3. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арт-тырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін мең-геру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі үдерістің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіпе тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Дәріс № 12. Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
Жоспары:
Оқыту үдерісінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі.
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары.
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылаудың жаңа технологиясы.
12 жылдық мектепте білім алушылардың түйінді құзіреттілігінің қалыптасуын және оқу жетістігін бақлыу және бағалаудың түрлерін,формаларын жаңарту.
Достарыңызбен бөлісу: |