Химияны оќытудыњ жања технологиялары


– оқушы. Гальваникалық элементтер



бет34/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

1 – оқушы. Гальваникалық элементтер – электролит пен электродтар арасындағы өзара әрекеттесуге негізделген. Электродтың молекулалары оң ион түрінде электролитке өтіп, онда ериді. Бірақ бірнеше электрондар электродта қалып қояды. Демек, электролит – оң, ал электрод – теріс зарядталады. Электролит пен электрод арасында потенциалдар айырымы пайда болады. Сөйтіп, электролит екі электродпен қоса гальваникалық элемент құрайды.
2 – оқушы. Гальванопластика (Б.С. Якоби 1837 ж. ашқан). Рельефті заттардың (медальдардың, гравюллердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды гальванопластика деп атайды.
3 – оқушы. Гальваностегия – металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу. Бұл – никельдеу, хромдау, алтын немесе күміс жалату және т.б.
Электролиз таза күйінде металдар өндіруге де қолданады, мысалы: Сu, Al.
4 – оқушы. Ауыр суды алу.
Ядерлік физикада ауыр суды пайдаланады – D2О. Бұл ядерлік энергетикада да көп қолданылады. Ауыр суды ядерлік реактордағы нейтрондарды тежегіш ретінде іске асырады. Ауыр суды теңіз суын электролиздеу арқылы алады. 10 кг теңіз суынан 2 кг ауыр су алынады. Су – нашар электролит, Н+ және ОН иондарына диссоциацияланады. D+ ионының D2О молекуласының қозғалғыштығы Н+ пен Н2О – ға қарағанда төменірек. Сондықтан суға электр тогын жіберген кезде әдетте электролитте тотығу-тотықсыздану реакциясына су молекуласы ұшырайды:
Анодта: 2Н2О – 4е → 4Н+ + О2
Катодта: 2Н2О + 2е → Н2↑ + 2 ОН
Өткен процесте түзілген Н+ және ОН иондары ары қарайғы тотығу-тотықсыздану немесе қышқылдық-негіздік болады. Ауыр судың электролизі арқылы дейтерииді бөліп алады да сол арқылы ауыр суды синтездейді.
Сосын барып физика пәнінің мұғалімі «Электролиздің қолданылуы» туралы видео-фильм көруді ұсынады. Ал келесі сабақ экскурсия түрінде өтеді. Оқушыларды өндіріс цехына және т.б. жерлерге апарады. Электролиздің қолданылуын келесі сабақтарда да көреді.
Сабақтың соңында қос мұғалім оқушылардың сұрау қағаздарын жинап алып, оларды тексеріп және де оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін ескере отырып бағалайды.
Үйге тапсырма беріледі.
Кіріктірілген оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім мен біліктілігін қалыптастырудың тиімді әдістемесін химияның кейбір тақырыптары бойынша жасау және оны мектептерде оқу процесіне енгізу өзекті мәселелердің бірі.

Әдебиеттер


1.Шаталов М.А.,Кузнецова Н.Е. Обучение химии. Решение интегративных учебных проблем. −М., 2006.


2.Кузнецова Н.Е., Шаталов М.А. Обучение химии на основе межпредметной интеграции. −М., 2006.
3.Педагогические технологии: Учебное пособие. Под ред.В.С.Кукушкина. −Ростов н/Д., 2002.
4.Пак М. Дидактика химии. −М., 2004.
5.Пак М. Теория и методика интегрированного подхода к обучению химии в ПТУ.−СПб., 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет