Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Дамыта оқыту технологиясы



бет11/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

3.2 Дамыта оқыту технологиясы



  • Проблемалық оқыту – дамыта оқытудың әдісі.

  • Проблемалық оқытудың мәні, қызметі және мақсаты.

  • Проблемалық ситуация және оны химияны оқыту барысында қолдану.

Ерте кезден-ақ ақыл-ой белсенділігі пәндердің, құбылыстардың, процестердің мәніне терең енуіне, есте қалдыруына мүмкіндік беретіні белгілі болды.Сократтың дискуссиясының өзіне тән ерекшелігі –әңгімелесушіге проблемалық сұрақ қою.
Белсенді оқытуға ұмтылу Ф.Бэконның философиялық көзқарасына сәйкес келеді. Ол сөздің шығу оқиғасына сын түрінде қарады және шындықты зерттеу жолымен алынған ақиқатты талап етті. Кейін белсенді оқытуды педагогтар мен философтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо жалғастырды.
Ресейде дамыта оқыту идеясын бірінші болып Л.С.Выготский ұсынды.Өзінің жұмыстарында ол оқыту мен дамытуды бір-біріне байланысты процесс ретінде қарастыру керектігін және негізгі міндетті оқытуға беру керектігін атап өтті. Қазіргі кезде Д.В.Эльконин және В.В.Давыдов жасаған дамыта оқытудың дидактикалық жүйесі белгілі. Барлық дамыта оқыту теориялары оқыту процесіндегі оқушылардың ойларын белсендіруге бағытталады.
Л.Заенков, Д.В.Эльконин, В.В.Давыдовтың жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

  • оқыту мазмұнының жүйелілігі және біртұтастығы ;

  • жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту;

  • теориялық білімнің жетекші рөлі;

  • оқу материалын жеделдете оқыту;

  • оқу материалының мазмұнын проблемаландыру;

  • оқу процесін оқушының сезінуі (рефлексия);

  • барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі;

  • оқытуды саралау және даралау.

Егер дәстүрлі оқытуда (ақпараттық, хабарлаушылық) оқушының іс-әрекеті репродуктивті сипатта болса, яғни белгілі алгоритм бойынша үлгіге қарап тапсырма орындау т.б., ал дамыта оқытуда бұл іс-әрекет продуктивті сипатта болады. Оқушы жаңа тапсырманың, проблеманың шешу жолын өз бетінше іздейді, яғни ол білімін жаңа жағдаятта қолданады және алдында тұрған проблеманы шешу алгоритмін өз бетінше құрастырады.
Дамыта оқыту әдісі–проблемалық оқытуда етек жайды.
Дамыта оқытудағы бірінші дәрежелік мәндегі әдістерге проблемалық оқыту және эвристикалық әңгімелесу, материалды проблемалық баяндау, зерттеушілік әдіс жатады. Проблемалық оқытудың жаңа теориясы (Махмутов жасаған) осы әдістерді кеңінен қолдануға негізделген.
Проблемалық оқыту деген оқушының барлық оқу материалын өз бетінше оқуы немесе қойылған проблеманы өзі шешуі емес. Мұнда мұғалімнің түсіндіруі , оқушылардың репродуктивті әрекеті, тапсырманы құрастыру және жаттығулар орындау да кіреді.
Оқу процесі проблемалық негізде ұйымдастырылады. Бұл оқытудың өзіне тән негізгі белгісі–оқу проблемасын өз бетінше шешу.
Проблемалық оқытудың мақсаттары:

  • логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауды үйрету;

  • оқушыларда тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми, диалектикалық - материалистік дүниетаным қалыптастыруға негізделген білім беру;

  • білімнің беріктігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені оқушылардың өз бетімен тапқан ақпараттары есте жақсы сақталады;

  • оқушының эмоциялық өрісіне әсер ету, яғни оларға өз күшінің сенімділігіне, ойлау іс-әрекетінің күрделілігіне қанағаттандыру сияқты сенімдер қалыптастыру;

  • ізденіс және зерттеушілік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушының білуге ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын жебеу арқылы белсенділігін дамыту.

Проблемалық оқытуға толық анықтаманы М.И.Махмутов берді. Проблемалық оқыту – бұл дамыта оқытудың бір типі,онда оқушы өз бетінше іздену жүйесі мен дайын ғылыми қорытындыны үйлестіре игереді. Әдістер жүйесі проблеманың принципі мен мақсатын ескере жасалған.
Сонымен, проблемалық оқыту деп, білім беру мақсатындағы бірізділік пен қойылған проблемаларды шешуді айтады. Проблемалық оқытудың міндеттерін М.И.Махмутов жалпы және арнайы міндеттер деп екіге бөлді.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:

  • оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;

  • оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • мектеп оқушыларының диалектикалық - материалистік ойлауын қалыптастыру.

Проблемалық оқытудың арнайы міндеттері:

  • білімді шығармашылық жолмен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;

  • білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;

  • шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау;

  • оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;

  • ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.

Проблемалық оқытудың негізгі өзегі–проблемалық жағдаят туғызу. Проблемалық жағдаят – бұл педагогикалық жағдаят, мұнда оқытушы өзі немесе оқушымен бірге тұжырымдаған проблемаға жауап іздеуге оқушыны мәжбүр етеді. Демек, проблемалық оқытудың негізгі идеясын былай тұжырымдауға болады: білімнің елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді, оларды оқушылар проблемалық жағдаятты шешу барысында дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады. Елестету, еске түсіру әдістерінің біріне проблемалық жағдаят жатады. Проблемалық жағдаят оқу процесінде оқушылардың кейбір қиын сұрақтарды шешуі үшін қолданылады. Проблемалық жағдаят оқушыға ой салады. Оны не өзі, не ұстаз көмегімен шешеді. Проблемалық жағдаяттың ең құндылығы оқушылардың оқу материалдарын тереңірек меңгеруіне, терең ойлануына мүмкіндік береді. Себебі ол ғылыммен жалғасып жатыр, оқушы ғылымға бет бұрады.
Оқытушы проблемалық жағдаятты шешуде оқушымен ынтымақтастықта болуы керек, сонда оқушы инициативті, тапсырманың дұрыс немесе дұрыс емес жауабын батыл айтып, проблеманы шешуде бірлескен күш жұмсайды.
Проблемалық оқыту жүргізу үшін мынадай үш шарт орындалуы қажет:

  • проблемалық жағдаяттардың болуы;

  • оқушының шешім табуға дайын болуы;

  • проблеманы шешудің мүмкіндігі.

Проблема қою әркез проблемалық жағдаятқа әкелмейді. Л.С.Выготский ойлауды дамытудың екі деңгейін тұжырымдады (кесте).Ғалым-психолог оқытуды жақын даму аймағына негізделіп оқытылу керек және оқушылардың мүмкіндіктерінен кішкене жоғары болу керек деп есептеді. Жаңа материал тәжірибеге сүйенетін жағдайда ғана жаңаға қызығушылық туатынын есте ұстау керектігін атап өтті.
Л.С.Выготский бойынша баланың ақыл-ойының даму деңгейлері:



Өзекті даму деңгейі

Жақын даму аймағы

Ықтималдық деңгейі

Бұл оқушының нақтылы даму деңгейі,яғни бұл оның осы шақта жеткен даму деңгейі. Ол оқушы-ның өз бетімен қойған мәселені орындауымен сипатталады.



Бұл өзекті және ықтималды даму аймағы арасындағы ара қашықтық.

Оқушының мәселені ересектердің немесе озат оқушылардың көмегімен бірлесе шешуі.

Проблемалық ситуацияның пайда болуының басты шарты – бұл мұғалімнің және оқушының жақын даму аймағында проблеманы көруі.Оның шешімі − оқушы өзіне белгілі білімге , ойлау тәсіліне және шешу әдісіне сүйену керек.
Демек, қиындату проблемалық ситуацияға әкелу үшін, оқушылар өз білімінің жеткіліксіздігін сезіну керек. Проблемалық ситуация ойлау процесін туғызу үшін, оның щешу жолын іздеу осы кезеңде мүмкін және оқушылар іс-әрекетке дайын болуы керек. Ал кері жағдай өз бетімен ойлаудың дамымауына, өз күшіне сенбеушіліктің тууына себепші болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет