Модульді құрастырудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі
Модульді құрастыруда белгілі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:
Жеке дидактикалық мақсаттар жиынтығы модульдің кіріктірілген мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Барлық модульдегі кіріктірілген мақсаттардың жүзеге асуы модульдік бағдарламаның комплексті дидактикалық мақсатына әкеледі.
Жүзеге асырылған кері байланыс–білімді меңгеру процесін бақылау және басқару негізі. Мұнда алдыңғы және соңғы бақылау мұғаліммен анағұрлым қатал жүргізілсе, ағымдағы және аралық бақылау (оқу элементтерінің тоғысуында ) жұмсақ, өзіндік және өзара бақылуы түрінде өтеді.
Оқу және дидактикалық материал жеңіл,түсінікті, нақты, мәнерлі, диалогты түрде түсіндіріледі.
Модульді құруда оқушылардың білімді меңгеру, қабылдау, түсіну, есте сақтау, қолдану, жинақтау және жүйелеу сияқты логикасы қатаң түрде сақталады.
Модуль құрылымы сабақтың типіне сәйкес болады.
Бірінші қадам–модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.
Екінші қадам–сабақтың типіне қарай оқу элементтерін бөлу.
Үшінші қадам–әрбір оқу элементерінің мақсатын анықтау.
Төртінші қадам–әрбір оқу элементінің мазмұнын анықтау.
Бесінші қадам–оқушыларға берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау.
Оқу элементінің (ОЭ) келесі түрі өте тиімді екені тәжірибеде дәлелденген.
Оқу модульдерін құру тапсырмаларға, мұғалім мен оқушы іс-әрекеттеріне қойылатын талаптар жүйесіне бағынышты.
Оқулық беті
|
Модульдің номері
|
ОЭ нөмірі
|
Тапсырмаларда көрсетілген оқу материалы
|
Модульді игеруге қажетті нұсқаулар
|
|
|
|
|
|
Оқу модульдерін құру тапсырмаларға, мұғалім мен оқушы іс-әрекеттеріне қойылатын талаптар жүйесіне бағынышты.
Тапсырмалар пәнішілік және пәнаралық байланыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді, олар: мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған; проблеманы қою мен оны шешуге бағыттайтын; білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын (таблица құрастыру, салыстырмалы мінездеме беру) болуы керек және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс-әрекеті оның жақын даму аймағында өтеді де, баланы өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады.
Мұғалімнің іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты–модульдік бағдарламаны, модульді құру. Мұғалім сабақты ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқытуды рефлексивті басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |