І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Жұғындылардың санитарлы-микробиологиялық зерттеулерін анықтаңыз



бет4/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

4. Жұғындылардың санитарлы-микробиологиялық зерттеулерін анықтаңыз.
?
5.Ауаның санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдерін анықтаңыз.
Ауада микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Жыл мерзіміне байланысты ауа микроорганизмдерінің саны мен сапасы да өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың ең аз болатын мерзімі қыс, ал көп болатын кезі жаз, көктем мен күзде олардың саны аса көп болмайды: қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаңның көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Ал жаз кезінде жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді ұшырап шығарады. Күз бен көктем кезінде жауын – шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаңда аз болады. Сондықтан бұл мезгілде ауадағы микробтар саны көп болмайды. Ауаның микробтармен ластану дәрежесін анықтауға арналған бірнеше тәсілдер бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы седиментациялық тәсіл. Бұл тәсіл Кох тәсілі деп те аталады. Қоректік орталары бар Петри шыныларын 5 минутқа бөлме ішінде ашық қалдырғаннан кейін оларды жауып, 30-350С-қа дәлденген термостатқа 2-3 тәулікке қойылады. Петри шыныларындағы қоректік орта бетіне өсіп шыққан колониялар саналынады. Бұл тәсілде қоректік ортаның 100 см2 көлеміне 5 минут аралығында ауаның 10 литрлік мөлшерінен микробтар қонады деп есептеледі. Сонымен қатар, ауаның ластану дәрежесін Кротов приборының көмегімен де зерттеуге болады. Бұл тәсіл аспирациялық тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл тәсілдің нәтижелері седиментациялық тәсілдердің нәтижелеріне қарағанда дәлірек болып келеді. Ауаның ластану дәрежесін Дьяковтың фильтрациялық тәсілімен де анықтауға болады. Мұнда ауаның белгілі бір көлемі стерильденген қоректік орта (ет-пептонды сорпа) немесе стерильді физилогиялық ерітінді арқылы өткізіледі. Ауаның үлгісі өткізілген орта мұқият араластырылып, оның 1 мл-і стерильді Петри шынысына құйылады. Шыныларға 40-450С-қа дейін суытылған ет-пептонды агарды құяды да, айналмалы қозғалыспен біркелкі таратады. Қоректік орта тығыздалған соң,) термостатқа (35-370С қойылады. 2-3 тәуліктен соң өсіп шыққан микроб колонияларының саны анықталады. Қоректік орта арқылы өткізілген ауаның көлемін еске ала отыра, ауаның 1 м3 көлеміндегі микробтардың саны айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет