Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Модульдік оқыту технологиясы



бет35/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

3.8 Модульдік оқыту технологиясы



  • Модульді оқыту технологиясының мәні, принциптері және ғылыми идеялары.

  • Модульдік оқыту технологиясын органикалық химия курсында қолдану.

Модульдік оқыту XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасып, ағылшын тілді елдерде тез етек жайды. Біз бұл жұмыста П.Юцевичененің идеаларына сүйенеміз.


Модульдік оқыту технологиясы оқушылар өздігінен мақсатты, жеке бағдарламамен (толық немесе бөлімдермен) білім алатындай етіп оқыту процесін өзгертуді және қайта құруды көздейді.
Модульдік оқытудың «өзегі» –оқу модулі.
Ол:
▪ақпараттардың жиынтығы;
▪оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан;
▪бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйелерінен ерекшелігі мен айырмашылығы:
1.Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады.Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады.Сонымен қатар, оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
2.Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асады.
3.Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бағалауға үйренеді.
Модульдік оқытудағы мақсат:
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.
Бастапқы ғылыми идеялары:

  1. Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген: оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдануына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылауын және бақылау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту процесін қамтамасыз етеді.

  2. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:

егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса (дем беру, бағыт көрсету), онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді, өйткені ол ертеңгі күні басқалардың көмегімен орындаған тапсырманы өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.


Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетін әр түрлі формада ( жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

  1. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық , логика, белсенділік пен оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру ( аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау модульдік оқытуға тән.

  2. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландырады, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет