I-кјсіпорындаєы активтерді талдауы мен аудиттіѕ теориялыќ јдістемелік негізі


Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау



бет16/20
Дата19.05.2022
өлшемі0.62 Mb.
#457504
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Дип.-активтер-есебіне-талдау-мен-аудит

3.2. Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен алмастыруда. Акив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалақ елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
Жоғары өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез еклген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 1-ші бөлімінің Қорлар бабы және баланс активтерінің 2 бөліміндегі Ұзақ мерзімді инвестициялар бабы.
Бірақ бұл кезде Алдағы кезең шығындары бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айнаодыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, онда жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарында аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.
Қиын өткізілетін активтер- баланс активінвң 2-ші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 2-ші бөлім жиынының Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады- кассадаға, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның Өтімділігін, яғни активтің бірінш кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынған бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
Неғұрлым тезірек төлеуге тиісті міндеттемелер- бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қысқа мерзімді міндеттемелер- қысқа мерзімді несиелер мен заемдер және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді заемдер мен несиелер.
Тұрақты міндеттемелер- пассивтің 3-ші бөлімінің Меншікті капитал баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің Алдағы кезең шығындары бабы бойынша сомаға азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 П1
А2 П2
А3 П3
А4 П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін тұғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік Баланстау сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімдлігінің абсолютті өтімділіктен аздық-кқпті айырмашылық болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қықа мерзімді міндетемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Өтімділік деп- Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі,- деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірнше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді.
Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек. Кесте-13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет