Үкімет атына Сырдария облысының 12 болыстық атынан Өтеміс пен Қарабәкір құттықтап жеделхат жіберсе, оның артынша облыстың Қарбұлақ елді мекенінің тұрғындары да өз лебіздерін телеграф арқылы білдіреді. Сонымен қатар, үндеуде Алаш қайраткерлері жергілікті халықты патша үкіметі мен оның жергiлiктi билік орындарын құлатып, облыстар мен уезд орталықтарынан патша әкiмшiлiгiнiң неғұрлым реакцияшыл өкілдерiн тұтқындап немесе қызметтерiнен қуып, Түркiстан мен Қазақстан халықтарына келешекке деген үміт отын жаққан Уақытша үкіметті қолдауға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет