Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Оқушының білімі мен қарастырылатын фактілер арасындағы туындаған қарама-қайшылықты пайдалану



бет14/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Оқушының білімі мен қарастырылатын фактілер арасындағы туындаған қарама-қайшылықты пайдалану

«Тұздар гидролизі» тақырыбын қарастырайық.


1-кезең. Проблеманы қабылдауға дайындық.

  • Оқытушы қышқылдар, негіздер және тұздардың ерітінділерінің, дистильденген судың реакция ортасын көрнекі түрде индикатор көмегімен анықтайды.

  • Оқушылар көрсетілген тәжірибені мұқият қадағалап, байқағандарын кестеге толтырады (1-кесте).

1-кесте. Индикатордың түсі және реакция ортасы





Лакмус ерітіндісі

Ортаның түсі

Реакция ортасы

рН

Тұздардың типтері

1
2
3
4

5


6

7


8

9


H2O
HCl
NaOH
NaCl

NH4Cl


CH3COONa


CH3COONH4


AlCl3


Na2 СО3



күлгін
қызыл
көк
күлгін

қызыл

көк

күлгін

қызыл

көк


бейтарап
қышқыл
сілті
бейтарап

қышқыл

сілті

бейтарап

қышқыл

сілті


7
<7
>7
7


<7

>7


7


<7

>7



күшті қышқыл және күшті негіз


күшті қышқыл және әлсіз негіз
күшті негіз және әлсіз қышқыл
әлсіз қышқыл әлсіз негіз
күшті қышқыл және әлсіз негіз
күшті негіз және әлсіз қышқыл



2-кезең. Проблемалық жағдаят құру.
Осыған дейін қышқыл ерітіндісінің реакция ортасы – қышқылдық, ал сілтінікі сілтілік болатынын оқушылар білді. Тәжірибе барысында жаңа факт, яғни тұздар ерітіндісінің ортасы қышқылдық немесе сілтілік болуы қосымша білімге сүйеніп түсіндіруді қажет етеді.
3-кезең. Проблеманы тұжырымдау.
Тұздардың судағы ерітіндісінің индикаторларға қышқылдық немесе негіздік болуын түсіндіру.
4-кезең. Проблеманы шешу.
Мұғалім сынып оқушыларын топтарға бөледі және тапсырмалар ұсынады:

  • Тұздардың судағы ерітіндісіндегі қасиеттерін түсіндіру үшін әр түрлі идеялар ұсыну;

  • Әр топтың жауабын тыңдау.

5- кезең. Проблеманың шешімін тексеру және бағалау.
Мұғалім шешімдерді қорытындылайды. «Тұздар гидролизі» деген ұғым ендіреді, оқушылармен бірге осы ұғымға анықтама береді. Сонан соң оқушылармен басқа тұздарды қарастырады, алдын-ала олардың судағы ерітіндісіндегі реакция ортасы туралы болжам айтуға және оны эксперимент түрінде тексеруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет