І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Оқыту үдерісінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі



бет116/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Оқыту үдерісінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
Оқыту үдерісінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мүғалімнің сабақтар жүйесінде оны дүрыс үйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие үдерісінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мүғалім оқушының оқу материалын меңгеру дөрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта окушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғында білім, білік, дағдыны есепке алу және багалау мәселесіне теориялык және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. К. Исақов, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В. О. Онищуктің -Ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған. Бақылауды үйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган және т.б. теориялық таддау жасаган.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелгсн деп қорытынды шығаруға болады, себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" үйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие үдерісіндегі қызметі, формалары мен төсілдері анықталған.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нетижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жөне практикада қоддану төжрибесі арасында өлі де болса қарама қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагөгикалық өдебиеттерге талдау жасау негізінде бүл мөселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
ХХ ғ. 20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту үдерісі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесівде окушының үлгерім сапасына мүғалімнің бақылау жасау орнына "бригадалық-лабораториялық" әдіс жүйесіне негізделген "өздігінен бақылаудың" түрлері кең көлемде тартыдды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауап-кершілсіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
ХХ ғ. 30 жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуцы бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П. Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.
ХХ ғ. 40-60 жылдары бұл меселе теңірегінде отандық ғылым мен практика тәжрибесін жинақтау жүмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е. И. Перовский), окушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Окушыларды бақылау: өрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н. Т. Дайри).
Осы мәселені дүрыс шешудегі оң қадам ХХ ғ.70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмүны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие үдерісінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындадды.
ХХ ғ. 80 жыддардан бастап оқыту нәшжесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмүны, амаі-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және төртшке келтіру жүйесіне арналган жұмыстар қолға алына басгады. Бүл бағытгағы жүмыстар кұні бүгін де өз жалгасын табуда.
Дегенменде, бүгінгі таңда оқыгу теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет