Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Проблемалық оқытудың кезеңдері



бет12/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Проблемалық оқытудың кезеңдері
Проблемалық оқытуды жүргізу бірнеше кезеңдерден (4-сурет) тұрады :
1.Проблеманы қабылдауға дайындық. Оқытудың алдыңғы кезеңдерінде, басқа пәндерде, күнделікті өмірде игерілген білімдерін еске түсіру, яғни білімді өзектендіру.
2.Проблемалық жағдаятты құру. Бұл өте күрделі және жауапты кезең. Проблемалық жағдаят құру мұғалімнен жоғары шеберлікті талап етеді. Мұнда оқушы өз білімі мен іс-әрекеті негізінде қойылған міндетті шеше алмайды, яғни оны шешу үшін жаңа немесе қосымша білім қажет. Оқушы қосымша білім қажеттігін сезінуі қажет. Бірақ проблеманы шешуге оқушының дәрмені жететіндей болуы керек. Оқушының тапсырманы орындауға білімі жетпесе, мұғалімнен қосымша нұсқау алады. Проблемалық жағдаяттың анық тұжырымдалуы басты шарт.
3. Проблеманы тұжырымдау. Туындаған проблеманың жағдаяты негізінде танымдық есеп немесе тапсырма түрінде тұжырымдау. Мұғалім қай сұраққа жауап іздеуді көрсетеді. Егер тұжырымды оқушының өзі жасаса ол өте тиімді болады.
4.Проблеманы шешу процесі. Бұл бірнеше сатыдан тұрады:

  • болжам айту;

  • болжамды растау немесе жоққа шығару.

5.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Мүмкін болған жағдайда практика жүзінде дәлелдеген ұтымды.
Оқу процесін ұйымдастырушы рөлін атқаруда мұғалім жетекші және серік ретінде болуы керек, бірақ білім көзі болу кері әсер етеді. Оқушы шеше алатындай түсінікті, нақты тапсырмалар беруі қажет.
Проблемалық оқытудың ең кең қолданылатын әдістері; материалдың проблемалық мазмұндалуы, эвристикалық әңгімелесу, өз бетімен іздестіру және оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.
Проблемалық баяндау. Бұл оқушыда жеткілікті білім болмаған жағдайда, қандай да құбылыспен бірінші кездескен кезде болады. Бұл кезде мұғалім өзі ізденеді. Мұғалім жаңа білімді іздеу және ашу жолын зерттеуді көрсетеді, сөйтіп оқушыны өз бетімен ізденуге үйретеді.
Материалдың проблемалық мазмұндалуы мұғалімнен тек материалды толық білу емес, сонымен қатар ғылым қай жолмен дамығанын білуін қажет етеді.
Мысалы, бензолдың молекуласындағы ароматты байланыс жайлы білім қалыптастырған Кекуле формуласын анализдеу кезінде бензолды зерттеу және синтездеу тарихын еске түсіру керек. Осылай біз жай ғылымның ңәтижелерін баяндамаймыз, оқушыларға осы нәтижеге әкелген жолды ашамыз.
Материалды проблемалық баяндағанда мұғалім оқушының ойлау процесін басқарады, сұрақ қояды, оларды ойландыруға итермелейді. Оқушылар ішінен жауап беріп, оны мұғалімнің талқылауымен салыстыра алады.
Эвристикалық әңгімелесу. Оқушылардың білімі оқу проблемасын шешуде белсенді қатысуға жеткілікті болса қолданылады. Осылай әңгімелесу барысында қойылған проблемалық сұраққа оқушылар мұғалімнің басқаруымен өз бетінше жауап береді.



Мұғалімнің іс-әрекеті






Оқушының іс-әрекеті


Проблемалық жағдаят қойылады




Проблемамен танысу


Қосымша ақпарат береді




Қажет болса оқушылардан көмек алады


Теориялық материалдарды оқиды


Методологиялық материалдарды оқиды


Ақпарат жинау жөнінде нұсқау береді




Деректі материалдарды талдайды


Шешімнің әр түрлі вариантын салыстырады




Заңдылықтар немесе байланыстар ашады


Ұтымды вариантын таңдайды




Шешімнің әр түрлі вариантын жасайды

4-сурет.Проблемалық оқыту кезеңдері


Оқушылар өз бетінше іздеу этаптарын белгілейді, әр түрлі болжамдар айтады, проблеманы шешудің әр түрлі гипотезасын ұсынады.


Мысалы: аминқышқылы ерітіндісі бейтарап орта беретінін түсіндіру (демонстрациялық тәжірибе). Оқушылар аминқышқылының екі жақты қасиет көрсететінін яғни карбоксил тобы қышқылдық, ал амин тобы негіздік қасиет беретінін түсіндіреді. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушыларды карбон қышқылының протоны амин тобына көшетінін айтуға итермелейді, сөйтіп оның амфотерлі екенін және биполярлы ион екенін ашып көрсетеді.
Ізденушілік сипаттағы әңгімелесу–оқушылардың зерттеу деңгейіне өту үшін керекті дайындық деңгей.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы – өз бетімен ізденушілік және зерттеушілік іс-әрекеті. Бұл оқушылардың жорамал ұсынуға және ғылыми тұжырымдауға білімдері жеткілікті болғанда жүзеге асады.
Оқу зерттеуіне бірқатар ерекшеліктер тән:

  • оқушылардың ғылымда белгілі, оқу проблемасын шешу барысында алатын шындығы. Оқушылар үшін бұл фактілер жаңа және олар өздерін бірінші ашушылар ретінде санайды;

  • оқу зерттеуі әрқашан мұғалімнің басшылығымен, жеке қатысуымен және көмегімен өткізіледі. Бірақ, оқушылар мақсатына өздерінің жеткендеріне сенуі керек;

  • оқу зерттеуі жан-жақты тәсіл болып саналмайды. Оқушылардың шығармашылығына зерттеудің тек белгілі бір элементтерін қосуға болады. Зерттеуді тек бөлек тақырыптар мен сұрақтарды меңгерген кезде ғана қабылдау керек;

  • зерттеу тапсырмасы алдымен мәліметтерді жинау жұмысынан, содан соң олардың теориялық анализінен тұрады. Проблема мәліметтердің сай келмеуінен және қайшылықтың орын алуынан байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет