Жылу-энергетикалық жүйені дамытуға арналған нысаналы трансферттер
2011 жылы 2 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде жылу-энергетикалық жүйені дамытуға 114,0 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінген, соның 14,2 млрд.теңгесі – газ-көлік жүйесін дамыту үшін Мұнай және газ министрлігіне, 99,8 млрд.теңгесі – жылу-энергетикалық жүйені дамыту үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берілді, бұл ретте жергілікті атқарушы органдар, тиісінше, 0,5 млрд.теңгені және 1,2 млрд.теңгені игермеген.
Ақтөбе қаласының Бас жоспарында қарастырылмаған болса да, «Ақтөбе-Сити» ықшамауданында қосалқы станцияны жобалауға және салуға 2,9 млрд.теңге қаржының жұмсалғаны анықталды.
Ақтөбе қаласының «Россовхоз» кентіндегі жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер ауданында электрмен қамтамасыз ету желісін салу барысында жеке меншік иелігіндегі «Пламя» тұрғын үй массивіне 3,9 млн.теңгеге электр желісі жүргізілген [2.20., 234-бет].
Семей қаласында 2009-2013 жылдары іске асырылады деп көзделген ЖЭО-1-дің бірінші кезегінің құрылысы кезінде бұзушылықтар анықталды.
Семей қаласының құрылыс бөлімі ЖЭО-1-дің бірінші кезегінің құрылысы бойынша жұмыстар үшін бекітілген сметалық құннан тыс 408,3 млн.теңгені артық төлеген. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілместен «Свинецстрой» ЖШС-мен Семей-1 қаласының ЖЭО-сын кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды орындауға 24,3 млрд.теңгеге қосымша келісім жасалған. Құрылыс саласындағы нормативтерді бұза отырып, ЖЭО-1-ді кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстардың құны ТЭН-де қарастырылған сомадан 6,2 млрд.теңгеге асып кеткен. Құны 57,8 млн.теңгені құрайтын компрессорлық станция мен оның жинақтаушы бөліктерін сатып алу жобадан алынып тасталғанына қарамастан, Семей қаласының құрылыс бөлімі мердігермен арадағы шарттың сомасын азайтпаған. Бұл ретте 2011 жылы «Свинецстрой» ЖШС-ға орындалмаған жұмыс көлемдері үшін 560,9 млн.теңге аударылған.
Авторлық қадағалау жүргізу ережесін бұза отырып, «Свинецстрой» ЖШС тапсырыс берушімен келіспестен, жинақтаушы бөліктері бар, қуаты 11,0кВт болатын шикі көмірді қоректендірушінің орнына қуаты 4,0 кВт-тық жабдық орнатқан, ал оның сапасын растайтын сәйкестік сертификаты да, паспорты да, басқа құжаттары да жоқ.
Семей қаласының ЖЭО-1 объектілері болып табылатын түтін мұржасы және суды химиялық тазарту ғимараты жеке меншікте болғанына қарамастан, 2009-2011 жылдары оларды жөндеуге және реконструкциялауға жалпы сомасы 315,6 млн.теңге нысаналы трансферттер жұмсалған [2.18., 229-бет].
«Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі- Бағдарлама) іске асыру үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы бойынша, аталмыш қаржыны Экономикалық даму және сауда министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз пайдаланғаны анықталды.
Бақылау барысында нысаналы трансферттер көлемінің негізсіз жоспарланғаны, өңірлер бөлінісінде кәсіпкерліктің даму деңгейі ескерілместен, халықтың санына қарай бөлінгені анықталды.
2011 жылғы 1 шілдеге игерілмеген қаражаттың көлемі 2010 жылдың қалдықтарын қоса есептегенде, 10,4 млрд.теңгені құрады, соның 4,9 млрд.теңгесі жергілікті атқарушы органдардың шоттарында, 5,5 млрд.теңгесі «Даму қоры» АҚ-ның шоттарында орналастырылған.
Өңірлердегі өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық бюджеттен 4,6 млрд.теңге бөлінген, бұл ретте шығыстар 3,6 млрд.теңгені немесе 78,6% -ды құрады.
Экономикалық даму және сауда министрлігінің деректері бойынша, 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 25 кәсіпорын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, ал Бағдарлама бойынша 115 кәсіпорынды қамтамасыз ету қарастырылған.
«Даму қоры» АҚ-ның мәліметі бойынша жаңа бизнес-бастамаларды қолдау шеңберінде пайыздық ставкаларды субсидиялауға 129 кредит, соның ішінде, құрылыс секторында - 24 және техника мен құрал-жабдықтар сатып алу саласында 35 мақұлданған, ал бұл секторлар Үкімет тарапынан басым бағыттар болып белгіленбеген.
Жекелеген өңірлерде жобалардың болмауына байланысты, Бағдарламаның шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің 1,8 млрд.теңгесі немесе 23 %-ы игерілмеген. Алматы қаласы бойынша бөлінген қаражаттың – 86,9%-ы немесе 862,4 млн.теңгесі, Қызылорда облысы бойынша - 71,8%-ы немесе 196,8 млн.теңгесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 64,6%-ы немесе 453,2 млн.теңгесі игерілмей қалған [2.10., 206-бет].
Бағдарлама шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген 15,5 млрд.теңге нысаналы трансферттердің 2,7 млрд.теңгесі немесе 17,1%-ы игерілмеген.
2011 жылғы 1 шілдеге, Бағдарламаның Алматы және Жамбыл облыстары бойынша үйлестірушілері Бағдарламаның «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» деген бірінші бағыты шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттерімен кепілдік беруге қарастырылған 1,0 млрд.теңгені республикалық бюджет кірісіне қайтарды.
2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысына өтінімдері мен жобалары және шығыстар көлемін негіздейтін есептеулері болмаса да, Бағдарлама шеңберінде 793,5 млн.теңге нысаналы трансферттер бюджет заңнамасын бұза отырып бөлінген [2.10., 206-бет].
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының энергетика басқармасына шығыстар көлемін растайтын негіздемелерсіз 1,8 млрд.теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер бөлінген.
2011 жылғы 1 шілдеге, мемлекеттік сараптамадан өткен, бекітілген ТЭН-і мен ЖСҚ-сы бар инвестициялық жобалардың болмауына байланысты, жалпы 1,0 млрд.теңгеге жобалар тізбесі айқындалмаған [2.18., 229-бет].
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдаланудың тиімділігі мәселесі бойынша 2011 жылы жүргізілген бақылау іс-шаралары барысында мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды:
1) объектілер құрылысына арналған ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ЖСҚ-ға енгізілген жұмыстардың қажетті кезеңдерін өтпестен және оларды салудың нормативтік мерзімін белгілеместен берілуде;
2) жекелеген жағдайларда мердігерлік жұмыстарға арналған шарттар жердің бөлінгені туралы шешімдерсіз жасалған, бұл құрылыстың нормативтік мерзімінің ұзаруына, ЖСҚ-ның бірнеше мәрте түзетіліп, құрылыс құнын, яғни бюджет шығындарын ұлғайтуға алып келген.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз жүргізу, объектілер құрылысына арналған шарттарды олардың мемлекеттік сараптаманың қорытындыларына сай жалпы сметалық құнынан асыра көрсетіп жасасу фактілері анықталды. Объектілердің құрылысына бөлінген нысаналы даму трансферттері есебінен ТЭН-ді, ЖСҚ-ны әзірлеуге, оларды түзетуге шығыстар жұмсалған. Мердігерлерге орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының орнына олардың сатып алған жабдықтары үшін ақы төлеу оқиғалары кездеседі, кейіннен сол жабдықтар осы мердігерлерге жауапты сақтауға беріліп отырған және орындалмаған жұмыстар дебиторлық берешекте көрсетілмеген.
3.3. МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІН, СОНЫҢ ІШІНДЕ ОЛАРДЫ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Есепті кезеңде ұлттық экономиканы реттеудегі және мемлекет активтерін басқарудағы мемлекеттің рөлін күшейту, соның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқару жүйесін реформалау жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасты.
2011 жылы мемлекет активтерін басқару саласындағы ерекшелік даму институттарының бірқатарын бейінді орталық мемлекеттік органдарға беру болып табылады. Бұл шаралар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және олардың айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
Осыған байланысты, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның, «Қазэкспорткепіл» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның және «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның акцияларының жүз пайыздық пакеттері сенімді басқаруға берілді. Сонымен қатар, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның акциялар пакеті толығымен сенімді басқаруға берілді.
Қазіргі уақытта, көптеген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекеттің қатысуымен құрылған басқа да заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары бар, олар өз бейініне қатысты емес қызметпен айналысуда, бұл олардың жұмыстарының тиімділігіне келеңсіз әсерін тигізіп, банкроттыққа ұшырау және кейіннен таратылу қатерін ұлғайтады.
Атап айтқанда, есепті кезеңде мемлекеттің қатысумен құрылған жеті АҚ – «Шағын кәсіпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы» ЖАҚ, «Республикалық инновациялық қор» ЖАҚ, «Достық Энерго» АҚ, «Қазақстантрактор» ААҚ, «Технопарк НПО «Прогресс» ҒӨБ технопаркі» ААҚ, «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ, «Биотехнология жөніндегі білім беру орталығы» ААҚ қаржы-шаруашылық қызметтерін жүзеге асырмаған және тарату, оңалту немесе банкроттыққа ұшырау процесінде болған.
Есепті кезеңде квазимемлекеттік сектор субъектілерін бақылаудың нәтижелері ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компанияларда енгізіліп жатқан копоративтік басқару жүйесінде, соның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесінде бірқатар кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді, бұл әлеуметтік-экономикалық қатерлердің өсуіне және жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өз-өзін ақтамауына алып келеді.
Сонымен, олардың тікелей функциялары орындалмауда, ұйымдық құрылымда сеніп тапсырылған мемлекет активтерін басқарудың тиімсіздігін туындататын көп сатылық пен көп буындылық басым болуда. Даму институттары жоспарланған нәтижелерге қол жеткізе алмауда, залалдарға жол беруде, бұрынғы жылдардағыдай елеулі бюджет қаражаты екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне салынуда, ал бұл қаржы оларға ұлттық экономиканы әртараптандыру және қойылған міндеттер аясында оны одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін берілген болатын.
Мерзімі өтіп кеткен және/немесе үмітсіз берешектері бар инвестициялық жобалардың саны артып, олардың шығындылығының өсуі мен банкроттыққа ұшырауының қатері, басқа да қаржылық және әлеуметтік қатерлер сақталуда.
«Қазақстан даму банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Даму банкі) және оның еншілес ұйымы «БРК - Лизинг» АҚ-да мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін бақылау шеңберінде оның активтері мен міндеттемелері 2008 жылмен салыстырғанда бес есе ұлғайған тұста, Даму банкінің 2009 және 2011 жылдардағы қызметін шығынмен аяқтағаны анықталды.
Жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерінің деңгейі Даму банкінің активтерді тиісті дәрежеде басқарып отырмағанын көрсетеді, бұл, негізінен, несиелік портфельдің сапасын нашарлату есебінен қалыптастырылған провизиялардың деңгейіне байланысты болып отыр.
Есеп комитетінің бағалауынша, Даму банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, Қазақстанның өндірістік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсібін дамыту бойынша оның алдына қойылған мақсаттарды жеткілікті дәрежеде орындамаған [2.27., 253-бет].
«Самұрық-Энерго» АҚ-да жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша 46,3 млн.теңгенің қаржы тәртібін бұзушылықтары анықталды. Республикалық бюджеттен Алматы қаласының бюджетіне бөлінген нысаналы трансферттер есебінен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жарғылық капиталдарын ұлғайтпастан, 2011 жылы ЖЭО-1-ге 2,4 млрд.теңгеге қайта жаңарту жүргізілген.
«АЭС Сантри Пауэр Лимитед» компаниясы активтерді концессияға беру жөнінде Қазақстан Республикасымен жасасқан шарттың негізінде жалпы 424,2 млн. АҚШ доллары, соның ішінде «Өскемен ГЭС-і» АҚ бойынша – 29,7 млн.АҚШ доллары (26%), «Шүлбі ГЭС-і» АҚ бойынша – 394,5 млн. АҚШ доллары (6%) мөлшерінде инвестициялық міндеттемелерін орындамаған. Шүлбі ГЭС-інің екінші кезегін, Бұлақ ГЭС-інің реттеуші су қоймасын және кеме жүретін шлюзді салу аяқталмаған.
Соңғы бес жылдың ішінде (2006 - 2011 жылдары) «Қазқуат» АҚ республикалық бюджеттен Бұлақ ГЭС-і құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге бөлінген 164,7 млн.теңге қаражатты екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге орналастырған [2.32., 259-бет].
Бақылау барысында «Қазына капитал менеджмент» АҚ-ның (бұдан әрі – «ҚКМ» АҚ) халықаралық инвесторлармен және басқарушы компаниялармен бірлескен қорлар құру жолымен экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын перспективалы жобалау компанияларын қаржыландыруға бағытталған тікелей инвестициялар қорын құру бойынша жеткілікті шаралар қабылдамағаны анықталды. «ҚКМ» АҚ халықаралық инвесторлармен және басқарушы компаниялармен бірлесіп тікелей инвестициялар қорларын құру жолымен Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын дамыту жөніндегі өз қызметінің негізгі мақсатына қол жеткізбеген.
«Қазына капитал менеджмент» АҚ кірісінің жалпы сомасының 7 млрд.теңгеден астамын немесе 50%-ын екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге орналастырылған қаражаттың сыйақысы есебінен алған, ал оның негізгі қызметі болса тиімсіз және жаңа тәсілдерді әзірлеуді талап етеді.
Жалпы 5,51 млрд.теңгеге инвестицияланған тоғыз қордың жетеуі теріс нәтижеге қол жеткізген. 2007-2010 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазына капитал менеджмент» АҚ-ның жарғылық капиталына жалпы 67,1 млрд.теңгеден астам қаржы салған, алайда инвестициялық жобалардың басымдылығын ескере отырып, оларды кезең-кезеңімен қаржыландырудың тетігі осы уақытқа дейін айқындалмаған [2.33., 262-бет].
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-да (бұдан әрі – «ҰИҚ» АҚ) жүргізілген бақылау барысында «ҰИҚ» АҚ-ның 2009-2011 жылдары бір де бір инвестициялық жобаны қаржыландырмағаны анықталды. 2012 жылғы 1 қаңтарға, «ҰИҚ» АҚ-ның активтері 35,3 млрд.теңгені құрады, оның екінші деңгейдегі банктердегі шоттарында пайдаланылмаған қаражат қалдығы ретінде 5,4 млрд.теңге жинақталған.
2009 - 2011 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен «ҰИҚ» АҚ-ның жарғылық капиталы жалпы 7,7 млрд.теңгеге, соның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталында үлестік қатысу жолымен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 3,3 млрд.теңгеге ұлғайтылған, алайда, инвестжобалар қаржыландырылмаған және индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 4 заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі міндет шешілмеген.
«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ға (бұдан әрі - «ИТТО» АҚ) кейіннен жарғылық капиталын капиталдандыру арқылы бес конструкторлық бюроны құру үшін 4,4 млрд.теңге бөлінген.
Ауылшаруашылық машинажасау конструкторлық бюросын құруға және өңірлік технопарктердің жарғылық капиталына қатысу үлесін төлеуге 1,6 млрд.теңге бағытталған, алайда конструкторлық бюро құрылмаған. Ал, 2,8 млрд.теңге қаражат қалдығы «ҰИҚ» АҚ-ның және «ИТТО» АҚ-ның есеп айырысу шоттарында жатыр.
Соңғы екі жылдың ішінде жалпы құны 72,1 млн.теңгеге 38 инвестициялық жоба және «ҰИҚ» АҚ-дан сұратылған инвестициялар көлемі 22,6 млн.теңгені құрайтын өтінімдер қарауға тіркелген болатын. Бақылау кезінде «ҰИҚ» АҚ бір де бір жобаны мақұлдамаған.
Есеп комитетінің бағалауынша, «ҰИҚ» АҚ жалпы инвестициялық белсенділікті арттыру, жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу жөніндегі міндетті толық көлемінде іске асырып отырған жоқ [2.13., 213-бет].
«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ-да және оның филиалы – «Келісімшарт агенттігі» АҚ-да жүргізілген бақылау барысында ондағы өткізілген ұйымдастыру іс-шараларына қарамастан, Корпоративтік басқару кодексінің қайта қаралмағаны, Таза табысты бөлудің прициптері мен тетіктерін айқындайтын дивиденд саясаты туралы ереженің әзірленбегені анықталды.
2011 жылға қажеттіліктен тыс 65,4 млн.теңге жоспарланған, соның 29,8 млн.теңгесі 2011 жылдың 1-жартыжылдығында сыйлықақы беруге жұмсалған.
Аталған акционерлік қоғамдардың 12 қызметкерінің өз қызметтерін Мұнай және газ министрлігінде жүзеге асырғандары анықталды. Бұл ретте олардың еңбегіне 22,0 млн.теңге ақы төленген.
Қазақстанның мемлекеттік стандарттары жобаларын әзірлеу және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық мазмұнның серпінін талдау жөніндегі шарттардың талаптары сақталмаған. Сол себепті, шарттағы міндеттемелерін орындамағаны үшін жалпы сомасы 15,5 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл санкциялары есептелген [2.31., 258-бет].
«Біріккен химия компаниясы» ЖШС-да (бұдан әрі – «БХК» ЖШС) жүргізілген бақылаудың нәтижесі бойынша, республикада химия өнеркәсібін дамытуға жәрдемдесу жөніндегі мақсатқа толық көлемінде қол жеткізілмегені анықталды.
Соңғы үш жыл бойы «БХК» ЖШС өзінің қаржы-шаруашылық қызметін шығынмен аяқтауда. Бұған бас компания – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тарапынан менеджменттің тиісті дәрежеде жүргізілмегені себеп болды.
Ақмола облысында күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту жөніндегі жобаны іске асыру аясында өнім жеткізуші – «Desmet Ballestra S.p.A.» компаниясына 1,0 млрд.теңге төленген, алайда, бақылау кезінде 265,2 млн.теңгенің жабдығы жеткізілген және ол өзінің мақсаты бойынша пайдаланылмай отыр, ал 755,0 млн.теңге қаражатқа өнім жеткізуші иелік етуде [2.29., 256-бет].
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-да және оның еншілес ұйымдарында мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін бақылау барысында 160,9 млн.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 94,2 млрд.теңге Ұлттық қордың қаражаты мен бюджет кредиттерінің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.
2012 жылғы 1 қаңтарға, инвестициялық жобалар іске асырыла бастаған кезден, яғни 2009 жылдан бері «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның Ұлттық қордан берілген 120,0 млрд.теңге мөлшеріндегі займ есебінен қаржыландырылатын түпкілікті мақұлданған инвестициялық жобалары жоқ. Бақылау кезінде қаржыландыру лимиті 72,6 млрд.теңгені немесе бүкіл займ көлемінің 60,5%-ын құрайтын 106 инвестициялық жоба мақұлданды. Қалған 47,4 млрд.теңге қаралып жатқан 41 жобаны іске асыруға қарастырылған.
Инвестициялық жоба бойынша займ қаражатын игеру тиімсіз жүзеге асырылған. 2012 жылғы 1 қаңтарға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның шотындағы бос қалдық 19,6 млрд.теңгені құрады.
2011 жылы әкімшілік шығыстар 2010 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсіп, 814,4 млн.теңгені құрады, соның ішінде еңбекақы төлеу бойынша шығыстар 67,5 млн.теңгеге өскен. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ұстауға жұмсаған жалпы шығыстары 2010 жылмен салыстырғанда 13%-ға ұлғайып, 1,9 млрд.теңге болды.
«Қазагроқаржы» АҚ өзінің даму стратегиясындағы маңызды көрсеткіштерді орындамаған. Есеп деректерін бұрмалауға жол берілген. Мәселен, лизингке іс жүзінде 5,3 мың бас мал берілген болса да, есепте 13,6 мың бас мал берілген деп көрсетілген, бұл ретте қаражатты игеру 3,8 млрд.теңгені немесе 45%-ды құрады.
Несиелік портфель сапасының төмендегені, қалыптастырылған провизиялардың 20,9 млрд.теңгеге дейін ұлғайғаны, 212 шарт бойынша жалпы 6,2 млрд.теңгеге проблемалық кредиттер портфелінің артқаны байқалады.
«Қазагроқаржы» АҚ лицензиялау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы бұза отырып, лицензиясы жоқ «Oztoprak Ltd» компаниясымен (Түркия) «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығы үшін жылыжай кешенін салу жөнінде шарт жасасқан. Құрылыс жұмыстары құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасыз және рұқсатсыз жүргізілген, бұл кейіннен жылыжайдың қирауына алып келген. Сонымен, «Қазагроқаржы» АҚ-ның шығындары 155,8 млн.теңгені құрады.
«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ әлеуетті қарыз алушылардың инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерін қараудың ішкі регламентін бұза отырып, Ақмола облысында әрқайсысында 1 мың бас малға дейін екі шаруашылық-репродукторы бар 5 мың бас ірі қара малға дейін бордақылау алаңын салу үшін қарыз алушы «KazBeef Ltd» ЖШС-ны іріктеп алған. Жобаны іске асыру кезінде 106,8 млн.теңге шығынға жол берілген, құрылыс жұмыстары бақылау кезінде аяқталмаған болатын.
2011 жылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) мемлекеттік ресурстарға жоғары сапалы астықты 80,4 мың тоннаға, яғни 2,3 млрд.теңгеге кем жеткізген.
Астана қаласында ауылшаруашылық өнімдері сатылатын көтерме базардың құрылысы басталмаған, ал Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша аталған базарды 2012 жылғы 1 ақпанға дейін пайдалануға енгізу қарастырылған болатын. 2011 жылғы маусымда Корпорация осы жобаны іске асыру үшін өзінің еншілес ұйымы – «ЭкспАгро» ЖШС-ға 2,0 млрд.теңге аударған, сол қаржының 1,5 млрд.теңгесі екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге салынған, ал 0,5 млрд.теңгесі бақылау кезінде «ЭкспАгро» ЖШС-ның иелігінде болған [2.37., 269-бет].
IV БӨЛІМ. ӨҢІРЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
4.1. ӨҢІРЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына 2011 жылғы жолдауында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, әсіресе ауылдық аумақтардың ерекшелігіне аса мән берілген.
Осы тұрғыда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметі ауылдық және қалалық инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыспен қамту және кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселелерін шешуге, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын нығайтуға бағытталды.
Мемлекет басшысы алған қойған міндеттерді іске асыру үшін республикалық бюджеттен өңірлерге трансферттер, бюджеттік кредиттер және займдар түрінде қаражат бөлінді.
Сонымен бірге Есеп комитетінің бақылау-талдамалық қызметі республикалық бюджет қаражатының жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланылмайтынын, олардың өңірлер арасында да, өңірлердің ішінде де біркелкі бөлінбейтінін, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының үйлесімділігінің нашарлығын, сондай-ақ тиісті дәрежеде бақыланбай отырғанын көрсетіп отыр. Бұл инновациялық және инвестициялық саясатты жүргізуге, әлеуметтік проблемаларды толыққанды шешуге қолайсыз әсер етуде.
Республикада өңірлерді дамытуда алшақтық сақталып отыр.
Төрт өңірдің (Алматы және Астана қалалары, Атырау және Маңғыстау облыстары) жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2,9-6,4 млн.теңге шегінде ауытқуда, ал басқа өңірлерде ол 0,5-2,3 млн.теңге шегінде өзгеріп тұрады. Екі өңірдің, атап айтқанда, Атырау облысының және Алматы қаласының жиынтық ЖӨӨ-сі еліміздің ЖІӨ-сінің үштен бірін қалыптастырады.
27-диаграмма
Өңірлердің 2006 және 2011 жылдардағы жалпы өңірлік өнімі
Өңірлердің дамуындағы алшақтық халықтың табысына және кедейшілік деңгейіне әсерін тигізуде.
15-кесте
Өңірлердегі халықтың кірістері мен кедейшілік деңгейінің көрсеткіштері
Өңірдің атауы
|
Өңірдік бюджеті, млрд.
теңгемен
|
Дамудың бюджеттік бағдарлама-ларының үлес салмағы, %
|
Халықтың жан басына шаққандағы кірістер, мың теңге
|
Кедейшілік деңгейі, %-бен
|
барлы-ғы
|
қала
|
ауыл
|
Қазақстан Республикасы
|
2 733,4
|
30,7
|
50,4
|
6,5
|
3,7
|
10,1
|
Ақмола обл.
|
119,0
|
23,4
|
47,1
|
4,4
|
2,9
|
5,9
|
Ақтөбе обл.
|
129,0
|
34,7
|
51,2
|
6,0
|
3,2
|
11,1
|
Алматы обл.
|
223,1
|
24,2
|
41,3
|
6,6
|
3,8
|
7,6
|
Атырау обл.
|
150,1
|
28,1
|
112,9
|
5,9
|
1,2
|
11,6
|
Батыс Қазақстан обл.
|
98,9
|
17,8
|
51,5
|
6,7
|
4,0
|
9,2
|
Жамбыл обл.
|
133,6
|
20,8
|
34,2
|
5,3
|
2,5
|
7,5
|
Қарағанды обл.
|
175,8
|
15,2
|
54,6
|
3,8
|
2,7
|
7,9
|
Қостанай обл.
|
118,1
|
20,0
|
45,6
|
6,4
|
2,6
|
10,6
|
Қызылорда обл.
|
115,3
|
21,4
|
45,5
|
6,7
|
4,9
|
7,8
|
Маңғыстау обл.
|
105,2
|
35,4
|
84,3
|
11,6
|
5,8
|
21,2
|
Оңтүстік Қазақстан обл.
|
310,3
|
23,4
|
31,7
|
11,5
|
8,5
|
13,3
|
Павлодар обл.
|
104,4
|
15,2
|
52,6
|
4,0
|
1,5
|
9,9
|
Солтүстік Қазақстан обл.
|
92,1
|
16,0
|
44,5
|
5,4
|
2,3
|
7,3
|
Шығыс Қазақстан обл.
|
188,1
|
23,2
|
44,9
|
8,4
|
4,7
|
12,8
|
Астана қаласы
|
345,7
|
67,8
|
87,6
|
3,4
|
3,4
|
-
|
Алматы қаласы
|
324,7
|
40,5
|
90,5
|
2,6
|
2,6
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |