2. Әрбір сынауыққа 6-8 тамшы сутегі пероксидін тамызамыз.
3. Қай сынауықта өзгеріс болды? Не байқадыңдар? (Оқушылар не көргендерін айтады).
Тәжірибелік жұмысты аяқтағаннан кейін,екінші оқушы белоктың структуралық құрылымы мен классификациясы туралы айтады.
1-оқушы: Белокты 1736 жылы Я. Беркли ашқан.
-
Белок– С -50 %
О – 21,5-23,5 %
N – 16-17 %
Н – 6,5-7,3 %
S – 0,3-2,5 %
|
-
Бұлшықет – 80 %
Теріде – 63 %
Бауырда – 57 %
Мида – 45 %
|
|
Макромолекула
Альбумин – 3600
Гемоглобин – 152000
Миозин - 500000
Рибонуклеин -124
|
2–оқушы:
Белоктың структуралық құрылымы:
І. Рибонуклеаза белогында аминқышқылының орналасуы (124 буын).
ІІ. Спираль тәрізденіп ширатылған полипептидтік тізбек (сутектік байланыс).
ІІІ. Гидрофобты байланыс.
ІV. Бірнеше полипептидтік тізбектердің қосылуы.
Классификациясы: Белокты қиындық дәрежесіне қарай екіге бөлуге болады: жай–протеиндер, бұлардың құрамында тек аминқышқылдардың қалдықтары болады және күрделі–протеиндер, құрамы белоктық және белоктық емес бөліктерден тұрады. Күрделі белокта полипептидтерден басқа, құрамында: нуклеопротеидтер – нуклеин қышқылы, глюкопротеидтер – полисахаридтер, хромопротеидтер – пигменттер, липопротеидтер – липидтер, фосфопротеидтер – фосфор қышқылының қалдықтары болады.
Белоктарды әр түрлі еріткіштерде ерігіштігіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:
Альбуминдер – бұл молекулалық массасы үлкен емес, суда және тұзды ерітінділерде жақсы еритін белоктар (мысалы: жұмыртқаның белогі).
Глобуминдер – тұзды ерітінділерде еритін, қанның, сүттің құрамында болатын белок (мысалы: сүттің лактоглобумині).
Проламиндер – этил спиртінің ерітіндісінде ериді, бұл дәнді дақылдардың құрамында болатын белок (мысалы: жүгеріде және т.б.).
Глютелидтер – негіздерде ғана ериді (мысалы: глютелин–бидайда болады).
Келесі оқушы белоктың қасиеті туралы айтады.
3–оқушы: Белоктың молекулалық массалары үлкен болады, мысалы, инсулин – 6000, каталаза–62000, гемоглобин–65000, фибриноген–340000 және т.б. Сондықтан да белоктардың ерітінділері–коллоидты. Белоктар–амфолиттер.
рН ортаға байланысты белоктар анионның немесе катионның қызметін атқара алады. Белгілі рН ортада молекуладағы оң және теріс зарядтар саны бірдей болады. рН-тың бұл нүктесі изоэлектрлік нүкте деп аталады. Бұл нүктеде белоктар электрбейтарап, ал олардың тұтқырлығы мен ерігіштігі әлдеқайда төмендейді. Белоктардың осы қасиеті арқылы белоктық азық-түліктерді бөліп алуда қолданады. Белоктардың тағы бір қызықты қасиеті–суды байлау әдісі, яғни гидрофильділігі. Осы әдіс арқылы белоктар ісінеді, суспензияларды, эмульсия және көбіктерді тұрақтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |