І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


«Ілінген» және «езілген» тамшы препараттарды дайындау және витальды (тірі кезінде) бояу әдістерін жазыңыз



бет3/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

3.«Ілінген» және «езілген» тамшы препараттарды дайындау және витальды (тірі кезінде) бояу әдістерін жазыңыз.
Микроорганизмдерді тірі күйінде олардың пішінін, қозғалғыштығын немесе тірі күйіндегі ішкі құрылысын анықтау үшін зерттейді. «Езілген тамшы» немесе «ілінген тамшы» әдісін қолдана отырып нативті және боялған препараттарды зерттеуге болады.
Тірі күйінде (витальді) бояу.
0,001% метилен көгінің немесе бейтарап қызылдың ерітіндісінің тамшысына микроорганизмдердің қоспасын енгіземіз. Содан соң «езілген» немесе «ілінген» тамшы препаратын дайындаймыз және микроскопиялаймыз.
«Езілген тамшы» препаратын дайындау:Майсыздандырылған заттық шынының ортасына сұйық сорпа дақылының 1 тамшысын тамызамыз. Егерде дақыл тығыз қоректік ортада өсірілген болса, онда 1тамшы стерильді натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызып, сосын ілмекпен дақылдан алып, ілінген бактерияны тамшымен араластырамыз. Немесе изотоникалық ерітіндіде микроорганизмдер қоспасын дайындап,содан 1 тамшы алуға болады. Зерттелетін материалға жабын шыныны жабамыз, ауа тамшыларын қалдырмай. Тамшы алғанда оның көлемі заттық шыны мен жабын шынының ортасын ғана толтырып, жиегінен аспауы керек. Препаратты құрғақ жүйемен де иммерсиондық жүйемен де көруге болады. 40х және 90х объективті қолдана отырып, микроскоптайды. Қараңғы аймақтық немесе фазалы – контрасты құрылымдарды қолдану арқылы өте жақсы нәтижелерді алады. Препараттар жылдам кеуіп кетеді, егер оларды біршама уақыттан кейін қарайтын болса, онда оны ылғал камераға (Петри ыдысына ) түбіне 2-3 ылғал дөңгелек сүзгі қағазы, оның бетін екі құрғақ қағазбен жауып орналастырамыз. Препарат кеуіп кетпес үшін және сұйықтықтың турбулентті қозғалысының конвекциясын тудырмас үшін оны герметизациялауға болады. Бұл мақсатта парафин майын, парафин мен вазелиннің тең көлемін немесе тырнаққа арналған лакты қолдануға болады. Қозғалғыш микроорганизмдер кейде шыныға жабыспайды, сондықтан қозғалғыштықты «ілінген тамшыда» оңай көруге болады.
«Ілінген тамшы» препаратын дайындау: Заттық шыныға зерттелетін материалдың аз мөлшерін тамызып, ойшығы бар заттық шынының ойшығының айналасына алдын ала вазелин майы жағып алады да,заттық шыныны төңкеріп жабады, сол кезде екі шыны беттесіп жабысады. Герметикалық жабылған камера пйда болып,тамшы ұзақ уақыт кеуіп кетпей сақталады.Алғашында препараттағы тамшының жиектерін кішкентай үлкейткішпен, қысылған диафрагмамен тауып қарап, кейіннен неғұрлым күшті құрғақ жүйенің көмегімен зерттейді.Көптеген қозғалғыш микроорганизмдер жылдам қозғалады да зерттеуге қиындық туызады. Суспензияға метилцеллюлоза қосу арқылы олардың қозғалысын баяулатып, олардың қозғалысын көретіндей жағдай жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет