8. Санитария жəне санитарлық микробиологияның міндеттерін анықтаңыз.
Санитарлы микробиологияның негізгі міндеттері: патогенді микроорганизмдер өсіп-өнуіне қолайлы орталарды, биоценоздарды зерттеу жəне сол орталардың патогенді микроорганизмдерінің жинақталуындағы рөлін анықтау;
Санитария (лат. sanіtas — денсаулық) — санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды. 1960 жылдан кейін Санитария терминінің орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет деген ұғым қолданылады. Бұл — мемл. сан. бақылау жасап, індетке қарсы шаралар жүйесін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Сан.-эпидемиол. қызмет құрамына санитарлық-эпидемиологиялық ст., сан. ағарту үйі, ғылыми-зертттеу институттары, биологиялық препараттар өндіретін мекемелер кіреді.
Санитарлык микробиология зерттелетін обьектідегі ауру тудырушы микроорганизмдердi және олардын тiршiлiгi нәтижесінде пайда болған улы заттардын мөлшерiн, азык- тулiктердiн сапасын аныктайды және бағалайды.
Санитарлық микробиология - қоршаған ортадағы кездесетін микроорганизмдер мен микробиологиялык процестердiн адам денсаулыгына әсер етуiн зерттейтін медициналык микробиологияның бөлімі. Ол коршаган орта обьектілеріндегі патогендi, шартты-патогендi және санитарлык-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды, қоршаған орта обьектiлерiн залалсыздандыру тиiмдiлiгiн бақылау тәсiлдерiн және гигиеналык нормалаудын микробиологиялык көрсеткiштерiн жасайды. Патогенді микроорганизмдердi аныктау эпидемиологиялык жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын колдануға мүмкіндік береді. Шартты-патогендi микроорганизмдер әлсіреген организмдерде іріңді-кабыну процесiн коздырады. Сонымен қатар, олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейiп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтык этиологиялы тағамнан уланулар коздыруға себепкер болады. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердін болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негiзделiп колданады.
Сонымен бiрге санитарлык микробиология коршаган ортаның микрофлорасына әсер ете отырып оны сауықтандыру және осы багыттарда еткiзiлетiн iс-шаралардын колайлыгынын денгейiн аныктаумен айналысады: мысалы кұбыр суын тазалауды, ағын суларды дұрыс уздiксiз бакылау орнату. Санитарлык микробиология - су, ауа, топырак, азык-тулік және т.б. обьектiлердiн микрофлорасын зерттейдi және сол түрлi обьектiлердi санитарлык-эпидемиологиялык тазалау жолдарын карастырады. Бұл ҒЫЛЫМ сырткы Қоршаған ортадағы микроорганизмдердiн адам денсаулығына әсерiн зерттейді.. Санитарлық микробиологиянын манызды максаты зерттелетін обьектiдегi ауру тудырушы микроорганизмдердi және олардын тiршiлiгi нәтижесiнде пайда болган улы заттардын мөлшерiн, азык- тулiктердiн сапасын аныктау және багалау болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшiн коршаган ортадагы зерттелушi микрофлоранын белгiлi бiр гигиеналык талаптарымен бiрге кажеттi нормативтерi болуы тиiс. Сонымен бiрге санитарлық микробиология коршаган ортаны жақсарту үшін микрофлораға әсер ете отырып, пайдалы шараларды карастырады. Санитарлық микробиология пәнiнiң мiндеттерi: • Топырак, су, ауа микрофлорасынын санын аныктау. • Зерттеу обьектiлерiндегi микроорганизмдердiн турлiк құрамын және сапасын аныктау. • Зерттелушi обьектідегі патогенді микроорганизмдердi және олардын белiп шыгарган улы заттарын аныктау. Микроорганизмдердiн санитарлык көрсеткiштерiн (коли-титр, коли-индекс) белгiлеу. • Судагы бактериялардын жалпы санын аныктау. • Ішек таяқшасы тобына жататын бактерия тобынын санын аныктау. • Мембраналы фильтр әдiстерi жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |